Жасушаларды, тіндерді және мүшелерді организмнен тыс (in vitro) зерттеу, оларды жасанды жағдайда (қоректік орта, температура өсіруге, яғни жасушалық және тіндік дақылдарды қолдануға негізделген. Бұл әдісті тұтас организмнен бөліп алынған тірі жасушалар, тіндер және мүшелердің қызметтерін, әртүрлі фокторлардың олардың өсуіне, дифференциалдануына (пісіп жетілуіне), синтездік, секреторлық, т. б. процестеріне әсерлерін зерттеу үшін қолданыыда.
Микроскоп. Микроскопиялықәдіс. Микроскоп түрлері. Оптикалық микроскопия.Биологиялық микроскоптың бірнеше модельдері бар (МБИ-1,МБИ-2, МБИ-3, МБР тт). Бұл микроскоптар клеткалық құрылымдарды және олардың функциясының жан жақты зерттеуге мүмкіншілік береді. Ең жақсы деген оптикалық микроскоптың шешуші қабілеті айтарлықтай жоғары емес. Микроскоптың шешуші қабілеті дегеніміз жеке көрінетін екі нүктенің ең кіші ара қашықтықтары. Жарық микроскопы екі нүктенің ара қашықтықтарын өсіріп көрсетеді. Бұл әйнек линзаларының немесе линзалар жүйесі көмегімен іске асады. Әйнек жүйелерінің бірі объектив, қарайтын нәрсенің (объектінің) көрінісін құрайды, ал окуляр деп аталатын екінші жүйе оны қайтадан үлкейтеді. Окуляр көзге жақын орналасқан линза (көзді латынша oculus) дейді. Микраскопта жарықты жинаушы конденсор болады (латынның condensus-жинаушы деген сөзінен шыққан). Оптикалық микроскоптың шешуші қабілеті 0,2 мкм немесе 200 нм (нанометрге) тең, ал адам көзінің шешуші қабілеті 0,1 мм. Жарық көзі ретінде ультракүлгін сәулелерді қолданған кезде оптикалық микроскоптың шешуші қабілетінің шегі 0,1 мкм жетеді, яғни екі есе артады. Ультракүлгін сәулелерді адамның көзі қабылдай алмайтын болғандықтан, клетка құрылысының көрінісі фотаға немесе экранға түсіріледі.