Пәні аты: «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»


Қолайлы жағдайларға мыналар жатады



бет3/7
Дата18.06.2017
өлшемі1,53 Mb.
#19290
1   2   3   4   5   6   7

Қолайлы жағдайларға мыналар жатады: ұтымды тәуліктік тәртіп, еңбек пен демалыс уақыттарын дұрыс алмастыру, дене шынықтыру тәрбиесінің құралдары мен түрлерін түрлендіру, экологиялық жағдайлық, гигиеналық дағдылардың қалыптасуы, жанұядағы тіршіліктің дұрыстығы. Қолайсыз жағлайларға: Мектептегі және үйдегі оқу жүктемесінің шамадан тыс көп бөлінуі, күн тәртібінің орындалмауы, дене шынықтыру тәрбиесін ұнатпау, менсінбеу, дене шынықтыру тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, зиянды әдеттермен айналысу, жанұядағы және қолайсыз психологиялық көңіл-күй.

Мұндай жағдайларда гигиеналық жолмен негізделген биологиялық

жағдайлар, әлеуметтік жағдайлармен сәйкес келмейтіндіктен ағзаның қимыл-

қозғалыс қажеттігін қамтамасыз ете алмайды.


4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар

5.Әдебиет:

Қазақ тілінде

Негізгі:

1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,-Алматы.Ғылым

баспа орталығы.2008.

2.Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.

Оқулық-Алматы «Ғылым».-2002.-300бет.

Қосымша:

1.Төлемісов А.М., Қасмақасов С.Х Қазақстан Реснубликасының мектеп жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі.

Әдістемелік құралы.- Алматы 2008.-230 бет.

Орыс тілінде

Негізгі:

1.Гигиена детей и подростков: Учебник(Под ред В. Кучма.-М.ГЭОТАРМЕДИА,2008-480с.


Қосымша:

1.Медицинские и социальные аспекты адаптации современных подростков к

условиям воспитания, обучения и трудавой деятельности. Баранов А.А., Кучма В.Р., Сухарева Л.Л.М. Медицина.-2006.-Голубаев В.В.и др. Практикум по оснаванием педиаторы и гигиены детей дошкольного возраста.- М. Издательский центр»Академия».2000-200с.

2.Кучма В.Р Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными

терминалами.-М. Медицина, 2000,-160с.
6.Қорытынды сұрақтары:


  1. Емдік шынықтырулар?

  2. Қай балаларға шынығыудың әдістері арнайы ұсынылады?

  3. Шынығуа кері көрсеткіштер?

  4. Ультра күлгін сәулесімен шынығуды сипаттап беріңіз?

  5. Қандай сумен емдеуді білесіз?

10



  1. Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдердің тамақтануының гигиеналық қағидалары.




  1. Мақсаты: Студенттерге балалар мен жасөспірімдердің тамақтануының гигиеналық қағидалары туралы түсінік беру.




  1. Дәріс тезисі:

Балалар мен жасөспірімдердің тамақтануына байланысты Академик А. А. Покровский "мөлшерленген тамақтану концепциясын" жасады, басқаша айтқанда, адамның тағамдық заттарға қажеттілігін оқу туралы негізгі ұғым, адамға қалыпты өміp сүру үшін тек тамақтың мөлшері мен қуаты ғана емес, сонымен қатар оны қамтамасыз ету үшін зат алмастыруды icкe асыратын да тағамдар керек. Өciп келе жатқан ағзаға бұл ерекше маңызды болып келеді жасына, жынысына, тұратын жеріне байланысты балалар мен жасөспірімдердің тағам құрамы мөлшерленген болуы керек.

Тағамның құндылығына, ақуыздың аминокислоттық құрамына, май мөлшеріне жіне өсімдік, минералдық тұздар мен витаминдерге көп көңіл бөлінеді. Тағамның мөлшері мен сапасы өciп келе жатқан ағза қажетлігіне сәйкес келуі керек, ceбeбi өciп келе жатқан ағза тағам жетіспеушілігіне және артықшылығына сезімтал болады.

Мөлшерленген тамақтану ұғымы туралы Тағамтану Институты балалар мен жасөспірімдердің физиологиялық қажеттілігінің мөлшерін олардың жасы мен жынысына қарай құрастырады. Онда оңтустік және солтустік аудандарға қарап өзгертулер жасалды. Сол сияқты мөлшерлерден айырмашылығы Денсаулық Сақтау Министрігі бұрын да қабылданған, ұлдар мен қыздарға айырмашылықтары мен мөлшерлері енгізілген, 11 жастан ас асқандарға жануар тектестердің ақуызы және өсімдік майы, тағы басқалар көп мөлшерде бepiлyi қарастырылған.

Балалардың дұрыс тамақтануы тек оның тәртібін дұрыс ұйымдастырғанда ғана мүмкін. Оның ережелері:

1. Тамақтанудың уақыттары мен олардың араларындағы үзілістерді қатал сақтау;

2. Тамақтанудың аралық физиологиялық дұрыс уақыты;

З. Тамақтың бөлек-бөлек уақыттардағы саны және сапасы бойынша дұрыс бөлінуі;

4. Балалардың тамақ ішудің және тәртібінің шарттары. 1-7 жас аралығындағы балалар үшін арасында 3,5-4 сағат үзіліспен күніне 4-5 рет тамақтану ең дұрысы болып есептеледі. Одан артық не кем тамақтану тиімсіз. Тамақтану уақыты тұрақты болу керек. Бұл асқазанның дұрыс сөл бөлуіне көмектеседі. Арасындағы үзілістерде балаларға ешқандай ас бермей және соңғы ас ұйқы алдында кемінде 2 сағат бұрын болу керек. Бұл талаптар орындалмаған жағдайда тәбеті бұзылып, ас қорытылуы нашарлайды. Бір күндік ас мөлшері әрбір мерзіндерде дұрыс бөлінуі керек. Тамақтанулар санына байланысты таңғы ас пен кешкі ас біркүндік мөлшердің 20-25%-ын, түскі ас - 30-35%, 2-ші түстем кейінгі ас - 10-15% құрайды. Кейбір жағдайларда 5% мөлшерінде ауытқулар болуы мүмкін. Физикалық және сезімталдық жүктеме асқазан сөлдерінің бөлінуін төмендетеді. Сол себепті тамақтану алдында балаларға міндегті түрде 30 минуттық демалыс болу керек. Тамақтанудың ұзақтығы да реттелуі керек. Таңғы ас пен кешкі ас үшін ұзақтығы - 15-20 мин., түскі ас үшін - 20-25мин.

Санитарлық дәрігер тағам түрлерін құрғанда тиісті негізгі шарттарды міндетті түрде білу керек.

1. Тағам мөлшерінің қуаттылығы балалардың жасыңдағы қажеттіліктеріне және пайдалы заттар жағынан жыл мезгіліне, физикалық жүктемеге және климатқа байланысты сәйкес болуы керек. Жазғы мезгілде энергия шығымы көбейетіндіктен тағамның құндылығын 10% - ға арттыру керек.

2. Балалар мекемесінің жұмыс істеу ұзақтылығына байланысты тағам түрлері 3 -5 реттік тамақтануға дайындалады.

3. Тағам түрлері әрбір балалар және жасөспірімдер мекемелері үшін тағайындалған азық - түліктерден жасалады. Ет пен балықтан жасалған тағамды таңғы ас пен түскі асқа қосу керек, кешкі аска сүт, көкөніс және сүлы тағамдары ұсынылады.

Күнделікті мөлшерде ет, балық, май, көкөніс және нан болуы тиісті,

4. Тағам түрлері әр алуан болуы керек. Күні бойы тамақтар қайталанбауы тиіс.

5. Кез-келген балалар мекемесінде екі апталық үлгіде тағам түрлері жасалады, оның негізінде Тамақтану институтының жергілікті жағдайы мен ұсынысы бойынша үлгілі тамақ түрлері алынады. Және де тұрақты "жазғы" және "қысқы" екі тағам түрлері құрылады. Тағамдық мөлшердің құндылығы мен химиялық құрамын анықтау арнайы кестелер мен балалар тамақтануының басшыларының көмегімен жүргізіледі.

6. Күн ара үлгіге тамақ түрлері негізінде жинақталатын тағам түрлері құрылады, онда әрбір тамақтанудағы тағамның барлық порцияларының және жеке азық - түліктердің салмағы нұсқалған тізімі болуы керек. Тамақ түрлерінде тағам ішетін балалар мен қызметкерлердің санын да қосады. (МДБМ. қызметкерлері - 3 түрлі тағам ішеді.

7. Тағам түрлеріне қосылған және керекті азық-түліктер жоқ болса, оларды басқа химиялық құрамы ұқсас тағаммен алмастыру керек, ол үшін сәйкес алмастыру кестесін қолдану керек.

8. Балалар тамақтарының түрінде құнарсыз тағамдар (боьқа түрлері қара бидай наны) белсенді тамақ қорытуына себепкер болатын "В" тобының дәрумендері болу керек.

9. Тамақтану түрлерінде бөлінген ақуыз салмағы барлық жыл мезгілдерінде тұрақты болуы тиіс.
4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
5.Әдебиет:

Қазақ тілінде

Негізгі:

1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,-Алматы.Ғылым

баспа орталығы.2008.

2.Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.

Оқулық-Алматы «Ғылым».-2002.-300бет.

Қосымша:

1.Төлемісов А.М., Қасмақасов С.Х Қазақстан Реснубликасының мектеп жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі.

Әдістемелік құралы.- Алматы 2008.-230 бет.

2.Гигиена детей и подростков: Учебник(Под ред В. Кучма.-М.ГЭОТАРМЕДИА,2008-480с.

3.Кучма В.Р Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными

терминалами.-М. Медицина, 2000,-160с.


6.Қорытынды сұрақтары:

  1. Балалар тағамындағы ақуыз, майлар мен көмірсудың маңызы қандай?

  2. Балалар тағамындағы дәрумендердің маңызы қандай?

  3. Балалардың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру ережелері.

  4. Бірінші күнен бастап баланың негізгі тамақ түрі болып табылады не?

  5. Ана сүтінің ең негізгі құрамын атаңыз?

11



  1. Тақырыбы: Мектепке дейінгі мекемелерде тамақтанудың ұйымдастырылуына қойылатын гигиеналық талаптар.




  1. Мақсаты: Студенттерге мектепке дейінгі мекемелерде тамақтанудың ұйымдастырылуына қойылатын гигиеналық талаптар туралы түсінік беру.




  1. Дәріс тезисі:

Мектепке дейінгі балалар мекемесінде:

1. Мектепке дейінгі балалар мекемесінде тәулік бойы балалардың келуіне байланысты 4 түрлі тамақтану ұйымдастырылады. Ол тағам құндылығының тәуліктік қалпын қамтамасыз етеді. (таңғы ас, бесін ас, түскі ас, кешкі ас).

2. Мектепке дейінгі балалар мекемесінде і 2-сағат бойы балалардыд келуіне байланысты 4 түрлі және 3 түрлі тағамдану тәртібі тәжірибеленеді. Бірінші жағдайда балалар кешкі асты 1 сағат ерте ішеді (18 сағатта), екінші жағдайда - бесін ас кешкі ас пен бесін асқа тағамдық жүктеме кіргізеді. Және бұған 100% тәуліктік тағамдық құндылың қамтамасыз етіледі.

3. Мектепке дейінгі балалар мекемесінде 9-10 сағаттын ішінде балалардың келуіне байланысты тағам тәртібі 3 түрлі және 75% тәуліктік тағам құндылығын қамтамасыз етеді, Бұл жағдайда медицина қызметкерлері ата-аналарға үйдегі кешкі ас түрлері бойынша тәуліктік тағамдануды толыққанды қамтамасыз ету мақсатында ұсыныстар беру керек.

Балалардың дұрыс тамақтануы тек оның тәртібін дұрыс ұйымдастырғанда ғана мүмкін.

Оның ережелері:

1.Тамақтанудың уақыттары мен олардың араларындағы үзілістерді қатал сақтау;

2.Тамақтанудың аралық физиологиялық дұрыс уақыты;

З.Тамақтың бөлек-бөлек уақыттардағы саны және сапасы бойынша дұрыс бөлінуі;

4.Балалардың тамақ ішудің және тәртібінің шарттары. 1-7 жас аралығындағы балалар үшін арасында 3,5-4 сағат үзіліспен күніне 4-5 рет тамақтану ең дұрысы болып есептеледі. Одан артық не кем тамақтану тиімсіз. Тамақтану уақыты тұрақты болу керек. Бұл асқазанның дұрыс сөл бөлуіне көмектеседі. Арасындағы үзілістерде балаларға ешқандай ас бермей және соңғы ас ұйқы алдында кемінде 2 сағат бұрын болу керек. Бұл талаптар орындалмаған жағдайда тәбеті бұзылып, ас қорытылуы нашарлайды. Бір күндік ас мөлшері әрбір мерзімдерге дұрыс бөлінуі керек. Тамақтанулар санына байланысты таңғы ас пен кешкі ас біркүндік мөлшердің 20-25%-ын, түскі ас - 30-35%, 2-ші түстем кейінгі ас - 10-15% құрайды. Кейбір жағдайларда 5% мөлшерінде ауытқулар болуы мүмкін. Физикалық және сезімталдық жүктеме асқазан сөлдерінің бөлінуін төмендетеді. Сол себепті тамақтану алдында балаларға міндегті түрде 30 минуттық демалыс болу керек. Тамақтанудың ұзақтығы да реттелуі керек. Таңғы ас пен кешкі ас үшін ұзақтығы - 15-20 мин., түскі ас үшін - 20-25мин.



4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
5.Әдебиет:

Қазақ тілінде

Негізгі:

1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,-Алматы.Ғылым

баспа орталығы.2008.

2.Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.

Оқулық-Алматы «Ғылым».-2002.-300бет.

Қосымша:

1.Төлемісов А.М., Қасмақасов С.Х Қазақстан Реснубликасының мектеп жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі.

Әдістемелік құралы.- Алматы 2008.-230 бет.

2.Гигиена детей и подростков: Учебник(Под ред В. Кучма.-М.ГЭОТАРМЕДИА,2008-480с.

3.Кучма В.Р Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными

терминалами.-М. Медицина, 2000,-160с.


6.Қорытынды сұрақтары:

1. Ас мәзірін құруда қандай гигиеналық талаптар қойылады?

2. Тағамға кім және қайда медициналық қадағалау жүргізеді?

3. Тамақтануға байланысты мектепке дейінгі мекемеде ненеі үйретеді?

4. Ас мәзіріндегі энергетикалық құндылықты қалай бөледі?

5. Тамақты өзі жеуді балаларға қай жастан бастап үйрету керек?

12

1.Дәрістің тақырыбы: Жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік-техникалық мектептерде, гимназияларда, лицейлерде тамақтануын ұйымдастырудың қағидалары.
2.Мақсаты: Студенттерге жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік-техникалық мектептерде, гимназияларда, лицейлерде тамақтануын ұйымдастырудың қағидалары туралы түсінік беру.
3. Дәріс тезисі.
Орта білім беретін мектептерде:

Медицина қызметкерлерінің міндеті мектеп оқушыларын 100% ыстық тағаммен қамтамасыз етуімен байланысты (ыстық таңғы ас және де түскі астармен және түстен кейінгі жеңіл тагам ұзартылған күн топтары балаларына).

Ол үшін мына ұсыныстарды ескеруі қажет:

І.Тамақтану арасындағы уақыт 3 сағат немесе 4.5сағаттан артық болмауы керек. Мөлшерлі тамақтану тәртібі келесідей:

- таңертеңгі ас үйде - 7.00-7.30;

- танертеңгі ас мектепте - 2-ші немесе 3-ші қоңыраудан соң;

- күні ұзартылған топтар үшін түскі ас мектепте -13.00-13.30;

- күндізгі ұйқыдан кейінгі бастауыш сыныптарға және күні ұзартылған топтар үшін түстен кейінгі ас - 17.00-17.30.

2 -Танертеңгі асты ішу жақсы ұйымдастырылып, 10 минуттан аспауы керек, бастауыш оқушыларына сынып бөлмелерінде тамақтануы мүмкін.

3.Асқазан, ішек, бауыр, бүйрек аурулары бар балаларға диеталық тамақ беріледі, медициналық қызметкерлер осындай балалардын тізімін құрады, ал асханаларда олар үшін белек үстелдер қойылады.


Кәсіптік - техникалық оқу орнында:

1.Асты тиімді ұйымдастыру тек оқу орнында тамақ қоймасы орналасқанда ғана мүмкін. КТО үйінің құрылысы асханасыз салынбайды.

2.Тамақтану тәртібі 3 ретті тамақтан (таңертеңгі ас, түскі ас, кешкі ас) тұрады. Сирек жағдайларда ғана 2 рет тамақтану кепікі ассыз (жатақханада тұратын адамдардың болмауына байланысты, сонымен қатар, тамақ қоймадан алыстығынан).

3.Көбірек жүктемеге байланысты мамандықты меңгерген жасөспірімдерге 4 рет тамақтану қажет(2-ші таңертенгі ас немесе түстен кейінгі ас).


Тамақтануды медициналық бақылау

Балалар ұжымының тамақтануына бақылау үнемі немесс кезеңді болуы қажет.

Бірінші - балалар оқу орнындағы дәрігер мен мейірбике, екінші -СЭС қызметкерлері тексереді. Күнделікті бақылау мынадай болады:

1.Алынған және әкелінетін тамақтың сапасын бақылау.

2.Тамақты сақтау шарттарын бақылау.

З.Тамақты пайдалану мерзімін ескеруді бақылау.

4.Тамақты дайындау технологиясын бақылау.

5.Дайын тағамның сапасын бақылау.

б.Тамақ қоймасы және ыдысты жуудың санитарлы -эпидемиялыққа қарсы тәртіпті бақылау.

7.Тамақ қоймасының қызметкерлерінің жеке гигиеналық ережелерді сақтауды бақылау.

8.Тамақтану мөлшерінің құрамын бақылау.

Тамақтың балалар оқу орындарында дүкеннен түскенде медициналық қызметкерлер олардың бракеражын тексереді (түрі, түсі, иісі. дәмі - органолептикалық көрсеткіштерге қарау), тез бұзылатын тамақтың (сүт, айран, қаймақ, ірімшік, шұжықтар, сапалықты куәләндіретін сертификаттары тексеріледі), онда шығарылған күні мен уақыты, сақтау мерзімі көрсетілу керек, сақтау мерзімінен асып кеткен тамақты қолдануға болмайды, сонымен қатар тазаланбаған тауық үйрек және қаздарды, жұмыртқаларды, малдың бастарын, консерваларды, бұзылған дәнді - дақылдарды қалдыруға болмайды, күдікті жағдайларда тамақ СЭС-ке тексерілуге беріледі.

Тамақты тұрғын халықтан сатып алғанда ветеринарлық тексерушілердің қорытындысын тексерген жөн. Жазғы уақытта көкөністерді жеке шаруашылықтардан сатып алғанда тамақтың сапасына аса көніл бөлу керек.

Медициналық қызметкерлер транспорт пен тамақты апаратын ыдысының жағдайын бақылайды. Ол үшін арнайы транспорт арналады. СЭС бұндай транспорттың қалпын үнемі тексеріп отырады, транспортка жыл сайын санитарлық куәліктер бөлінеді. Жүк тасушының санитарлы киімі мен санитарлы кітапшасы болуы керек. Тағамды тасымалдайтын ыдыс ыңғайлы тасымалданатын және жеңіл жуылатын болу керек (контейнерлер, битондар, флягтар, металды жәшіктер, лотоктар). Бұл мақсаттарға балалар оқу-орындарынан шығаруға болмайтын ас үй жабдықтарын (қазандар, кастрюль, шелектер) қолдануға болмайды. Ыдыстар белгіленген болуы керек және мезгіл -мезгіл 2% сода ерітіндісімен жуылу керек.


4. Иллюстрациялы материалдар: слайд
5.Әдебиет:

Қазақ тілінде

Негізгі:

1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,-Алматы.Ғылым

баспа орталығы.2008.

2.Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.

Оқулық-Алматы «Ғылым».-2002.-300бет.

Қосымша:

1.Төлемісов А.М., Қасмақасов С.Х Қазақстан Реснубликасының мектеп жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі.

Әдістемелік құралы.- Алматы 2008.-230 бет.

2.Гигиена детей и подростков: Учебник(Под ред В. Кучма.-М.ГЭОТАРМЕДИА,2008-480с.

3.Кучма В.Р Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными

терминалами.-М. Медицина, 2000,-160с.


Қорытынды сұрақтары:

  1. Күн тәртібін меңгерудің әдісін атаңыз?

  2. Мектепке дейінгі мекемелердегі балалардың күн тәртібін айтып беріңіз?

  3. Мектепке дейінгі жастағы балалардың күн тәртібін айтып беріңіз?

  4. 6- жастағы балаларды оқыту мекемесінің гигиеналық талаптарын атаңыз?


2-семестр

13



1.Тақырыбы: Балалар және мектеп жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптар, оқытудың техникалық құралдары.

2.Мақсаты: Студенттерді балалар және мектеп жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптармен, оқытудың техникалық құралдарымен таныстыру.

3. Дәріс тезисі: Балалар мен жасөспірімдердің жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптар

Жиһаздардың мөлшері баланың бой ұзындығына сәйкес болуы керек. Сол үшін балалардың бой ұзындықтары топтарға бөлінген, яғни жиһаздардың белгілі топтары белгілі бой ұзындығының топтарына сәйкес келуі керек. Сәби жасындағы балалар мен мектеп жасындағы балалардың бой ұзындықтарының 6 тобы бар (80см - ден бастап 90см аралықпен 100см-ге дейін), соған сәйкес жиһаздардың да әріппен белгіленген 6 тобы бар А, Ә, Б, В, Г, Д. Мектеп оқушылары үшін бой ұзындығының 5 тобы бар (130см бастап 15 см аралықпен) және жиһаздардың әріптерімен белгіленген 5 тобы бар: А, Ә, Б, В, Г. Жиһаздардың әрбір тобына цифрмен немесе әртүрлі бояулармен белгі салынады. Цифр белгісі болшекпен көрсетіледі (бүлінгіште жиһаз топтары, бой ұзындығы және ол жиһаздың томенгі бетіне жазылады). Түрлі-түсті белгіні жиһаздың бүйір жағына, диаметрі 20мм дөңгелекпен, жиһаз мөлшеріне сәйкес түрмен бояп жазады.

Бірдей жас топтарындағы бой ұзындықтарының ауытқуларын есепке

алған кезде, әрбір сыныпта екі топтың жиһаздары болуы керек. Көптеген

зерттеулер, бүтіндей алғанда (1-10 сыныптарда) жиһаздардың «А» тобына

10%, «Ә», «Б», «В» - топтарына 25-30% және «Г» тобына 5% келетінін көрсетеді.

Жиһазды дұрыс таңдап алу үшін әрбір сыныптағы мектеп оқушыларының бойы өлшенеді. Ол үшін әрбір сыныпта есіктің жанында бой өлшегіш таяқша болуы керек, онда бой ұзындығының әрбір топтары кеңдігі 15см түрлі-түсті жолақ арқылы жиһаздардың белгісіне сәйкес белгіленеді. Мұндай жағдайда мектеп оқушылары өздеріне қажетті жиһаз топтарын өздері анықтай алады.

Мектепке дейінгі мекемелерде 1 жастан 4 жасқа дейінгі балалар үшін 4 орынды үстелдер болуы керек, ал ересек балаларға тамақ ішетін кезде, екі орынды үстелдерді қолдануға рұқсат етіледі. Төрт орынды үстелдерді екі қатардан, ал, екі орынды үстелдерді 3 қатардан артық орналастыруға болмайды.

Мектептің жазу құралдар (қалам, дәптер, сия) балалардың кору мүшелері мен осы жастарында өте әлсіз келетін қолдарының ұсақ булшық еттеріне өте көп жүктеме түсірмеуі керек. Сондықтан жуан немесе өте жіңішке қаламдарды қолдану әріптерді дұрыс жазылуына кедергі келтіреді. Өзегі шариктен тұратын немесе сиясы автоматты түрде берілетін қаламдардың ұзындығы 142-150 мм, диаметрі 8-10 мм, салмағы 10 граммнан артық болмауы керек. Осындай қаламдарды қолдану ыңғайлы болып келетіні

гигиенист, зерттеулер нәтижесінде дәлелденген Гигиеналық тұрғыдан

алғанда қаттылығы орташа (М,ТМ) ұзындығы 170-180мм, диаметрі 7-8мм

қарындаштар мақсатқа сәйкес келеді Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға кырлы қарындаштарды қолденуға болмайды.

Қазіргі қолданып жүрген ГОСТ бойынша мектеп дәптерінің ені 170мм, ұзындығы 250мм болып келеді.Дәптердің беттеріне түзу жолақтар салынады және ені 25-30мм жиектік жолақ қалдырады. Қиғаштау келген қисық сызықтар қолдың ұсақ бұлшық еттерінің қызметін жеңілдетеді және жазу жылдамдығының азаюына мүмкіндік жасайды деп есептеледі,
4. Иллюстрациялы материалдар: слайд
5.Әдебиет:

Қазақ тілінде

Негізгі:

1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,-Алматы.Ғылым

баспа орталығы.2008.

2.Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.

Оқулық-Алматы «Ғылым».-2002.-300бет.

Қосымша:

1.Төлемісов А.М., Қасмақасов С.Х Қазақстан Реснубликасының мектеп жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі.

Әдістемелік құралы.- Алматы 2008.-230 бет.
Орыс тілінде

Негізгі:

1.Гигиена детей и подростков: Учебник(Под ред В. Кучма.-М.ГЭОТАРМЕДИА,2008-480с.



Қосымша:

1.Медицинские и социальные аспекты адаптации современных подростков к

условиям воспитания, обучения и трудавой деятельности. Баранов А.А., Кучма В.Р., Сухарева Л.Л.М. Медицина.-2006.-Голубаев В.В.и др. Практикум по оснаванием педиаторы и гигиены детей дошкольного возраста.- М. Издательский центр»Академия».2000-200с.

2.Кучма В.Р Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными

терминалами.-М. Медицина, 2000,-160с.
6.Қорытынды сұрақтары:


  1. Балалар жиhаздарының белгілеріне (маркировка) қойылатын негізгі талаптарды атаңыз?

  2. Бөлменің техникалық жарықтануы жайлы айтыңыз?

  3. Жиhаздар қалай белгілену керек?

  4. Қазіргі кезде мектеп бөлмелерінде тақтаның неше түрін қолданады?

14



1.Тақырыбы: Балалардың киімдеріне жане аяк киімдеріне қойылатын гигиеналық талаптар.

2. Мақсаты: балалардың киімдеріне және аяқ киімдеріне қойылатын гигиеналық талаптармен таныстыру.

3. Дәріс тезисі:

Экспертиза жасағанда санитарлық дәрігер мына жағдайларға көңіл аудару қажет.

1)Өндіріс заттардың бекітілген мөлшерлік –техникалық құжаттардың сәйкес екендігі. Мұнда әсіресе пайдаланатын материалдарға қосылған химиялық жіптердің пайыздарына ерекше көңіл аудару қажет. Бұл сұраққа арналған гигиеналық талаптар 42-125-4390-37. Балалар киімдері мен аяқ киімдерінің материалдарына гигиеналық көрсеткіштерге сәйкес химиялық жіптерді қосу деп алатын СанЕжМ-де көрсетілген. Жаңа туған сәбилер мен сәби жасындағы балалардың (28 мөлшерге дейін) іш киімдеріне химиялық жіп қоспаған болуы керек, бастауыш мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың киімдеріне ол 30 % одан жоғары жастағы балалардың киіміне 50% рұқсат етіледі. 30мөлшерге дейінгі суға түсуге арналған костюмдер мен спорт киімдері тек қана табиғи жіптерден жасалуы керек.

Киімдердің екінші қабатын (көйлек ,жейде костюмдер) химиялық жіптер қосу осы сияқты мектеп жасына дейінгі балалардан бастап рұқсат етіледі, ал үшінші қабаттағы киімдерге (пальто, курткаларға)- одан гөрі ертерек жастан бастап. Рұқсат етуге болады.

Сан ЕжМ-де көрсетілген материалдарды өндірісте тек қана санитарлық -гигиеналық бағысына байланысты, қажетті рұқсат берілгеннен кейін ғана пайдалануға болады. Ол үшін зерттеу жүргізілетін мекемеге өнімнің саны 10-нан кем болмайтындай үлгісі, зерттелетін материалдардың ғылыми техникалық құжаты және технологиялық өнімнің тәртібі әклініп берілуі керек. Өнімнің жаңа үлгілері көбінесе. Республикалық және облыстық СЭС мен тексеріліп бағаланады, жекелеген жағдайларда ғана жабдықталған лабараториясы бар (санитарлық- химиялық,токсикологиялық) қалалық СЭС-да жүргізіледі.

1)Зерттеулер арнаулы журналдарға тіркеледі (органолеп-тикалық сапасы, физико-химиялық мәліметтері, бөлінетін заттың куммуляциясы , токсикологиясы). Органолеп-тикалық физико-химиялық қасиеттері бойынша талдаулары қанағаттанғысыз үлгілер токсикологиялық эксперимент қойылмағанның өзінде келісімге салынбайды. Қорытынды жасалынып бір данасы сол өндірісті тексеретін СЭС- ға жіберіледі. Мемлекеттік санитарлық бақылау орнының шешімі бойынша бекітілген.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет