Мазмұны
Кіріспе
- Пән бойынша өзіндік жұмыстың мақсаты мен міндеттері
- Өзіндік жұмыстың мазмұны
- Меңгерілетін білім, білік және дағдылар (құзыреттері)
БӨЖ мен ОББӨЖ ұйымдастыру жөнінде жалпы мәліметтер
Кредиттік оқу жүйесінің шарттарына сай студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру
Кредиттік оқыту технологиясы білім берудің әлемдік стандарттарын енгізуге мүмкіндік береді. Білім беру қызметі нарығының сұранысына сәйкес кредиттік технологияны енгізу және оқыту – мамандарды дайындаудағы жаңа заман талабы.
Бұл технология болашақмаманғаөзініңтанымдықмүмкіндіктерінескереотырып, білімдіөзбетіншеалуғамүмкіндікбереді.
Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру кезінде пәннің оқу материалының әрбір тақырыбы аудиториялық жұмысты, сондай-ақ студенттердің өзіндік жұмысына (БӨЖ) арналған тапсырмаларды орындауды және оқытушымен бірге орындалатын студенттердің өзіндік жұмысты (ОББӨЖ) орындауын қамтуы тиіс.
Бүгінгі ЖОО-ның оқытушы – студенттің өзбетінше алатын жаңа білім жолындағы ізденісін ұйымдастырушы. Білім алушы – өз бетінше белсенді түрде жұмыс жасаушы. Оның өзіндік даярлығына тиесілі уақыт аудиториялық сағатқа қарағанда екі есеге артық немесе 70 пайыздан кем болмауы керек, сондай-ақ студенттердің білім деңгейі мен қабілеті бірдей еместігі ескеріледі.
Білім алушылардың өзіндік жұмысы оқу жұмыс бағдарласындағы әрбір пән бойынша ұйымдастырылады. Қазіргі таңда білім алушылардың ана тілінде, сондай-ақ, шет тілінде білімін өздігінен жетілдірудеөзіндік жұмысының шығармашылық әдістерін іздеу - жоғары білім берудің өзекті мәселелерінің бірі.
Сонымен, БӨЖ және ОББӨЖ тапсырмаларын орындау барысында білім алушы келесі талаптарды сақтауы тиіс:
• өзі орындайтын жұмыстың мақсатын түсіну;
• өз жұмысының оң нәтиже беруіне қызығушылық таныту;
• өз жұмысының түпкі мақсатына жетуге мүдделі болу;
• өз жұмысын өзіндік дербес жолмен орындау;
• өз ойлары мен іс-әрекеттерін басшылыққа ала білу;
• түрлі құбылыстарды ғылыми тұрғыдан бағамдай білу.
Оқытушы білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру барысында келесі ережелерді білуі және сақтауы тиіс:
• БӨЖ-ді оқу бағдарламасындағы өзге де жұмыс түрлерімен өзара байланыстыра білу;
• білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін жетілдіру;
• білім алушылардың мен білік пен дағдыларынқалыптастыру;
• білім алушының өз бетінше білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;
• білім алушыларбілімініңшығармашылық дамуына ықпал ету;
• білім алушының БӨЖ мазмұнына жаңа ақпаратты енгізу;
• білім алушыға жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың кең мүмкіндіктерін ұсыну;
• білім алушылардың дағдылар мен біліктерді өз бетінше игеруіне ықпал ету;
• білім алушылардың санасында білімді ғылыми талдау негіздері түсінігін қалыптастыру.
Сонымен, БӨЖ және ОББӨЖ білім алушылардан көрсетілген мерзімде тапсырмаларды уақтылы орындаудағы жауапкершілікті, білім алушылардың өзінің болашақ мамандығына деген кәсіби танымдық қызметін қалыптастыруды талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |