Деректер типтері. Си тілінің басқа тілдерден маңызды ерекшеліктерінің бірі – тип мәселесінде. Мұнда мәндердің көрсетілімін әртүрлі типті деректер ретінде түсінуді әртүрлі тәсілдермен қамтамасыз етілген. Cи жүйесінде берілгендердің: скалярлық (арифметикалық - бүтін, нақты, символдық, нұсқағыш және санамалы); функция және жиым (массив), құрылым (структура), бірігу (объединение) және тізімдеу (перечисление) типтері болады. Типтердің негізгі (void, int, char, float, double ), олардың әртүрлі нұсқалары short, unsigned, long және туынды типтер (басқа типтерге-жиымға, функция, жол, бірігулерге сілтемелер). Деректер типі шаманың мүмкін қабылдайтын мәндер жиынын және оларға қол данылатын операциялар жиынтығын анықтайды. Си тілінде типтер шаманың атауымен (идентификатормен) айнымалымен байланысты, ал айнымалы жад ұяшығымен байланысты. Сонда айнымалы типі осы айнымалы жазылатын жад ұяшығының өлшемін, ондағы ақпаратты шартаңбалау (кодтау) тәсілін, осы айнымалы мәнін мүмкін түрлендірулерді анықтайды. Барлық айнымалы оларды пайдаланғанша сипатталуы керек және тек қана бір рет болуы керек. Айнымалыны сипаттағанда әуелі оның типін бос орын тастап оның идентификаторларын үтірмен айырып жазу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |