Пәні: Қазақ әдебиеті Тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шәкірт ойы»



бет11/11
Дата10.12.2021
өлшемі242,89 Kb.
#78719
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
П ні аза дебиеті Та ырыбы С лтанмахм т Торай ыров «Ш кірт о (1)
Сагимбаева Куаныш , Т-21.физика.28.09.2020., Т-21.физика.28.09.2020., Т-21.физика.28.09.2020.
Тест тапсырмалары
1. Сұлтанмахмұт қай ғасырда өмір сүрген?

А)ХІХ ғ. І ж.    



Ә)ХХ ғ.Іж  

Б)ХХІ ғ.Іж.

2. Ақын дүниеге келген жер

А)Қарағанды обл.  

Ә)Ақмола обл.   

Б)Көкшетау обл.

3. Арғы атасы кім?



А)Торайғыр   

Ә)Тортай   

Б)Мұқан

4. «С.Торайғыров терең ойлы, ұшқыр сөзді, сұлу талғамды ақын еді» деп жазған адам кім?

А)Ы.Дүйсенбаев     

Ә)Б.Кенжебаев   

Б)С.Жиенбаев

5. Ақын жырлаған негізгі тақырып не?

А)оқу – білім   

Ә)мал жию   

Б)байлық

6. Ақын өлеңі

А) «Екі шыбын»    

Ә) « Тарланым»    



Б) «Оқып жүрген жастарға»

7. Ирония деген не?       (жабық сұрақ)

8. Сатира деген не?        (жабық сұрақ)

9. Ақын романы

А) «Қалың мал»     

Ә) «Қамар сұлу»  

Б) «Жаралы жүрек»

10. Поэмаларын атап жаз    (жабық сұрақ)

«Бір адамға» өлеңі




Бір үйде жиюлы екен қазына мал,
Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:
«Бұрынғы атамызға сыйға берген,
Біздерде мынадай бар, мынадай бар?...»

Ол рас, аталарың шенге алыпты,
Арзан қып, қымбат емес, кемге алыпты.
Апыр-ай, қалай бұлдаған сатқандарын,
Оқа, түйме, сылдырлақ, теңге алыпты!

Суреттер және көрдім жүзі жарқын,
Ойладым: «Оңдырған - ау, баққан халқын!»
Соншама құны толық бұлды түйме,
Артында қалдырмас па жақсы даңқын?

Дедім мен: «Құтты болсын шекпеніңіз,
Артқыға қандай егін еккеніңіз?
Жусақ та денемізден кетер емес,
Сондағы тұқым шашып сепкеніңіз».

Көргенде күміс кесе, алтын аяқ,
Бір сөзді тамағына қойдым таяп:
«Қай момынның малы бар бұл аяқта?»
Демейінше болмады, қарап жай - ақ!

Отырдым, көрсем жекіп тастар ма деп,
Шал айтты: «Көріңіздер, жасқанба!» деп,
Кесені қолыма алып қарай бердім:
«Ішінде нақақ көзден жас бар ма?» деп.

Шәкірт ойы

 

Қараңғы қазақ көгіне,



Өрмелеп шығып, күн болам!

Қараңғылықтың көгіне,

Күн болмағанда, кім болам?

Мұздаған елдің жүрегін,

Жылытуға мен кірермін!

Еңбек, бейнет  тарауы

Рақатқа сарқылар.

Қыздырып күннің қарауы

Надандық теңізі тартылар.

Орны отайып көгерер,

Қызығын жайлап ел көрер.

Тұрмыс, тағдыр – бірі  де

Бұл мақсаттан бұра алмас;

Қаһарман, Рүстем, Әлі де

Бұрам деп жолда тұра алмас.

Сыланған жардың күлісі,



Алдандырмас бірісі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет