1.Клетка дифференциациясы -организмде гетерогеиді клетка құрамының пайда болуы, олардың клеткадағы әр түрлі қызметтерді қамтамасыз етеді.
2. Ядро мен цитоплазманың клетка дифференциациясындағы рөлі.
3.Дифференциация факторлары және сол процесті реттеу.
3.Эмбрионалды дифференциация. Индукцияның әсері. Дифференциацияның гуморалды және нерв факторлары. Ісіктің басқа түрге ауысуы.
4.Клетка патологиясы. Клеткаға жарақаттану факторларының әсері.Некроз. Апоптоз.
Ұрықтың пайда болғаннан бастап туғанға немесе жұмыртқадан жарып шыққанға дейінгі анасының құрсағындағы, жұмыртқаның ішіндегі немесе дернәсіл кезеңіне дейінгі қалыптасу, даму, өсу мерзімін онтогенездің ұрықтық немесе эмбриондық кезеңі (эмбриогенез) — деп атайды. Осы кезендегі ұрық ағзаның даму ерекшеліктері мен оның ұлпаларының, мүшелерінің, мүшелер жүйелерінің қалыптасу жәнс құрылыс зандылықтарын зерттеу эмбриологияның үлесіне тиеді. Сондай-ақ, жануарлар ұрығы ағзалардың эмбриондық даму кезіндегі кезендік жетілу заңдылықтарына, оның ішінде бірторшалы ұрық — зиготаның бөлшектену түрлерінің жұмыртқа торшаларының (овоциттердің) құрылыс ерекшеліктеріне байланыстылығына, ұлпалардың (гистогенез), мүшелердің (органогенез), мүшелер жүйелерінің (системогенез) даму көздері мен түзілу процестеріне басым көңіл бөлінген. Эмбриогенездегі ұлпалардың түзілу заңдылықтары — онтогенездің постнатальдық) кезеңіндегі, яғни туғаннан кейінгі тол ағза ұлпаларының құрылыс ерекшеліктері мен олардың қалпына келу қаблеттілігін анықтайды. Ағзалардың жеке дамуының биологиясы олардың көбею жолдарын жынысты жолмен көбейген жағдайда жыныс жасушаларының пайда болуынан бастап қарама-қарсы жыныс жасушаларының қосылып зигота түзгеннен тіршілік процесі тоқтағанға дейін дамуын өзгерістерін қайта кері кетуін, ақырында өшуіне дейінгі процесстерді зерттейді.
Көбеюдің көп түрлі формаларының ішінде эволюциялық жағынан ең маңыздысы жынысты көбею, оның барысындап генетикалық материалдың қайта комбинациялануы жүзеге асады. Жынысты көбеюдің, мейоз бен ұрықтанудың биологиялық мәнін тек жасушалық құрылысын, химиялық құрамын және атқарылатын қызметін оқып үйрену соңынан ғана түсінуге болады. Сондықтан көбею және жеке даму мәселелері жалпы биология курсында жасуша туралы бөлімнен қарастырылады.
1.Әртүрлі мүшелерден және организмдерден алынған жасушалардың нәзік құрылымы, пішіндері мен қызметтері өзгеше болғанымен, олардың құрылысының жалпы үлгісі (схемасы) ұқсас: ядро, цитоплазма, плазмалеммадан тұрады. Бұл – эукариоттық организмдердің эволюция кезінде пайда болу тегі ортақ болғанддығының кепілі.
2.Организм – жасушалардың және жасушалық емес құрылымдардың күрделі жүйесі. Р. Вирхов бұдан 100 жылдан астам бұрын организмді «жасушалар мемлекеті» ретінде қарастырған. Расында, мемлекет сияқты жасушалар бірлестігі – мүшелер арасында да, еңбек немесе қызмет бөлісі байқалады. Ересек адамның организмін құрайтын, саны 1013 жуық жасушалар әмбебеп емес, олардың әрбір түрі тек нақтылы қызметтерді атқаруға мамандырылған. қазіргі кездегі ғылым адам организмін құрайтын мамандырылған жасушалардың екі жүзден астам түрлері бар екендігін анықтады. Тіршілік етуіне қажет барлық қызметтерді атқара алмағандықтан, мамандырылған жасушалардың өмірі басқа жасушаларға тәуелді болады. Сондықтан, мамандырылған жасушалар бірлестігі болып табылатын организмде, жасушалар арасында бір – біріне қызмет ету және информация алмасу өте қажет. Бұл құбылыстар жасушалар мен тіндер деңгейінде – жасушааралық әрекеттестік арқылы, ал, организм деңгейінде – жүйке және қан арқылы, яғни нейрогуморальді реттелумен өтеді. Жануарлар клеткасы плазмалық мембранамен шектелген ядро мен цитоплазмадан тұрады. Цитоплазма негізгі заттан (гиалоплазмадан), оргоноидтардан және кірінділерден түзіледі. Кірінділер, немесе параплазмалық құрылымдар дегеніміз, клетканың метаболизміне қатыспайтын, клеткалардың көпшілігінде байқалатын алмасу өнімдерінің жиынтығы. Бұған жататындар: майдың тамыршалары, гликогеннің түйіршіктері, белоктардың кристалдары және пигменттік кірінділері. Органоидтар (органелла) дегеніміз клеткада белгілі бір функция атқаратын цитоплазманың ерекше жіктелген бөлігі. Оргоноидат клеткалардың барлығында дерлік кездеседі және зат алмасуы процесінде маңызды функция атқарады. Органеллаларды мембраналы және мембранасыз органеллалар деп ажыратады. Мембраналы органеллаларға эндоплазмалық тор, Гольджи кешені, митохондряиылр, лизасомала, нерексомалар, ал мембранасыз органеллаларға – рибасомалар, центриольдар, микротүтікшедер, микрофибриллалар, микрофиламенттер, кірпікшелер мен талшықтар жатады
Оргоноидтар мен кірінділерден басқа кейбір клеткаларда арнаулы функциялар атқаратын арнаулы оргоноидтар деп аталатын метаплазмалық құрылымдар болады. Бұған жататындар эпидермистің клеткаларындағы тірек қызметін атқаратын тонофибриллалар, жиырлу функциясын атқаратын бұлшық ет клеткаларының миофибриллалары және қорғаныш қызметін атқаратын кутикула.
Көпклеткалы организмнің клеткаларының саны өте көп. Мысалы, адам миының үлкен сыңарларының клеткаларының саны 20 млрд. шамасында, ал қандағы эритроцидтердің саны 25 миллиондай. Жаңа туған нәрестенің денесіндегі клеткалар саны 2 биллионға жетеді деген мәліметтер бар. Өсімдіктер мен жануарлар организмі клеткаларының атқаратын қызметтері әр түрлі болғандықтан, олардың пішіні түрліше болады. Клеткалардың пішіні оның организміндегі орнына да байланысты.
Жануарлар клеткалары жұлдыз тәрізді (нерв клеткасы), цилиндр, куб тәрізді (эпителий клеткалары), сопақша (эритроциттер), тармақталған (механизмнің клеткалары), жұмыр (жұмыртқа клеткасы) т.т.болады. Кейбір клеткалардың пішіні айнымалы келеді. Мысалы, амебаның, лейкоциттің. Бұрыс пішінді клеткалар да кездеседі. Мысалы, кейбір лейкоциттердің (таға тәрізді немесе көп бөлшекті), инфузорияның (таспиық тәрізді), көптеген насекомдардың без клеткаларының (тармақталған), сперматозоидтардың (элипс, алмұрт, лантцетник) т. т.
Клетканың үлкен – кішілігін жоғарғы шегі үлкен – кішіліктің қатынасына байланысты, ядро мен клетканың қалған бөліктерінің қатынасына. Цитоплазманың көлемінде де шек болады. Қайсібір клеткалар бұл шекті ядролар санын көбейту арқылы шешеді. Клетканың жеке бөліктерінің арасындағы қатынастардың рөлі үлкен. Клетка үлкен болған сайын ддиффуза проблемасы қиындай береді. Ірі көпядролы, мысалы Nitella клеткаларына ұқсас клеткаларда, бұл прроблема цитоплазманың белсенді қозғалысы арқылы шешіледі. Сонымен бірге клеткамен қоршаған ортаның арасындағы қатынастың да маңызы бар. Жануарлар клеткаларының өсімдіктер клеткаларынан айырмашылықтары бар. Жануарлар клеткасында қатты клеткалық қабырға болмайды, олардың митоздық аппаратында центриольдар болады, ал бөлінуі ортасынан жіңішкіреп екіге бөліну арқылы жүреді. Хлоропластлер жануарлар клеткасында болмайды, осыған байланысты олар қорек пен энергияның көзі болып саналатын өсімдіктерге тәуелді. Сонымен бірге жануарлар клеткалары қозғалуға қабілтетті және қоректік бөлшектерді жұтып қорытады. Өсімдік клеткалары полисахаридтік клеткалық қабырғамен жабдықтылған. өсімдік клеткаларының митоздық аппараты ұршықтан тұрады, бірақ жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде центриольдар болмайды; клеткасының бөлінуі жаңа бөлгіштің пайда болуының есебінен жүреді. өсімдіктер клеткасының көпшілігінде жарық энергиясын химиялық энергияға айналдыратын хлоропластлер болады.