10. Педагогикалық практикада кең қолданылып, жүйеге біріктірілген тәжірибе А) инновациялық
В) озат педагогикалық тәжірибе
С) көпшілік мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесі
D) жаңашыл тәжірибе
Е) репродуктивтік
11. Практикада іске асырылған алдыңғы қатарлы педагогикалық идеялардың жиынтығы А) озат педагогикалық тәжірибе
В) инновациялық
С) көпшілік мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесі
D) жаңашыл тәжірибе
Е) репродуктивтік
12. «Озат тәжірибені үйрену барысында бір адамнан екінші адамның алатыны – тек қана оның идеясы» А) Ушинский К.Д.
В) Пирогов Н.И.
С) Белинский В.Г.
D) Ульянов И.И.
Е) Шацкий С.Т.
13. Озат тәжірибені көрсету мақсатымен жүргізіледі А) педагогикалық экскурсиялар
В) педагогикалық консультация
С) семинар сабақтары
D) практикумдар
Е) пікірсайыстар
14. Онда теориялық және әдістемелік, әдеби материалдар оқылып, қатысушы мұғалімдердің жеке тәжірибелері талданып, мәні ашылады А) семинарда
В) педагогикалық консультацияда
С) экскурсияда
D) практикумдарда
Е) пікірсайыстарда
15. ОПТ –ні зерттеу жұмысына басшылық етеді, оған талдау жасайды, оны педагогикалық кеңесте мұғалімдерге хабарлап отырады А) мектеп әкімшілігі мен әдістемелік кеңес
В) директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
С) директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
D) әдістемелік бірлестік
Е) жаңашыл мұғалімдер
16. Оның сабақтарында белгілі бір тақырып бойынша әдебиеттер тізімі, тәжірибені зерттеу жоспары жасалып, зерттеу әдістері, алынған мәліметтерді өңдеу, қорытындылау жұмыстары жүргізіледі А) практикумдарда
В) педагогикалық консультацияда
С) семинар сабақтарында
D) педагогикалық оқуларда
Е) пікірсайыстарда
17. Нақты педагогикалық тәжірибені суреттеу, артықшылықтарын және болашақта қолдану жолдарын ашу тәжірибені зерттеудің А) практикалық деңгейі
В) әдістемелік деңгейі
С) ғылыми деңгейі
D) теориялық деңгейі
Е) эмпирикалық деңгейі
18.Нақты педагогикалық іс-әрекеттің әдістемесін, жүйесін, тәжірибенің идеясын, педагогикалық инновацияны ашу А) әдістемелік деңгейі
В) практикалық деңгейі
С) ғылыми деңгейі
D) теориялық деңгейі
Е) эмпирикалық деңгейі
19. Тәжірибені теориялық талдау: мақалалар, жинақтар, монографиялар, диссертациялық зерттеулер және басқалары А) ғылыми деңгейі
В) практикалық деңгейі
С) әдістемелік деңгейі
D) теориялық деңгейі
Е) эмпирикалық деңгейі
20. Мұғалім тәжірибемен жан – жақты таныса алады А) баяндама, мақала, кітапша, монография, әдістемелік нұсқау, жаднама, нұсқаулар арқылы
В) педагогикалық консультациялар арқылы
С) семинар сабақтары арқылы
D) педагогикалық оқулар арқылы
Е) пікірсайыстар арқылы
Сұрақтар Педагогикалық тәжірибенің көп қолданылатын анықтамасы қандай?
М.Н.Скаткиннің педагогикалық тәжірибеге берген екі түрлі анықтамасын талдаңыз
Қазіргі педагогикадағы тәжірибенің анықтамасын талдаңыз
Тәжірибенің үш бағытын сызбамен көрсетіңіз
Бірінші кезекте неліктен жаңашылдардың тәжірибесін талдап, баға беріп, тарату керек?