Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрлігі
№63 негізгі орта мектеп
2б сынып жетекшісі: Н. Молдабекова
Шымкент
Пәні: Дүнитану
Тақырыбы: Таулар
Мақсаты: білім-білік дағдыларын қалыптастыру, жетілдіру. Таудың төбе мен қыраттан, биік таулар мен аласа таулардың ерекшелігі мен айырмашылығын түсіндіру.
Дамытушылық: жалпы қабілеттілікті дамыту, қызығушылығын арттыру, қалыптастыру.
Тәрбиелік: сауаттылыққа ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, табиғатты аялауға, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: биік, аласа тау суреттері, Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ тау шаңғысы курорты суреттері, таулардың суреті бар буклеттер, электронды оқулық.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Барысы: І. Ұйымдастыру.
а) Оқушылар қатысымын қадағалау
ә) сынып тазалығына көңіл аудару
б) Құрал-жабдықтарын түгелдеу
6) Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Жазық деп нені айтады?
Оның түрлері қандай?
Жыра неден пайда болады?
Жыраның сайдан қандай айырмашылығы бар?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
«Кім жылдам?»
Қазақстанның физикалық картасынан тегіс жазықтар мен төбелі, қыратты жазықтарды тез табу. Жазықтарға тоқталып анықтама беру. (тез тапқан оқушыға сыйлық ұсыну).
ІҮ. Жаңа сабақ. Түсіндіру.
Оқулықпен жұмыс.
Жер бетінің ерекше биік тұстарын тау дейді. Таулар төбелер мен қыраттарға қарағанда анағұрлым биік болады. Олардың биіктігі бірнеше жүздеген, мыңдаған метрге жетеді. Биік таулардың басынан қысы-жазы қар кетпей жатады, беткейлері қия болып келеді. Оларды терең шатқалдар тілімдейді. шатқалдардың түбінде сарқыраған тау өзені ағып жатады. Биік тау беткейінде қалың орман өседі. аласа тауларда қар мен мұз жатпайды. Онда көбінесе бұта, шөптесін өсімдіктер өседі. Таулар тығыз әрі қатты тау жыныстарынан тұрады. Олардың ішінде гранит, құмтас және әктас көбірек таралған. тауда жазықтағыдай емес. егін егетін және елді мекен орналасытын қолайлы орын аз. Дегенмен тау етегі мен аңғарларында егін егіліп, жеміс бағы мен бақша өсіріледі. Таудағы жайлауда жазда қаптаған мал жайылады. Биік тау басында маса мен сона болмайды. Сондықтан жазғы 2-3 айда мал тез қоңданып, семіреді.
Тау - дем алуға және қыдырып, тынығуға таптырмайтын орын. Таза ауа мен табиғаттың көрікті көріністері көп адамды қызықтырады. Іле Алатауының солтүстік беткейінде, Алматының түбінде орналасқан Медеу спорт кешеніндегі мұз айдыны және Шымбұлақ шаңғы жолдарының талапқа сай болуының салдарынан халықаралық стандарттар бойынша төрт бірдей сертификатқа ие. Мұнда аса ірі әлемдік деңгейдегі халықаралық жарыстарды, 2011 жылғы қысқы Азия ойындарын өткізу біз үшін үлкен мақтаныш. Азияда қарсаңында жасалған Медеу кешенінен Шымбұлақ тау шаңғысы курортына тартылған аспалы гондола жолы ғаламат жобаның іске қосылуы дер едік. Алматы қаласының тұрғындары мен туристері жайлы кабиналарды, таудың көркін тамашалай отырып, Медеу мұз айдынынан шымбұлаққа бар болғаны 14 минутта жетіп барады.
Тыңдаңыз, қызық! (Сергіту сәті).
Гондола аспалы жолының ұзындығы 4572м. Әлемдік деңгейдегі осындай үшінші жол. Мұндағы 114 кабинаның әрқайсысына 8 адам отыра алады. Секундына 6м жылдамдықпен қозғалғанда 1 сағатта 2 мың жолаушы тасып үлгереді екен. (интерактивті тақтадан көрініс).
Ү. Ой толғау. «Сен білесің бе?»
Дүние жүзіндегі «Ең жылдам қар» .
Интерактивті тақтадан көрсету.
Франциядан келген сарапшылар «Шымбұлақ» қарының сырғанағыштық қасиетіне назар аударды. Еуропа мен Америка елдеріндегі тау шаңғысы алаңдары орналасқан өңірлер, мұхит-теңіздерге жақын жатыр. Ал, Алатау теңізден алыста. Сондықтан ол жақтың қарында ылғал көбірек те, біздікінде азырақ. Сол себептен де Шымбұлақтың қары сусымалы, сырғанағыш болып келеді. Осындай ерекшеліктерімен «Шымбұлақ» дүние жүзіндегі тау шаңғысы курорттарының ішіндегі ең таңдаулы үштікке кіреді.
ҮІ. Ойын: «Мәреге жету».
Қазақстанның физикалық картасынан Сарыарқаны, Алтайды және Тянь – Шанды табу.
ҮІІ. Жаңа сабақты пысықтау: сұрақ-жауап әдісі
Таудың төбе мен қыраттан айырмашылығы неде?
Биік тау мен аласа таудың айырмашылығы неде?
Тауды қандай шаруашылыққа пайдаланады?
ҮІІІ. Қорыту.
ІХ. Бағалау.
Х. Тапсырма: түсінік оқу, әңгімелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |