2.Сапасы, көлемі, жаңалығы бойынша педагогикалық тәжірибенің көптүрлілігі. Кешенді(негізіне мазмұнының ауқымдылығы алынған) оқыту мен тәрбиенің бірлігі тиімділігінің белгісі бойынша жоғары нәтиже беру;
Зерттеу, ішінара ізденіс, репродуктивтік – жаңалығының деңгейімен анықталады. Репродуктивтік тәжірибеде педагог – шеберлердің белгілі әдістемелік ұсынбалары және тәжірибесі қолданылады. Ізденіс тәжірибесінде белгілі тәжірибеге жаңаның элементтері енгізіледі.
Зерттеушілік(жаңашыл) тәжірибе – педагог эксперимент жүргізіп, оқу тәрбие міндеттерін шешудің жаңа жолдарын ұсынады.
Эмпирикалық, ғылыми – теориялық - ғылыми негіздемесі бойынша
Психологиялық – педагогикалық, практикалық – ғылыми негіздемесінің сипаты бойынша анықталады.
Ұзақ, қысқа мерзімді – уақытының ұзақтығы бойынша.
Сапасы бойынша: озат, жағымды, тиімді, тиімді емес, рационалды, рационалды емес, жағымсыз (жағымсыз педагогикалық тәжірибеде оның мынандай түрлері айқын көрінеді: ескірген, жағымсыз, қателікті, артта қалушы). Ауқымы бойынша: жағымсыз, әдеттегідей, жеке, топтық, ұжымдық, көпшілік. Жаңашылдық бойынша: жаңашыл, шығармашылық, өнімді емес. Педагогикалық тәжірибенің екі негізгі түрі бар: озат және жағымсыз педагогикалық тәжірибе.
Педагогикалық практикада кең қолданылып, жүйеге біріктірілген тәжірибе инновациялық тәжірибе болып есептеледі(мысалы, ұжымдық шығармашылық жұмыс арқылы тәрбиелеу).