9-тақырып. Айырбас бағамының тәртіптері және жиынтық сұраныс
Жоспар
Айырбас бағамының тәртіптері
Айырбас бағамы және жиынтық сұраныс
Мемлекеттің әлемдік нарықтағы жетістіктері мен жалпы әрекеттерінің айнасы ретінде төлем балансын қарсатыруға болады. Шынында да төлем балансының ішінде елдің барлық жасаған қарым-қатнасының экономикалық жағы, яғни сандық мәні енді. Ал халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша оның құрамына- операциялар балансы мен капитал қозғалысының балансы жатады. Елдің барлық іс -әрекеттері мен сауда операциялар төлем баланысында көрініс алады. Елдің экспорттық операцялары (тауар экпорты, қызмет экспорты) елдің импротынан артық боған жағдайда төлем балансын активті (оң ), ал кем болған жағдайда пассивті (теріс) сальдолы деп атаймыз. Оң төлем баланысы импортқа қажет шател валютасымен қамтамасыз етіледі.
Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады:
ағымдағы операциялар: сауда, табыс қозғалысы, аударымдар (мемлекеттік және жеке тұлғалардың) ;
капитал қозғалысының балансы: ұзақ мерзімдік инвестициялар- тікелей және қоржындық, қысқа мерзімдік капиталдар қозғалысы;
тұрақтандырушы тармақты қорларды қайта бағалау қозғалысы, ХВҚ қаражатын қолдану, басқа да қаржы көздері;
қорлардың соңғы өзгерісі: алтын, шетел валютасының несиелердің өзгерісі.
Валюта бағамы деп - бір елдің валютасын екінші елдің валютасына айырбастағандағы валюта қатынасын айтамыз.
Қазіргі заманғы валюта бағамын белгілеуде бір біріне қарама қарсы екі әдіс бар:
Валютаның еркін айнымалыдағы бағамы;
Тағайындалатын валюта бағам әдісі.
Валютаның еркін айналымдағы бағамы кезінде бағам ұсыныспен сұраныстың әсерінен қалыптасады. Оны келесі графиктен көре аламыз. Еркін айналымдағы валюта бағамының сұранысы мен ұсынысы. Ал бұл әдістің тиімділігіне келетін болсақ, онда оны жақтаушылардың айтататын дәлелі: бұл әдісте валюта бағамы автоматты түрде түзетіліп, соның арқасында төлем балансының тапшылығы мен қалдықтары жойылады. Бұны сұраныс пен ұсыныс функцияларының көмегімен көрсетуге болады.
Тағайындалатын валюта бағамы әдісі. Бұл тәсіл жоғарыда қарастырған тәсілге қарама-қарсы әдіспен жасалынады. Оның қолданылуы мемлекеттің валюта бағамын тұрақтандырып отыру қажеттілігінің туындауы мен қиындатылады.
Ақшаның алтын стандартталуы болуы үшін келесі жағдайлар қажет деп саналады:
Ұлттық валютаның құрамындағы алтын салмағын белгілеу қажет;
Алтын қоры мен ішкі ақша көлемі арасындағы тепе-теңдік қажет;
Алтынның экспорты мен импортына кедергі болмау қажет.
Ақша нарығындағы тепе-теңдік формуласы:
Dm =(PQ)/(V(i)) = M
Мұнда: Dm - ақшаға деген сұраныс;
P – баға;
Q – көлем;
V(i) – ақша айналымының жылдамдығы; пайыз мөлшерлемесі (i)-ге тәуелді;
M – ақша ұсынысы.
Сатып алу мүмкіндігінің паритеті теңдеуі:
P=EP*
Мұнда: P - ішкі баға;
Е – бағам;
Р* - сыртқы нарықтағы шетел валютасымен көрсетілген баға.
Пайыздық төрелік жүргізушінің қарапайым формуласы:
1+i=(E /E)*(1+i*)
Мұнда: i (i*) – елдегі пайыздық мөлшерлеме;
E - келесі кезеңдегі бағам.
Мына формуланы табамыз:
MV(i)=EP*Q
Тағайындалған валюта бағам жүйесінде бізге Е-ге байланысты М-нің мәнін табу керек. Яғни:
M=((EP*Q)/V(i))
Ал бағам еркін тағайындалатын болса, бізге М-ге байланысты Е-нің мәнін табу керек. Яғни:
E=((MV(i))/(P*Q))
Басқаша айтқанда, бағамды Орталық банк белгілеген жағдайда Е экзогенді айнымалы шама болып Орталық банктің тағайындалуымен анықталады, ал М болса экономикадағы жағдайдан құралып, эндогендік шама болады. Баға еркін тағайындалатын жағдайда керісінше екеуі орындарын ауыстырады.
10-тақырып. Капиталдың жинақталуы және экономикалық өсу
Жоспар
Экономикалық өсу, оның типтері мен факторлары
Экономикалық өсу теориялары. Мультипликатор және акселератор эффектісі
Экономикалық өсудің қазіргі типтері және оның ерекшеліктері
Экономиканың өcyi көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады. Сонымен қатар ipi әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Сондықтан экономикалық теория «экономикалық өсу» категориясына теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді.
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімнің сандық әpi сапалық артуы және олар екі топтан: өндіріс кұралдары мен тұтыну кұралдарынан тұрады. Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өcyi ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типіне немесе ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типіне негізделе дамиды.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типінде өнім шығаруды eкi есеге арттыру үшін, жұмыскер саны және өндipicтік қорлар eкi есе ұлғаюы қажет. Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс күші және өндіріс қорларын дұрыс қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Практикада бұл ұлғаймалы өндірістің типтері белгілі арақатынаста немесе бipiн-бipi толықтыратын жағдайда. Қaзipгi жағдайда, ҒTP жағдайында, өндipicті интенсифтендіру негізіңде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты: ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өнімділігінің өcyi, ресурстарды қамтамасыз ету, қаржы қайтарымының көтepілуi нeгiзiнде жүзеге асады. Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қайнар көзі қосымша құн болып табылады, осы мақсатқа ол күрделі қаржы ретінде жұмсалады. Алайда нарық тетігінің сұранымы мен ұсынымы жағдайында мұның өзi жеткіліксіз.
Сұранымньң қальпты жағдайындағы экономикалық өсудің экстенсивті типін алатын болсақ мұнда ерекше қиындық туа қоймайды. Экономиканың жеткілікті қарқынды дамуы сол кезге дейін жүзеге асуы мүмкін: қоғам экстенсивті өсудің шектеулі кедергілерімен жолыққанша. Ондай кедергілерге табиғи ресурстардың қосымша жетіспеушілігін жатқызамыз. Әдетте, бұл жағдайда туындаған кедергілер шаруашылық айналымына жекелеген, қолайлы емес пайдалы қазбаларды қосу есебінен жабылады және бұл ресурстарды қымбаттатады. Оның тиімділігінің төмендегенінде экономикадағы пропорция өзгереді және экономикалық өсу қарқыны төмендей бастайды.
Сұранымның өсу жағдайында табиғи ресурстар мүмкіндігі мәселесі одан әpi қиындай түседі, сондықтан экономикалық өсу бірқатар факторларға байланысты:
табиғат ресурстарының саны мен сапасына;
еңбек ресурстарының саны мен сапасына;
капитал ресурстарына;
қолда бар технологияға.
Бip сөзбен айтатын болсақ, экстенсивті дамудың өзіндік экономикалық шектеулері бар. Мұндай жағдайға тап болған қоғам өзінің бағыт-бағдарын өзгертуге тырысады. Экстенсивті дамудың қайнар көзінің жойылуы қоғамды интенсивті өсу мүмкіндіктерін қарастыруға итермелейді. Демек техникалық процестің ресурсты сақтау түрлеріне бағыт-бағдар жасау: оларға — материалды сақтау, энергияны сақтау және қорды сақтау жатады. Барлық қоғамауқымындағы экономикалық өсу тауар мен қызмет көрсетудің жылдық көлемінің ұлғаюымен байқалады. Сондықтан экономикалық өcyді өлшеудің көрсеткіші: жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) немесе жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) немесе ұлттық табыс (ҰT) болып табылады. Экономикалық өсу абсолютті және салыстырмалы мөлшерде (алдағы кезеңдегі мөлшерге пайыз ретінде) өлшенеді. Мысалы, осы жылы нақты ЖҰӨ 210 млн. теңге кұраса, ал оның алдындағы жылы да — 200 млн. теңге болған, онда абсолюттік тұрғыдағы өciм 10 млн. теңге, ал салыстырмалы тұрғыда — 5% кұрайды.
Жекелеген уақыт мерзімінде экономикалық өсу жылдық өсу қарқынымен анықталады. (ЖҰӨ-нің өсу қарқынан анықтау үшін, осы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерін алдағы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерінен шегеру қажет. Сол айырманы алдағы жылғы нақты ЖҰӨ-ге жатқызып, нәтижесін пайыз түрінде көрсетеді). Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰО) бipaз жылғы қарқынды өсу сипаттамасы көрсеткіштерін түзе отырып, оның үрдісін ашуға, яғни экономикалық дамудың бағытын анықтауға болады.
Өндipic қарқынын жеделдетуге қол жеткізу үшін, Батыс елдерінің әртүрлі мектеп өкілдері экономикалық өсудің моделі мен формулаларын жасап, алдағы уақытқа болжау кұрады. Өсу формуласының негізінде «мультипликатор» теориясы жатыр. Ол кейінірек «акселерация» теориясымен толықтырылды. Мультипликатор — көбейткіш, ал акселератор — бұл дайын өнім сұранымының өсушілігіне деген интенсивті өсушілік коэффициенті. «Мультипликатор» ұғымын ағылшын экономиci Кан 1931-ші жылы енгізген, кейінірек Дж. М. Кейнс өзінің «Жұмыспен қамту, өciм және ақшаның жалпы қарқыы көзқарасын дамытты. Бұл ұғымды А. Хансен, Р. Харрод, Дж. Хикс, П. Самуэльсон, Н. Калдор және басқалар, өз еңбектерінде қарастырған. Мультипликатор қолда бар күрделі қаржының өcyі кезіндегі ұлттық табыстың қанша есеге өсетіндігін көрсетеді. Мысалы, жаңа жолды салуға күрделі қаржы 5 млн. долл. тең делік және орташа табыс жылына 1000 долл. болатын алғашқы кезде 1000 адамды жұмысқа тартады. Біpaқ жолды салуға белгілі көлемде ipi жабдықтар мен материалдар қажет және оларды өндіруге жұмыс атқаратын 1200 адам керек (сол бұрынғы жылдық табыс бойынша) болды. Жұмысты атқаратындардың (жұмыстылықтың) өcyi тұтыну заттарына сұранымды өcipe түседі. Сөйтіп келесі кезекте олардың өндірісінің ұлғаюына алып келеді және 800 адамды қосымша жұмысқа тартады. Демек, инвестициямен тікелей байланысты 1000 жұмысшыны жалдау нәтижесінде, жұмысты атқаратын-дардын түпкі жиынтығы 3000 адам жалпы 15 млн. долл. табысты кұрайды немесе алғашқыдан 3 есе көп деген сөз. Бұл жағдайда мультипликатор 3-ке тең.
Акселератордың ic-әpeкeті мультипликатармен байланысты: мультипликатор инвестицияның көбеюімен ұлттық табыстың өcyiн (оның өcyi еселенеді) қарастырады; акселератор (дайын өнім сұранымының өсушілігіне инвестициялық сұраным өсушілігінің коэффициенті) — ұлттық табыстың өcyi инвестицияның өсуіне алып келеді. Кезегінде бұл барлық жүйені қозғалысқа алып келеді. Экономикалық өсудің бipтeкті, бip бағытта ic-әрекет жасайтын мультипликациялық пpoцec пайда болады. Акселерация принципін алғаш рет 1913-ші жылы француз экономисі А. Афтальон (1874-1956) және 1919 жылы американ экономисі Дж. М. Кларк ұсынған. Кешірек ол Р. Харрод, Дж. Хикс, П. Самуэльсон еңбектерінде одан әpi дами түсті.
Мультипликациондық эффекті ауқымын болжау үшін Дж. Кейнс енгізген тәуелділіктің мәні зор: тұтыну шығындары мөлшері мен осы деңгейдегі табыс - «орташа тұтынуға бейімділік» — арасындағы тәуелділік. Орташа тұтынуға бейімділікті («АРС»-арқылы белгіленеді) экономикалық ғылымда «психологиялық фактор» ретінде түсіндіреді, ceбeбi адамның тұтыну тауарларын сатып алу ниетін көрсетеді. Тұтынуға бейімділік дегеніміз ұлттық табыстың тұтыну бөлігінің (С) барлық ұлттық табысқа қатынасы (Y) және «шектеулі тұтынуға бейімділік» (МРС) дегеніміз кез-келген тұтынудағы өзгерудің табыстары өзгepyiнe қатынасын көpceтeдi, яғни бұдан басқа да, Дж. Кейнс жинақтау мөлшері мен сол кезден табыс деңгейі арасындағы тәуелділікті eнгізді - орташа жинақтауға бейімделік және шектеулі жинақтауға бейімділік.
Жинақтауға бейімділікті бірден-бір психологиялық фактор ретінде көрсетеді. Шектеулі жинақтауға бейімділік (MPS) жинақтаудағы кез-келген өзгерудің сондағы табыстың өзгеруіне қатынасын көрсетеді, яғни жинақтаудағы өзгеру AS жинақтаудағы табыс АУ. Осы тәуелділіктер шекті мультипликациялык эффектіні бағалауға ыкпал етті.
Kазіргі Батыстық неоклассикалық экономикалық мектебінің өкілдері экономикалық өсудің тым күрделі көп факторлы моделін ұсынады. Нақтыласақ, көп факторлы Кобба-Дуглас функциясын айтамыз. Оның формуласы мынандай:
dL = dK - dS
мұндағы Q — өнім; L — еңбек; К — капитал; S — жер.
Экономикалық өсу экономиканың бip қалыпты алға қозғалысын және оның әлеуметтік-экономикалық пpогресін көрсетеді. Мұндай прогрестің жалпы критерийі өндіргіш күштердің даму деңгейі болып табылады. Кез келген басқа құбылыс сияқты, экономикалық прогрестің қозғаушы күші қайшылық болмақ. Өндipic пен тұтыныс арасындағы қайшылық жалпы негізгі және қозғаушы күш болып табылады. Тұтынулар өндipicтi ынталандырады, екінші жағынан өндірістің өзi жаңа тұтынуларды қалыптастырады — сөйтіп осылай қайталана береді. Бұл қайшылық — оның қоғамдық түріне тәуелсіз ең жалпылама және өндipic дамуының табиғи негізі. Кез келген қоғамда тұтынуды дәріптеу экономикалық тұтынулары да өcіп отырады. Олардың тұтынуларын қанағаттандыру үшін экономика материалдық және рухани игіліктерді қамтамасыз eтyi қажет. Осыдан байқалатындығы, экономикалық жүйе осы мәселені қандай дәрежеде шеше алатын мүмкіндігіне қарай оның өміршеңдігі анықталады. Ескеретін жай, қоғам ресурстары шексіз емес, сондықтан экономикалық өсудің интенсивті типі қолайлылау. Ceбeбi материалдық игіліктер мен қызмет көрсетудің артуына ғылыми-техникалық жетістіктердің негізінде, еңбек өнімділігінің өсуі есебінен қол жеткізіледі. Әрине, бұл барлық өндіріс факторларын тиімді қолданудың нәтижесінде ғана жүзеге асады.
Экономикалық өсудің қазіргі типінің өзіндік ерекшелігі бар. Ол мыналармен байланыстырылады: оның артта қалуы ХХ-шы ғасырдың 50-шы жылдары басталған ғылыми-техникалық революция дамуымен сәйкес келді. Экономикалық өсу сапалық жаңа дәрежеге көтерілді және ол ҒТР жағдайында өндірісті интенсифтендіру негізінде жүзеге асады.
ҒТР-ның қазіргі дәуірі технологиялық революция айдарымен жүзеге асып (70-80 жылдары басталды), мынаны байқатады:
- еңбекті сақтандыратын технологияны кеңінен қолдану, яғни роботтехниканы кеңінен қолданатын жұмыскерсіз технология, сондай-ақ машинасыз технологияны қолдану-өнімді машинаны қолданбай-ақ дайындау (мұндай технологияларға мынаны жатқызамыз: плазмалық, электронды-сәулелік, радиациялық, биологиялық және басқа технология түрлері);
- ресурсты сақтау технологиясы, шикізат пен материалды кешенді өңдеу арқылы аз қалдықты және қалдықсыз технологияны қолдану, шикізат элементтерін атмосфераға жіберуді, ағынды суға және тоғандарға қоқыс, үйінді тасталуын жою, яғни қоршаған ортаны ластамау.
Жаңа жағдайда өндіріс нәтижесіне баға беру өзгереді: бірінші орынға сандық мәселе емес, шығарылған өнімнің сапасы көтеріледі. Экономикалық өсудің жаңа сапалық белгісі — өндірістің прогрессивті құрылымының құрылуымен, ғылымды қажет ететін салалардың үлес салмағының артуымен түсіндіріледі. Олар ҒТР нәтижелерін енгізуді және қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Қазіргі жағдайда ғылым рөлінің өзгеруімен экономикалық өсу жаңа сапалық дәрежеге көтерілді. Ғылым қоғамның тікелей өңдіргіш күшіне айналуы аяқталып келеді. Жоғарыдағы аталған барлық жағдайлар экономика қозғалысына, экономика дамуына жаңа сапалық сипат береді. Экономикалық өсудің қайнар көзі — экономикалық ресурстар, экономикалық мүдделер мен ынталандыру. Олар атқаратын қызметтің келісімін ұлғайтуға және сапасын арттыруға белгілі уақыт кезеңінде барынша мүмкіндік жасайды. Нарықтық экономиканың негізін жеке меншік құрайды және ол әрбір адамның жігер-қайраты арқылы дамып, олардың жеке экономикалық мүдделерін жүзеге асырады. Экономикалық өсудің сапалық жаңа типінің негізгі қайнар көзі — экономикалық саясат. Экономикалық дамудың ерекше қайнар көзі инвестиция (күрделі каржы) болады. Бүгін салынған каржы көлемі келешектегі табысты ұлғайтуды көздейді. Бұған Жапония елі айқын дәлел: халық шаруашылығын дамытуға жұмсалған жоғарғы деңгейдегі инвестиция әлемдік қауымдастықта оны дамыған мемлекеттің қатарына көтеруге ықпал жасады. Экономикалық өсудің сапалық жаңа типінің түпкі мақсаты адам болып табылады. Оның ҒТР жетістігімен қаруланған білімін, еңбегін де айта аламыз. Сондай-ақ оның барлық кездегі көп түрлі тұтынымдары әлеуметтік-экономикалық прогрестің басты критерийі болмақ.
6. Тәжірибелік сабақтар мазмұны және олардың сағаттағы көлемі
1-тақырып. Макроэкономикаға кіріспе
1 Макроэкономикалық теорияның басты сұрақтары
2 ЖІӨ-ді қосылған құн, шығыстар және кірістері бойынша есептеу
3 Таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, қолда бар табыс
Тапсырма:
1 Экзогенді және эндогенді айнымалылар
2 ЖҰӨ дефляторы және баға индекстері
3 Негізгі макроэкономикалық тепе-теңдік
Берілген тақырыпты зерделеу барысында макроэкономикалық негізгі категориялар, жалпы экономикалық теңдестік туралы қарастыру керек.
Негізгі әдебиеттер: 1, 5
Қосымша әдебиеттер: 10, 14, 20
2-тақырып. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс. AD-AS үлгісі
1 Жабық экономикадағы жиытық сұраныс (АD) және оның анықтауыш факторлары
2 Жиынтық ұсыныс: классикалық және кейнсиандық үлгілері
3 Қысқа және ұзақ уақыт мерзіміндегі жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі
Тапсырма:
1 Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторлары
2 Қысқа және ұзақ уақыт мерзіміндегі жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі
3 Тұрақтандыру саясаты.
Берілген тақырыпты зерделеу барысында қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдердегі жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың ықпалдасуы негізіндегі макроэкономикалық теңдестіктің қалыптасуын қарастыру керек.
Негізгі әдебиеттер: 6, 7
Қосымша әдебиеттер: 11, 12, 13
3-тақырып. Өндіріс және еңбек нарығы
1 Өндіріс факторлары арасында ұлттық табысты бөлу
2 Еңбекке деген сұраныс
3 Жиынтық ұсыныс: классикалық және кейнсиандық көзқарас
Тапсырма:
1 Нақты жалақы және нақты капитал бағасы
2 Еңбекке деген сұраныс
3 Қысқа және ұзақ уақыт мерзіміндегі жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі
Берілген тақырыпты зерделеу барысында ұлттық экономикадағы жалпы өндіріс пен еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс, ондағы табыстардың бөлінуі ережелерін қарастыру керек.
Негізгі әдебиеттер: 2, 3
Қосымша әдебиеттер: 9, 15, 17,
4-тақырып. Игіліктер нарығы
1 Тұтыну функциясы. Тұтынуға деген шекті бейімділік
2 Пайыздық мөлшерлеме және инвестициялық функция
3 Кейнстің мемлекеттік шығыстар мультифликаторы мен салық мультифликаторы
Тапсырма:
1 Тұтынуға деген шекті бейімділік
2 Мемлекеттің кірісі мен шығысы.
3 Игіліктер нарығы және IS қисығы. Салық-бюджет саясатының әсері.
Берілген тақырыпты зерделеу барысында игіліктер нарығындағы макроэкономикалық субъектлердің тұтыну қылықтарын қарастыру керек.
Негізгі әдебиеттер: 1, 3
Қосымша әдебиеттер: 13, 16, 18
5-тақырып. Ақша нарығы
1 Ақша функциясы. Ақша агрегаттары. Ақшаның сандық теориясы
2 Ақшаға сұраныстың кейнсиандық және классикалық теориялары.
3 Ақша ұсынысының үлгісі. Ақша мультифликаторы
Тапсырма:
1 Ақша агрегаттары. Ақшаның сандық теориясы
2 Нақты және атаулы пайыз бағамдары. Фишер теңдеуі
3 Ақша мультифликаторы. Ақша нарығындағы тепе-теңдік
Берілген тақырыпты зерделеу барысында кең ауқымда ақша категориясын және оған сұраныс пен ұсыныстың теңдестігін қарастыру керек.
Негізгі әдебиеттер: 2, 5, 6
Қосымша әдебиеттер: 18, 19
6-тақырып. IS-LM үлгісі
1 IS-LM үлгісі
2 AD-AS және IS-LM үлгілері арасындағы байланыс
3 IS-LM үлгісіне салық-бюджет саясаты және қаржы-несие саясатының салыстырмалы тиімділігі
Тапсырма:
1 AD-AS және IS-LM үлгілері арасындағы байланыс
2 Инвестицияны ығыстыру нәтижесі.
3 Жабық экономикадағы жиынтық сұранысқа макроэкономикалық саясаттың ықпалы.
Берілген тақырыпты зерделеу барысында игіліктер мен ақша нарығының теңдестігін AD-AS және IS-LM үлгілерінің негізінде қарастыру керек.
Негізгі әдебиеттер: 4, 6
Қосымша әдебиеттер: 12, 20
7-тақырып. Макроэкономикалық тұрақсыздық. Жұмыссыздықтың экономикалық циклдары. Инфляция
1 Экономикалық циклдер және негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
2 Жұмыссыздық нысандары және оның табиғи деңгейі. Оукен заңы
3 Сұраныс инфляциясы және шығындар инфляциясы
4 Бюджеттік тапшылық және оны қаржыландыру
Тапсырма:
1 Экономикалық циклдер
2 Нақты жалақы және жұмыссыздық деңгейі. Филлипс қисығы
3 Күтілген және күтілмеген инфляция. Бюджеттік тапшылық және оны қаржыландыру
Берілген тақырыпты зерделеу барысында экономикалық тұрақсыздық, экономикалық циклдар, жұмыссыздық, инфляция категорияларын қарастыру керек.
Негізгі әдебиеттер: 8
Қосымша әдебиеттер:17, 19, 20
8-тақырып. Ашық экономика
1 Шағын ашық экономика
2 Төлем балансы
3 Ашық экономика үшін IS-LM үлгісі. Капитал жұмылдырылғыштығы
Тапсырма:
1 Шағын ашық экономика
2 Ағымдағы есепшот, капитал қозғалысының есепшоты, ресми резервтер
3 Ашық экономика үшін IS-LM үлгісі
Берілген тақырыпты зерделеу барысында ашық экономикадағы негізгі мәселелерді қарастыру керек.
Негізгі әдебиеттер: 2, 4
Қосымша әдебиеттер: 9, 10
9-тақырып. Айырбас бағамының түзілімі және жиынтық сұраныс
1 Айырбас бағамы тіркелген және құбылмалы жағдайдағы ашық экономикадағы тепе-теңдік
2 Толық капитал жинақылығы жағдайындағы бюджет және ақша саясаты
3 Фискалдық экспансия мен ақша саясатының өндіріс пен айырбас бағамына ықпалы
Тапсырма:
1 Толық капитал жинақылығы жағдайындағы бюджет және ақша саясаты.
2 Айырбас бағамы құбылмалы жағдайдағы ашық экономика
3 Күту және айырбас бағамының динамикасы
Берілген тақырыпты зерделеу барысында айырбас бағамы, бюджет және ақша саясаттарының мәселелерін қарастыру керек.
Негізгі әдебиеттер: 3, 6
Қосымша әдебиеттер: 9, 16, 18
10-тақырып. Экономикалық өсу
1 Экономикалық өсу. Солоудың ұзақ мерзімді өсу үлгісі
2 Жинақ ақша қорлары мен инвестициялар.
3 Капиталдың қорлануы. Экономикалық жағдай және капитал қорының деңгейі
4 Халық санының өсуі мен технологиялық ілгерлеушіліктің ықпалы.
Тапсырма:
1 Солоудың ұзақ мерзімді өсу үлгісі
2 Қорлану мөлшері белгіленген жағдайда капиталмен қамтамасыздан-дырудың тұрлаулы деңгейі
3 Қорланудың «Алтын ережесі»
Берілген тақырыпты зерделеу барысында экономикалық өсудің үлгілерін қарастыру керек.
Негізгі әдебиеттер: 4, 7
Қосымша әдебиеттер: 10, 16, 21
Өздік жұмыстардың тапсырмасы
1-тақырып. Макроэкономикаға кіріспе
1 Тақырыпты ауызша талқылауға дайындалу
2 «Ұлттық есепшоттар жүйесі» тақырыбына реферат дайындау
3 Тақырып сұрақтары бойынша әрқайсысы арасында 1 ғана жауап дұрыс болатын 5 нұсқалық жауапты 2 тестлік тапсырма дайындау
Әдістемелік ұсыныс: Оқу кезінде негізгі категорияларға мұқият көңіл бөлу және баға индексінің ерекшеліктеріне талдау жасаңыз
Бақылау түрі: талқылауға белсене қатысу, рефератты қорғау және тестлік тапсырманы тексерту
2-тақырып. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс. AD-AS үлгісі
1 Тақырыпты ауызша талқылауға дайындалу
2 «Қазақстандағы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс» тақырыбына презентация дайындау
3 Тақырып сұрақтары бойынша әрқайсысы арасында 1 ғана жауап дұрыс болатын 5 нұсқалық жауапты 2 тестлік тапсырма дайындау
Әдістемелік ұсыныс: жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың уақыт кезеңдеріндегі әрекеттесуін графиктік негізде талдап қарастырыңыз
Бақылау түрі: талқылауға белсене қатысу, презентацияны қорғау, тестлік тапсырманы тексерту
3-тақырып. Өндіріс және еңбек нарығы
1 Тақырыпты ауызша талқылауға дайындалу
2 «Қазақстанның ұлттық өндірісі және еңбек нарығы» тақырыбына қысқаша реферат дайындау
3 Тақырып сұрақтары бойынша әрқайсысы арасында 1 ғана жауап дұрыс болатын 5 нұсқалық жауапты 2 тестлік тапсырма дайындау
Әдістемелік ұсыныс: Оқу кезінде мына категорияларға мұқият көңіл бөлу керек: еңбекке сұраныс пен ұсынысқа байланысты еңбек ақының қалыптасуы жағдайын ерекше қарастырыңыз
Бақылау түрі: талқылауға белсене қатысу, рефератты қорғау, тестлік тапсырманы тексерту
4-тақырып. Игіліктер нарығы
1 Тақырыпты ауызша талқылауға дайындалу
2 «Игіліктер нарығы және IS қисығы» тақырыбына глоссари дайындау
3 Тақырып сұрақтары бойынша әрқайсысы арасында 1 ғана жауап дұрыс болатын 5 нұсқалық жауапты 2 тестлік тапсырма дайындау
Әдістемелік ұсыныс: Кейнстік крест қисығына талдау жасаңыз
Бақылау түрі: талқылауға белсене қатысу, глоссариді қорғау және тестлік тапсырманы тексерту
5-тақырып. Ақша нарығы
1 Тақырыпты ауызша талқылауға дайындалу
2 «Қазақстанның ақша жүйесі» тақырыбына эссе дайындау
3 Тақырып сұрақтары бойынша әрқайсысы арасында 1 ғана жауап дұрыс болатын 5 нұсқалық жауапты 2 тестлік тапсырма дайындау
Әдістемелік ұсыныс: ақшаға сұраныс пен ұсыныстың пайыздық мөлшерлемеге ықпалын айырықша қарастырыңыз
Бақылау түрі: талқылауға белсене қатысу, эссені қорғау, тестлік тапсырманы тексерту
6-тақырып. IS-LM үлгісі
1 Тақырыпты ауызша талқылауға дайындалу
2 «Тауарлар мен ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік» тақырыбына 4-6 беттік реферат дайындау
3 Тақырып сұрақтары бойынша әрқайсысы арасында 1 ғана жауап дұрыс болатын 5 нұсқалық жауапты 2 тестлік тапсырма дайындау
Әдістемелік ұсыныс: IS-LM үлгісін салып талдаңыз
Бақылау түрі: талқылауға белсене қатысу, рефератты қорғау, тестлік тапсырманы тексерту
7-тақырып. Макроэкономикалық тұрақсыздық. Жұмыссыздықтың экономикалық циклдары. Инфляция
1 Тақырыпты ауызша талқылауға дайындалу
2 «Қазақстандағы жұмыссыздық және инфляция» тақырыбына презентация дайындау
3 Тақырып сұрақтары бойынша әрқайсысы арасында 1 ғана жауап дұрыс болатын 5 нұсқалық жауапты 2 тестлік тапсырма дайындау
Әдістемелік ұсыныс: жұмыссыздық және инфляция арасындағы байланысқа уақыттық кезеңдер ерекшеліктерімен байланыстыра отырып қарастырыңыз
Бақылау түрі: талқылауға белсене қатысу, презентацияны қорғау, тестлік тапсырманы тексерту
8-тақырып. Ашық экономика
1 Тақырыпты ауызша талқылауға дайындалу
2 «Қазақстанның экспорты пен импорты» тақырыбына презентация дайындау
3 Тақырып сұрақтары бойынша әрқайсысы арасында 1 ғана жауап дұрыс болатын 5 нұсқалық жауапты 2 тестлік тапсырма дайындау
Әдістемелік ұсыныс: негізгі категорияларды мұқият қарастырыңыз
Бақылау түрі: талқылауға белсене қатысу, презентацияны қорғау, тестлік тапсырманы тексерту
9-тақырып. Айырбас бағамының түзілімі және жиынтық сұраныс
1 Тақырыпты ауызша талқылауға дайындалу
2 «Қазақстандағы валюта бағамдарының айырбас бағамының динамикасы» тақырыбына презентация дайындау
3 Тақырып сұрақтары бойынша әрқайсысы арасында 1 ғана жауап дұрыс болатын 5 нұсқалық жауапты 2 тестлік тапсырма дайындау
Әдістемелік ұсыныс: айырбас бағамының түзіліміне мұқият көңіл бөліңіз
Бақылау түрі: талқылауға белсене қатысу, презентацияны қорғау, тестлік тапсырманы тексерту
10-тақырып. Экономикалық өсу
1 Тақырыпты ауызша талқылауға дайындалу
2 «Қазақстанның соңғы 10 жылдағы экономикалық өсуі» тақырыбына презентация дайындау
3 Тақырып сұрақтары бойынша әрқайсысы арасында 1 ғана жауап дұрыс болатын 5 нұсқалық жауапты 2 тестлік тапсырма дайындау
Әдістемелік ұсыныс: Солоу үлгісіне талдау жасаңыз
Бақылау түрі: талқылауға белсене қатысу, презентацияны қорғау, тестлік тапсырманы тексерту
8. СӨЖМ кеңесінің кестесі
Сабақ түрлері
|
дүйсенбі
|
сейсенбі
|
сәрсенбі
|
бейсембі
|
жұма
|
сенбі
|
Дәріс сұрақтары бойынша кеңес алу
|
16.00-16.50
|
|
|
|
|
|
Семинар сұрақтары бойынша кеңес алу
|
|
|
16.00-16.50
|
|
|
|
СӨЖ сұрақтары бойынша кеңес алу
|
|
16.00-16.50
|
|
|
|
|
Курстық жұмыс бойынша кеңес алу
|
|
|
|
16.00-16.50
|
|
|
Тест тапсырмалары бойынша кеңес алу
|
|
|
|
|
16.00-16.50
|
|
9. Білім алушылардың білімдерін тексеру кестесі
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
Жұмыс түрлері
|
Тапсырма тақырыбы, мақсаты және мазмұны
|
Қолдан-ылатын әдебиеттер
|
Орындалу ұзақтығы
|
Бақылау нысаны
|
Тапсыру уақыты
|
Реферат, тест
|
Ұлттық есепшоттар жүйесі
|
|
1 апта
|
|
2-апта
|
Презентация, тест
|
Қазақстандағы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс
|
|
1 апта
|
|
3-апта
|
Реферат, тест
|
Қазақстанның ұлттық өндірісі және еңбек нарығы
|
|
1 апта
|
|
4-апта
|
Глоссари, тест
|
Игіліктер нарығы және IS қисығы
|
|
1 апта
|
|
5-апта
|
Эссе, тест
|
Қазақстанның ақша жүйесі
|
|
1 апта
|
|
6-апта
|
Курстық жұмыс
|
КЖ орындалуы барысын тексеру
|
|
7 апта
|
КЖ 1, 2 бөлімі
|
7-апта
|
Межелік бақылау
|
Модуль 1,2
|
|
|
коллок-виум
|
8-апта
|
Реферат, тест
|
Тауарлар мен ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік
|
|
1 апта
|
|
9-апта
|
Презентация, тест
|
Қазақстандағы жұмыссыздық және инфляция
|
|
1 апта
|
|
10-апта
|
Презентация, тест
|
Қазақстанның экспорты пен импорты
|
|
1 апта
|
|
11-апта
|
Презентация, тест
|
Қазақстандағы валюта бағамдарының айырбас бағамының динамикасы
|
|
1 апта
|
|
12-апта
|
Презентация, тест
|
Қазақстанның соңғы 10 жылдағы экономикалық өсуі
|
|
1 апта
|
|
13-апта
|
Курстық жұмыс
|
Курстық жұмысты қорғау
|
|
6 апта
|
КЖ
|
14-апта
|
Межелік бақылау
|
Модуль 3,4
|
|
|
коллок-виум
|
15-апта
|
10. Білім алушылардың білімін бағалау критерилері
Пәнді оқудың соңы емтихан тапсырмен аяқталады, яғни өткен барлық материалдарды қамтиды. Емтиханға жіберілу міндетті түрде бағдарламада көрсетілген барлық тапсырмалаларды тапсырғаннан кейін ғана іске асады. Әрбір сабақ 100 баллдық жүйемен бағаланады.
Жіберту рейтингісі барлық ағымдағы сабақтар тапсырмаларын (дәрістерге қатысу, үй тапсырмаларын орындау, СӨЖ бойынша тапсырмалар, межелік бақылау және т.б.) орындап, тапсыру арқылы жүзеге асады.
Пән бойынша межелік бақылауға (МБ) жұмыс оқу бағдарламасының барлық талаптарын (барлық лабораториялық жұмыстарды, СӨЖ жұмыстарын және тапсырмаларын), курстық жұмысты қорғаудан және межелік бақылаудан 50-ден кем емес балл жинаған студенттер жіберіледі. Пән бойынша студенттің оқу үлгерімі деңгейі (соның ішінде пәндер бойынша қорытынды бақылау нысаны (Е) қорытынды бағамен (Қ) белгіленеді, ол ЖР және ҚБ бағаларының (емтиханнан, дифференциалданған сынақтан немесе курстық жұмыстан, олардың үлес салмағы есепке ала отырып) жиынтығынан құралады.
Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4
Үлес салмағы жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және ЖР үшін 0,6-дан артық емес, ҚБ үшін 0,3-тен кем емес болу керек.
Қорытынды баға пән бойынша мына жағдайда, егер білім алушы, жіберу рейтингісі бойынша және қорытынды бақылау бойынша оң баға алған жағдайда ғана есептелінеді. Қорытынды бақылауда келеңсіз жағдайлар бойынша келе алмаған жағдайда «қанағаттанарлықсыз» бағасы қойылады. Емтихан бағасы студенттерге сол күні белгілі болуы керек немесе жабаша емтихан түстен кейін алынған жағдайда ертеңгі күні бағасы айтылады.
Нақты есептеу үшін білім алушылардың қорытынды бағасын межелік бақылауда және ақырғы емтиханда 0 ден 100 % -ға дейінгі аралықта бағалайды.
Межелік бақылау бағасы ақырғы баға мен межелік бақылау бағаларының қосындысынан құралады.
Студенттердің білімдері, машықтықтары көп баллдық әріптік жүйемен және бағалаудың дәстүрлік жүйесімен бағаланады:
Әріптік жүйе бойынша бағалау
|
Баллдардың цифр-лық эквиваленті
|
Пайыздық мазмұны
|
Дәстүрлік жүйе бойынша бағалау
|
A
|
4,0
|
95-100
|
өте жақсы
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
жақсы
|
B
|
3,0
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
қанағттанарлық
|
C
|
2,0
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
қанағаттанарлықсыз
|
11. Оқытушы талаптары, саясаты және өткізілуі
Сабаққа қатысушылар барлық аудитория сабақтарына кешікпей келулері керек. Егер сабаққа кешіккен жағдайда, деканаттың бекітілген тәртібімен іс шара жүргізіледі. Ең жоғары дегенде екі сабақты босатқан студент болса, онда ол жіберіледі. Сабаққа екі реет кешігіп келсе, ол бір босатқан болып есептелінеді. Егер екі босатқаннан да көп болса, онда оқытушы студентті сабаққа кіргізбеуге құқылы және бұл мәселені әкімшілік тарапынан шешуге жібереді. Дәрістерге бұл курстарда оқымайтын бөгде адамдардың кіруіне рұқсат берілмейді..
Жұмыстарды берілген уақыттарында тапсыру керек. Барлық тапсырмаларды ақырғы тапсыру – емтихан сессиясы басталғанға дейін 3 күн қалғанда.
Барлық тапсырмаларды тапсырмаған және курстық жұмысты қорғамаған студенттер емтиханға жіберілмейді.
Өткен тақырыптарды және өткен материалдарды міндетті түрде қайталап оқып отыру қажет. Оқу материалдарын меңгеруді бақылау тест түрінде немесе жазбаша түрде тексеріліп отырады.
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өздік жұмыстарын орындау кезінде мына төрт негізгі функцияларды ескеру қажет:
Бірінші – студенттер оқу пәні бойынша белгіленген сабақтары бойынша оқытушылардың ақпараттарын белсенді қабылдауды қажет етеді.
Екінші функциясы, студенттер өз еріктерімен оқу-әдістемелік құралдарын, оқулықтарды пайдалана отырып үй тапсырмаларын, бақылау жұмыстарын және курстық жұмыстарды орындайды..
Үшінші функциясы студенттер талдау жасағанда, сабақты түсінбей қиындықтар туындауы мүмкін. Осы жағдайда студенттер оқытушыға сұрақтар қою арқылы мәселелерді шешуі.
Төртінші функция студенттердің оқытушыға кеңестер алуы, талқылаулары жатады.
12. Әдебиеттер тізімі
Негізгі
Ивашутин А. Л. Макроэкономика. учебное пособие. – Минск: Амалфея, 2008.
Симонов С. Г. Национальная экономика: макроэкономический подход. учебное пособие. – Тюмень, 2007
Шевчук Д. А. Макроэкономика. – Ростов на Дону : Феникс, 2007.
Базылев Н. И. Макроэкономика: учебное пособие. – М.: ИНФРА-М, 2004
Пол Самуэльсон, Вильям Нордхаус. Макроэкономика. – 2009. – 542 с.
Доғалов А. Н., Досмағанбетов Н. С. Макроэкономика: оқулық. – Алматы: Дәуір, 2012. – 416 б.
Абишева А. А., Хубиева К. А. Макроэкономика. – Алматы: Экономика, 2009. – 381 с
Макроэкономикалық тұрақсыздық: экономикалық циклдер, жұмыссыздық, инфляция: зерттеу жұмысы. Ж. Мырзабек, Б. Рахимжанова, Қ. Соспанова, З. Шарипова. – Павлодар: Кереку, 2009
Қосымша
Киреев А. П. Прикладная макроэкономика. Учебник + приложение на СD-rom
Николаева И. П. Макроэкономика. учебное пособие. – М. :ЮНИТИ, 2002
Селищев А. С. Леусского А. Макроэкономика. – СПб. : Питер, 2002
Вечканов Г. С., Вечканова Г. Р. Макроэкономика. – СПб. : Питер, 2001.-115с.
Агапова Т.А. Макроэкономика. – М.: МГУ, 2005, с 464
Краткий курс макроэкономики. Под редакцией Мухамедиева Б. М. – Алматы, 2004
Киселева Е .А. Макроэкономика: конспект лекций. – М. : Эксмо, 2006
Макроэкономика. Под ред. М. И. Плотницкого. – М. : Новое знание, 2004
Экономическая теория: Микро и макроэкономика. Учебное пособие. Под ред. М. И. Плотницкого. – Минск : Кн. дом, 2005
Макконелл К., Брю С. Экономикс. Т 1, – М., 2003.
Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. – М. : Дело, 2001. – 550 с.
Мамыров Н. К., Тлеужанова М. А. Макроэкономика. – Алматы, 2003.
Султанов Б. К., Алшанов Р. А. Әлемдік экономикалық дағдарыс: Қазақстан үшін салдары. Алматы, 10 дек. 2008 г. – Алматы: КИСИ при Призиденте РК, 2009.
13. Курстық жұмысты орындау және қорғау
1 Тапсырманы таңдау нұсқасы
Курстық жұмыстың тақырыбы студенттің сынақ кітапшасының соңғы цифры бойынша және аты-жөнінің бірінші әріпі бойынша таңдалады (1-кесте).
1-кесте – Курстық жұмыс тақырыптарының нұсқасы
Аты-жөнінің бірінші әріпі
|
Сынақ кітапшасының соңғы цифры
|
0
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
А - В
|
00
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
Г - Е
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
19
|
Ж - И
|
20
|
21
|
22
|
23
|
24
|
25
|
26
|
27
|
28
|
29
|
К - М
|
30
|
31
|
32
|
33
|
34
|
35
|
36
|
37
|
38
|
39
|
Н - Ө
|
40
|
41
|
42
|
43
|
44
|
45
|
46
|
47
|
48
|
49
|
П - Т
|
50
|
51
|
52
|
53
|
54
|
55
|
56
|
57
|
58
|
59
|
У - Ф
|
60
|
61
|
62
|
63
|
64
|
65
|
66
|
67
|
68
|
69
|
Х - Ч
|
70
|
71
|
72
|
73
|
74
|
75
|
76
|
77
|
78
|
79
|
Ш - Я
|
80
|
81
|
82
|
83
|
84
|
85
|
86
|
87
|
88
|
89
|
2 Курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Курстық жұмысты орындау кезінде келесі әдістемелік нұсқаулар орындалуы тиіс:
- таңдап алынған тақырыптың мәнін, ғылыми-әдістемелік және мәселелік негіздерін ашу мақсатында қажетті материалдық көздерді зерттеу және конспектілеу;
- ғылыми теориялық қорытындыны тәжірибеде болып жатқан үрдістермен салыстыру мақсатында динамикалық, нормативтік материалдар мен құрылымдық, көлемдік және сапалық көрсеткіштерге талдау жасау;
- зерттелетін мәселені шешу, жетілдіру және әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру жолдары мен әдістерінің негіздемесі.
Курстық жұмысты орындауды ұйымдастыруды келесі кезеңдерден өтеді:
- студенттерге кафедраның отырысында бекітілген курстық жұмыс тақырыптары ұсынылады;
- тақырыпты таңдап алғаннан соң студент әдебиет көздерімен танысады, жұмыстың жоспары мен библиографиясын құрастырады, жұмыс жоспары ғылыми жетекшімен келісіледі;
- жұмыс жоспары бекітілгеннен кейін, студент жоспар бойынша тақырыпты мазмұндайды, таңдалған әдебиет, журналдың мақалалары, кестелері арқылы өз конспектілерін дайындайды. Жұмыстың бөлімдерінің аттары жұмыс жоспарының сұрақтарына сай болуы тиіс.
Курстық жұмыс 20-25 баспалық бетке жазылады.
Кіріспеде:
- шешілетін мәселенің қазіргі жағдайын баға беріледі, тақырыптың көкейтестілігін және ғылым мен тәжірибе үшін оның маңыздылығын негіздейді;
- жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін, зерттеу аясын және зерттеу объектісі мен пәнін, зерттеудің заңнамалық базасын анықтайды;
- талдауды өткізуге, сәйкес қорытындыларды жасауға және кепілдемелерді беруге мүмкіндік туғызатын зерттеудің ақпараттық базасын көрсетеді;
- жұмыс нәтижелерінің мақұлдауын (апробациясын) белгілейді (егер ол орын алатын болса).
Кіріспеде нақты жұмыс көзқарасы тұрғысынан маңызы аз мәліметтер болмауы тиіс және көлемі бойынша 2-3 беттен аспауы керек.
Бірінші бөлім, ереже бойынша, теориялық сипатқа ие. Курстық жұмыстың теориялық бөлігінде зерттелетін мәселенің мәні ашылып көрсетіледі, оның өңделу жағдайы анықталады, зерттелетін объектінің әрекет етуінің нақты жағдайларын ескере отырып осы мәселені шешудің тұжырымдамасы баяндалады. Берілген бөлім ғылыми-зерттеушілік сипатқа ие, мұнда мемлекеттік және жергілікті басқарудың әдістемелік сұрақтары, ұйымдастырушылық, экономикалық, аумақтық, әлеуметтік және басқа да мәселелердің принципиалды аспектілері терең қарастырылады және бұл бөлімде зерттелетін мәселеге байланысты шетел тәжірибесін қоса қарастыруға болады. Теориялық бөлімнің мазмұны студенттің мамандану мен мамандықтың профильді пәндері саласындағы білімдерін, әдебиетпен жұмыс істеу және жиналған материалды жүйелендіру іскерлігін көрсетеді. Теориялық бөлімде егер әдебиет көздері туралы сөз болса, онда әдебиетке сілтемелер көрсетілуі қажет.
Екінші бөлім сараптамалық сипатқа ие. Мұнда жинақталған мәліметтер көмегімен тақырыптың қазіргі күйі зерттелініп, мәселенің оң және теріс қырлары анықталады. Зерттеу объектісінің жағдайын талдау және бағалау практикада жиналған мәліметтер негізінде орындалады. Зерттеу барысында зерттелетін объектінің жағдайына әсерін тигізген факторларды бөліп көрсету, оның дамуының қол жеткізілген деңгейіне баға беру, осы үдерістің серпінінің оң және кері үрдістерін, олардың негізгі факторларын анықтау қажет. Берілген тарау талдау және жоспарлау үшін алдын-ала өңделген, жүйелендірілген сандық материалға негізделген есептеулермен толықтырылады.
Үшінші бөлім – ұсыныс бөлімі. Мұнда бірінші және екінші бөлімде жинақталған мәліметтер негізінде аталмыш мәселенің қолайсыз, олқы тұстарын жетілдіру немесе түбегейлі өзгерту бағыттарына арналуы мүмкін немесе бұл бөлімде зерттелетін мәселеге байланысты шетел тәжірибесін қоса қарастыруға болады. Бұл қорғау үшін аса маңызды бөлім, сондықтан да берілген бөлімде келтірілетін барлық есептер аса сенімді негіздеуге, ал кестелер мен сызбалар – жеткілікті дәлелдер мен түсініктерге негізделген болуы тиіс.
Қорытынды бөлімнің басты міндеті болып барлық жұмыстың қорытындысын шығару табылады. Сондықтанда мұнда, ереже бойынша, жаңа нақты мәліметтер де, жаңа теориялық ережелер де келтірілмейді, ал тек қана қорытындылар мен ұсыныстар беріледі. Ұсыныстар мен қорытындыларға келесі талаптар қойылады:
- оларда теориялық және тәжірибелік зерттеулердің нәтижелері болуы тиіс;
- олар нақты әрі қысқаша болуы керек;
- қортындыда әдебиетке сілтемелер мен түсіндірмелер болмауы керек;
- қорытындыда тек «кіріспе» бөлімінде көрсетілген зерттеу мақсаттарына сәйкес болуы керек және олардың мазмұны жұмыс мәтінін оқымай-ақ түсінікті болатындай баяндалуы тиіс, сонымен қатар орындалған жұмыстың практикалық маңыздылығын және егер мүмкін болса – жаңашылдықтың маңызын атап өту қажет.
Жұмыс СТП-СК-03-02 талаптарына сәйкес нысандалады және белгіленген мерзімде «Экономкалық теория» кафедрасына тіркелуге тапсырылады:
- әдістемелік нұсқауларымен сәйкес жазылған курстық жұмысты жетекшіге тексеруге және оның деңгейін бағалауға тапсырылады;
- курстық жұмыс ғылыми жетекшісінің ескертулерімен өңделуі тиісті, егер ғылыми жетекшіні курстық жұмыс қанағаттандырмаса, онда ол қорғауға жіберілмейді;
- егер курстық жұмыс талаптарға сәйкес келіп, ғылыми жетекшімен құпталса, онда кафедраның шешімімен құралған комиссияның алдына студент курстық жұмыс қорғайды.
Курстық жұмысты қорғау барысында студент тақырып бойынша өз бетінше зерттеу жүргізгенін, талданып отырған әдеби-дәлелдік материалдарды жеткілікті мөлшерде игергенін, ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік сипатта қойылған сұрақтарға дәлелді жауап қайтара алатынын дәлелдеп шығуға тиісті. Егер қорғау бұл талаптарға сай болмаса комиссия курстық жұмысқа теріс баға қояды және ол жөндеу мен толықтыру үшін қайтарылады.
Курстық жұмыс 100 балдық шәкілмен бағаланады. Мысалы, СӨЖ-дің 60 сағатының 25 сағаты курстық жұмысты орындауға, оның ішінде: тапсырма беру, сәйкес әдебиеттерді оқуға – 1с (2 балл), курстық жұмыстың негізгі мақсаттары мен талаптарын орындауға – 2 с (6 балл), курстық жұмыстың бірінші бөлімін жазуға – 4 с (10 балл), курстық жұмыстың екінші бөлімін жазуға – 8 с (14 балл), курстық жұмыстың үшінші бөлімін жазуға – 7 с (12 балл), қойылған талаптарға сәйкес жұмысты дайындауға – 2,5 с (5 балл), орындалған жұмысты қорғауға – 0,5 с (51 балл) бөлінеді.
Сәтті қорғаудан шыққаннан кейін студент есепке немесе «Макроэкономика» курсы бойынша емтиханға жіберіледі.
3 Курстық жұмыстың тақырыптары
3.1 ҚР-ның мемлекеттік бюджеті
3.2 Қазақстан экономикасына әлемдік қаржы нарығының ықпалы
3.3 Қазақстанның ЖҰӨ-і және ЖІӨ-і. Оларды есептеу әдістері
3.4 Аралас экономикадағы мемлекеттің рөлі
3.5 Экономикалық өсуді мемлекеттік реттеудің маңызы
3.6 ҚР-ның банк жүйесі
3.7 Адамзаттың жаһандық мәселелері
3.8 Халықаралық валюта қатынастары. ҚР-ның валюта саясаты
3.9 ҚР-ның еңбек нарығы: мәселелері және болашағы
3.10 Жұмыссыздық – қоғамдағы күрделі экономикалық-әлеуметтік мәселе
3.11 Қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдегі жұмыссыздық пен инфляцияның ара байланысы
3.12 Ұлттық қорлану – инвестицияның бастауы
3.13 ҚР-ның қор нарығы: мәселелері және болашағы
3.14 ҚР-ның инвестициялық саясаты
3.15 ҚР-дағы инфляциялық үрдістерді реттеу ұстанымдары
3.16 Инфляция және онымен күрес (шетелдер тәжірибесі)
3.17 Макроэкономикалық тұрақсыздық: мәселелері және шешу жолдары
3.18 ҚР-дағы бюджеттік тапшылық және мемлекеттік қарыз
3.19 ҚР-ның бюджеттік-салықтық (фискальдық) саясаты
3.20 Қазақстан экономикасының әлемдік шаруашылыққа енуі мәселелері
3.21 ҚР-ның ұлттық есепшоттар жүйесі
3.22 ҚР экономикасының өсу мәселелері
3.23 ҚР-ның ақша-несие (монетарлық) саясаты
3.24 Дағдарыс жағдайындағы Қазақстанның макроэкономикалық тұрақтандыру саясаты
3.25 ҚР-ның ішкі және сыртқы қарызы: қазіргі жай-күйі және болашағы
3.26 Әлемдік валюталар жүйесінің эволюциясы және қазіргі уақыттағы мәселелері
3.27 ҚР-ның әлеуметтік саясаты
3.28 ҚР-ның ақша базасының және ақша агрегаттарының талдауы
3.29 Қазақстанның демографиялық мәселелері және болашағы
3.30 Халықаралық экономикалық интеграциядағы Қазақстанның рөлі
3.31 ҚР-ның төлем балансы: қазіргі жай-күйі және болашағы
3.32 ҚР-ның Ұлттық банкі және оның қызметі
3.33 Жұмыс күшінің халықаралық көші-қоны
3.34 ҚР-ның ақша нарығының теңдестігі жағдайы
3.35 Мемлекеттің антимонополиялық саясатының негіздері
3.36 ҚР-ның несие-ақша нарығы және пайыз мөлшерлемесі
3.37 Халықаралық несиенің ел экономикасына оң және теріс ықпалы
3.38 Халықаралық саудадағы Қазақстанның үлесі
3.39 Халықаралық еңбек бөлінісі
3.40 Қазақстанның төлем балансы: қазіргі жағдайы және келешегі
3.41 Тәуелсіздік жылдарындағы ҚР-ның ЖҰӨ-і серпінін талдау
3.42 ҚР айырбас бағамы мен есептік қойылымды реттеу
3.43 Айырбас бағамы, халықаралық капитал ағымы және сауда балансы
3.44 ҚР-дағы мемлекеттік қарыздар мәселесі
3.45 ҚР-ның ақша-несие саясатының ерекшеліктері
3.46 ҚР-ның сыртқы сауда байланысының сипаттамалық белгілері
3.47 ҚР-ның фискальдық саясаты
3.48 ҚР-дағы шағын бизнестің дамуы және оның экономикалық өсімдегі рөлі
3.49 Экономиканың нақты саласына инвестиция салу, жаңа технологиялар мен рестуктуризацияны меңгеру
3.50 ҚР-дағы еңбекке сұраныс, артық жұмысбастылық, еңбек ақы бойынша төлем қабілетсіздік
3.51 Жұмысбастылық пен жұмыссыздық: демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштерге байланысты
3.52 Экономикалық реформалардың демографиялық және әлеуметтік салдары
3.53 Қазақстандағы халық табысы мен шығындары серпіні және құрылымы
3.54 ҚР-ның қаржы нарықтарын талдау
3.55 ҚР-дағы төлем қабілетсіздігі мәселелері
3.56 Соңғы бес жылдағы ҚР-ның негізгі макроэкономикалық агрегаттар ы серпінін талдау (жинақтау, тұтыну, инвестиция)
3.57 ҚР-ның салық салу жүйесін реформалау
3.58 ҚР-ның сыртқы сауда саясатының тауар, капитал және шикізат ағымдарына әсері
3.59 ҚР-ның БӘСҰ-ына кіруі: мәселелері және болашағы
3.60 ҚР-дағы зейнетақы жүйесін реформалау
3.61 ҚР-ның индустриалдық-инновациялық саясаты
3.62 ҚР-ның экономикалық өсуі: факторлары, кезеңдері және ерекшеліктері
3.63 ҚР-дағы антимонопольдық реттеу және мемлекет экономикасының тұрақты дамуындағы рөлі
3.64 ҚР-ның экономикасының аймақаралық ерекшеліктері
3.65 Монетарлық саясаттың экономикалық өсімді қамтамасыз етудегі рөлі
3.66 ҚР-дағы банк жүйесінің дамуы
3.67 ҚР-дағы депозиттерді сақтандыру және халық жинақтарының серпіні
3.68 Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуы және құрылымы
3.69 Ұлттық қор: құрылымы және мақсаты
3.70 Әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстан экономикасына ықпалы
3.71 Қоршаған ортаны қорғау мәселелері және болашағы
3.72 Әлеуметтік әділдік концепциясы: теория және тәжірибе
3.73 Дағдарысқа қарсы (антикризистік) басқару: мазмұны, ұстанымдары, әдістері
3.74 Мемлекеттік кеден саясаты
3.75 Мемлекеттің әлеуметтік саясаты және оны аймақтар деңгейінде жүзеге асыру мәселелері
3.76 Елдің салыстырмалы артықшылықпен байланысты мамандануы
3.77 ҚР-дағы валюта нарығы
3.78 Коммерциялық банктер жүйесінің ел экономикасына ықпалы
3.79 Мемлекеттік шығындар құрылымы
3.80 Халық шаруашылығы қуаты және қазіргі кезеңдегі пайдаланылу деңгейі
3.81 Жалпы макроэкономикалық теңдестік: теория және тәжірибе
3.82 Макроэкономикалық тұрақсыздық: теория және тәжірибе
3.83 Жұмыссыздық: теория және тәжірибе
3.84 Макроэкономикалық теория: пәні және зерттеу әдістері
3.85 Төлем балансы және айырбас бағамы
3.86 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардабы
3.87 Макроэкономикалық саясат және оның мақсаттары
3.88 Дағдарысты экономикадағы мемлекеттің рөлі
3.89 Экономикалық циклдер теориясы
Достарыңызбен бөлісу: |