Пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұНЫ


Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға



бет116/144
Дата08.02.2022
өлшемі14,19 Mb.
#122977
түріСеминар
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   144
Байланысты:
08 КЛЕТКА БИОЛОГИЯСЫ

2. Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға
әдістемелік нұсқау
СӨЖ пәннің белгілі бір тараулары немесе бірнеше модульдері немесе тараулар, тақырыптарды біріктіретін ділгірліктер бойынша өткізіледі. Көбнесе әдістемелік бағытқа ие болған сұрақтар бойынша СӨЖ ізденушілік қасиетке ие болады.
СӨЖ-дің барлық түрлері әр түрлі әдістемелік жолдарды қолдану арқылы өткізілуі мүмкін ең көп таралған СӨЖ түрлері мыналар:
Тақырып бойынша шолу - тақырып бойынша ақпарат жүйелері мен Интернеттің ақпараттық ресурстарынан алынған қосымша материалды пайдаланып 1-2 беттік жазбаша әдеби шолу жазу.
Глоссари жазу – берілген тақырып бойынша терминдер мен ұғымдардың қысқаша түсінігі, кроссворд түзумен ауыстыруға болады.
Презентация – студенттің белгілі бір тақырыпты таңдап, осы тақырып бойынша өзінің көзқарасын, түсініген, түсінбеген аспектілерін баяндауы. Презентацияға-8-10 минут уақыт беріледі. Презентация студенттің тақырыпты жарыту дәрежесі, тыңдаушыларда қызығу оятуы мен біліктілігіне қарай бағаланады.
Іскерлік ойын – студенттердің келешектегі кәсіптік іс-әрекеттеріне қажетті біліктіліктерді қалыптастыратын рольдік немесе командалық ойын. Кейде студенттерден үйде дайындалуды қажет етеді.
Нақты оқу жағдайы – студенттердің нақты жағдайларға қатысты сұрақтарға жауап беруі немесе белгілі бір ділгірлік бойынша көзқарасын жазуы.
Топтық жоба - әрбір топта 4-5 студенттен артық болмайды, әрбір топ белгілі ділгірлік көлемінде өзінің жобасын ұсынады. КВН түрінде де өткізуге болады.
Жеке жоба – дайындық дәрежесі жоғары студенттер, өз еркімен орындайды. Жұмыс тақырыптың ерекшелігі және ізденушілік бағытымен ажыратылып тұруы тиіс.
Материалды ауызша баяндау (presentation) - студент берілген тақырып бойынша материалды ауызша баяндайды. Баяндау уақыты – 10-15 минут. Мынандай критериялар негізінде бағаланады: тақырыптың жарытылу дәрежесі, тыңдаушыларда қызығуды ояту дәрежесі, әдебиеттерді, әсіресе қосымша әдебиеттерді қолдану дәрежесі.
Жазба жұмыстары (конспект, эссе) - әрбір модульдің соңында жүргізіледі. Оларда қолданылған әдебиеттер көрсетілуі тиіс. Жазба жұмыстары қысқа 1-2 бетте, ал эссе 2 бетте жазылып, тақырыпқа қатысты барлық ақпаратты қамтуы тиіс.
Тест - әрбір модульдің соңында өткізілуі, сонымен бірге оқытушы әрбір тақырып бойынша қысқа бес минуттық тест алуы мүмкін. Тест жалпы 5 балдық жүйеде бағаланады.
Кейс құрастыру – жағдайды талдау әдісі негізінде құрастырылады. Студенттерге жазылған ділгірлік бойынша жағдайды талдау ұсынылады. Сонымен бірге ділгірліктің бірнеше шешімі болуы мүмкін. Кейстегі іс-әркеттер мазмұнында немесе ділгерлікті шешу әдісі ретінде көрсетіледі.
Рефераттар мен баяндамалар – студенттердің таңдауы бойынша жүргізіледі (әрбір модуль бойынша бір реферат). Сонымен бірге тақырыптың әрбір бөлімін дайындайтын бір топ студенттер де дайындауы мүмкін. Рефератта мәселенің мазмұны ашылуы , жоғары дәрежеде ақпараттандырылған және жеке қорытынды болуы қажет.
Пікір – студенттердің презентациялары мен бір-бірінің рефераттарына пікірі. Пікірде алынған ақпараттың қысқаша талдауы және баяндаманың күшті және әлсіз жақтары көрсетілуі тиіс.
Есеп шешу - әрбір студент оқытушыдан жеке тапсырмалар алып оны жазба түрде орындайды.
Есеп құрастыру – студенттер өтілген дәріс тақырыбы көлемінде есептің шартын құрастырып, оны шешу жолдарын көрсетеді.
Барлық тапсырмалар уақытында тапсырылуы тиіс. Кешігіп тапсырылған тапсырмалар төмендетіп бағаланады (әрбір кешіктірілген күн үшін әр тақырыптан 0,5 балл алынып тасталады).
СӨЖ ұйымдастыру үшін төмендегілер қажет:

  • консультациялары уақытын белгілеу.

Сонымен бірге жалпы талаптарды белгілеп алудың маңызы зор, яғни
оқытушы силлабуста студенттерді мынандай мақсатқа бағыттауы тиіс:
а) үй тапсырмаларын орындау қажеттігі;
б) орындау мерзімін сақтау қажеттігі;

  • в) дайындыСӨЖ тапсырмаларын оқу жылы басында беру

  • ағымдағы және аралық бағалау формаларын жасау;

СӨЖ конқ пен жауапкершілікке.
Интерактивті әдістер студенттерге:

  • тыңдау және қарым-қатынас біліктілігін;

  • басқа адамды түсіну мүмкіншілігін;

  • көзқарасты дамыту мүмкіншілігін;

  • олардың белгілі бір мәселелерді шешу және шешім қабылдау қабілеттерін арттырады;

  • талғамды ойлау және пікірлеу мүмкіншілігін;

  • олардың белгілі бір сала бойынша көзқарастарының жүйелі түрде қалыптасуына мүмкіншілік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет