эмоциялар кетіп,
себеп-салдарлық реттілік, қатаң қисындылық орнығады, сананың əмбебаптығы жоғалады. Техниканың түп тереңінде жатқан ерекшелікті сипаты оның табиғат пен адам арасындағы делдалдығы, яғни оларды байла- ныстырушы буын болатындығы. Техниканың əлеуметтік-мəде- ни іргелі ерекшеліктерінің бірі оның
қоршаған ортаны,
табиғат пен адамның өзін қайта құру құралы екендігі. Бұл ерекшелік əлімсақтан бері келе жатқан аңыздарда да кездеседі. Мысалы, адамдарды тұңғыш техникалық дағдыға – от жағуға үйреткен Прометей туралы аңызды есімізге түсірелік немесе қанат көмегімен ұшу жолын білген Дедал жəне оның ұлы Икар туралы аңыз, Вавилон мұнарасының құрылысы жəне т.б. Техниканың айтпай кетуге болмайтын тағы бір əлеуметтік- мəдени сипаттамасы оның
адамның өзін өзгертетіндей əлеуеті- нің барлығында. Осыдан көптеген мəселелер келіп туындайды: адам қоғамындығы техниканың орны; социум
ерекшеліктеріне оның ықпалы; əлеуметтік, саяси, сондай-ақ халықаралық қаты- настар жүйесіне техниканы қосу; психикалық, интеллектуалдық тұрғыдан алғандағы техникаға байланысты өмір этосы (өнегелік мөлшер жүйесі) жəне т.б. Қалыптасқан көзқарас бойынша, техника дегеніміз
адам қолынан жасап шығарған, адам өмірін жетілдіруге, қоршаған ортаны оның өмір сүруіне бейімдеуге, оның күш-жігерін сақтап, жағдайын жақсартуға бағытталған құрал-жабдықтар жиын- тығы.
Техниканың атқаратын қызметтерінің бастысы оның адамды табиғатқа тəуелділіктен алып шығып, бостандық беруі. Алайда, табиғаттың қатал
қажеттілігінен босанған адам, өзі соны байқа- мастан, техниканың қоршаған ортаға əсерінен, табиғи ресурс- тардың азаюынан, тағы да сол сияқты келеңсіз салдарлардың болуынан техниканың өзінің қатал қажеттілігі торына түсті. Техниканың дамуы, əсіресе, қазіргі таңдағы дамуы ол үшін адамның белгілі бір құрбандыққа баруын талап етеді. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін техника тағдыры фило- софтар мен əлеуметтанушыларға қарағанда суретшілер мен ақындардың назарын көп аударған болатын.
Техниканың дамуы
өнеркəсіптік революция кезеңінен бастап, адамды табиғатпен ұштастыра отырып, ағартушылық оптимизм мен рационалистік көзқарасты дүниеге əкелді. Ғылым мен техника көмегімен моральдық,
экономикалық, мəдени қарқынды дамуға деген үміт арта түскен болатын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Кравченко А.И. Культурология. – Учебное пособие для вузов. – изд. 10-е. – М.:Академический проект, 2001.– 496 c.
2. Ғабитов Т.Х. Мәдениеттану. – Алматы: Раритет, 2007. -406 б.
3. А.Құлсариева. Қазіргі заман мәдениеті. – Алматы: «Қазақ университеті»,2008.-123 б.