Пәні: Қазақстан тарихы



Дата06.12.2022
өлшемі147,91 Kb.
#161429
Байланысты:
Жасақбаева.А (срс-12)


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Физика-Математика факультеті
Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы


Пәні: Қазақстан тарихы


Тақырыбы: «ҚР-ның ислам әлемі және түркі тілді мемлекеттердің халықаралық ұйымдарымен қарым-қатынастары»

Орындаған: Жасақбаева.А
Мамандығы: ИПКО-101
Тексерген: Хибина З.Н

2022 жыл

«ҚР-ның ислам әлемі және түркі тілді мемлекеттердің халықаралық ұйымдарымен қарым-қатынастары»
Қазақстан Республикасы көп ұлтты және көп конфессиялы мемлекет,онда қырықтан аса конфессияны ұсынатын үш мыңнан астам діни бірлестіктер еркін жұмыс істейді.ҚР-ның егеменді дамуы барысында,1990 жылы дін мәселелерімен айналысатын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырылды.Қазақстан аумағында ертеден тамырын терең жайған ислам діні тәуелсіздіктен соң қайта түлеп қазір елдің қоғамдық-саяси өміріндегі өз орнымен маңызды айшықтай түсуде.Ислам жееткілікті халықтардың сенім жүйелерімен,құқықтық және адамгершілік заңдылықтарымен ,философиясымен , мәдениеті мен араласып,әрі олардың әсеріне ұшырай отыра,өзі де ықпалын тигізеді. Соның нәтижесінде ол өзі тараған аумақтардағы халықтардың салт-санасына етене кіріп,діни-рухани,мәдени құндылықтардың біріне айналды.Бүгінде республика аумағында ислам дінінің дамып,барша мұсылман қауымының игілігіне айналуына барша мүмкіншіліктер қарастырылған десек,артық айтпаймыз.ҚР қазіргі кезде көптеген мұсылман мемлекеттерімен саяси-экономикалық, мәдени қарым – қатынастар орнатып, әлемдік беделі бар ислам ұйымдарының беделді мүшелерінің біріне айналды.Діни саладағы мәселелерді шешуде 2011 жылы қабылданған. «Діни қызмет және діни бір­лестіктер туралы» Заңның пәр­мен­ділігі ерекше бағаланды. Соның негізінде Қазақстандағы діни бір­лестіктердің қызметі заң­ды түр­де реттеліп, діни топтар мен ұйым­дардың өз бетімен әре­кет етуінің жолы кесілді. Осы жұ­мыс­тарды ой­дағыдай жүзеге асыра білген Дін істері агенттігі бүгінде басқа да мемлекеттік органдармен бірлесе отырып діни саладағы өзекті де өт­кір мәселелерді шешу жолдарын Қа­зақстан Республикасы Үкіметі алдына қоюда. Солардың қатарында халықтың әлеуметтік жағдайын жақ­сартып, тұрмыс-тіршілігін жеңілдету мәселелеріне баса көңіл бөлінген.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет