Пәндерінің барлық мамандықтарға арналған дәрістер жинағы Психологиядағы ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұлға


Дәріс 6. Тұлғаның денсаулық психологиясы



бет14/34
Дата21.10.2022
өлшемі108,17 Kb.
#154379
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34
Байланысты:
Дәрістер жинағы

Дәріс 6. Тұлғаның денсаулық психологиясы

1.1 Психика мен дененің өзара байланысы және өзара ықпалы.


1.2 Салауатты өмір салты тұлғаның жетістікке жету негізі ретінде.

Білім беру жүйесіндегі негізгі мәселелердің бірі- ұлттың болашағын анықтайтын балалармен оқушылардың денсаулығы болып табылады. Денсаулақ – адамның ағзасы мен жан – дүниесіндегі аурулар мен физикалық ауытқудың болмауын, қалыпты дамуды білдіретін; тұрғылықты жердегі эканомикалық, экалогиялық, әлеуметтік жанұя жағдайларымен, тамақтану, дәрігерлік көмек сапасымен, педагогтар мен психологтардың балалармен жұмысымен байланысты комплексті түсінік. Қазақстанда соңғы 10-15 жылда психологиялық көмекке сұраныс пайда болып, қазір күн өткен сайын молаюда. Бұл түсінікті де, өйткені ересектер өмірінің стреске толы болуы, уақытының басым бөлігін жұмыспен өткізуі, балаларға зейіннің жеткілікті бөлінбеуі соңғыларда психологиялық, психикалық, физикалық бұзылулардың өсуіне әкеледі. Экологиялық фактордың физикалық денсаулыққа ғана емес, психикалық қалыпқа да қауіпті әсері еліміздің өндірістік, экалогиялық апат аудандарында анықталып, өзекті мәселелердің қатарында аталады.


Психологиялық денсаулық негізінде балалардың жеке басының қасиеттері дамып психикалық кейіптері қалыптасады. Сонымен қатар, психологиялық денсаулық балалардың танымдық үрдістерінің жетілуін қамтамасыз ететін бірден-бір фактор болады. Балалардың өзін - өзі дамытып, жетілдіруін, реттей алуын, яғни өзіндік бағаның дұрыс болуын қамтамасыз ететін де, балалардың ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынасын реттейтін психологиялық денсаулығы болып табылады. Қазақстандық психология ғылымында қазақ балаларының психологиялық денсаулығы мәселесі бұрын-соңды қарастырылмаған. Психологиялық денсаулық көрсеткіші болып табылатын жекелеген қасиеттердің балалардағы даму ерекшеліктері, коррекциялау мәселелері қарастырылса да, комплексті зерттеу, қамтамасыз ету жолдары мен амалдарын анықтау әлі де қолға алынбаған. Осыған орай, қазіргі кезең жағдайында қазақ балаларының психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету жолдары мен амалдарын анықтау мәселелері өзекті болып келеді.
Балалар тәрбиесіне, дамуына бастауыш мектеп жасы кезеңінің, әсіресе 6-7 жастың ықпалы зор екені белгілі. Әдебиеттерде бұл кезеңнің жалпы психикалық дамуындағы ролі келесі аспектілері арқылы көрсетіледі: 7 жас кризисі, баланың мектепке психологиялық даярлығының қалыптасуы, күрделі физикалық, психикалық және психофизиологиялық дамуы; оқу мотивтерінің танымдық қажеттіліктерінің , индивидуалды қаблеттерінің, өзіндік басқарудың, адекватты өзіндік бағаның, әлеуметтік қарым- қатынас дағдыларының дамуына сензитивті кезең. Осы кезеңде жаңа психикалық құрылымдар – ерікті түрде іс-әрекетпен қылығын басқару; рефлексия, іс- әрекеттің ішкі жоспары, танымдық қызығушылық, қарым-қатынаста қатарластарына бағыттылық қалыптасады.
Денсаулық категориясының практикалық және теориялық өңдеулеріне қарамастан, оның қазіргі кездегі статусы біртекті емес және оның зерттеудегі әртүрлі тұрғылар көлемді анықтама бере алмайды. Зерттеулер тек қана ағзаның функциональді қызметі, психикалық процестер мен механизмдерге емес, сонымен қатар жеке тұлғаны толық қамтитын психологиялық денсаулықты зерттеуге бағытталған.
Зерттеушілер әр-түрлі деңгейдегі денсаулық құрылымын бөліп көрсетеді: тән саулығы, психикалық, психологиялық, әлеуметтік, рухани- адамгершілік саулық. Адамның осы аталған денсаулығының түрлері бір-бірімен тығыз байланыста. Тән саулығын және әлеуметтік саулықты сақтау үшін психикалық және психологиялық денсаулық қажет. Денсаулық психологиясы көпшіліктің ықылысына ілініп жүр. Мұның басты себебі әлеуметтік жағдай. Өмірдің эканомикалық жағдайының өзгеруі, нарықтық қатынастарға көшу тұрғындардың алдына күрделі мәселелер түйінін қойып, біраз алаңдатушылық, жүйкеге психикалық ауыртпалық тудырады.
Психикалық денсаулықты қарастырмас бұрын, «денсаулық» түсінігін нақтылап алу қажет. Сонымен қатар, «психикалық денсаулық» түсінігі де жіктеуді талап етеді.
Денсаулықтың анықтамаларын нақтылау күрделі, әлі де толық аяқталмаған. В.Е. Каган бойынша, денсаулық- жеке норма, физиологиялық, статистикалық, қалыпты дамудан ауытқу мөлшері. Адам осы жеке норманың субъектісі, оның денсаулық туралы белгілі бір түсінігі бар және осы түсінікпен өзінің актуалды қалпын салыстырады. Бұл түсініктер жиынтығына «денсаулықтың ішкі картинасы» деп атау береді. Адамның өзіндік санасы, өзіндік бағасы денсаулықтың ішкі картинасының қалыптасуында елеулі рольді атқарады. Адамның өзі сезетін қалпы оның денсаулығының ішкі картинасына сәйкес келмесе, ол өзін науқас сезінеді. Керісінше, денсаулық түсінігі адамда патологиялық қалыптарды да қамтыйтын кең болуы керек. Бұл терминнің шығу тарихына келетін болсақ, 1929 жылы А.Р Лурия отандық медециналық психология ғылымына жаңа термин – «аурудың ішкі картинасы» түсінігін енгізген, бұл жеке адамның науқасқа реакциясы, аурудың аккомпаниементі, патопластикалық және потенциалды патогенетикалық фактор А.Б Орлов жаңа антоним терминді қолданған- «денсаулықтың ішкі картинасы» В.Е Каган денсаулықтың ішкі картинасы терминін алғаш рет 1986 жылы қолданады, 1988 жылы денсаулықтың ішкі картинасы концепциясының теориялық негізін ұсынады.
Медициналық әдебиеттер мен практикада «Психикалық денсаулық» термині кең қолданылады, және психикалық денсаулық қалпы баланың психикалық, әлеуметтік даму жағдайымен түсіндіріледі.
Жүйке-психикалық науқастардың кең тарауы бүгінде тек дәрігерлердің ғана емес, сонымен қатар биологтардың, социологтардың , педагогтардың зерттеуін қажет ететін үлкен мәселені тудырып отыр. Педагогтардың бұл мәселемен айналысуы оқушылар арасында ақыл-ойының кемістігі немесе жүйке психикалық әрекетінің ауытқуы, қылықтың бұзылуы себебінен оқу бағдарламасын игере алмайтын балалардың кездесуімен байланысты. Педиатор – дәрігірлер үнемі стрес жағдайында жүретін ересектерге тән науқастардың балаларда да жиілеп кеткенін айтады. Оның себебі ретінде балалардың халық көп жиналатын жерлерде көп болатыны, балалардың алкоголь мен анашаны қабылдауы орын алады. Нәтижесінде балаларда ұйқының бұзылуы, бас аурулары, невротикалық симптомдар , психикалық , физикалық дамудың бұзылуы, қылықтың ауытқуы пайда болады.
Психикалық денсаулық мәселелері медициналық психология саласында орындалған біршама еңбектерде қарастырылады (Д.Д Федотов, А.И Захаров, Д.Р Исаев, М.Х Гонопольский, В.Е Дружинин). Психикалық денсаулықты сақтау мәселелерін, психикалық бұзылуларға әкелетін биологиялық және әлеуметтік факторларды, оның ішінде психофизиалогиялық негіздерді, тұқымқуалаушылықпен ағзаның ішкі ауруларын адам психикасына кері әсері, эмоционалді қосылу мен алкогольді тәуелділік, әлеуметтік оқиғалардың әсерін зерттеген. Жанұядағы ересек адамдардың баланың қарым-қатынысының бұзылуы, олардың тарапынан психикаға зақым келтіретін әсерлердің болуы негізгі әлеуметтік фактор болып аталған. Мектеп жасындағы балалардың ой операцияларын қажет ететін тапсырмалармен, сабақтармен шектен тыс жүктелу психикалық денсаулығының бұзылуына, шаршауға әкелетін, ой еңбегінің гигиенасы қажет ететендігін айтады. Жалпы бұл көзқарас сол кезеңдегі психология ғылымының дамуымен, психикалық және психологиялық денсаулықтың әлеуметтік факторларының орын алу жиілігімен , күшімен байланысты.
Денсаулық, психикалық денсаулық мәселелерін ауру, науқас емес қалыпты даму тұрғысынан қарастыру тек ХХ ғасырдың соңғы жылдарында кең орын алған.
Чех психологтары Й.Лангмейер мен З.Матейчен айтуынша психикалық қалыптың бұзылу депривациямен анықталады, өте сирек депривациялық жағдайға баланың бірнеше маңызды қажеттіліктерін қанағаттанбауы сәйкес келеді. Ол әр жас кезінде әр-түрлі болады. Сондықтан, белгілі бір даму кезінде қандай психикалық қажеттіліктердің ерекше маңызды болатындығын, қанағаттанбауы үлкен зиян болатын қажеттіліктердің ерекшеліктерін анықтау өте маңызды. Мұнда әр баланың бір ғана «депривациялық жағдай» әсерінен өзін әр-түрлі ұстайтынын ескеру қажет. Сонымен қатар, әр баланың дені сау, даму үшін жылы сезім, махаббат қажет. Даму мен мінездің бұзылуында патогенді мәнге аффективті қажеттіліктердің жеткілікті қанағаттанбауы ие болады, яғни змоционалді, аффективті депривация.
Жекелеген психикалық функциялардың бұзылуы депривациялардың әсерінен болады. В.В Ветрова депривацияны- өмірлік маңызды қажеттіліктердің толық немесе жартылай қанағаттандырылмауы мүмкін деп санайды. Сенсорлы, эмоционалды, әлеуметтік депривация түрлерін жіктейді.
А.Б.Холмогорова, Н.Г.Гаранян бүгінгі күндегі психикалық ауытқулардың негізгі эпидемиологиялық тенденциялары ретінде депрессивті, соматоморфты, мазасыз бұзылуларды атайды. Адамның генетикасы мен биохимиясы неврозға, яғни психикалық денсаулықтың бұзылуына шешуші фактор болып табылмайды. АҚШ-та жүргізілген зерттеулер депресивті ауытқулар жиі кездесетін орталарда тәрбиелеу барысында қатаң талаптар мен стандарттар қойылатындығын, олардын ауытқыған , орындамаған жағдайда сын мен жазалаудың жиі қолданылатындығын көрсетеді. Эмоционалды ауытқулар, психикалық денсаулықтың бұзылуы бүгінгі қоғам мәдени ортаға тән рационалдылық пен ұстамдылықты, сәттілік пен жетістікке, күш пен бақталастыққа табыну, оларды басқа құндылықтардан жоғары қоюмен байланысты. Психикалық денсаулық - бұл ең алдымен әр-түрлі психикалық процестер мен қасиеттердің арасындығы тепе-теңдік, аффект пен интеллектінің арасындағы тепе-теңдік, яғни сезімдерді саналы түсініп басқара алу мен қатар, оларды еркін көрсету, шығару құқығы, еркіндігі. Шет елде аталған принциптер психикалық денсаулықты қорғау жүйесінің қызметін анықтайды.
Б.С.Братусь адамның психикалық денсаулығын деңгейлік бағытқа сәйкес қарастырады. Жоғары деңгейі тұлғалық мағыналық немесе тұлғалық денсаулық деңгейі, адамның мағыналық қатынастары сапасымен анықталады. Индивидуалды психологиялық денсаулық деңгейі, адамның мағыналық талпыныстарын адекватты жүзеге асыру тәсілін құра алу қабілетіне байланысты. Психофизиологиялық денсаулық деңгейі психикалық әрекет актілерін ішкі нейрофизиологиялық ұйымдастыру ерекшеліктерімен анықталады. Бұл деңгей биологиялық тұқымқуалаушылық факторларымен байланысты, алдыңғы екеуі, психологиялық болып табылады және оқыту мен тәрбиелеудің әлеуметтік жағдайларымен байланысты. Психофизиологиялық денсаулық деңгейі психикалық актілер ішкі нейрофизиологиялық ұйымдастыру ерекшеліктерімен анықталады. Бұл деңгей биологиялық тұқымқуалаушылық факторларымен байланысты, алдыңғы екеуі психологиялық болып табылады және оқыту мен тәрбиелеудің әлеуметтік жағдайларымен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет