Тізбекте қатар тұрған бірдей символдар болса, онда олардың біреуін ғана қалдырып өзгелерін алып тастаңыз;
Тізбекте xyz символдар тобы кездессе, оларды түгел алып тастаңыз;
Тізбекте қатар тұрған бірдей символдардың ең үлкен санын анықтаңыз;
Әртүрлі символдар ғана қалатын етіп тізбекті түрлендіріңіз;
Тізбектен қайталанатын символдардың барлығын алып тастаңыз.
Тізбектегі сөздер санын есептеңіз;
Берілген мәтіннің сөздері бір-бірінен бірнеше бос орын таңбасымен бөлініп жазылған, сол сөздердің арасына тек бір бос орын таңбасын қалдырып, қайта жазып шығыңдар.
Берілген мәтін сөздерінде ең көп кездесетін әріпті табыңдар.