\a- қоңырау сигналы; \b- бір позицияға кері шегіну ;
\f – бетті аудару- жаңа бетке өту; \n – жаңа жолға өту ;
№ 1 кесте
Символ
|
Атауы
|
Символ
|
Атауы
|
*
|
Жұлдызша
|
#
|
нөмір( дзиет)
|
,
|
Үтір
|
<
|
кіші
|
.
|
нүкте
|
>
|
үлкен
|
;
|
нүктелі үтір
|
~
|
тильда
|
:
|
қос нүкте
|
<=
|
кіші немесе тең
|
+
|
Плюс
|
>=
|
үлкен немесе тең
|
-
|
Минус
|
“
|
қос тырнақша
|
!
|
леп белгісі
|
==
|
тең ( қатнас таңбасы)
|
/
|
қиғаш сызық
|
&&
|
конъюнкция( және)
|
\
|
кері қиғаш сызық
|
||
|
дизъюнкция( немесе)
|
%
|
қалдық( пайыз белгісі)
|
^
|
логикалық емес
|
?
|
сұрақ белгісі
|
(
|
оң жақ жәй жақша
|
&
|
Амперсанд
|
)
|
оң жақ жәй жақша
|
‘
|
aпостроф
|
{
|
сол жақ жүйелі жақша
|
=
|
меншіктеу
|
}
|
оң жақ жүйелі жақша
|
!=
|
тең емес
|
]
|
оң жақ тік жақша
|
|
|
тік сызықша
|
[
|
сол жақ тік жақша
|
\r – меңзегішті (курсорды) қайыру ; \ t –көлденең (горизанталь) кестелеу ;
\v - тігінен (вертикаль) кестелеу ; \? - сұрақ белгісі;
\\ - кері қиғаш сызық; \’’ - қос тырнақша; \ ‘ - апостроф;
\ ooo- сегіздік жүйе шарттаңбасы; \xhh - оналтылық жүйе шарттаңбасы;
Бұлардан басқа негізгі символдар жиынына түсініктемелер, символдық тұрақтылар және жолдар үшін пайдаланатын орыс, қазақ тілінің алфавит әріптері де енеді. Тілдің қарапайым объектілеріне сандар, идентификаторлар, тұрақтылар , айнымалылар, функция және өрнек ұғымдар енеді.
Лексемдер (tokens) деп тілдің айырылмайтын символдар тізбегін (идентификаторлар, түйінді сөздер, тұрақтылар, жолдар, операциялардың құрамды белгілері, айырғыштар) айтады. Лексемдер бір-бірінен бос орын немесе тілдің графикалық емес символдар (эскейп тізбектер) арқылы айырылады.
Литералдар (literal) – тілдің өзгермейтін объектілері (тұрақтылар). Олардың сандық және символдық (оның ішінде – жолдар немесе символдар тіркесі) типтері болады.
Сандық литералдар ондық (бүтін және нақты, қысқа және ұзын), сегіздік, оналтылық санау жүйелерінде берілуі мүмкін. 0-9 цифрларынан тұратын, 1-ші цифры нөл емес - бүтін сандар ондық литералдар деп аталады. Мысалы, 1985, 2345678 - ұзын; 314е+2, 5Е2 экспоненциалдық.
Ондық нақты литералдар деп бүтін бөлігі, одан кейін ондық үтір, одан кейін бөлшек бөлігі, содан кейін e немесе E әріпі және экспоненциалдық тұрақтылармен (таңбасы болуы міндетті емес) жазылатын санды айтады. Бүтін және бөлшек бөліктері цифрлар тіркесі. Мысалы, 0.00; 3,14е-3; 63,4Е+2.
Сегіздік литералдар 0 (нөл) цифрынан басталатын және 0-7 цифрларынан құрылған сегіздік санау жүйесіндегі сандарды айтады. Мысалы, 030 /*ондық жүйеде –24*/ ; 040 /* 10 -дық жүйеде 32-бос орын символының шарттаңбасы (коды)*/; 0123=1*82+2*81+3*80=83 /*ондық жүйеде*/.
Он алтылық литералдар: ОХ немесе ох басталады: 0-9 цифрлары және 10-15 сандары үшін а-f немесе A-10, B=11, C=12, D=13, E=14, F=15 латын әріптерінен тұратын он алтылық санау жүйесіндегі сандарды айтады. Мысалы, ох12 /*ондық жүйеде-18*/; ох2f=47 /*ондық жүйеде 2f=2*16+15=47*/; oх1В9= 1*162+11*16+9=441 /*10-ондық жүйеде*/.
Бүтін және жылжымалы үтірлі сандардың әртүрлі пішімде (форматты) көрсетілімі болуы мүмкін.
Символдық литералдар – бірлік тырнақшаға алынған (апостроф) бір ғана символ; ‘с’, ‘*’, ‘q’; қос тырнақшаға алынған символдар тізбегі жолдық литералдар деп аталады: “string\n”, “char”, “C”, “Паскаль”.
Жолдық тұрақтыларда қолданылатын '\n' эскейп-тізбек (тіркес) символдық тұрақты деп те қолдануға болады. '\n' –тізбек жаңа жол символының коды, ASCII жүйесінде ол 10-ға тең. Сонымен, ' \n' -бір символ, оның шарттаңбасы өрнекте бүтін мәнге тең, ал ''\n'' бір символ болғанмен жолдық тұрақты. Символдық литералдың (тұрақтының) мәні символдар жиынтығының машиналық көрсетіліміндегі осы символдардың сан мәні- ASCII шарттаңбалары(коды).
Достарыңызбен бөлісу: |