Пәні аты: «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»


Иллюстрациялы материалдар



бет7/7
Дата09.04.2020
өлшемі198,53 Kb.
#62061
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
метод-лек-Гигиена-дет-подр-ОЗ-каз


4. Иллюстрациялы материалдар: слайд

5. Әдебиет:
Қазақ тілінде

Негізгі:

1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,-Алматы.Ғылым

баспа орталығы.2008.

2.Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.

Оқулық-Алматы «Ғылым».-2002.-300бет.

Қосымша:

1.Төлемісов А.М., Қасмақасов С.Х Қазақстан Реснубликасының мектеп жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі.

Әдістемелік құралы.- Алматы 2008.-230 бет.

Орыс тілінде

Негізгі:

1.Гигиена детей и подростков: Учебник(Под ред В. Кучма.-М.ГЭОТАРМЕДИА,2008-480с.


Қосымша:

1.Медицинские и социальные аспекты адаптации современных подростков к

условиям воспитания, обучения и трудавой деятельности. Баранов А.А., Кучма В.Р., Сухарева Л.Л.М. Медицина.-2006.-Голубаев В.В.и др. Практикум по оснаванием педиаторы и гигиены детей дошкольного возраста.- М. Издательский центр»Академия».2000-200с.

2.Кучма В.Р Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными

терминалами.-М. Медицина, 2000,-160с.
6.Қорытынды сұрақтар:


  1. Санатория құрылысын жүргізудегі жер теліміне қойылатын талаптар қандай?

  2. Балалар мен жасөпірімдер мекемесінде эпедемияға қарсы жұмыс не үшін жүргізіледі?

  3. Балалар мен жасөспірімдерге арналған санатория ғимараты ережесі жайлы айтыңыз?

22



1.Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдер ұжымдарында жазғы сауықтандыру жумыстарын ұйымдастырудың гигиеналық сұрақтары. Жазғы сауықтандыру лагерлерін жайлыландыру және салудың гигиеналық қағидалары.

2. Мақсаты: балалар мен жасөспірімдер ұжымдарында жазғы сауықтандыру жұмыстарын ұйымдастырудың гигиеналық сұрақтары жазғы сауықтандыру лагерлерін жайлыландыру және салудың гигиеналық қағидалары туралы түсінік беру.

3. Дәріс тезисі:

Жазғы мезгіл жас балаларға, бүлдіршіндерге және барлық өсуші талаптағыларға сауықтыру жұмыстарын жүргізуге өте қолайлы екені белгілі Негізгі санитарлық жұмысты ұйымдастыру тәртібі барлық жазғы салауаттандыру лагеріне қойылады. Барлық салынып жатқан жазғы салауаттандыру орындарды санитарлық талаптар мен ережелерге сүйенуі және ғимараттың жабдықтауы үшін керек. Барлық жазғы салауаттандыру лагерлерде қайтадан салу кезінде Қазақстан Республикасының рұқсат еткен барлық талаптары бойынша полимерлік материалдарды қолдануы қажет,уақытша салынған ғимаратты жазғы салауаттандыру лагеріне қолданылатын болса, оныо аймағында немесе алаңдарында мөлшерлік құжаттан ауытқулар болса, онда оны сол жердің санитарлық эдидемиологиялық қызметкерлері шешуге тиісті. Жазғы салауаттандыру лагерлері жаз айында және жыл бойы қолданылуы мүмкін. Жыл бойы қолданылатын жазғы салауаттандыру орындары балаларды демалуына қоиылатын талапқа сай болуы керек.Ұжымның басшылары балалар лагерінің санитарлық- эпидемиологиялық қызметінің ғимараттар жоспары бойынша барлық талаптарын орындауы керек. Балалар салауаттандыру лагерлері екі топка бөлінеді:

1.сыйымдылығы 330 балаларға арналған жеке лагерь;

2.сыйымдылығы 690 балаларға арналған топтық лагерь;

6-9 жастағы (25 баладан аспауы керек) 10-14 жастағы'(30 баладан аспауы керек)

Жазғы салауаттандыру лагерлері ашылмастан бұрыш арнаулы комиссия құрылады. Комиссия құрамында санитарлық эпидемиологиялық станцияның дәрігері, орт сондіру техникалық және шаруашылық ұиымдарының қызметкерлері бірігіп акт толтырады. Лагерь аумағына санитарлық эпидемиологиялық қызметінің рұқсатынсыз кіруге тиым салынады, 317/у құжатында корсетілген. Салауаттандыру аймағында қызметкерлердің тұрғын үй, жеке колік тоқтайтын автоаялдамалар арналған аимақ болып бөлінеді. Негізгі құрылыс аймағы томендегідей функционалдық алаңдардан тұрады: тұрғын-үй, мәдени -тұрмыс, денешынықтыру- салауаттандыру, әкімшілік-шаруашылық, техникалық. Негізгі құрылыс аимағы биіктігі 0,9м-ден кем болмайтын қорғанмен қоршалып, оған кіретін екі жол - негізгі және шаруашылық жолдары қарастырылады.Қызмет етуге арналған аймақта қазандық, кір жуатын орын, жеке тазарту құбыры бар көлік тұрағы, кекөніс сақтайтын орын, қоймалар шеберханалар, қыста өсімдік өсіретін орын орналасады. Аймақ негізгі құрылыстын жел жағында орналасып, айналасы қоршалған және балалар бара алмайтындай болуы керек. Жасыл желектердің ауданы негізгі құрылыстың 60%-нан кем болмауы керек және барлық функционалдық алаңдар біркелкі көгалдандырылады. Тікені бар бұталы өсімдіктерді өсіруге тыиым салынады.Негізгі құрылыс аймағының ауданын 1 орынға 150-200м2 есебінен алады. _ Аимақта денешынықтыру-салауаттандыру алаңы қарастырылады оның ішінде міндетті түрде волейбол бадминтон, стол теннисі жеңіл атлетика, ұзындыққа және биіктікке секіретін алаңдар, жгіретін жолдар болуы керек. Оған қосымша футбол, теннистік спорт, спорт ойындарына арналған алаңдар және т.б. орналастыруға болады. Спорт және ойын алаңдарында төмендегі ережелерді сақтау қажет: а) балалар міндетті түрде спорттық киімде болуы; б) балалардың спорт заттары мен құралдарын дұрыс паидалануды, қауіпсіздік ережелерін сақтау жағдайын жақсы білуі- в) ауа-раиы құрғақ кездерде, алаңдарға сабақ басталардан 20 минут бұрын cv шашып шаңын басу.Негізгі құрылыс аймағында 100 балаға 1 кран есебінде су ішетін фонтандар болуы керек.Қоқыс жинастыру үшін арнаулы бетондалған аланшалар белініп оған бетінде қақпағы бар қоқыс салғыш қойылады.

Суға түсетін жердің алаңын таңдау, балаларды салауаттандыру лагерлеріне арналған 1997 ж. Санитарлық талаптарға сәйкес жүргізіледі Бұл аимақ порттардан, шлюздерден, ГЭС-дан аулақта және лас су қосылатын жерлерден 500м жоғарыда орналасуы керек. Суға түсетін орындарды су көздерінің және ондіріс орындарының санитарлық- қорғаныш аумағының бірінші белдеулерінде орналастыруға тыйым салынады. Суға түсуге арналған орынның жағасы төмпешік, шұңқырлары жоқ, жазық болады. Балалар түсетін судың тереңдігі 1,3 м, су ағысының жылдамдығы 0,5м/сек-тен жоғары болмауы керек. Судың көбі откір заттардан, тастардан осімдіктерден, ағаш түбірлерінен тазартылған, таза құмды болуы тиіс Жағасына күн кезінен тасада орындық, ағаш төсектер орналастырылады.Суға түсетін орынның ауданы 1 адамға 4м2, ал жалпы ауданы лагерь сыиымдылығының 50%-ын қамтиды. Аймағы киім ауыстыруға арналган кабиналармен (50 адамға 1 кабина), дәретханалармен (суға түсетін жерден 20 м қашықтықта орналасқан), дене жуатын кабиналармен (40 адамға 1 кабина), су пнуге арналған фонтанмен жабдықталынып, одан ағатын судың биіктің 15-20см аралығында, ал судың сапасы ауыз суға арналған 3.01.067- 97 СанТменЕ-ге сәйкес болуы керек.

Бассейндегі су тұрақты түрде тазартылып, залалсыздандырылып отырады және ондағы коли-индекс 10-нан, жалпы микробтардың саны 100- ден, тотығу жағдайы 4мг/л және аммиак сақталу 0,05мг/л-ден жоғары болмауы тиіс.Суға түсетін жерді пайдалану кезінде негізгі хлордың концентрациясының деңгейі 0,5 мг/л -ден аспауы керек, түнде 1,5 мг/л дейін жоғарылатуға болады. Ауыз қуысының кілегейлі қабатына зақым келтірмеитіндіктен суды бромдау тәсілін пайдалануға болады. Осы мақсат үшін 5,5-диметил мен 1,3 дибромгидонтоинді пайдалану ұсынылады. Қалдық бромның концентрациясы 0,7-1,2 мг/л деңгейінде болуы керек, ал түнгі уақытта 2,0 мг/л көтеруге болады.

Лагерь ғимараты мен құбырларына қойылатын санитарлық талаптар-


        1. Тұрғын үй ғимараты 2 қабаттан жоғары болмауы тиіс. Демалыс аимақтарда санитарлық эпидемиологиялық қызмет орындары мен өрт бақылау ұжымдарының келісімімен лагерьді 3 қабатты етіп жобалауға

        2. Ғимараттың тұрғын бөлмелерінің терезелерін көкжиектің солтүстік аимағының 70-200 дейінгі кеңістігіне бағыттау қажет. Палаталық бөлмелерге лагердің жалпы сыйымдылығының 20% -ның есебінен алынған ересек жастағы балалар орналастырылады.

        3. Бір ғимаратқа 4 топ орналаса отырылып, оның әрқайсысы қажет бөлмелердің жиынтығын толық қамтамасыз етіліп аймаққа шығатын жеке есіктері болуы қажет.

        4. Лагерьде міндетті түрле медициналық қызмет корсету орны мен оқшаулатқыш жұмыс істеуі керек. Медициналық қызмет корсету орнында дәрігердің бөлмесі, тіс дәрігерінің болмесі, егу белмесі мен дәретхана қарастырылады. Оқшауланған палатадағы төсек саны лагерьдің жалпы сыиымдылығының 20%-ы есебінен алынады.

        5. Лагерьдің асхана орны барлық балаларды бір мезгілде тамақтандыруға есептелінеді, бірақ есептелген орынның саны 120-дан аспауы керек.

        6. Лагерь ғимараты шаруашылық су, ауыз су және ыстық су, тазалау құбыры жүиелерімен қамтамасыз етілуі тиіс. Ауыз су 3.01. 067-97 СанТмЕ-не сай болуы керек. Су шығынының мөлшері тәулігіне бір орынға 130 л есебінен. оның ішінде 40 л ыстық суға есептелінеді.

Орталықтындырылған тазалау құбыры болмаса лас суларды, тазартып шығаратын жеке жүйелер орналастыруға болады. Су өткізбейтін терең шұңқыры бар аулалық дәретханаларды тұрғын үй мен асханадан 50 м қашықтықта орналастырылады және 75 балаға бір орын есебінен алынады

        1. Лагерьдің негізгі бөлмелерінің бәріне табиғи жарық түсуі тиіс Асхана қоғамдық мәдени бөлмелеріндегі табиғи жарық коэффициент 1%, ал тұрғын болмелерде 0,5%-дан кем болмауы керек. Жасанды жарық ретінде люминисцентті шамдарды пайдалану ұсынылады.

        2. Бөлменің тобесі, қабырға, едені ылғалды тазартулар жүргізуге залалсыздандыруға кететіндей тегіс болады. Негізгі бөлмелерді жарық беретін ашық түстермен бояп, ал өндірістік қоймаларға арналған бөлмелерді 1,5-1,8м биіктікке дейін су откізбейтін материалдармен қаптаиды.

Лагерьдің құрал-жабдықтары, жиһаздары балалардың жас бой ерекшеліктеріне сәйкес келуі тиіс. ұйықтауға арналган болмелерді қосалқы төсектермен жабдықтауға тыйым салынады.

4. Иллюстрациялы материалдар: слайд
5.Әдебиет:
Қазақ тілінде

Негізгі:

1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,-Алматы.Ғылым

баспа орталығы.2008.

2.Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.

Оқулық-Алматы «Ғылым».-2002.-300бет.

Қосымша:

1.Төлемісов А.М., Қасмақасов С.Х Қазақстан Реснубликасының мектеп жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі.

Әдістемелік құралы.- Алматы 2008.-230 бет.
Орыс тілінде

Негізгі:

1.Гигиена детей и подростков: Учебник(Под ред В. Кучма.-М.ГЭОТАРМЕДИА,2008-480с.


Қосымша:

1.Медицинские и социальные аспекты адаптации современных подростков к

условиям воспитания, обучения и трудавой деятельности. Баранов А.А., Кучма В.Р., Сухарева Л.Л.М. Медицина.-2006.-Голубаев В.В.и др. Практикум по оснаванием педиаторы и гигиены детей дошкольного возраста.- М. Издательский центр»Академия».2000-200с.

2.Кучма В.Р Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными

терминалами.-М. Медицина, 2000,-160с.
6. Қорытынды сұрақтары:


          1. Мектептен тыс мамандандырылған қандай мекемені білесіз?

          2. Мектептен тыс мекемелердің жатығу ұзақтығы қанша болуы тиіс?

          3. Балалар мен жасөспірімдердің салауаттыт өмір сүруінің негізгі қағидаларын атаңыз?

          4. Балалар мен жасөспірімдер мекемесінің гигиеналық тәрбие бағытын атаңыз?

23



1.Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде эпидемияға қарсы жұмыстар.

2. Мақсаты: балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде эпидемияға қарсы жұмыстар туралы түсінік беру.

Емдеу профилактикалық мекемелердің құрылысын салуда төмендегі құжаттарды басшылыққа алады:



            1. СЕжМ 7.01-89 "Қалалық және ауылдық елді мекендердегі құрылыстарды жоспарлау".

