Пәні бойынша оқыту бағдарламасы



бет6/12
Дата28.05.2023
өлшемі346,5 Kb.
#177857
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
annotation213653, ҚАЗАҚ ТІЛІ ТОЛЫҚ ЖАУАП, 200-285, әдебиет тест, нұсқа, Өндірістік практика 3 курс Жұмабекова дұрыс, мақала

Әдебиетке қосқан үлесі


М.Ғабдуллин ғылыми-зерттеу саласында көп еңбек етті. "Қазақ халқының ауыз әдебиеті" (1958, 1964) атты күрделі монографиялық еңбегінде Ғабдуллин ауыз әдебиетін зерттеудің ғылыми-методологиялық негіздерін айқындап, қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры, лиро-эпостық дастандар, айтыс өлеңдері, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер туралы жан-жақты терең ғылыми талдаулар жасады, олардың ғылымдық, тәлім-тәрбиелік мәнін ашып көрсетті. Бұл еңбек жоғары оқу орындарына арналған оқулық ретінде бірнеше рет қайта басылып шықты. Ол 8-сыныпқа арналған "Қазақ әдебиеті" оқулығын (1952-1957) жазды. М.Ғабдуллиннің көркем шығармадағы тырнақ алды туындылары дивизиялық, майдандық газеттерде жарық көрді. Шығармалары жеке жинақ болып, соғыстан кейін жарияланды. "Менің майдандас достарым" (1947), "Алтын жұлдыз" (1948), "Майдан очерктері" (1949), "Сұрапыл жылдар" (1971) атты кітаптарына енген әңгіме, очерктерінде М.Ғабдуллин майдан өмірін суреттеп, жауынгер тұлғасын, кеңес өкіметінің адамдарының Ұлы Отан соғысы кезіндегі қаһармандық бейнесін суреттеді. Педагог-жазушы ретінде ол жас ұрпақтың тәрбиесіне де ерекше көңіл бөлді. "Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес" (1966) деген кітабында М.Ғабдуллин бесік жырынан бастап, батырлар жырына дейінгі халық поэзиясының тәрбиелік мәнін ашып, оны іс жүзінде пайдаланудың тәсілдерін көрсетеді. Сонымен бірге балаларды патриотизмге, шыншылдыққа тәрбиелеу, олардың болашаққа сенімін арттыру, жас баланы дұрыс сөйлеуге үйрету жөнінде ата-аналарға педагогтық кеңес береді.

Қызметтері


М.Ғабдуллин ӀӀ-ӀV сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. КСРО Жоғарғы Кеңесінің парламенттік тобының құрамында Финляндияда (1953), Бельгияда (1957), Югославияда (1957) болды. Ғабдуллин еңбекшілер депутаттарының Алматы облыстық, қалалық Кеңестерінің депутаттығына, Қазақстан КП Алматы облыстық, қалалық, Фрунзе аудандық комитеттерінің мүшелігіне бірнеше рет сайланды. Ленин ордені, Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жүлдыз, Ұлы Отан соғысы ордендерімен наградталған. "Қазақ халқының батырлар жыры" кітабы авторларының бірі.[1]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет