Аяқтау операторы. Break операторының екі қолдануы бар:
а) switch операторында case таңдауының соңына қойылады:
б) циклдағы шартты тексерусіз, циклды аяқтайды.
Егер break-операторы цикл түзілімнің ішінде кездессе, онда сол бойда циклдан шығып, басқару цикл денесінен кейінгі операторға беріледі. Бұл оператор кейбір айнымалыға анықталған мән меншіктеу циклын аяқтайды.
/* _C_ 41____0 ден 100 дейінгі квадраты 100 артық емес және 3 ке бөлінетін бүтін сандарды баспалаңдар __________________ */
#include
#include
main(){clrscr(); int i; for( i=0; i<100; i+=3)
{ if(i*i>100) break; else printf(" %d\n", i*i);}}
/*________________________________________________ eo program__*/
/*____ нәтиже 0 3 6 9 _____________________________*/
Жалғастыру операторы. Тағыда бір пайдалы оператор Continue. Егер Continue цикл оператор құрамында кездессе, онда ол басқаруды циклдың келесі итерация (қайталау) басына береді: while және do- while циклдарында шартты тексеруге, ал, for циклінде өсімшеге. T , ең жақын сыртқы операторының басына береді, программада келесі итерация басталады. Бұл оператор әрекеті break операторына қарсы.
/* _ C _42___________ 7 ге еселі сандарды баспалау _______ */
# includemain() { int i ; for(i=1;i<100; i++)
{ if(i%7) continue;printf(“%8d”,i); } }
/*_C_43_ y=2x+z функция мәндерін [1,6] [12,20] аралықта есептеп, баспалалаңдар */
# include
main() { int x,y,z ;printf(“ z санын енгізіңіз ”);
scanf(”%d”,&z); n++; for ( x=1 ;x<20; x++)
{ if ((x>6) && (x<12)) continue ;
н=2*ч+яжзкштеа(Э ч =%вб н=%вЭбчбн)ЪЪ
Қайту операторы. Return ағымдағы функция орындалуын тоқтатып, басқаруды шақырылған функцияға береді. Return<өрнек> ағындағы функция орындалуын тоқтатады да, басқаруды шақырған функцияға береді, есептелген функция мәнін өрнекке береді. Мысалы, Return х+у. (Return операторының жұмысы туралы §11 толығырақ баяндалған.) Егер main() функциясының параметрі бар және нәтижені қайтаратын болса оның хабарлануы:
int main(intarg, char*arg[ ])
<нұсқаулар>;
return(мән) ;
Егер main() функциясының параметрлері болмаса және нәтижені қайтармаса ,оның хабарлануы:
Void main( )
{ <нұсқаулар>;} <нұсқаулар> - функция денесі.
№7 жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |