Пәні:
|
Қазақ тілі
|
Сыныбы:
|
2 «б»
|
Күні:
|
5.09.2015
|
Тақырыбы:
|
У дыбысының дауысты және дауыссыз болып айтылуы
|
Мақсаты:
|
У дыбысының қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болатынын түсіндіру, у дыбысы бар сөздерді дұрыс тасымалдай білуге үйрету.Оқушылардың сөздік қорын молайту, тілдегі сөз құрылымының сырларын меңгертуге бағыт беру. Ойлауын, еске түсіру, шығармашылық қабілеттерін, тілін дамыту. Өз пікірін сенімді айтуға, ортаға салуға үйрету.Оқушыларды ана тілін құрметтеуге, тіл тазалығын сақтауға, татулыққа, өнерді, еңбекті, сүюге тәрбиелеу.
|
Күтілетін нәтиіже:
|
У дыбысының қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болатынын түсінеді. У дыбысы бар сөздерді дұрыс тасымалдап үйренеді. Оқушылардың сөздік қоры молаяды.
|
Әдісі:
|
Түсіндіру, қайталау
|
Көрнекілігі:
|
Оқулық, суреттер, кеспе сұрақтар
|
Сабақтың кезеңдері:
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
І .Кіпіспе.
Ұйымдастыру бөлімі
|
Психологиялық дайындық.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Сабақтың ұраны.
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз,
Біз талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
|
Сабаққа назарларын аударып,
Сабақтың ұранын хормен
қайталайды.
|
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
|
8-жаттығу. Өзің ауызекі және жазбаша сөйлеудің қайсысын қай кезде, қалай қолданатының туралы әңгімеле.
|
Ауызекі және жазбаша сөйлеудің қай кезде, қалай қолданылатыны туралы әңгімелеп, мысал келтіреді.
|
Өткен тақырыпты еске түсіру
|
Қазақ тілінде неше дыбыс, неше әріп бар?
2. Дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не?
3. Заттың атын білдіретін сөздердің сұрақтарын ата.
4. Заттың қимылын білдіретін сөздердің сұрақтарын ата.
5. Бас әріппен жазылатын сөздерді ата:
6. Адамға, мамандыққа қандай сұрақтар қойылады?
7. Жануарларға қандай сұрақтар қойылады?
8. У дыбысы қай уақытта дауысты болады?
|
(40 дыбыс, 42 әріп бар)
(Дыбысты естиміз, айтамыз. Әріпті көреміз, жазамыз.)
(Кім? Не? Кімдер? Нелер?)
(Не істеді? Қайтті?)
(Адам, жер - су, үй жануарларына қойылатын аттар)
(Кім?)
(Не?)
(Дауыссыз дыбыстан кейін)
|
Қызығушылықтарын ояту
|
Керуенде бар,
Көлікте жоқ.
Серуенде бар,
Серікте жоқ.
|
(У)
|
Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Сергіту сәті
|
Ереже
Дауыстыдан соң және сөз басында дауыстыдан бұрын келген у дыбысы дауыссыз болады: Мысалы; әуе, Зәуре, уақыт.
Сөздік диктант
Суық, тау, тауық, уық, уылдырық, қоңырау, табу, сауысқан.
16-жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз. У дыбысы бар сөздердің астын сыз.У дыбысы бар сөздерді буынға бөл.
17- жаттығу. Берілген сөздерді фигура түсіне қарай бағандарға бөліп жаз.
Неліктен солай топтағанынды айтып көр.
«Мен қазақпын» бейне баянға қарап жаттығу.
19-жаттығу. «Жайлауда» тақырыбына әңгіме құра.
|
Ережені мұқият тыңдайды.
Сөздік диктант жазады.
Сүрлеу
Апарады тауға да,
Апарады бауға да.
Әкеледі қайтадан.
Туып-өскен аулаға.
Тау-ға, бау-ға, ту-ып, ау-ла-ға
17-жаттығу.
Көк түсті баған: ауа, дауыс, отау, егеу.
Қызыл түсті баған: улы, тоқу, оқу, сусын.
Неліктен сол топтарға бөлінгенін айтып түсіндіреді.
Сергіту сәтін жасап бойларын сергітіп алады.
Әр оқушы жайлауда туралы шағын әңгіме құрайды.
|
Қорытындылау
Бағалау
Үй тапсырмасы
|
Сабақты қорытындылау кезінде 1-ші қатар у дыбысы дауысты, 2- ші қатар дауыссыз болып келетін сөздерге мысалдар келтіреді,3-ші қатар олардың неге дауысты немесе дауыссыз болып тұрғанын түсіндіреді.
Сабаққа белсене қатысып отқан оқушыларды бағалау
18-жаттығу.Ребусты шешіп, шешуіндегі сөзбен сөйлем құра.
|
1-ша қатар у дыбысы дауысты болып келетін сөздер айтады.
2-ші қатар у дыбысы дауыссыз болып келетін сөздер.
3-ші қатар олардың емлесін айтады.
Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады.
Үй тапсырмасын жазып алады.
|