Пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұНЫ


Митохондрияның ішкі мембранасы



бет76/144
Дата08.02.2022
өлшемі14,19 Mb.
#122977
түріСеминар
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   144
Байланысты:
08 КЛЕТКА БИОЛОГИЯСЫ

Митохондрияның ішкі мембранасы матрикске қарай қыртыстар - крис-талар құрайды . Ішкі мембрананың құрамында транспорттың ақуыздар, тыныс алу тізбегінің ферменттері, сукцинатдегидрогеназа -(СДГ) және АТФ-синтетаза кешені орналасқан. Кристалардың бетінде, пішіні саңырауқұлақтарға ұқсаған – дөңгелек келген басы және қысқа аяқшаларынан тұратын, элемеңтарлы түйіршіктер (оксисомалар немесе Ғ1түйіршіктер) орналасады (7-сурет, Г).Оларда тотығу және фосфорландыру процестері ұштасып (сопряжение) отырады. Оксисоманың бас аймағында фосфорлаңдыру реакциялары нәтижесінде АДФ-тен АТФ синтезделеді.
Митохондриялық матрикс - митохондрия қуысын толтыратын, жүзден астам ферменттерге ие гомогенді жәңе ұсақ түйіршікті, ортасында ДНҚ молекуласының жіпшелері бар суйық зат. Матрикс ферментгерінің негізгі бөлігін Кребс циклін (төменде қараңыз), белоктар синтезін қамтамасыз ететін және май қышқылдарын тотықтыратын ферментгер (СДГ-даң басқалары) құрайды, оларға қосымша мұнда түйіршіктер түрінде митохондриялық рибосомалар ферметтердің қызметтерін қоздыруға қажет Са2+, Мg2+ катиондары, сақина тәрізді жіпшелер түрде митохондриялық ДНҚ орналасады. Сонымен, басқа органоидтармен салыстырғандағы митохондрияның ерекшеліктері - оларда 37 гендерден тұратын өз(ядродан тыс) геномы болуы. Бұл генетикалық материал репродукцияға, транскрипцияға, трансляцияға ұшырап, матрикстегі рибосомаларда митохондриялық ақуыздардың 5-6%-ы ғана синтезделеді, ал; олардан қалған басын бөлігі гиалоялазмадан түседі. Яғни, митохондрияларға шектеул (жартылай) автономия тән. Қазіргі ғылымда қалыптасқан гипотеза (болжау пікір) бойынша, митохондриялар эволюция кезінде ежелгі аэробты 2 қажет ететін) бактериялар мен эукариот жасушалардың симбиозы (екі жаққа да пайдалы бірге өмір сүру) нәтижесінде қалыптасқан. Бұл гидртезаның дәлелдері: 1) митохондриялық ДНҚ, РНҚ және рибосомалар бактериялардың осындай молекулаларына және органеллаларына ұқсас;2) митохондриялар дабактериялардай бұршактану немесе екіге бөліну арқылы көбейеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет