2.Астықты сулау.
Арпаны кезеңді және үзіліссіз әрекеттегі ашық аппараттарда сулайды. Аппараттар су және ауа комуникациясымен, аэрация, араластыру және тасымалдап айдау құрылғысымен жабдықталған.
Сулаудың келесі түрлері бар: судағы ауа үзілісімен; суды ауа араластырып бүрку; қайталап бірнеше сулау; жуу шнектерде сулау. Сулаудың әдістеріне қарай оның ұзақтығы 35-62 сағатқа дейін барады.
Ашық түсті уыт дайындау үшін оның ылғалдылығы 43-45%-ке жеткізіледі, ал күңгірт түсті уыт жасауда ашық түстідегіден 2-3% -ға жоғары болуы тиіс.
Астықты суландырғаннан соң суымен бірге уыт өсіру аппаратына 15 көшіріледі.
3. Дәнді өсіру.
Арпаны сабақтап өсіруде ферменттер максималды мөлшерде жиналады және олардың қатысуымен гидролиз және синтез процестері жүреді.
Дәннің өсуі кезінде онда күрделі морфологиялық және биохимиялық өзгерістер жүреді. Ашық түсті уыт дайындау үшін дәнді өсірудің ұзақтығы 5-7 тәулікті, ал күңгірт түсті уыт үшін 9 тәулікті құрайды.
Ферменттердің толық белсенді болуы үшін дәннің құрамындағы ылғал 44-48% құрауы керек. Тәулігіне 0,3-1%-ке дейін ылғалдық жоғалтылатын болғандықтан дәнді сумен бүрку арқылы ылғалдандырған дұрыс.
Аэрация – дәнді өсіру кезіндегі биологиялық және ферментативтік процестерді реттеуші негізгі факторлардың бірі болады. Аэрацияның көмегімен өсіруде керекті температура қадағалынады және түзілген көміртегі диоксидінің бөлігі шығарылады.
Уыт өсірудің негізгі әдісі – пневматикалық, ол арнайы механизірленген аппараттарда жүргізіледі. Дәннің қабатынан конденсирленген ауа өткізіледі, сонымен қоса механизірленген қопсытушылармен керекті мөлшерде дәннің қабаты қопсытылады.
Дәнді өсірудің нәтижесінде ылғалдығы 42-46% - ті құрайтын жаңа сабқталып өскен уыт алынады.
4.Уытты кептіру
Ылғал уыт жылжымалы қабатта шахталы кептіргішке 16 келіп түседі. Кептіру температурасы 40-85 0 С құрайды. Кептірудің әдісіне қарай кептіру уақыты 24-36 сағатты құрайды.
Кептіру – уыт өндірісінің соңғы деңгейі. Кептіру процесінде ондағы ылғалдың мөлшері 3- 6 % - ға төмендейді. Ашық түсті уыт алу үшін кептіру температурасы 85 °С -ден, ал күңгір түсті уыт үшін - 105°С –ден аспауы керек. Кептіргіштен ыстық уыт сабақ кескіш машинаға 77 түсіп, сабақтарынан кесіледіде ары қарай силосқа жіберіледі. Уыт арнайы сақтау орынында 30 тәулік бойы 200 С температурада сақталады. Сақтау кезінде уыттың ылғалдығы 2-3% - ға жоғарлап, оның сапасын арттыратын қолайлы физика-химиялық өзгерістер (дәннің көлемінің өзгеруі, азоттық және минералдық заттардың мөлшері, ферменттердің белсенділігі артады) жүреді.
Сақтау орынында уыт біраз жатқаннан кейін қайрадан тазартылып полирлеу машинасында полирленеді 20.
2 - Сурет. Сырақайнатуға арналған құрғақ арпа уытын өндірісінің аппаратура- техникалық схемасы:
1— дәнді жуу және дезинфекциялау аппараты; 2—дәнді суландыруға араналған аппарат; 3— форсуна; 4—транспорттық подъемник; 5, 8— конвейерлер; б —кептіргіш; 7— ауаны жылытушы; 9 —қопсытушы; 10 — кондиционер; 11, 12 — вентиляторлар.
Жаңа сабақталып өскен уыттың бір бөлігі күңгірт түсті сыра сорттарын әзірлеуге керекті карамельді уыт дайындау үшін қуыру аппаратына түсіріледі.
Уытты сулау мен өсіру процестерін бір агрегатта жүргізугеде болады. Бұлжағдайда өндіріс схемасы қарапайымданады. Сырақайтнатудағы арпа уытының өндірісінде дәнді жуу және дезинфекциялау аэрлифтік аппаратта жүргізіледі(2 сурет). Жуылған арпа суландыру үшін агрегатқа жіберіледі 2. Форсункалар арқылы дән сумен бүркіледі. Қажетті ылғалдылыққа жеткізілген дәннің өсу стадиясы басталады.
Өсіру кезінде дәндік қабат кондиционерлік ауамен желдетіледі. Дәннің сабақтанып өсу уақытында арасында қопсытқыш 9 арқылы араластырылып отырады. Сабақталып өскен дән конвейерлік жүйе арқылы көлденең карусельдік уыткептіргішке жеткізіледі. Вентилятор 12 арқылы берілетін ыстық ауа жылу көзі болады. Уыттың шығымы құрғақ заттардың 79,5 % -ын құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |