Пәні бойынша БӨж мамандығы: 6В01303 «Бастауыш білім беру педагогикасы» Тақырыбы



бет5/9
Дата20.05.2024
өлшемі459,05 Kb.
#202528
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
шыгар маз

Ортасы

Кітап туралы видео
«Ойлан» айдары. Кейіпкермен сөйлес
Осы кітап біздің алдымызға қандай үлкен еңбекпен келетінін білеміз бе?
Олай болса, осы кітаптың негізі ағашпен диалогке түсуге кім дайын? Ағаштың тарапынан қойылатын сұрақтар:

Мені кім «тербетіп, аялап» өсірді?
Жасым сақинамда жазулы екенін білесіңдер ме?
Қартайғанымды қалай білдіңдер?
Қалай ойлайсың, ағашқа кім қамқорлық жасауы керек .
«Түсініп оқы» айдары


«Кітаптар мұңы»


  • Іштей оқу

  • Тізбектей оқыту

Ә

ңгімені сатылай кешенді талдау(1-8 сатысы) 1.Авторы. Танаш Дәуренбеков Танаш Дәуренбеков (1927-2000) – жазушы. Қызыл­орда облысының Тереңөзек ауданында дүниеге келген.«Бір түйенің әлегі», «Он бес жыл өткен соң», «Сыр балалары» атты шығармалары бар. Жазушы әңгімелерінде ауыл балаларының өмірін шынайы бейнелейді.


2. Тақырып. Тақырып дегеніміз – белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындықтың сәулесі, автордың айтар ойының түп қазығы. Шығарманың тақырыбы – үзілмеген үміт.
3. Әдеби жанр. Әдеби жанр дегеніміз – шағын көлемді эпикалық түр – әңгіме. Әңгіме дегеніміз – көлемі шағын, әдемі дүние (жауынгер, ұшқыр, өмір құбылыстарына шұғыл үн қосқыш. Оқушысын тез тапқыш, өткір, икемді, сүйкімді жанр). Жанрдың ерекшелігі көлемінде емес, мазмұнының тереңдігінде. 4. Идея. Идея дегеніміз – автор тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат, мүддесін, арманын білдіреді. Шығарманың идеясы – адам бойында жақсы-жаман, ұқыптылық пен ұқыпсыздық, салғырттық пен салақтың сыңды қасиеттердің үнемі бірге жүріп, олардың арасында үнемі арпалыс күрес жүретіні, салғырттықтың салдары айналадағы қоршаған ортаға кері әсерін тигізетіні туралы. 5. Шығарманың композициялық құрылымы. Шығарманың композициялық құрылысы дегеніміз – шығарманың сюжеттік дамуының кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе. Шығырманың композициясы 5 бөлімнен тұрады. 5.1. Сюжеттің басталуы. Сюжеттің басталуы дегеніміз – оның кіріспесі іспетті, әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа түспес бұрынғы халжағдай, тіршілік, қоғамдық орта, оқиғалар орны суреттеледі. Мектеп кітапханасына келіп түскен жарымжан кітаптар. 5.2. Сюжеттік байланыс. Сюжеттік байланыс дегеніміз – адамдар арасындағы әректтің басы, тартыстың басталуы, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаныі әуелгі туындау себебі болса, бұл шығарманың сюжеттік байланысы – қорлық көрген кітаптардың мұңы. 5.3. Шиеленісу. Шиеленісу дегеніміз – оқиғаның адамдар арасындағы ісәрекеттің шиеленісіп, ширығуы. Шығарманың шиеленісуі – кітаптардың қорқынышы, ертеңгі күніне алаңдауы. 5.4. Шарықтау шегі.(Кульминация) Шарықтау шегі дегеніміз – сюжеттік дамудың жоғары сатысы, адамдар арасындағы қимыл-әрекеттің күшейіп, әрбірі жеткен жері, драмалық қатыстың өрістеп шыққан биігі. Бұл әңгімеде шарықтау шегі жоқ. 5.5. Шығарманың шешімі. Шығарманың шешімі дегеніміз – суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына өзі шығарған үкімі. Түрліше тағдырлар таласынан туған нақты нәтиже, оқиғаға қатысушылардың ең ақырғы хал-күйі, құбылыс көріністердің соңғы сахнасы. Шығарманың шешімі – ертеңгі күннен үміт еткен кітаптар. 6. Шығармадағы кейіпкерлер: Жағымды кейіпкерлер: кітаптар Жағымсыз кейіпкерлер: Адырбай мен Сотқарбай 7. Шығарманың мазмұндық жоспары. 1. Оқу жылының аяқталуы. 2. Кітапханаға түскен оқулықтар. 3. Кітаптардың мұңы. 4. Кітаптардың қорқынышы. 5. Үзілмеген үміт.

Жеке жұмыс 1. Мәтіндегі кейіпкерлер қандай тәсілмен суреттелген?
​2. Оқиғаның шарықтау шегіне әкелген қорқынышты сөзді ата.
​3. Оқиғаның шешіміне әкелген жұбаныш сөздің иесі – қай кітап?

Сахнала. Мәтінді рөлге бөліп оқыңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет