Әдеби теориялық ұғымдар – эпитет – ақсақал шал, қазына мал
Ирония (кекесін) – адамды, затты, құбылысты сырттай мақтап суреттеп, іштей келекелеп, мысқалдап айту. Мысалы:
Ол рас аталарың шенге алыпты,
Арзан қып қымбат емес,кемге алыпты.
Түсіндірме сөздік –
Оқа - әшекейлі зат.
Бұлды түйме - бағалы ілгек
Шекпен - түйенің жүнінен жасалған сырт киім
Нақақ - адал,бейкүнә
Өлеңнің түйіні - Өлеңге бір дәуірдің негізгі шындығы сыйғандығын ақын қарапайым тілмен жеткізе білген. Сол кезеңдегі қазақ даласында шын реалистік өмірден, нақты өмірлік фактіден алынғандығы.
Сөздік жұмысы
1. Қараңғы қазақ – білімсіз, сауатсыз халық
2. мұздаған елдің жүрегін - білімнен кенде қалған ел
3. надандық теңізі - білімсіздік
4. қаһарман Рүстем, Әлі - Ислам дінінің енуімен бірге қазақтар мұсылман әулиелеріне де сыйына бастады. Қазақ батырлары сыйнған сондай әулиелердің бірі ислам үшін соғыстарда көп ерлік көрсеткен, мұсылманның атақты батыры, төртінші Халиф болған - Ғали (Әли, Хазірет Әлі). Қазақ батырлары сыйнатын пірлердің ішінде көне заманннан келе жатқандары да, ислам дінінен енгендері де бар. Олардың кебіреулері мифтік қаһармандар болса, ал енді біреулері аты аңызға айналған тарихи тұлғалар.
Достарыңызбен бөлісу: |