Пәні аты: «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»


Иллюстрациялы материалдар



бет5/7
Дата09.04.2020
өлшемі198,53 Kb.
#62061
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
метод-лек-Гигиена-дет-подр-ОЗ-каз


4. Иллюстрациялы материалдар: слайд
5.Әдебиет:
Қазақ тілінде

Негізгі:

1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,-Алматы.Ғылым

баспа орталығы.2008.

2.Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.

Оқулық-Алматы «Ғылым».-2002.-300бет.

Қосымша:

1.Төлемісов А.М., Қасмақасов С.Х Қазақстан Реснубликасының мектеп жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі.

Әдістемелік құралы.- Алматы 2008.-230 бет.

Орыс тілінде

Негізгі:

1.Гигиена детей и подростков: Учебник(Под ред В. Кучма.-М.ГЭОТАРМЕДИА,2008-480с.


Қосымша:

1.Медицинские и социальные аспекты адаптации современных подростков к

условиям воспитания, обучения и трудавой деятельности. Баранов А.А., Кучма В.Р., Сухарева Л.Л.М. Медицина.-2006.-Голубаев В.В.и др. Практикум по оснаванием педиаторы и гигиены детей дошкольного возраста.- М. Издательский центр»Академия».2000-200с.

2.Кучма В.Р Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными

терминалами.-М. Медицина, 2000,-160с.
Қорытынды сұрақтары:

1.Мектепке дейінгі мекемелердің жобалануы мен салынуына қойылатын

гигиеналық талаптарды атаңыз.

2. Мектепке дейінгі мекемелердің негізгі гигиеналық жобалауын атаңыз.

3. Жер теліміне қандай талаптар қойылады?

4. Мектепке дейінгі мекеме аумағында денешынықтыру аймағы не үшін қажет?

5. Аумақтың негізгі элементін атаңыз?
18

1.Тақырыбы: Жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік- техникалық мектептерде, гимназияларда, лицейлерде жобалануы мен салынуына қойылатын гигиеналық талаптар.

2. Мақсаты: жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік- техникалық мектептерде, гимназияларда, лицейлерде жобалануы мен салынуына қойылатын гигиеналық талаптар туралы түсінік беру.

3. Дәріс тезисі:

Жалпы білім беру мектептеріне жататындар:

1 дәрежелі бастауыш мектедтер- 1-4сынып оқушылары үшін;

1-2 дәрежелі негізгі мектептер - 1-5 сынып оқушылары үшін;

2 дәрежелі негізгі мектептер - 5-9 сыньш окушылары үшін;

1, 2, 3 дәрежелі орта мектептер - 1 (12) сынып оқушылары үшін; 5.2,3 дәрежелі орта мектептер - 5-11 (12) сынып оқушылары үшін;

3 дәрежелі орта мектептер - 9 (10)-11 (12) сынып оқушылары;

әртүрлі мазмұндағы және әртүрлі оқу үрдістері бар гимназиялар, лицейлер.

Жергілікті жағдайларға байланысты әртүрлі дәрежедегі мектептер жеке орналасуы немесе кеіпендер ретінде құрылуы мүмкін. Мысалы, тығыз орналасқан көп қабатты үйлері бар үлкен ықшам аудандарда жеке автономды оқу блоктарынан тұратын мектеп-кешен құрылысын салу ұсынылады. Ауылды жерлерде I дәрежелі бастауыш мектептер салынады.

Гигиеналық тұрғыдан алғанда мектептегі тұрғын мекемелердің территорияларында дұрыс орналастырудың маңызы зор.Мұндайда атмосфералық ластанудың дәрежесі, шуыл сипаттамасы, көшеде жарақаттану болуы мүмкіндігінің профилактикасы есептке алынуы керек. Соңғысына толығырақ тоқталу керек. Көшеде жарақат алу, балалар мен жасөспірімдер ауруларының ішінде бірінші орында тұрғаны отандық және шетелдік әдебиеттерде дәлелденіп көрсетілген. Мұнда көшеде жарақаттанудың үлкен пайызы мектеп жасындағы балаларға келетіні, ал оның ішінде негізгі себебі қаланың автомобиль транспорттары екені дәлелденген. Сонымен қатар транспорт жарақаттарына байланысты болған қайғылы оқиғалар, мектеп оқушыларының мүгедектігі мен қайтыс болуының ең негізгі себептері болып табылады.

Е. И. Корневскийдін Мәскеу қаласының мектеп оқушыларынын арасындағы алты жылдық бақылауы мынандай қорытынды жасауға мүмкіндік туғызады:


  • кошеде болган жарақаттың көбі, бастауыш және орта сынып жасындагы оқушыларга келеді екен (кобінесе 8-12 жас аралығында);

  • ер балаларда көше жарақаты екі есе коп кездесетіні байқалады;

  • транспортқа байланысты жарақаттар саны көктем және күз айларында көбейеді. Жаз кезінде балалардың көбі қала сыртында болады, ал, қыста балалардың - кошеде болу уақыты онша ұзақ емес;

мемлекеттік автоинспекцияның ресми құжаттары бойынша жасалған анализдер, мектеп оқушыларының көше трансяорттарынан жарақаттар алуы,мектептердің елді мекенінің территорияларында орналасу жағдайына, тығыз байланысты екенін көрсетеді. Осы айтылған жағдайлар және одан кейінгі бақылаулардың нәтижелері төмендегі жағдайларды құрастыруға мүмкіндік береді:

1.Мектептерді орналастырудың негізгі варианты-тұрғын үйлердің бойына транспорт магистралінен 100 м көбірек кашықтыққа, тұрғын кварталдар ішінде орналастыру болып табылады,

2.Мектептерді квартал ішіндегі (бір сағатта 1-90 машина жүретін) жолдардың бойына салуға болады. Квартал аралық (бір сағатта 100-200 машина жүретін) жолдардың немесе транспорт магистралдарының бойына салуға болмайды.

Мектептерді квартал ішіне орналастыру - ауа құрамын және шуыл тәртібінің дұрыстығын қамтамасыз етеді.Мектептің жер учаскесінде мынандай функционалдық алаңдар бөлінеді: денешынықтыру - спорт алаңы, оқу-тәжірибе алаңы, демалыс, әскери дайындық және шаруашылық алаңдары. Спорттық және әскери-дайындық аландарын сынып бөлмелерінің терезе жағына орналастыруға болмайды. Снарядлақтыруға және доп ойнауға арналған алаңшалар басқа бөлмелердің терезелерінен 25 м-ден артық қашықтықта орналасуы керек, ал егер бұл алаңдар 3 м биік қорғанмен қоршалған болса терезелерден ара қашықтығы 15 м кем болмауы керек.

Шаруашылық алаңы асхананың өндіріс бөлмелеріне кіретін жақта оқу- тәжірибе алаңына жақын орналасуы керек. Метереологиялық және географиялық аланшалар мектеп ғимаратынан оның 2,5 есе биіктетілген есептелген қашықтықта орналасуы керек. Мектеп учаскесін көгалдандыру оның жалпы ауданының 40% кем болмауы керек, ал 4А климаттық аудандарда - 50% кем болмауы керек.

Учаскеде мектеп ғимаратына өрт сөндіргіш машиналардың жақын келуі үшін және олар ғимаратты айналып және алатындай қолайлы жолдар қарастырылуы керек. Мектеп учаскесінің территориясы биіктігі 1,2 м кем емес қорғанмен қоршалуы керек. Ықшамаудан ішінде мектеп қорғанын жасыл ағаштар отырғызу арқылы жасауға болады. егер учаске көшеге және транспорт жолдарына жақын тұрса - биік қорған орнату арқылы бөледі.

Жалпы білім беру мектептерінің ғимаратының құрылысын 4 этаждан, арнаулы мектептерді 3 этаждан жоғары етіп салуға болмайды. Бірінші сыныпқа арналған бөлмелерді төртінші қабатқа орналастыруға болмайды, ал қалған оқу бљлмелерінің алатын орны этаж ауданының 25%-тен аспауы керек. Сынып бөлмелерінің ең жақсы бағытталуы 65-тен 200 -қа дейін оңтүстікке қарай 45° . солтүстік кеңістікке қарай 120-дан 200 -қа дейін' Қазіргі кездегі мектеп ғимаратының құрылысы оның сыйымдылығын ұлғайтуға қарай бағытталумен сипатталады. Яғни, қазіргі қала салу ерекшелігі халық тығыздығының өсуі, тұрғын аудандарда коп қабатты үйлердің кобеюіне байланысты болып келеді. Халық тығыздығының осуі мектептегі балалар санының кобеюімен және ірі ықшам аудандарда оқушылар санына байланысты мектеп жүктемесінің ұлғаюымен қатар жүреді.Мысалы, 5 этажды кұрылысы бар ықшам ауданның 40 га ауданында 1400 халық тұрады, оның 2520 мектеп жасындагы балалар, ал тогыз этажды құрылыстарда осыған сәйкес 1860 жэне 348.

Сонымен қатар, оқу бағдарламасының өзгеруі сабақ жүргізудің жаңа құралдары мен әдістерін қолдану, салауаттандыру шараларын күшейту т б осындаи жағдайлар бөлмелер құрамын кенейтуді қажет етеді.

Мектептердің сыйымдылығын жогарылатуда экономикалық жагдайдың да маңызы бар, яғни бір орынның құны мен оны пайдалану шығындары Мысалы, 640 орынға есептелген мектептің бір оқушы орнына арналган құны 320 орынға арналган мектепке қарағанда 30% дейін арзанырақ түседі Бұл аитылғандар мектеп ғимараттарының құрылысын үлкен сыйымдылықпен салудың артықшылығын көрсетеді. Бірақ, бір мекемеге өте үлкен балалар мен жасөспірімдер ұжымын біріктіру гигиеналық талаптарды да арылтуды қажететеді:

-ауылшаруашылықтың көбеюінің алдын-алу;

-шуыл деңгейінің жоғарылауымен күрес жүргізу;

-Әртүрлі мақсатқа арналған бөлмелердің коммуникациялық баиланысын қамтамасыз ету;

-мектеп ғимаратының архитектуралық-жоспарлану композициясын ыңғаиластыру.

4. Иллюстрациялы материалдар: слайд

5.Әдебиет:
Қазақ тілінде

Негізгі:

1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,-Алматы.Ғылым

баспа орталығы.2008.

2.Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.

Оқулық-Алматы «Ғылым».-2002.-300бет.

Қосымша:

1.Төлемісов А.М., Қасмақасов С.Х Қазақстан Реснубликасының мектеп жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі.

Әдістемелік құралы.- Алматы 2008.-230 бет.

Орыс тілінде

Негізгі:

1.Гигиена детей и подростков: Учебник(Под ред В. Кучма.-М.ГЭОТАРМЕДИА,2008-480с.


Қосымша:

1.Медицинские и социальные аспекты адаптации современных подростков к

условиям воспитания, обучения и трудавой деятельности. Баранов А.А., Кучма В.Р., Сухарева Л.Л.М. Медицина.-2006.-Голубаев В.В.и др. Практикум по оснаванием педиаторы и гигиены детей дошкольного возраста.- М. Издательский центр»Академия».2000-200с.

2.Кучма В.Р Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными

терминалами.-М. Медицина, 2000,-160с.

6.Қорытынды сұрақтары:


    1. Жер теліміне қандай талаптар қойылады?

    2. Жалпы білім беретін және кәсіптік – техникалық мектептерде, гимназия және лицейлердің құрылысының сапасын қандай маман тексереді?

    3. Құрылыстың жобасын сараптауды кім жүргізеді?

    4. Мектепке дейінгі мекемедегі қызмет көрсету аумағы дегеніміз не?

19



1.Тақырып: Балалар – бозбалаларға арналған спорттық мектептерге қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар. Балалар мен жасөспірімдер мекемелеріндегі жарық және ауа- жылыту тәртібіне қойылатын гигиеналық талаптар.

2. Мақсаты: балалар – бозбалаларға арналған спорттық мектептерге қойылатын санитарлық гигиеналық талаптармен таныстыру. Балалар мен жасөспірімдер мекемелеріндегі жарық және ауа- жылыту тәртібіне қойылатын гигиеналық талаптармен таныстыру.

3.Дәріс тезисі: Еліміздегі балалар мен жасөспірімдер гигиенасында, денешынықтыру тәрбиесінің мақсаты - қандай да бір спорттық нәтижелерге жету емес, жоғары деңгейдегі денсаулық көрсеткішіне жету. болып табылады. Бұл мақсат жеке адамдармен қатар, жалпы қоғамның мүддесіне де сәйкес келеді. Көпшілік қауым баланың чемпион титулына талаптануына тиым сала алмайды, бірақ оны денсаулығына әсер ететін қауіптен қорғауға міндетті. Көрсетілген мақсатқа жету үшін, денешынықтыру тәрбиесінің міндеттері оның жетістіктеріне байланысты біршама өзгертілді және әлі де өзгертілуде. Жастардың әлеуметтік іс-әрекеттерге жарамдылығы негізінде жүргізілген есептеулер бойынша бұл өзгертулердің тиімділігі өте көптеген факторларға байланысты.Денешынықтыру тәрбиесінің негізгі міндеттеріне: денсаулықты нығайту, функционалдық мүмкіндіктер мен дене бітімі дамуының үйлесімділігін жетілдіру; қимыл-қозғалыс дағдыларын, бұлшық ет күшін дамыту; жылдамдық, төзімділік, ептіліктің негіздерін құрып, жетілдіру; еркіндік пен тәртіп саласын дамыту; гигиеналық дағдыларға тәрбиелеу; т.с.с. жатады.Денешынықтыру тәрбиесін салауттандырудың тиімділігін төмендегі жағдайлардан көруге болады: организмнің қоршаған ортаның әсеріне төзімділігі артады; өсу мен даму процесстерінің жақсаруына жағдай жасайды; жылуреттеуші механизмдер жетіледі; организмнің салқын тигеннен пайда болатын ауруларға қарсы төзімділігі жоғарылайды т.б.; Адам эволюциясы қимыл-қозғалыс белсенділігімен үзбей байланыста болады. Қимыл-қозғалыс тіршіліктің белгісі және организмнің биологиялық қажеттілігін қамтамасыз етудің, әлемді танып, білудің құралы. Қимыл-қозғалыс белсенділігі дегеніміз - белгілі уақыт аралығындағы дене қозғалыстарының жиынтығы.Қимыл-қозғалысқа биологиялық қажеттілік, баланың өмірге алғаш келген күнінен бастап пайда болады, бірақ, ол әлеуметтік факторларға байланысты өзгеріп отырады. Тіршілік жағдайы мен тәрбие жүйесі тәуліктік қимыл-қозғалыс белсенділігін шұғыл төмендетіп, не болмаса, жоғарылатып жіберуі мүмкін. Ол ерте жаста биологиялық (генетикалық) механизммен ал одан кейінірек, ересек жастарда әлеуметтік механизм бойынша реттеледі. Бірақ казіргі кезде денешынықтыру тәрбиесінің өсіп келе жатқан жастардың тілегі мен мүмкіндіктерін ескеретін, көптеген жаңа түрлері пайда болып жатыр. Бұлар, спорт-тық билер, ырғақты гимнастикалар "аэробика", қытай гимнастикасы "ушу" және т.б. Олардың көбі, өзінің жаңалығымен, қолайлылығымен арнаулы бөлмелер мен арнаулы құралдарды қажет етпейді. Сондықтан денешынықтыру тәрбиесінің қосымша түріне қатал регламентация сақталмаса да болатын сияқты. Олардың негізі еркін таңдау, қолайлылық және формалды түрде болмауы керек.Балалар мен жасөспірімдердің денешынықтыру тәрбиесінде оқытудың үш тәсілі кеңінен қолданылып жүр: қатал регламентация тәсілі, ойындар және жарыстар өткізу.Балалар мен жасөспірімдердің денешынықтыру тәрбиесінің әрбір жас топтарына және мекемелердің типтеріне қарай бөлінген мемлекеттік бағдарламасы бар. Бағдарламалар балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің төменде көрсетілген типтеріне арнап өңделген: балалар бақшасы; жалпы білім беретін мектеп; кәсіпттік - техникалық білім беретін мекеме; балалар мен жасөспірімдердің спорттық мектебі.Санитарлық дәрігер мектеп жасына дейінгі балалардың денешынықтыру тәрбиесіне баға беру үшін төмендегі үлгі бойынша тексеру жүргізеді:

  1. Балалардың жасына, денсаулығына және дайындығына байланысты денешынықтыру тәрбиесінің құралдары мен түрлері;

  2. Денешынықтыру сабағының бүтіндей және жеке бөлімдерінің ұзақтығы, моторлы тығыздығы, сабақ жүргізу жағдайы, құралдары);

  3. Таңертеңгілік гимнастика (реттілігі, орны, жағдайы, киімдері);

  4. Қимыл-қозғалыс ойындары мен көңіл көтеру уақыттары (күн тәртібіндегі уақыты, ойынның сипаты, жабдықтары, құралдары);

  5. Серуендер мен экскурсиялардың ұйымдастырылуы (ара қашықтығы, ұзақтығы, өткізу орны, киімдері);

  6. Балалардың денсаулық жағдайының мәліметі (аурушаңдығы, дене бітімінің дамуы).

Санитарлық дәрігер, мектептегі денешеынықтыру тәрбиесінің ұйымдастырылуына төменде көрсетілген үлгі бойынша гигиеналық баға береді:

  1. Медициналық тексерудің қорытынды жинағы (дұрыс, уақытында өткізілгендігі, денсаулық топтары, оның динамикасы);

  2. Денешынықтыру сабағының мазмұны (сабаққа қатынасуы, сабақ босатудың себептері, сабақтың ұзақтығы, құрылысы, моторлы тығыздығы);

  3. Денешы-нықтыру салауаттандыру шаралары (толықтығы, дұрыстығы, реттілігі, сабақ жүргізу жағдайы);

  4. Сыныптан тыс спорттық-қоғамдық жұмыстар (секциялардың және спортпен шұғылданатындардың саны, экскурссиялар мен жорықтар, денсаулық және спорт күндерінің реттілігі);

  5. Денешынықтыру сабағы өткізілетін орынның гигиеналық жағдайы;

  6. Сабақтың жабдықталуы;

  7. Денешынықтыру тәрбиесінің ұйымдастырылуына талдау жасау;

  8. Денешынықтыру сабағының тиімділігі туралы қорытынды және орындау уақыты көрсетілген нақты ұсыныстар беру.

Кәсіптік-техникалық білім беру орындарында жүргізілетін денешынықтыру тәрбиесінің өз ерекшеліктері бар. Мұндағы денешынықтыру тәрбиесінің бағдарламасы мектептегіге ұқсас келеді, ерекшелігі - денешынықтыру сабағының кешенді және арнайыландырылған деп бөлінуінде. Жасөспірімдердің арнайы спорт мектептеріндегі денешынықтыру тәрбиесінің мақсаты - кәсіпкер спорт шеберлерін даярлау болып саналады. Спорттық мектеп - интернаттар, спорттың жеке түрлерінен жоғары спорт шеберлерін даярлауға арналған.Ауаның ластануы бала организміне өте қолайсыз әсер етеді. Химиялық ластанулар аллергиялық тітіркендіргіш ретінде кейде тіпті улағыш зат ретінде әсер етеді. Аммиак пен ацетон сияқты антропотастандылар тыныс алу функциясына кері әсер етіп, сілекейдегі лизоцимнің азаюына, оның бактерицидтік қасиетінің төмендеуіне әкеліп соғады. Мұндай жағдайлар орталық жүйке-жүйесінің өзгерістеріне, қызмет қабілетінің төмендеуіне, бас ауруына, әлсіздікке, қатты қажуға әкеліп соғады.Ауаның физикалық параметрлерінің өзгеруі организм мен қоршаған ортаның арасындағы жылу алмасуға әсер етіп жылу-реттеу жүйесінің күрделі қызметіне жүктеме түсіреді.Балалар мен жасөспірімдердің термореттеу жүйелерінің ерекшелігіне байланысты, олар микроклиматтың және бөлменің жылулық өзгерісіне өте сезімтал келетіндіктен, оларға ауа-жылу комфортын қалыптастырып, термореттеу механизмдерін жаттықтыруға жағдай жасау қажет.Балалар бөлмелерінің микроклиматын нормалау бөлменің функционалдық жағдайына, баланың жасына, климаттық аймаққа байланысты жасалады және бұл норма оның жаттықтыру әсерін ескере отырып жасалған, яғни тек комфорттық жағдай ғана емес, салыстырмалы түрдегі қолайлылығы қарастырылған.Ылғалдылықтың жақсы көрсеткіші (климат ерекшеліктерін ескерместен) 30-50%, рұқсат етілген деңгейі 25-60 %; Ауа қозғалысының жылдамдығының ең қолайлы деңгейі 0,06-0,25 м/с, рұқсат етілген деңгейі 0,3 м/саралықта болады.Бөлме микроклиматының дұрыс болуы әртүрлі жылу жүйелері арқылы жасалады. Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің жылу қондырғылары шартты түрде конвективті (конвекторлар, радиаторлар) және сәулелі (панельдер) деп бөлінеді.Ғимараттың жылу жүйесімен қамтамасыз етілуі орталық жылу электр жүйесінен (ОЖЭЖ) немесе жергілікті от жағатын орындардан алынады.Конвекторлар мен радиаторлардан ауа ағынына жылу бөлінуі тұрақты түрде айналып отырады, мұнда қабырға салқын күйінде қалады. Жылу көзі болып табылатын – судың ыссылық деңгейі жылу қондырғыларының сыртында МДМ үшін 850С, мектеп және басқа оқу орындары мен салауаттандыру лагерлерінде 950С жоғары болады.Жылу беретін жүйелер (еденде немесе төбеде) көлденеңінен орналасқан болса, оны сәулелі жүйе деп, ал қабырғаға тігінен орналасқан болса панельді жүйе деп аталады.Ауа соратын желдеткіштердің жеке жүйесі сынып бөлмелеріне, оқу кабинеттеріне, лабораторияларға, мәжіліс залына, дәріс аудиторияларына, оқу шеберханаларына, спорт залдарға, асхана мен дәрігерлік пунктте орнатылады.Мектеп асханаларының ауа алмасуы асханадан бөлінетін жылы ауаның сорылу көлеміне есептеледі.Оқу бөлмелерінің терезелерінің жоғарғы жақтауының ашпалы көздері еденнің 1/50 бөлігіне тең болуы керек. Олар жылдың барлық мезгілінде іске қосылып тұрады.Оқу бөлмелері үзіліс кезінде, ал рекреация бөлмелері сабақ өту кезінде желдетіледі. Сабақ басталуға дейін және сабақтан соң екі жақты желдетілу керек. Жылдың жылы мезгілдерінде сабақты терезенің жоғарғы жағын ашып қойып өткізуге болады.Денешынықтыру сабағы жақсы желдетілген залда өткізіледі. Ол үшін даладағы ауаның температурасы +50С, онда жел ағыны төмен жағдайда 1-2 терезені ашып қойған дұрыс. Одан төмен температурада, жел ағыны жоғары болғанда терезенің жоғарғы жағын ашып қояды, балалар жоқта екі жақты желдетіледі. Бөлме температурасы 15-140С болғанда залды желдетуді тоқтатады.Желдеткіш - бөлмедегі лас ауаны әкетіп, таза ауа әкелу арқылы, бөлмеде нормаға сәйкес метеорологиялық жағдай мен ауа тазалығын сақтауға жағдай жасайды. Табиғи желдету - таза ауа есік, терезелер арқылы келіп, лас ауа қабырғаға орнатылған ауа сорғыш каналдар арқылы әкетіледі. Механикалық желдеткіш - ауаны механикалық соруға арналғандықтан, ауа алмасуды күшейтеді.Жергілікті ауа сорғыш желдеткіші лас ауа бөлінетін жерге орнатуға арналғандықтан олар химия кабинетінде, оқу-өндірістік шеберханаларда, асханаларда, т.с.с. орналастырылады.Балалар мекемелерінде балаларды салқын тигеннен сақтандыру үшін, бөлмелердің желдетілуі мен желдеткіштердің жұмысына бақылау жасалады. Терезенің жоғарғы жақтарының, терезе жаппаларының дұрыстығы тексеріледі. Бөлмені екі жақты желдету, балалар жоқ кезде жасалады. Желдету кезінде дәретхана есіктері жабық тұрады.Мектептерде үзіліс кезінде сыныптар желдетіліп, ал, сабақ кезінде рекреация бөлмелері желдетіледі. Дәретханаларда желдету тек ауа сорғыш каналадар арқылы жасалады.Желдеткіштердің қызмет етіп тұрғандығын анықтау үшін, оның тесігіне жанып тұрған шырақты немесе жеңіл қағаздың қиығын апарады. Егер желдеткіш дұрыс болса шырақ оты немесе қағаз бір жаққа қарай қозғалады. Ауаның жағдайын анықтау үшін лабораториялық зерттеулер жүргізіледі.
4. Иллюстрациялы материалдар: слайд
5.Әдебиет:
Қазақ тілінде

Негізгі:

1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,-Алматы.Ғылым

баспа орталығы.2008.

2.Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.

Оқулық-Алматы «Ғылым».-2002.-300бет.

Қосымша:

1.Төлемісов А.М., Қасмақасов С.Х Қазақстан Реснубликасының мектеп жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі.

Әдістемелік құралы.- Алматы 2008.-230 бет.
Орыс тілінде

Негізгі:

1.Гигиена детей и подростков: Учебник(Под ред В. Кучма.-М.ГЭОТАРМЕДИА,2008-480с.


Қосымша:

1.Медицинские и социальные аспекты адаптации современных подростков к

условиям воспитания, обучения и трудавой деятельности. Баранов А.А., Кучма В.Р., Сухарева Л.Л.М. Медицина.-2006.-Голубаев В.В.и др. Практикум по оснаванием педиаторы и гигиены детей дошкольного возраста.- М. Издательский центр»Академия».2000-200с.

2.Кучма В.Р Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными

терминалами.-М. Медицина, 2000,-160с.
6.Қорытынды сұрақтар:


  1. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің аумағы қанша болу керек?

  2. Жақынан көрудің негізгі себебі неде?

  3. Тартпалы желдеткіш қандай ғимараттарда қарастырылады?

  4. Қандай балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде жылыту ошақтарын орнатуға болады?

20



1. Тақырып: Балалар мен жасөспірімдерді жыныстық тәрбиелеудің гигиеналық негізі. Балалар мен жасөспірімдер ұжымында жазғы сауықтандыру жұмыстарын ұйымдастырудың гигиеналық сұрақтары. Жазғы сауықтандыру лагерлерін жайландыру және салудың гигиеналық қағидалары.

2. Мақсаты: балалар мен жасөспірімдерді жыныстық тәрбиелеудің гигиеналық негізін түсіндіру және балалар мен жасөспірімдер ұжымында жазғы сауықтандыру жұмыстарын ұйымдастырудың, жазғы сауықтандыру лагерлерін жайландыру және салудың гигиеналық қағидалары мен таныстыру.

3. Дәріс тезисі:

Қоғамның басым мiндеттерiнiң бiрi - балалардың, жасөспiрiмдердiң және жастардың өмiрi мен оқуы үшiн салауатты да қауiпсiз жағдай жасау, санаткерлiк, рухани және дене күшiн дамытуды қамтамасыз ету, адамгершiлiктiң берiк негiзiн әрi салауатты өмiр салтын қалып- тастыру болып табылады. 


      Қазiргi уақытта республикада балалардың, жасөспiрiмдердiң және жастардың денсаулығына және адамгершiлiк мiнез-құлқына байланысты қолайсыз жағдай қалыптасты, олардың негiзгi себептерi мыналар: 
1. жыныстық қарым-қатынас аясында адамгершiлiктiң аяққа басылуы; 
2. денсаулықты сақтау мен нығайту жөнiндегi қажеттi бiлiмнiң болмауы; 
3. үлкендердiң көмек көрсетуге қабiлетсiздiгi және әрбiр жасөспiрiмнің, жастың алдында туындаған сұрақтарға жауап бере алмауы; 
4. жыныстық жолмен берiлетiн аурулар санының көбеюi; 
5. кәмелетке толмағандар жүктілiгiнiң өсуi, оның салдары-аборт немесе көбiнесе баладан безiну мен әлеуметтiк жетiмдiкке, әкелiп соқтыратын жастай ана болу; 
6. кәмелетке толмағандардың жезөкшелiгiнiң өсуi. 
      Соңғы он жылда жыныстық жолмен берiлетiн аурулармен (бұдан әрi - ЖЖБА) ауру күрт өстi және індет сипатына ие болды. Бұған бiр саяси, экономикалық жүйеден екiншiсiне көшу кезеңi, қоғамды басқарудың идеологиялық тетiктерiнiң әлсiреуi, жұмыссыздық деңгейiнiң өсуi, бұрын-нан бар мұраттар мен моральдық қағидаттардың бұзылуы, жыныстық мiнез-құлық нормалары-ның өзгеруi ықпал еттi. 
      Ең алдымен өскелең ұрпаққа адамгершiлiк-жыныстық тәрбие беру жөнiнде мемлекеттiк және қоғамдық сипатта шұғыл шаралар қолдану олардың бойында жағымды-белсендi тұлғаны қалып-тастыру, жасөспiрiмдерде болашақта берiк отбасылық қарым-қатынасқа бағытталған белсендi жеке ұстанымды орнықтыру, тәндiк және психикалық саулыққа ұмтылу қажеттігi туындайды. ЖҚТБ-ны қоса алғанда, ЖЖБА-ның (жыныстық жолмен берiлетiн аурулар) алдын-алу, жөнсiз жүктілiк, жыныстық қылмыстар мәселелерi қоса шешілуi тиiс. 
      Бұл бағыттағы қызмет мемлекеттiң өз азаматтарының денсаулығын қорғау саласындағы басты басымдықтарының бiрi болып табылады. 
      Адамгершілік-жыныстық тәрбие тұжырымдамасы жастарға бiлiм берумен байланысты мәселелердi реттеуге ықпал етуi тиiс. 

 2.Проблеманың қазiргi жай-күйін талдау 

      Барлық халықтың өсiмтал және сексуалдық саулығын бағалау жөнiндегі көрсеткiш топтардың бiрi балалар, жасөспірiмдер және жастар болып табылады. 
      15-17 жасар жасөспiрiмдер, Алматы қаласының 20 мектебi мен лицейiнiң 9-11-сынып оқушылары арасында жүргiзiлген жасырын сауалдаманы талдау сұрау салынған жасөспiрiмдердiң 33,6%-ның жыныстық байланыстан тәжiрибесi бар екенiн, олардың 61,2%-ның тұрақты жыныстық қатынас жасайтынын көрсеттi. Сұралғандардың 0,8%-ның 12 жасқа дейiн жыныстық байланыстарда тәжiрибесi болса, жасөспiрiмдердiң 12,6%-ы оған 15 жасқа дейiн ие болған.
      Жасөспiрiмдер жезөкшелiгi едәуiр етек алды, жыныстық қатынас жасайтын сұрау салынғандардың 40%-ы сексуалдық қызметi үшiн сыйақы алған немесе алады. 
      Сұрау салынғандардың 0,5%-ы өздерiнiң қалыптасқан гомосексуалдық бағдарларын хабарласа, 1,3%-ы өздерiнiң бағдарларын бисексуалдық деп бағалайды, 7,3%-ы жыныстық құштарлығының бағытын белгiлей алмаған. Сұралған жасөспiрiмдердiң 23,3%-ы айына 2-3 рет және одан да жиi iшiмдiктi, 4,3%-ы есiрткiнi пайдаланады. 
      Жасөспiрiмдердiң 24,8%-ы өздерiнiң мерезбен ауырғандарын зорлаумен байланыстырады, сонымен бiрге сұрау салынғандардың 10%-ы алғашқы жыныстық қатынасының зорлау арқылы жасалғанын айтады. 
      Жыныстық қатынасқа түскен жасөспiрiмдердiң 14%-ы венерологиялық аурулармен ауырған. Мұндай жағдайда олардың бiреуi ғана арнаулы мекемеде емделген, ал 9-ы (64%) медициналық емес құрылымдардың қызметiн пайдалануды немесе өзiне-өзi ем қолдануды артық көрген.            Республикада ауру проблемаларының сақталуы мен күшеюiне және оның сипаттарының нашарлауына байланысты мерезбен аурудың деңгейi жоғарылағаны: өз еркiмен медициналық көмекке жүгiнушiлердiң аз үлесi; қатысты адамдарды табу мен жауапқа тартудың азаюы; туа бiткен мерездiң өсуi; қаладағы сияқты ауылда да 14 жасқа дейiнгi балалар арасында мерезбен ауру деңгейiнің бiртiндеп өсуi байқалады. 
           0-ден 14 жасқа дейiнгi топта туа бiткен мерездің барлық жағдайы тiркелетiнiн, ал клиникаға негiзiнен 10-нан 14 жасқа дейiнгi мерезбен ауырған балалар түсетiнiн, олардың тек 12%-ы ғана сексуалдық жағынан белсендi екенiн ескерсек, 10-14 жастағылардың ауру деңгейiн сипаттайтын қарқынды көрсеткiштер бұдан да ұлғая түседi. Былайша айтқанда, 10-нан 14 жасқа дейiнгi балалардың саны 1620,6 мыңды құрайды, олардың 12%-ы сексуалдық жағынан белсендi немесе 194,5 мың, ал аурудың қарқынды көрсеткiшi 100 мың халыққа 239,6-дан келедi. Осы есептен алғанда сексуалдық жағынан белсендi мың баланың әрбiр екiншiсi мерезбен ауырған. 
      Ер балалардан гөрi қыз балалар ауруының өсуi алаңдатады, бұл әсiресе 15-17 жасар жасөспiрiмдер топтарынан байқалады. Шын мәнiнде жасөспiрiм қыздардың ауруы жасөспiрiм ер балалардың осындай көрсеткiштерiнен 2 есе асып түседi. 14 жастан жоғары жасөспiрiмдер тобындағы қыз балалардың тiркелген мерез аурулары санының бел алуы сексуалдық қарым-қатынастың коммерциялануымен байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет