Пәнді оқу бағдарламысының (syllabus) титулдық парағы



бет10/18
Дата18.12.2021
өлшемі311 Kb.
#102800
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Әдебиет [1,2]

Мультимедиялық сүйемелдеу

1) ABBYY Fine Reader;

2) Microsoft Offise;

3) AVAST Free Antivvirus;


Тақырып 9 Студенттер мен магистранттардың ғылыми жұмыстарын рәсімдеу және безендіру.

Жоспар

  1. Рубрикация. Ғылыми сөйлем мен стилі.

  2. Талаптары мен рәсімдеу түрі.

Сұрақтар бойынша қысқаша мәлімет

Ғылыми-стиль – стильдің ғылым саласында қолданылатын бір түрі. Ғылыми-стильге нақтылық, логикалық, мазмұн дәлелділігі қажет. Ғылыми-стильде сөйлемдегі сөздердің қалыпты орны, тіл нормасы қатаң сақталады. Ғылыми-стильдегі еңбектерге монография, оқулық, мақала, ғылыми есеп, диссертация, реферат, баяндама, тезистер, патенттер, т.б. жатады.
Әдебиет [1, 2]

Мультимедиялық сүйемелдеу

1) ABBYY Fine Reader;

2) Microsoft Offise;

3) AVAST Free Antivvirus;



Тақырып 10 Студенттердің жұмыстарын дайындау, рәсімдеу және қорғау ерекшеліктері.

Жоспар

  1. Баяндама мен рефераттарды, курстық жұмыстарды даярлау ерекшеліктері.

  2. Диполмдық жұмысты даярлау және қорғау ерекшеліктері.

Сұрақтар бойынша қысқаша мәлімет

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде орындалатын аңдатпа орындалған жұмыстың көлемі мен мазмұнын ашатын абзацтардан тұрады. Жұмыстың көлемі туралы мәліметтерге арналған абзацта диплом жұмысындағы парақтар саны, суреттер, кестелер, сызбалар саны көрсетіледі.

Диплом жұмысының мәнін сипаттайтын абзацта зерттеу әдістері, нәтижелер, алынған нәтижелерді қолдану мүмкіндігі және тиімділігі туралы қорытынды және нәтижелерді енгізу туралы мәліметтер беріледі. Аңдатпаның көлемі машинада терілген бір парақтан аспауы керек. 5 қосымшада диплом жұмысының дұрыс жазылған аңдатпасының мысалы келтірілген.

Мәтінді баяндау тілі және стилі

Диплом жұмысының мәтіндік бөлігі материалды баяндаудың қисындылығы, шынайылығы, ғылыми негізделгендігі сияқты талаптарға сай болуы керек, яғни тілдік-стилистік рәсімдеу ғылыми стильдің ерекшеліктеріне сай болуы қажет. Ғылыми стилдің бір ерекшелігі мәтіннің баяндалуын қатаң түрде нормаланған, экономикалық және әдеби сауатты тілде жазу болып табылады. Диплом жұмысын жазуда сол салада қабылданған, нұсқаулық және әдістемелік әдебиеттерде бекітілген терминдерді қолдану керек және бүкіл мәтін бойында біркелкі терминология пайдалануға ұмтылу керек. Олай болмаған жағдайда мәтін оқуға қиын, кей жағдайда мүлдем түсініксіз болады.

Абзацтағы жекелеген сөйлемдер саны берілетін ойдың күрделілігіне байланысты. Абзацпен жұмыс істеуде оның басына ерекше көңіл аудару керек. Мәтіндік материал шынайылық және ғылыми негізделгендік талаптарына сай келуі қажет. Оған қол жеткізу үшін мәліметтің шынайылық дәрежесін көрсететін сөздер мен сөз тіркестерін пайдалануға болады. Материалды баяндаудың объективтілігінің міндетті шарты мәлімет көзін көрсету. Мәтінде бұл шартты орындау үшін арнайы кіріспе сөздерді пайдаланады (мәлімдеуі бойынша, пікірінше, мәліметтер бойынша және т.б.).

Әдебиет [1, 2]

Мультимедиялық сүйемелдеу

1) ABBYY Fine Reader;

2) Microsoft Offise;

3) AVAST Free Antivvirus;



7.Тәжірибешілік сабақтар, олардың сағат көлемі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет