«Жаңа сөздер сандығы» әдісі Кәдеге жарау – пайдаға асу. Кітапты түптеу – кітап парақтарын біріктіріп тігу. Басу айту – тыныштандыру. Ұнжырғасы түсу – еңсесі түсу, ренжу Топтық жұмыс 1-топ. Мәтіндегі кейіпкерлер қандай тәсілмен суреттелген? 2-топ. Оқиғаның шарықтау шегіне әкелген қорқынышты сөзді ата. ҚБ: «Бармақ» арқылы бағалау
Аяқталуы
Рефлексия «Қорытындыла» айдары Бүгінгі сабақтан өзің үшін қандай маңызды ақпарат алдың? Өзіңнен кіші балаларға қандай кеңес берер едің? Үй тапсырмасы: Үлгіге қарап, «Оқулықты күту ережесін» құрып жаз Кері байланыс: Сәттілік баспалдағы Тапсырма ны орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Мазмұндама жұмысының түрлері
Мазмұндама жаздырудың түпкі мақсаты - оқушылардың ойын және тілін дамыту. Мазмұндамаға берілетін мәтіндер бірте-біре күрделеніп отыру жағын мәтін таңдағанда мұғалім қатты ескеру қажет. Мәтін оның ішіндегі көрністері жағынан болсын, сөздік, синтаксистік жағынан болсын бірінен екіншісі аз-кем қиындау бола береді.
Оқушылардың өз ойларын жазбаша байланыстырып бере алу білімдерін тексеру мақсатында мұғалім мазмұндама, шығарма жұмыстарын алады. Олардың мөлшері бағдарламада көрсетіледі.
Мазмұндама мәтіні хабарлау мақсатында болғаны жөн. 3 сыныпта суреттеу, талдау мәніндегі элементтер кіргізіле бастайды. Мәтіндер тәрбиелік мәні басым, оқушылар түсінігіне лайық етіп алынуы тиіс.
Мазмұндамаға арналған сөз саны:
Сынып
Сөз саны
1
20-30
2
30-50
3
50-70
4
70-90
Мазмұндама жұмыстарын бағалағанда оның таза, ұқыпты жазылуы, каллиграфиялық норманың сақталуы есепке алынады.
Ескерту: жазба жұмыстарынан окушы канағаттанарлықсыз баға алған жағдайда, сол оқушымен мұғалім жеке жұмыстар жүргізеді, үйретеді. Өте төмен баға журналға қойылмайды. Журналға жеке жұмыстан соң алған баға дер кезінде қойылуы тиіс.
1-4 сыныптарда жаздыруға болатын мазмұндамаларды топтай келгенде мынандай түрлерін көрсетуге болады: