Пәні бойынша дәріс тезистері тақырып 1 Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



бет19/41
Дата26.10.2023
өлшемі167,79 Kb.
#188456
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41
Байланысты:
Философия лекции 2023
0002992a-a299bb4f, НКТ Педагогика, kazak debieti, Рента табыс, лекция 2
Қорқыт дүниетанымындағы міңгілік өмір мәселесі.
Қазақтың түсінігінде өлімді жеңетін мәнді, адамшылыққа, өзіңе ғана емес, халқыңа жасаған жақсылыққа толы өмір. "Қайда барсаң да Қорқыттың көрі" деп шектеулі өмірмен күрескен Қорқыттың, сүйікті ұлы Әбдірахманнан айырылып, мұңға шөккен Абайдың, өмірін ел тәуелсіздігі үшін құрбан еткен батырлардың өлімге көзқарасы осы ойымыздың айғағы. Қорқыт өмір бойы мәңгілік өмірді аңсады, адам өмірін шегінен асыруды мақсат етіп, бармаған тауы, баспаған жері қалмады, адам өмірін шектеуші өлімге қарсы тұрып, онымен өмір бойы алысып өтті. Өлімнің ақиқат екендігіне көзі жеткен Қорқыт оны жеңер амал адамның мәнді өмірі ғана деген қорытындыға келді. Халық аңызы бойынша өлімді жеңу жолына Қорқыт канатты құсқа жеткізбейтін, ой мен қырды еркін басып, айдын судан ұшып өтетін желмая мініп шығады. Бұл тегін құбылыс емес. Қорқыттың философ тұлға екендігі туралы алғашқы салмақты пікір айтқан ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан ескерткендей, қазақ тұрмысында желмаяның маңызы орасан зор болған, оған жететін көлік табылмаған. Өлімге қарсы тұрар кез келгенде Қорқыт осы желмаясын ойланбастан сойып, оның терісімен қобызын қаптайды, сол қобызымен күндіз түні күй тартып, өмірін жүз жылға ұзартады. Тереңірек ойлап қарасақ, желмая қазақ үшін материалдық құндылық. Өмір кеңістігін Қорқыт осы жүйрігімен меңгеруге тырысты, бірақ іздегенін таппады, көздеген мақсатына жетпеді. Желмая жете алмаған нәрсеге қобыз күйі жетті, өмір жырын шерткен қобыз жақындап келген өлімді жолатпай, Қорқыт өлімін сәл де болса алыстатты. Яғни, мәңгілік нәрсе материалдық емес, руханилық, рухани құндылық екен. Қазақтың түсінігінде ол бәрінен де жоғары, бәрінен де бағалы, өлімді жеңе алатын да осы күш. Абайдың Әбдірахман дүниеден өткенде шығарған өлеңдерінен де қазақтың өлімге деген көзқарасы анық сезіледі. Өзінің өмірдегі ісін жалғастырар деп үміт артқан баласының өлімі оңай тимесе де, Абай "Тірліктің алды өлмек, ...Сабырлық қылсақ керек-ті" деп, үлкен даналықпен өзін де, басқаны да жұбатады. Оның көңіліне медеу болып тұрған Әбдірахманның мәнді өмірі. Мал дүниеге көңіл бөлмей, ғылым жолында талмай еңбек еткен, адамшылығына кір келтірмей, ақ жүрегін кірлетпей кеткен баласы аз ғана өмірін өзінің рухани мен адамгершілігімен ұзартты, мәнге толтыра алды, мұндай жарқын өмірдің алдында өлім де әлсіз. Мәселе адамның қанша жыл жасағанында емес, сол өмірді қалай кешкенінде:
Ұзақ өмір не берер,
Көрген, білген болмаса?
Жатқан надан не білер,
Көңілге сәуле толмаса?.
Өлім ешқашан да айтып келмейді, адам оған алдын ала дайындалғанның өзінде де (мысалы, жақын адамы ұзақ уақыт төсек тартып жатқан күнде) өлім күтпеген оқиға ретінде қабылданады. Сондықтан да адамның өлімге деген реакциясы көбіне бей сана немесе жартылай бей сана деңгейде болады. Яғни, өліммен бетпе-бет келгенде индивидтің ішкі дүниесі бүкпесіз, толық ашылады, себебі өз ойлары мен эмоцияларын сана деңгейінде толық реттеуге қайғы құшағына оранған адамның әлі келе бермейді де, кімнің кім екені қаз қалпында көрінеді. Қазақтың өлімге деген қатынасын талдау арқылы оның ұлт ретіндегі шынайы бейнесін, менталитет ерекшеліктерін байқауға болатындығы туралы тұжырымымыз да осыдан туындайды. Өмір және өлім туралы ойларымызды қорыта келсек, өмір адам үшін басты құндылық. Өмір міндетті түрде мәнге ие, ол мән өмірдің өзінде. Адамның мақсаты өмірдің мәнсіздігі туралы құрғақ рационализмге негізделген рефлексияға берілмей. оны сезіне де білу, өмірдің мәнін өмірдің өз бойынан іздеп, табиғат сыйлаған өмірді мәнмен толтыру, өмірді жоспарлап қана қоймай, іс әрекеті арқылы гүлдендіру. Адам бұл дүниеге келгенде тіршілік етуші ғана. Ол әлі проект, өмірін мәнге толтырып, жүзеге асыру - адамның міндеті. Мақұлық дәрежесіне дейін төмендей ме, тіршілік иесі ретінде биіктей ме - бәрі адамның өз қолында. Мәнді өмір ғана өлімді жеңе алады. Өміріне де, өліміне де мән беру жауапкершілігі адамның өзіне жүктеледі. Қазіргі жағдайда адам тек өз өмірі мен өлімі үшін ғана емес, бүкіл адамзаттың өмірі мен өлімі үшін жауапты. Бұл тұжырым көпшіліктің құлағы үйренген ақиқатты қайталау болып көрінуі мүмкін, бірақ тереңдеп ойласақ, оның дұрыстығына көз жеткіземіз. Яғни, өмірді ардақтау, оны мәнді кешуге ұмтылу мәселесінің маңызы қазіргі заманда бұрынғыдан да артып отыр.
Абай философиясындағы махаббат мән-мағына туғызатын бастама ретінде.
Махаббатты адамның өмір сүруінің бірден - бір тәсілі ретінде түсінудің қазіргі мағынасы ерте кезден - ақ анықталған.
Ұлы абай махаббатты экзистенциялдық тұрғыдан терең түсінді. Махаббаттың мәнін абай «жүрек» категориясы арқылы ашты. Махаббат философиясының және жүрек философиясының тілі мен шығу тегі бір болатын. Ендеше, мұндай адамды бұл сезім әуелден - ақ сақталған. Оның өмірі махаббатты іздеуден және оны табудан тұрады. Абай өзінің «қара сөздерінде» жүрек, махаббат туралы көбірек айтады. «жүрек», «намыс», «рух», «ерлік» «ар-ұят» туралы философиялық пайымдауларын ақын терең герменевтикалық талдаумен кеңейтеді. Ол махаббаттың мәнін анықтай отырып, тек сол ғана адамның өмірін толықтырады деген қорытынды жасайды. Адам өз махаббатын басқаға сыйлай отырып, өзінің жанын біреуге қия отырып, өзі оны жоғалтпайды, керісінше, өз болмысының мәнін жауапкершіліктен, қуаныштан, құрбандықтан табады. Махаббаттың түрлері туралы айта келе, абай сезімдік махаббатты кемсітпейді, оны рухани махаббаттың жоғарғы сатылардың бірі деп есептейді. Абай бізді жүректің тілімен сөйлеуге шақырады.
Шәкәрім болса, махаббатты ақиқаттың, руханилықтың жарығымен байланыстырады. Оның пікірінше, адам өз махаббатын жоғалтса, онда ол өзінің адамдық мәнінің тереңдігінен де айрылады.
Қазақ дүниетанымында махаббат туралы философиялық түсінік көпжақты, көпқырлы, сонымен қатар, ол әлемді үйлесімді - біртұтас ретінде тануға итермелейді. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында махаббат ұғымы әлемді ерекше сезіммен қабылдау тұрғысынан және әлемде өмір сүрудің бірден - бір мүмкін тәсілі ретінде көрініс табады. Махаббаттың нақты - жалпы ұғымының мәні осында жатыр.
Махаббатты терең философиялық түсінуді қайта жаңғырту қажет, яғни, ол жас адамды өз ортасында үйлесімдікке әкеледі. Және қоғамды әлеуметтік жатсынудан құтқарады, өзіне деген махаббаттан басқаға және бүкіл әлемге деген махаббатқа дейін жеткізеді. Бұл сезімге жастарды жүйелі түрде тәрбиелеу қажет: айырықша шығармашылық ретіндегі махаббатқа тәрбиелеу-еліміздегі жастарға тәрбилеу мен білім беру жүйесінің негізі болуы керек. Махаббат нағыз өзімшілдікті жоюшы ретінде - нағыз даралылықты ақтаушы және құтқарушы. Махаббат зерделі санадан үлкенірек, бірақ ол онсыз ішкі құтқарушы күш ретінде әрекет жасай алмас еді, даралықты жоймай, асқақтата түсетіндей.тек зерделі сананың арқасында (немесе ақиқаттың пайымдалуы десе де болады) адам өзін өзі айқындай алады, яғни өзінің өзімшілдігінен өзінің шынайы даралылығын, сондықтан өзі махаббатқа беріле отырып, осы өзімшілдікті құрбан ете отырып ол онан тек қана тірі ғана емес, тіршілікті туындатушы күшті табады және ол өзінің өзімшілдігімен бірге ол өзінің жеке бейнесін жоғалтпайды, керсінше, мәңгілік етеді. Хайуанаттар әлемінде оларда дербес зерделік сананың жоқтығына байланысты махаббатта жүзеге асатын ақиқат өзінің әрекеттеріне ішкі тірек тиянағын таба алмағандықтан оларға әлемдік мақсаттар үшін бөтен соқыр құралдар ретінде иемденген сыртқы тылсым күш ретінде тек тікелей әсер етуі мүмкін. Бұл жерде махаббат жалпының сыңаржақты салтанаты ретінде, тірліктің даралылықтан үстемдігі ретінде көрініс береді, өйткені хайуанаттарда олардың даралылығы қарапайым жекеленген болмысындағы өзімшілдікпен сәйкес келеді, сондықтан ол өздерімен бірге күйрейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет