Міндеттері
|
1. Оқушылар жұрнақтың өзіндік белгілері туралы білімдерін толықтырады; берілген сөздерге жұрнақ жалғау арқылы, сөзден сөз тудыра білуге үйренеді;
2. Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
3. Оқушыларды білімділікке, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу
|
IV. Жаңа материалмен таныстыру.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
287-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Жалғауларды тап.
Бүгін Әнуар мен Нұржан ерте тұрды. Олар қардың қалың жауғанын көрді. Екеуі есік алдындағы қарды күреді. Әнуар әжесіне құдықтан су әкеліп берді. Нұржан тауықтарға жем шашты.
288-жаттығу. Төмендегі сөздерге тұсындағы жұрнақтардың тиістісін жалғап жаз.
Биші, қобызшы, көпшіл, сауықшыл, Іскер, орындық, талапкер, көлшік, қысқы, арбалы, түнгі, жазғы.
289-жаттығу. Сөздерге жалғанған қосымшаның жұрнақ екенін дәлелде.
Әнші, батырлық, талапты, жұмыскер
290 – жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.
Оқулық.
291 – жаттығу. «Қысқы еңбек» тақырыбында әңгіме құра
Бекіту: Ойын «Кім жылдам?»
Шарты: Топтамаларға жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырату. Жұрнақ пен жалғау жалғанған сөздерді ажырату, әр сөзді ұясына орналастыру. Дұрыс тапқан оқушыларды бағалау.
Сөздер: ойыншық, егінші, доптар, жұмысшы, дәптермен, оқушының, зейнеткер, далаға.
11. Сабақты қорыту:
Оқушыларды орындарынан тұрғызып бүгінгі сабаққа қатысты термин айтылса, қол соғу керек. Қатысы жоқ термин айтылса аяқтарын тарсылдату арқылы сабақты қорытындылаймын.
Үйге тапсырма: 291 - жаттығу. Нұсқау беру: Қысқы еңбек тақырыбына әңгіме құрау. Ереже жаттау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау. Тақтадағы бағалау карточкасы бойынша, бағаларын қорыту, күнделіктеріне қою.
|