Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Физика-Математика факультеті
Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы
Пәні: Қазақстан тарихы
Тақырыбы: «ҚР-ның ислам әлемі және түркі тілді мемлекеттердің халықаралық ұйымдарымен қарым-қатынастары»
Орындаған: Жасақбаева.А
Мамандығы: ИПКО-101
Тексерген: Хибина З.Н
2022 жыл
«ҚР-ның ислам әлемі және түркі тілді мемлекеттердің халықаралық ұйымдарымен қарым-қатынастары»
Қазақстан Республикасы көп ұлтты және көп конфессиялы мемлекет,онда қырықтан аса конфессияны ұсынатын үш мыңнан астам діни бірлестіктер еркін жұмыс істейді.ҚР-ның егеменді дамуы барысында,1990 жылы дін мәселелерімен айналысатын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырылды.Қазақстан аумағында ертеден тамырын терең жайған ислам діні тәуелсіздіктен соң қайта түлеп қазір елдің қоғамдық-саяси өміріндегі өз орнымен маңызды айшықтай түсуде.Ислам жееткілікті халықтардың сенім жүйелерімен,құқықтық және адамгершілік заңдылықтарымен ,философиясымен , мәдениеті мен араласып,әрі олардың әсеріне ұшырай отыра,өзі де ықпалын тигізеді. Соның нәтижесінде ол өзі тараған аумақтардағы халықтардың салт-санасына етене кіріп,діни-рухани,мәдени құндылықтардың біріне айналды.Бүгінде республика аумағында ислам дінінің дамып,барша мұсылман қауымының игілігіне айналуына барша мүмкіншіліктер қарастырылған десек,артық айтпаймыз.ҚР қазіргі кезде көптеген мұсылман мемлекеттерімен саяси-экономикалық, мәдени қарым – қатынастар орнатып, әлемдік беделі бар ислам ұйымдарының беделді мүшелерінің біріне айналды.Діни саладағы мәселелерді шешуде 2011 жылы қабылданған. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның пәрменділігі ерекше бағаланды. Соның негізінде Қазақстандағы діни бірлестіктердің қызметі заңды түрде реттеліп, діни топтар мен ұйымдардың өз бетімен әрекет етуінің жолы кесілді. Осы жұмыстарды ойдағыдай жүзеге асыра білген Дін істері агенттігі бүгінде басқа да мемлекеттік органдармен бірлесе отырып діни саладағы өзекті де өткір мәселелерді шешу жолдарын Қазақстан Республикасы Үкіметі алдына қоюда. Солардың қатарында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, тұрмыс-тіршілігін жеңілдету мәселелеріне баса көңіл бөлінген.
Достарыңызбен бөлісу: |