            2. СЕжМ 2.08,02-89 "Қоғамдық құрылыстар мен ғимараттарға қойылатын санитарлық нормалар мен ережелер".

            3. 1989 ж Гипронииздрав өңдеп шығарған денсаулық сақтау мекемелерін жобалау туралы оқу құралы.

            4. СЕжМ 3.01.042.-97"Ауруханалар мен емдеу мекемелерін пайдаланудағы құрылыстар мен жабдықтарға қойылатын санитарлық нормалар мен ережелер". Емдеу мекемелері, елді мекендердің функционалдық зоналарын ескере отырын бекітілген жалпы жоспарымен детальды жоснарларының жобасына сәикес селитебті, көгалды немесе қалаға жақын территорияларда орналасуы қажет.

Арнаулы ауруханалар немесе науқастардың ұзақ мезгілде емделуіне арналған сыйымдылығы 1000 төсектеи жоғары кешендер және сонымен катар, көрсетілген сыйымдылықтағы ерекше тәртіптегі (насихиатриялық туберкулез ауруларына арналған т.б.) Стационарды қала шетіне, не болмаса' мүмкіндігінше жақсы көгалдандырылған шеткі аудандарға селитебтік территориядан 1000 м қашықтықты сақтай отырып орналастыру қажет.

Учаске таңдаған кезде емдеу орындары қоршаған санитарлық жағдаилар, желдің негізгі бағыты ескерілуі қажет.



4. Иллюстрациялы материалдар: слайд
5.Әдебиет:

Қазақ тілінде

Негізгі:

1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,-Алматы.Ғылым

баспа орталығы.2008.

2.Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.

Оқулық-Алматы «Ғылым».-2002.-300бет.

Қосымша:

1.Төлемісов А.М., Қасмақасов С.Х Қазақстан Реснубликасының мектеп жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі.

Әдістемелік құралы.- Алматы 2008.-230 бет.
Орыс тілінде

Негізгі:

1.Гигиена детей и подростков: Учебник(Под ред В. Кучма.-М.ГЭОТАРМЕДИА,2008-480с.


Қосымша:

1.Медицинские и социальные аспекты адаптации современных подростков к

условиям воспитания, обучения и трудавой деятельности. Баранов А.А., Кучма В.Р., Сухарева Л.Л.М. Медицина.-2006.-Голубаев В.В.и др. Практикум по оснаванием педиаторы и гигиены детей дошкольного возраста.- М. Издательский центр»Академия».2000-200с.

2.Кучма В.Р Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными

терминалами.-М. Медицина, 2000,-160с.


  1. Қорытынды сұрақтары:

  1. Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салты жайлы қандай қағйдаларын білесіз?

  2. «Биологиялық жүйенің сенімділігі» не мағына береді?

24



Тақырыбы: Коррекциялық мектептерде қозғалыс аппараттарының дамуында, көзінде ауытқулары бар оқушыларды оқытудың гигиеналық қағидалары.

Жоғарғы оқу орындарын жобалау мен салудың гигиеналық қағидалары
2. Мақсаты: коррекциялық мектептерде қозғалыс аппараттарының дамуында, көзінде ауытқулары бар оқушыларды оқытудың гигиеналық қағидаларымен таныстыру.
3. Дәріс тезисі.

Жалпы мемлекеттік ағарту жүйесінде дамуында ақау бар балалардың үнемі болуына арналған арнайы мектепке дейінгі мекемелер мен мектептер құрылған. Олардың жалпы білім беру мектептері мен жалпылама балабақшада оқуы мен тәрбиеленуі мүмкін емес.Бұндай мекемелердің тапсырмасы балаларды арнайы олардың кәсіби бағытталуына арналған бағдарламалар бойынша және біріншілік кәсіби дайындығына оқыту болып табылады. Бұл тапсырмалар ақаулық анализаторды түзетумен, оның қалған қызметтерін дамыту мен сақтау бойынша шаралармен, ақаулық емес анализаторлардың сырқаттарының алдын-алумен (жиі екінші рет қозғалған) және жалпы бала дамуындағы ауытқуларды емдеумен бірге жүзеге асырылады.

Физикалық немесе ақыл-ойлық дамуында ақауы бар мектепке дейінгі жастағы балалар үшін Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде балалардың күні түні болуына арналған; балалардың ұзартылған күнге қалуына рұқсат етіледі, ал ата - анасы жоқ балалар үшін – жыл бойына болу үшін арнайы (түзету) білім беру мекемелері ұйымдастырылуда.

Осы мекемелерде білім беру түріне және мерзіміне байланысты оқу бағдарламасы үш сатылы деңгеймен сәйкес жүзеге асырылады.

Арнайы (түзету) білім беру мекемелері, білім беру мекемелерімен негізгі тапсырмаларды бірлесе шеше отырып, жоғалған қызметтерді қайта қалпына келтіру үшін бағытталған арнайы, біріншілік және екіншілік бұзылыстарды түзету үшін, сақталған анализаторлардың қызметін дамытуға және қоғамдағы балалар мен жасөспірімдердің интеграциясында әлеуметтік еңбектік бейімделушілікке, реабилитацияға қабілетті, компенсаторлы машықтардың қалыптасуымен бірлестіріп атқарады.

Балаларды арнайы (түзету) білім беру мекемелеріне бағыттау психолого-медико-педагогикалық консультацияның ұсынысының негізінде (баланы толық зерттеу орталығы) әрбір арнайы мекемеге қабылдау инструкциясымен және ата- анасының (оларды алмастыратын адамдардың) келісімімен білім басқару бөлімімен жүзеге асырылады.

Арнайы (түзету) білім беру мекемелерінде сәйкес бұзылыстарымен мектепке дейінгі жастағы балалар үшін топтар немесе бөлімдер ұйымдастырылуы мүмкін. Бұл бөлімшелер мен топтардың жұмысы арнайы мектепке дейінгі компенсаторлық типтегі мекемелердің (топтардың) қызметін шектейтін нормалық-әдістемелік құжаттарға сәйкес құрылады.

Көруі, тірек-қимыл аппараттары бұзылған балалар үшін арнайы (түзету) білім беру мекемелерінің (мектептерінің) құрамына ақыл-ойы кеміс балалар үшін арнайы сыныптар құрылуы мүмкін, арнайы мекемелердің барлық түрінде - ақаудың күрделі құрылымымен арнайы сыныптар құрылады.


Оқыту-тәрбиелеу тәртібін ұйымдастыру.

Емдеу-сауықтандыру шараларының маңызы болып, түнгі ұйқының ұзақтығын қамтамасыз ететін және таза ауада болуды, дұрыс тамақтануды, оқу сабақтарын дұрыс ұйымдастыру және олардың демалыстармен кезектесуін, үйірмелердің, еңбек процессінің ұйымдастырылуын қамтамасыз ететін күн тәртібін дұрыс құрастыру.

Жергілікті жағдайларға байланысты жеке шаралардың өткізілуіне сай арнайы мектеп-интернаттарының уақыты өзгеріп отыруы мүмкін, дегенмен күн тәртібінің негізгі жастық ерекшеліктеріне және олардың денсаулығының мүмкіндіктеріне байланысты.

Бала ағзасының функционалдық ақауымен дамуда, оқу прцесінде шаршағыштық жоғарлайды, олардың денсаулығын және жұмысқа қабілеттілігін сақтау үшін қатаң түрде түнгі ұйқының ұзақтығы аса маңызды.

Кіші мектеп жасындағылар үшін түнгі ұйқының ұзақтығы (7-10 жас) 10 сағаттан кем болмау керек, орта мектеп балалары үшін (11-14жас) – 9сағат және ересек оқушылар үшін (15-18 жас) - 8,5 сағаттан кем болмау керек.

Кіші мектеп жастағы әлсіреген, ауруды басынан өткізген балалар үшін, күндізгі ұйқы ұзақтығы 1 ден 2 сағатқа дейін. Медициналық көрсеткіштер бойынша күндізгі ұйқы ересек жастағы балалар үшінде ұсынылады.

Толық құнды ұйқы, ұзақтығынан басқа тереңдігімен жеткілікті сипатталады. Осы кезде күн тәртібінде бөлмедегі тыныш ойындар өткізіледі.

Терең ұйқының гигиеналық маңызында таза ауада болуымен негізделеді. Жатын бөлдмелер балалар жоқ кезінде жақсы желдетілуі керек: бала ұйқысы – ашық фрамуга мен форточкада жүргізілуі керек. Мектепке дейінгі балалар үшін II-IV климаттық аудандарда бөлмедегі есепті температура келесідей болу қажет ( °С):

- ойын- асханалық - 22: топтық - 20; жатын бөлме және шешінетін жер - 19; әжетхана -21; гимнастикалық сабақтар мен музыка үшін залдар - 19; емдеу және массаж үшін ванналық бөлмелер - 30; изолятор, медициналық комнаталар, дәрігер кабинеттері - 23.

Оқушылардың ашық ауада демалуын ұтымды ұйымдастырудан жалпы тонусының және жұмысқа қабілеттілігінің жоғарлауы маңызды болып табылады.

Қыдыру ұзақтығы, жүргізу жағдайына және жасына тәуелді болып табылады, сонымен қатар денсаулық жағдайының ерекшеліктеріне байланысты. Кіші мектеп жасындағы балалар үшін (7-10 жас) ауда қыдыру ұзақтығы 3.5 сағаттан кем болмау керек, орта мектепте оқитын балалар үшін (11-14 жас) - 3 сағаттанкем болмау керек және ересек жастағылар үшін (15-18 жас) - 2.5 сағаттан кем болмау керек.

Күні бойы ауада қыдыру уақыты келесі түрде бөлінеді:



  • Сабақ басталуына дейін - 20-30 минут,

  • Сабақтан кейін 1-ден 1.5 сағатқа дейін.

  • Үй жұмысын дайындауға дейін -1 сағат

  • Кешкі астан соң- 1 сағатқа дейін.

Жақсы сауықтандыру тиімділігі, егер демалыс эмоционалды түрде қозғалыс белсенділігімен сәйкес келгенде көрінеді. Таза ауадағы өозғалыс ойындары организмнің функционалдық қабілетінің жылдам әрі жақсы қалпына келуін қамтамасыз етеді.

Серуендеуді: бірінші жартысында - балалар "өз еріктерімен жүргізеді",ал екінші жартысы – тәрбиешімен ұйымдастырылып, оның ішінде дене тәрбиесінің элементтері (доппен ойнау,эстафеталар, коньки тебу, шаңғы тебу, т.б қозғалыс ойындары). Серуендеудің аяқталуына 10 ми­нут қалғанда бұл сабақтар мен ойындар тоқтатылады.

Арнайы мектеп интернаттарда дене тәрбиесі элементтерін кеңейтіп түзету сабақтарына көп көңіл бөледі. Баланың қоршаған ортамен өзараәсерлесу негізінде, оның арнайы емес төзімділігі мен организмнің қаблеттілік деңгейін жоғарлату, физиологиялық функциялардың реттелу механизміне шыңдау және үнемі жаттығу жасау жатады.

Арнайы мектеп-интернаттардағы дене тәрбиесі сабағы, оқушылардың жанжақты дамуынан басқа, баланың еңбекке дайындауының маңыздыларының бірі болып табылады.

Балалар денсаулық жағдайындағы арнайы аутқуларды ескере отырып, арнайы бағдарлама жүргізіледі, негізгі жұмыс түрлері дене тәрбиесі сабақтары, арнайы бағдарлама бойынша жүргізілетін ырғақ, емдік дене тәрбиесі жұмыстың негізгі түрі болып табылады.

Негізгі көңілді балалардың бақылау сабақтарында емдік гимнастикалық және түзету топтары бойынша бөледі. Медициналық топтарды анықтау мектеп дәрігерлерімен, жасөспірімдер кабениетінің терапевтімен жүргізіледі.

Арнайы медициналық топқа жатқызылатын оқушылармен дене тәрбиесі бойынша сабақты ұйымдастыру кезінде, следует руководствоваться методическими рекомендациями, " Арнайы медициналық топқа жатқызылатын оқушылармен дене тәрбиесі бойынша сабақты ұйымдастыру" әдістемелік ұсыныстарына сүйену керек. Дене тәрбиесінің таңертеңгі гимнастика, сабақ уақытындағы және өздігінен дайындалу кезіндегі физкультпаузасы, үзілістегі және серуендеу кезіндегі қозғалыс ойындары, спорт секциялары мен үйірмелеріндегі сабақтар емдік дене шынықтыру және шынығу емшара жүйесі сияқты балалардың күн тәртібінде кеңінен қолданылуы қажет.

Сөйлеудің ауыр бұзылыстары бар балаларды жаттықтыру мен жалпы және сөздік моторикасын түзетуге логопедтік ырғақ, яғни сөздермен байланысты музыкалық сабақтар көп көмегін тигізеді. Есту және сөйлеу бұзылыстары бар балаларға арнайы мекемелердегі қолдың саусақтарын қозғалту арқылы жүзеге асырылады (мозаика, ұсақ бөлшектерді сұрыптау, түймелермен жұмыс және т.б).

Емдік дене тәрбиесі бойынша топтық және жеке сабақтар күннің бірінші, екінші жартысында жүргізеді (сабақ кестесіне сәйкес).

Арнайы мектеп-интернаттарында балалардың тамақтануы ұтымды болуы керек, сонымен қатар өсуші организмнің қажеттілігіне, энергиялық шығынды жабуына тағам құрамында барлық заттар болуы қажет.

Тағам ассортиментінде әртүрлі ет, сүт, сүтқышқылы өнімдері және жемістер болуы керек, әртүрлі көкшөптер және жидектер балалар мен жасөспірімдердің ішектерінің қалыпты қызметін сақтау үшін қажетті витаминдер, минералды тұздар, көмірсулар, ферменттер, пектинді заттар, органикалық қышқылдар рационында болу қажет.

Тамақты қабылдау режимі ұтымды тамақтану принципінде маңызды болып табылады. Тамақтану режимін қатаң бақылауға алуда, күнделікті тағамды қабылдаудың сапалы және санды аралық интервалын сақтау мен бөлуге көп көңіл бөледі. Тағамды бір уақытта күніне 4-5 реттен, 4-сағат арақашықтықпен қабылдау ұсынылады. Коллориялық пайызы бойынша ұтымды тамақтануды келесідей бөледі: таңертеңгілік ас - 25. екінші таңертеңгілік ас - 10, түскі ас - 35-40. Сәскелік ас — 10 және кешкі ас - 20-25 тәуліктік калория бойынша. Мектеп оқушыларының үш жастық топтарын ажырату үшін, тағамды қабылдау жиынтығы әдістемелік тағайындалуында «Ұзартылған күндегі топтар мен мектепте оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру» көрсетілген.

Арнайы мектеп-интернаттарының оқушылары арасында зақым келтірмейтін тамақтануды қажет ететін балалар топтары болады. Оларға бүйректің, бауырдың, өт шығару жолдарының немесе асқазан мен ішектің жедел ауруларын басынан өткізген балалар жатады, ал осы мүшелердің созылмалы ауруларумен ауырғандар толық немесе толық емес ремиссия фазасында жатады. Зақым келтірмейтін тамақтану әрбір нақты жағдайда дәрігермен тағайындалады. Ол балаларды барлық тамақтанудың әртүрлі түрлерін рационға қосудың, негізгі тамақтық заттармен тиімді қамтамасыздандырудың және кулинарлық өңдеудің арнайы т үрлерін қарастырудың негізінде құрастырылады.Ет және балық буда пісірілмейді және дайындалмайды, жармалар мен көкөністер жұмсақтығына немесе итерирленуіне байланысты езіледі. Тамақты жеңіл пісіру пештерде рұқсат етіледі, толық қуыруға болмайды. Вегетариандық суптар дайындалады. Мынадай азық түліктерді қолдануға болмайды:шошқа, сиыр, қой салосы, маргарин, еттің майлы сорты, құс және балық еті, миы, сүрлері, тәтті қамыр, торттар, құймақтар, кофе, какао, шоколад, ащы при­правалар.

Мектеп-интернаттардың оқушыларының көптүрлілігі денсаулық жағдайындағы әртүрлі көріністердің әрбір ауытқудың салдары болып табылады,ол балалар тұлғасының ерекшеліктеріне, айқын ақаулардың деңгейіне, тәрбиелік жұмыстарын ажыратуына қажетті жағдай жасайды.

Оқу сабақтарының режимі бойынша мектеп интернаттарында гигиеналық тағайындау ақауы бар балалардың денсаулық жағдайына жақсы сабақ беру мен денсаулығын сақтау үшін маңызы зор.

Оқушылардың оқу-еңбектік жүктемесі арнайы мектеп интернаттардың ҚР білім беру Министрлігімен бекітілген типтік оқыту жобасымен қарастырылған сағаттар санына сәйкес келу керек.

Әрбір мектеп интернаттарының түрлері үшін бекітілген оқулық-жоспары міндетті максималды факультативті, топтық және индивидуалды сабақтар саны олардың жалпы ұзақтығынан аспауы қажет.

Жалпы білім берушілік мектептер үшін оқу жылының басы мен аяғы, демалыстардың ұзақтығы мен мерзімі, емтихандардың өткізілуі, оқудың тәжірибиесі бекітілген мерзімге сәйкес келуі керек.

Оқу сабақтарын ұйымдастыру барысында күн, апта, жыл ішіндегі оқушылардың тез шаршауымен байланысты матиматикалық және жаратылыстану пәндерін ән-күй, сурет, еңбек және дене тәрбиесі сабақтарымен дұрыс алмастыру қажет.

Оқу күнінің ішінде сабақ кестесін құрастыру кезінде тағайындалады:



  • Бастауыш сынып оқушылары үшін ақыл-ойға ауыртпашылық түсірумен байланысты пәндерді, сабақтың екінші сағатына қояды, ал орташа және жоғарғы сынып оқушылары үшін екінші және үшінші сағатқа қояды. Осы сағаттарда бақылау жұмыстарын қарастырған жөн.

  • Мектеп интернаттарының арнайылылығын ескере отырып дене тәрбиесі сабақтарын үшінші және төртінші сағаттарға қойған жөн. Екі еселенген сабақтарды еңбек және шаңғы тебуге дайындық жүргізу кезіндегі дене тәрбиесі сабақтары бойынша қарастырған жөн.

Апта ішіндегі оқудың сабақ кестесін құрастыру кезінде ұсынылады:

- барлық сыныптардағы бақылау жұмыстарын дүйсенбі мен сенбіден басқа аптаның барлық күніндерінде жүргізілу.

- Кіші сыны оқушылары үшін аптасына бір рет (дұрысы бейсенбі) жеңілдетілген күн ұйымдастыру. Мұндай күні екі сағат сабақтан соң серуендеу мен экскурсия жасаған дұрыс. Балалардың жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, ұтымды сабақ уақытын қалыптастыру маңызды болып табылады. Осыған байланысты бірінші сыныптарда сабақтың максимальды ұзақтығы - 35 минутқа, келесі жылғы оқушыларға - 45 минутқа созылады.

Бастауыш сыныптарда оқушылардың шаршағыштығы мен спецификалық ауытқулырын ескере отырып, әрбір сабақ уақытында физкульт пауза жасап отыру қажет. Сонымен қатар, үзіліссіз көру ауыртпашылығының режимін сақтап отырған дұрыс. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жақыннан үздіксіз көру ауыртпашылығы әртүрлі қашықтықта 10 минуттан аспау қажет, ал орта және жоғары сыныптарда - 15 минуттан аспау қажет. Брайль жүйесінің релефі бойынша оқып жатқан қалдық көруі бар зағип балалар көру жұмысын 1-2 рет сабақ ішінде 5 минуттан. Көруі толық жоғалған зағип балалар тактильді қабылдау мен естуді алмастырып отыруы қажет.

Көру жұмысын жеңілдету үшін және материалды игеру тиімділігін арттыру үшін сабақта барлық жеке, топтық және арнайы техникалық заттар сияқты түзету құралдарын пайдаланған жөн. Осы кезде «Оқу процесңндегң оқудың техникалық құралдарын (экранды дыбыстық, экрандық, дыбыстық) қолдану бойынша гигиеналық ұсыныстарға» сүйенген дұрыс.

Сабақ уақытында пайда болған шаршағыштықты алып тастау үшін, сабақ арасында бекңтңлген үзіліс ұзақтығы - 10 минут және үлкен үзілістер ( 2 немесе 3сабақтан соң) - 30 ми­нуттан кем емес; екінші және үшінші үзілістер 20 минутқа дейін рұқсат етіледі.

Оқушылардың өзіндік дайындалуы кезінде сабақ ауыртпашылығының шаршағыштық әсерін төмендетуге қабілетті барлық заттармен қамтамасыз ету қажет.

Еңбекке баулу тек қана оқу-тәрбиелік және сауықтандыру маңызды және компенсациялық және бұзылған функциялық түзету болып табылады.

Еңбекке баулу сабағын дұрыс қою оқу және кәсіби ориентация, оқушылардың қоғамдық пайдалы өндірістік жұмыстарға қатысуы тұлғалық қалыптасуының, интелектуалды дамуының айнымас факторы болып табылады. Барлық арнайы мектеп интернаттарда еңбекке баулу үш этаппен жүреді: қол еңбегі, жалпы техникалық және өндірістік дайындық. Әрбір этапта мазмұны мен сабақтың әдістері жастық, тәрбиелік оқыту және мектепті түзету тапсырмаларымен анықталады.
4. Иллюстрациялы материалдар: слайд
5.Әдебиет:

Қазақ тілінде

Негізгі:

1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,-Алматы.Ғылым

баспа орталығы.2008.

2.Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.

Оқулық-Алматы «Ғылым».-2002.-300бет.

Қосымша:

1.Төлемісов А.М., Қасмақасов С.Х Қазақстан Реснубликасының мектеп жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі.

Әдістемелік құралы.- Алматы 2008.-230 бет.

Орыс тілінде

Негізгі:

1.Гигиена детей и подростков: Учебник(Под ред В. Кучма.-М.ГЭОТАРМЕДИА,2008-480с.


Қосымша:

1.Медицинские и социальные аспекты адаптации современных подростков к

условиям воспитания, обучения и трудавой деятельности. Баранов А.А., Кучма В.Р., Сухарева Л.Л.М. Медицина.-2006.-Голубаев В.В.и др. Практикум по оснаванием педиаторы и гигиены детей дошкольного возраста.- М. Издательский центр»Академия».2000-200с.

2.Кучма В.Р Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными



терминалами.-М. Медицина, 2000,-160с.


  1. Қорытынды сұрақтар:

  1. Балалар мен жасөспірімдер арасында жақыннан көрушіліктің алдын алу шаралары қалай жүргізіледі?

  2. Жоғарғы оқу орындарының құрылысы мен жоспарлануының негізгі гигиеналық қағидаларын атаңыз.

  3. Сумен қамтамасыз етуде қандай санитарлық – эпидемиялогиялық талаптар қойылады?

  4. Кәріз жүйесімен қамтамасыз етуде қандай санитарлық – эпидемиялогиялық талаптар қойылады?

  5. Жылумен қамтамасыз етуде қандай санитарлық – эпидемиялогиялық талаптар қойылады?

  6. Желдетумен қамтамасыз етуде қандай санитарлық – эпидемиялогиялық талаптар қойылады?

  7. Жарықпен қамтамасыз етуде қандай санитарлық – эпидемиялогиялық талаптар қойылады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет