Пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұНЫ


Пластидтердің құрылысы және қызметі.Хлоропластар және фотосинтез



бет91/144
Дата08.02.2022
өлшемі14,19 Mb.
#122977
түріСеминар
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   144
Байланысты:
08 КЛЕТКА БИОЛОГИЯСЫ

Пластидтердің құрылысы және қызметі.Хлоропластар және фотосинтез

1. Пластидтік тұқым қуалау.
2. Пластидом.
3. Э. Баур мен К. Корренс (1909) тәжрибелері.
4. Р. Сэджер (1972) тәжрибелері.
5. Митохондриялар арқылы тұқым қуалау.
6. Б. Эфрусси тәжрибесі.

Пластидтер (хлоропластар, лейкоиластар, хромопластар т, с. с.) өсімдік клеткалары цитоплазмасына тән, олардың кұры-лысы өте күрделі. Олар фотосинтезді, крахмал меи пигменттер синтезін, сонымен катар липидтер, пластидті нуклеин қышқыл-дары жэае белоктар синтезін іске асырады.


Клетка мембранасының құрылысы курделі болады, олардык қүрылысы қорғаныш, талғап өткізу және бөлшектер мен моле-кулаларды активті тартып, взіне енгізу сияқты белгілі бір функ-ция атқаруға бейімделген.
Пластидгер тек өсімдік жасушаларынатән органеллалар. Олар-дың 3 түрі белгілі: жасыл пластидтер-хлоропластар (Компаретти, 1791 ж.) сары, қызыл пластидтер - хромопластар (Берцелиус 1837 ж.), түссіз пластидтер-лейкопластар (Крюгер, 1854 ж.)-
Пластидтік тұқым қуалау. Пластидтер өсімдік организмінде углеводтарды синтездеуші ерекше лаборатория болып табылады (1-тарауды қараңыз). Оларда ДНК бар, бөліну аркылы кебейе-ді және жас клеткаларға таралады. Қлетқа пластидтерінің жи-ынтығы тұқым қуалаушы информацияны бере алатын құрылым ретінде пластидом деп аталған болатын.
Пластидтік түқым қуалау жөнінде алғашқы мәліметтерді ге-нетиканың дамуының бастапқы кезінде (1909 ж.) Э. Баур мен К. Корренс хабарлады. Мысалы, Қорренс түн сүлуы (Mirabilis jalapa) атты есімдіктегі ала жапырақтылықтың түқым куалау-ын зерттеді. Осы түрде ала жапырақты өсімдіктер кездеседі^ олардың өсу нүктелерінде әр түрлі клеткалар топтары: қалыпты* пластидтілері және хлорофилл түзуге кабілетсіз пластидтілері бар. Осының салдарынан өсімдіктерде кейде таза жасыл түсті немесе аппак түсті бұтақтар түзіледі. Ақ түсті бұтақтан алын-ған дәндер тіршілік етуге қабілетсіз өскіндер береді, өйткені ондай өскінде фотосинтез процесі жүрмейді.Ала жапыракты бүтақтардағы гүлдерді жасыл түсті жапы-рақты бұтактардан алынған гүл тозаядарымен тозаңдандыр-ғанда және керісінше шағылыстырғанда әр түрлі нэтиже алы-нады. Бірінші жағдайда (! $ ала жапырақты X сГ жасыл жапы-рақты) будан өсімдіктер ала жапыракты, жасыл жапырақты не-месе ақ жапырақты (өледі) болады. Керісінше шағылыстырған кезде ( ? жасыл жапырақтыХ & ала жапыракты) ұрпақтағы барлық өсімдіктер жасыл жапырақты болады. Жасыл бұтак-тардың гүлдері тек қана жасыл түсті үрпак береді, ал ақ түсті бүтақтардың гүлдері қандай өсімдік тозаңымен тозандандырға-нына қарамай ак түсті ұрпақ береді (тіршілік ете алмайды) (54-сурет). Осының негізінде мынадай қорытынды жасалды: ала жапырақтылықтың тұқым қуалауы клетка бөлінуі кезінде екі түрлі пластидтің — жасыл түсті және бояусыз пластидтер-дің — берілуі және таралуымен байланысты, бүл кезде пластид-тер жұмыртқа клеткасымен беріледі, осының нәтижесінде тұқым куалау аналық линия бойынша іске асады. Алайда кейбір жағдайларда, мысалы қазтамақ өсімдігінде пластидтер жұмыртқа клеткасы арқылы ғана беріліп қоймайды, цитоплазмасы бар спермия арқылы да беріледі. Бұл кезде ала жапырақтылык ана-лық кана емес, аталық линиямен де түқым қуалайды, яғни екі ата-аналық жолмен тұқым қуалайды.
Екі түрлі пластиді бар зиготадан өсімдіктердің ақ түсті не-месе жасыл түсті беліктерінің дамуы әр түрлі пластидтердің өзін-өзі өндіру жылдамдығы және клеткалык бөлінулер бары-сында олардың таралуымен анықталады. Тек жасыл түсті плас-тидтер алған клеткалар тканьдердің жасыл түсті учаскелерін береді, ал боялмаған пластидтері ғана бар клеткалардан ақ түс-ті учаскелер пайда болады. Егер екі сортты пластиді бар клетка АВ сызығы бойынша бөлінсе (55-сурет), екі түрлі учаске бере-тін (ақ түсті—а және ала түсті—б) екі клетка түзіледі; ВГ сы-зығы бойынша бөлінгенде жасыл түсті және ала түсті беліктер (в, г) пайда болады.
Р. Сэджер 1972 жылы бір клеткалы балдыр хламидомонада (Clamidomonas reinhardi) хлоропластардың генетикалық аппа-раты сақиналанған тіркесу тобына ұйымдаскандығын анықта-ды. Бактерияларда да генетикалық аппарат осындай құрылыс-ты болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет