Абай поэзиясының бүкіл қайнар бұлағы - «Толық Адам» концепциясы. - Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті деп адамның тұла бойы ыстық қайратқа, нұрлы ақылға, жылы жүрекке толы болуы керек. Әр адам Адам баласын сүйіп жаратқан «Алланы», Алла сүйіп жаратқан «Адамды», хақ жолы деп «Әділетті» сүюі керек. Бойында осы «Үш сүюі» бар адам - жүрегінде имани гүлі бар адам». «Үш қасиет» пен «Үш сүюді» игерген адам – ол толық адам. Міне, Абайдың ТОЛЫҚ АДАМЫ осы.
Қазақ халқының ұлттық болмысына сай рухани тәрбиенің қайнар көзі – Хакім Абайдың «толық адам» ілімі. - «Толық адам» ілімінің концептісі ақынның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен айқын көрініс табады.
- Ғылым таппай мақтанба,
- Орын таппай баптанба,
- Құмарланып шаттанба,
- Ойнап босқа күлуге.
- Бес нәрседен қашық бол,
- Бес нәрсеге асық бол,
- Адам болам десеңіз.
- Тілеуің, өмірің алдында,
- Оған қайғы жесеңіз.
- Өсек, өтірік, мақтаншақ,
- Еріншек, бекер мал шашпақ –
- Бес дұшпанын білсеңіз.
- Талап, еңбек, терең ой,
- Қанағат, рақым, ойлап қой –
- Бес асыл іс, көнсеңіз»
Достарыңызбен бөлісу: |