Артықшылықтары :
1. Аускультациялық дыбыстар өзгеріссіз естіледі
2. Аспаппен тыңдағанда естілмейтін кейбір дыбыстарды тікелей тыңдағанда естуге болады. (мысалы: жүректің ІІІ тоны)
Кемшіліктері: 1. Тазалық сақтау қиындығы
2. Қолдануға ыңғайсыздығы 3. Этикаға шәлкестеу келетіні
4. Кейбір дыбыстардың кейде естілмейтіндігі Аспапты аускультацияда әр түрлі инструменттер (стетоскоп, фонендоскоп, стетофонендоскоптар) қолданылады.
Аспапты аускультацияның артықшылықтары:
1. Тазалылығы 2. Ыңғайлылығы
3. Аз мөлшерлі мүшелердің дыбысын жеке айырып (бөліп тыңдауға мүмкіндік барлығы)
Кемшіліктері: 1. Дыбыстың аз да болса өзгеретіні 2. Кейбір дыбыстардың естілмейтіні. Жалпы медициналық практикада негізінен аспапты аускультация қолданылатын болғандықтан, әрі қарай аускультация осы тәсілге байланысты әңгімеленетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |