Пәні бойынша дәріс тезистері тақырып 1 Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



бет28/41
Дата26.10.2023
өлшемі167,79 Kb.
#188456
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41
Байланысты:
Философия лекции 2023
0002992a-a299bb4f, НКТ Педагогика, kazak debieti, Рента табыс, лекция 2
А.Құнанбаев(1845-1904) қазақ ағартушылығында, қазақ халқының бүкіл ұлағатты мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл. Оныңшығармашылық мұрасы өлең, дастан, философиялық проза, аудармалар мен әндерден тұрады. Абай - қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Ол «ақынның азаматтық парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен ақылдың билігіне жүгіндіруде» деп білді. Дүниетанымдық мәселеде Абай Алтынсарин секілді деизмге жақын. Құдай - өз заңдары бойынша дамып жататын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді.
Абай Құнанбаев өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына деген қамқорлығымен әлемге танымал болды. Абайдың дүниеге көзқарасы ойы мен қыры мол, күрделі. Дүние туралы пікіріне келсек, деизмге жақын дедік. Біріншіден, сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін қуаттайды. Мысалы, қырық үшінші қара сөзінде адам «...көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады» (А.Құнанбаев. Шығармаларының бір томдық жинағы. А., 1961, 48-бет), - дейді.Абайдың еңбегі қазақ халқының көшпелі өмір салтынан өз бойына оның ең жақсы жақтарын алған, отырықшы қала тұрмысына көшуге жағдай жасауында жатыр. Бұл ықпал номадтық дәуір адамының дүниетанымының, дүниені ұғынуының, дүниені сезінуінің, дүниені түйсінуінің өзгерісінен көрінеді.Абайдың ішкі түйсігі Абайға қазақ халқының шектеулі өмір сүре алмайтындығын, оның адамзаттың бір бөлшегі екендігін, сол себепті әлемдік өркениет жолымен жүріп, оған қосылуы керектігін ұғындырды. Осыдан келіп өз халқына көмектесуге ұмтылуы, жолында кездесетін көптеген кедергілерден өтуі керектігіне күйінуі туады. Міне бұл ретте адамға, оның санасы мен жүрегіне, ең әуелі мейірімділік пен руханилығына сенімі Абайға күмәнді жеңіп, оптимист болуды әкеледі.Абай далаға адам болмысының негізі принципін әкеліп, оны даму принципімен байланыстырды: ол оның халқының жалқаулықтан арылып қана қоймай, әлемдік мәдениет контекстіне қосылып, оның өлшеусіз қазыналарын игеру контекстіне қосылғанын қалады. Сананы жоғары көтере отырып, ол қазақтар үшін өмір құндылықтарының, адам бақытының мәнін жаңаша түсіну түрінде көрінген жаңа құндылықты, бағыттарды қалыптастырды. Бірақ адамның басты кредосы - оның ізгілігі, мейірбандығы, достығы, махаббаты. Сезім мейірімділікті зұлымдықтан ажыратып, қайырымдылықты басшылыққа алуға мүмкіндік береді. Білімнің санамен сезімдердің мұндай қатынасынан білімнің сезіммен, сеніммен байланысы туралы, адам эссенциясы мен экзистенциясының тұтастығы туралы қорытынды шығаруға болады.Сонымен бірге көптеген өлеңдерінде, отыз сегізінші сөзінде жан-жануарларды, адамды, тіпті, машина, фабрикаларды алла жаратты деген тұжырым жасайды. «Мен» және «менікі» деген философиялық мәселені қарастырып, өзіндік тұжырымға келеді. Ақынның ойынша «мен» - ақын, жан, «менікі» - адам денесі. «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «менікі» өлсе өлсін, оған бекі» деп, дене өлгенімен жан өлмейді деген қорытындыға келеді. Абай таным туралы құнды пікірлер қалдырды. Түйсіктеріміз арқылы дүниеден хабар аламыз, пайда, залалды айыратын қуаттың аты - ақыл дейді.Көптеген өлеңдері мен қара сөздерінен диалектикалық тұжырымдар бейнесін көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет