Өсімдік анатомиясы және морфологиясының үлкен практикумы пәнін оқыту мақсаты. 1.Студенттерге ботаника оқығанда өте қиын биологиялық мәселелер жөнінде түңғыш рет алғашқы үғымдар беру. Мұндай мәселелер мыналар болып табылады:
А)Организімнің клеткалық құрылысы.
Б)Өсімдіктер тіршілігінің негізгі процестері – тыныс алу, қоректену, заттардың екінші түрге айналуы және қозғалуы.
В)Өсімдіктерде органикалық заттардың пайда болуының аса маңызды биокосмикалық процесі, ұрықтану процесі, тіршілік жағдайларының организм дамуына әсер етуі, ауылшаруашылық өсімдіктердің өсуі мен дамуын реттеу.
2. Бірінші курс студенттері өсімдік дүниесінің сыртқы ортамен байланысы, карым-катынасын және осыған байланысты өсімдік органдары мен тканьдарында жүретін биологиялық процестерден мағлұмат алады. Өсімдіктердің жеке топтарының құрылысын, көбеюін және тіршілік еткен орталарын салыстыру арқылы зерттеуге назар аударылады.
3.Теорияльқ курсқа бөлінген сағаттар деңгейінде өсімдіктер дүниесінен студенттерге толық мағлұмат беру мүмкін емес. Ол зертханалық сабақтарда мүмкіндігінше толықтырылуы тиіс. Соңдай-ақ зертханалық сабақта сгуденттер өсімдіктерден гербарий жасау, ішкі құрылысын микроскоп аркылы зерттеу үшін кесінділер және уақытша препараттар жасау техникасын үйренеді. Мұның болашақ мұғалім үшін мәні өте зор.