Гуманистік бағыт ХІV ғ.-ХV ғ. орта шені, оның орталығы Италия болды. Гуманизмнің негізгі сипаты:
адам тағлымы, оның ұлылығы мен құдіреті;
антишіркеулік және антисхоластикалық бағыттылығы;
ортағасырлық Құдаи, теоцентрлік көзқарастан адамның өзіндік құндылығы, адами, антропологиялық зерделеуге өту;
антропоцентризм, адамгершілікті дәріптеу, өмірлік оптимизм;
гуманистік философия көркем формаға, әдебиетке жақын болды.
Көрнекті философ - гуманистер сонымен бірге ақын жазушылар болды.
Данте Алигьери (1265-1321)- ортағасырдың соңғы және сонымен бірге Жаңа заманның бірінші ақыны. Шығармаларын италиян тілінде жазды. Атақты шығармалары: "Құдіретті комедия" (Тозақ, Арылу, Жұмақ), "Той", "Жаңа өмір". Өз шығармаларында Данте:
христиандықты дәріптеді, бірақ оның қайшылықтары мен догматтарын астарлы сынға алды;
адамды мадақтады;
адамды құдаи жаратылым деуден алшақтай берді;
адамды құдаи және табиғи бастамалардың гармониялық үйлесімдігі деп ұғыну;
адамның бақытты болашағына сенім, адам табиғатының ізгіліктігін дәріптеу.
Франческо Петрарка (1304-1374) - бірінші гуманист, жаңа еуропалық лириканы жасаушы. Шығармалары : "Өлеңдер кітабы", "Менің құпиям".
адам өмірге бір-ақ рет келеді, өмір - жайсаң;
адам Құдай үшін емес, өзі үшін өмір сүруі керек;
адам табиғи, әрі рухани тұрғыда еркін болуы тиіс;
адам өз-өзіне, өз күшіне сүйене отырып, бақытқа жете алады;
о дүниелік өмір жоқ, адам тек адамзат жадында мәңгілікте қалады;
адамның ішкі дүниесі мен сырт бейнесінің сұлулығының гармониясы.
Лоренцо Валла (1507-1557) - "Ақиқи игілік тұрғысындағы ләзаттану туралы" деген трактаттың авторы.
Шіркеуді терістеді, схоластиканы жасандылығы үшін сынады;
адам мүмкіншілігі мен парасатына сенді;
адам мәселесін жете зерттеді, оны әлем орталығы деп ұғынды;
әйел мен еркек теңдігін жақтады;
белсенді іс- әрекетке, күреске, дүниені өзгертуге шақырды;
аскетизмді терістеді, ең жоғарғы игілік деп ләззаттануды ұғынды.
Достарыңызбен бөлісу: |