Жасушаішілік қорыту аппараты Жасуша ішілік қорыту ақпараты ерекше органеллалар - эндосомалар мен лизосомалардың жүйесінен тұрады. Олар - ішіндегі гидролазалық ферменттері арқылы цитоплазмада өтетін катаболизмдік(гр.katabole- бұзу) процестерді қамтамасыз ететін мембраналық көбікшелер. Жасуша ішілік қорыту аппаратының атқаратын қызметі: жасушаның өзіндік және сыртынан түскен макромолекулаларды жасуша ішінде реттеулі түрде ыдырату. Эндосомалар мен лизосомалардың саны пиноцитоз және фагоцитозды белсенді атқарып, әсіресе, жұтылған заттарды қорытып жатқан жасушаларда (макрофагтар, нейтрофилдер, остеокласттар және т.б.) көп болады. Бұл органеллаларды бір жүйеге біріктірих қарастырудың себебі - оларды қоршаған мембраналарының бірнеше ерекше қасиеттерінің ұқсастығы: а) ішіндегі гидролазалық ферменттердің белсенділігін күшейтуге қажет қышқыл орта қалыптастыратын АТФ-тәуелді (энергия тұтынатыя) протонды насостарының (сорғыштар) болуы;б)құрамында гидролазалық, транспорттың көбікшелерді және фагосомаларды танып, олармен бірігуді қамтамасыз ететін рецепторларының болуы;в)
1945 жылы Портер, Клод және Фуллан фибробластілердің өте жұқа кесіндісін электрондық микроскоппен қарап ерекше торды байқаған. 1953 жылы Портер оны эндоплазмалық тор (эндоплазмалық ретикулум) деп атаған. Кейін эритроциттер мен бактериялардан басқа клеткалардың бәрінде де байқалған. Бұлшық ет клеткаларындағы эндоплазмалық торды саркоплазмалық тор деп атайды. Эндоплазмалық тор көпіршіктердің, микроканалшықтардың және қапшықтардың (цистерналардың) жүйесі.
Эндоплазмалық тордың екі түрін ажыратады: 1) бұдыр немесе гранулалық түйіршікті; 2) тегіс немесе агранулалық. Түйіршікті эндоплазмалық тордың жарғақтасында рибосомалар орналасқан. Сондықтан бұл тордың жарғақшасы протеолиттік ферменттер мен белоктің синтезделу әрекетіне қатысады. Рибосомада синтезделген белок молекулалары эндоплазмалық тордың қуысына түсіп, ол арқылы белок молекуласын клетканың қажетті жеріне тасиды. Ғалымдардың дәлелдеуі бойынша эндоплазмалық тордың тұрақтары ядроның жарғақшаларымен тікелей байланысқан. Сондықтан ядроның қабықшасы эндоплазмалық тордың бір бөлігі болып табылады. Тегіс бетті эндоплазмалық тор липидтердің, гликогеннің т.б. заттардың синтезделу әрекеттеріне қатысады және олардың танымалдануын жүзеге асырады. Ғалымдардың дәлелдеуі бойынша эндоплазмалық тор өзекшелерінің ішінде май тамшылары, түйіршіктер және белок молекулалары болады екен. Бұл тордың өзекшелері әр түрлі молекулаларды ядродан цитоплазманың шеткі аймақтарына керісінше цитоплазмадан ядроға тасымалдау қызметін атқарады. Эндоплазмалық тор белок биосинтезіне қатысуымен қатар синтезделген заттарды тасымалдау қызметінде атқаратындығын көреміз.
Гранулалық эндоплазмалық тордың мембранасының цитоплазмалық бетінде жабыса біткен рибосомалар болады. Эндоплазмалық тордың бұл түрі бездік және эмбриондық клеткаларда, белокты жерде синтездейтін жануарлар мен өсімдіктер клеткасында көп мөлшерінде байқалады. Бұл мембраналардың бәрі цитоплазманы жеке бөліктерге бөліп тарайды. Бір клетканың өзінде де эндоплазмалық тордың екі түрі де болуы мүмкін. Эндоплазмалық тордың элементтері цептросфера зонасынан басқа клетканың барлық аймағында кездеседі. Эндоплазмалық тордың қабырғасы плазмалық және басқа клеткалық мембраналар сияқты липопротейндік мембранадан тұрады. Бірақ та эндоплазмалық тордың мембранасы жұқа, тегіс және өткізгіштігі түрліше болады, биқабаттағы фосфолипидтің құрылысы өзгеше, ал олармен байланысты холестерин жоқтың қасында, сол сияқты белоктарда өзгеше. Гранулалық эндоплазмалық тор кейде эргастоплазма деп аталатын цитоплазманың базофильдік учаскесіне сәйкес келеді. Бұл клеткалардың цитоплазмасының базофильдігі ондағы РНК көп болуына байланысты. Электрондық микроскоп базофильдік цитоплазмада рибосомалардың көп болатынын анықтады. Гранулалық эндоплазмалық тор белокты синтездеуге қатысады, ал тегіс эндоплазмалық торда да синтез процесі жүреді, бірақ олар белок емес липидтер мен кебір полисахаридтер. Эндоплазмалық тор – ядроны торлап, қоршай орналасқан түтікшелер, каналдар мен ірі қуыстар жүйесі. Бұл жүйенің кедір-бұдырлы және тегіс мембраналы эндоплазмалық торларын ажыратады. Кедір-бұдырлы тордың ерекшелігі оның мембранасының мембранасының рибосомалар орналасқан. Сондықтан оның негізгі қызметі белоктарды синтездеу. Әсіресе бір-біріне жанаса орналасқан ірі қуыстарды шектеп тұрған мембрана бөліктерінде белоктің синтезі өте қарқынды жүреді. Мұны эргастоплазма деп атайды. Тегіс эндоплазмалық тордың мембранасында рибосомалар болмайды. Бұл жерде көмірсулар, майлар, басқа да жасуша тіршілігіне қажетті заттар түзіліп, олардың алмасуы жүреді.