Пәні: Химия Курс: 1 Топ


Мұнай-газ өндірудегі еліміздің қазіргі жағдайы



бет2/5
Дата07.02.2022
өлшемі30,79 Kb.
#88248
1   2   3   4   5
Байланысты:
СӨЖ Кеңес Аяна

Мұнай-газ өндірудегі еліміздің қазіргі жағдайы.
Мұнай-газ өндіретін аймақтардың осы күнгі экологиялық жағдайы саладағы әдебиеттерге, мұнай-газ өнеркәсібінің табиғатқа тигізіп жатқан кері әсерлері және оны азайтудың жолдары жайлы орындаған ғылыми зерттеу жұмыстарына және де қоршаған ортаны қорғаудың нормалық құжаттарына талдау жасалынды.
Қазіргі кезде, экологиялық қауіпсіздік жалғыз біздің Республикамыз үшін емес дүние жүзі жұртшылығының назарын аударып отырған ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Табиғт ортада экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері белең алған:кейбір аймақтарда топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, ластануы, техногендік шөлейттену , тірі табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін қауіпті улы қалдықтардың қордалануы. Еліміздегі осындай экологиялық дағдарысқа химия , мұнай, металлургия, отын өнеркәсіптерінің жедел және мөлшерден тыс дамуы үлкен әсерін тигізуде.
Жалпы кен орындарын игеру, оның ішінде мұнай-газ өндіру Қазақстан Республикасы экономикасы дамуының қайнар көзі.Соңғы 40 жыл ішінле адамзаттың энергия пайдалануы 2,5 есе өсіп отыр.2025-2050 жылдары аралығында халық санының өсуі болжамына қарасақ, энергия пайдалану ең кем дегенде екі есе өсуі мүмкін.
Мұнай -газ өндірудің 130 жылғы тарихында дүние жүзілік қордың 1/3 бөлігі игерілген,ол оның 1/3 бөлігі тек соңғы 10 жыл ішінде өндірілген.Егер энергия пайдалану жақын арада 2 есе артады десек,онда мұнай өндіру 2010-2020жж аралығында, ал газ өндіру 2030-2040жж аралығында биік шыңдарға жетпек.
Қазақстан мұнай қоры жағынан әлемдегі ең ірі мемлекеттердің алғашқы ондығына кіріп отыр. Мемлекетіміздің Республикалық балансында 212 көірсутекті кен орындары бар. Мұнайдың қоры жағынан қарасақ, территориямыздың 62% жерінде мұнай кен орындары орналасқан. Тек қана Каспий теңізі қайраңындағы мұнай қоры 13 млрд.т . Ал , Ақтөбе облысында жылына 4,5 млн.т мқнай өндіріледі .
Қазір Қазақсстан Республикасы жылына 60млн.т мұнай өндіреді . Қазақстан дамуының стратегиялық жоспарына сәйкес мұнай өндіру дәрежесі 2010 жылы 100млн.тоннадан аспақ.

Мұнай-газ кен орындарын өндіру , өңдеу және тасымалдауда жер қойнауынан алынатын шикізаттың көбі әртүрлі, қалдықтар түрінде жоғалады және қоршаған ортаны ластайды. Табиғатты ластау өнеркәсіптің барлық сатыларында яғни геологиялық барлаудан бастап ең соңғы пайдалануға дейінгі кезеңдерде жүріп жатады.


Мұнай-газ кен жылу-энергетика,тау-кен металлургия өндіріс орталығындағы экологиялық мәселелерді зерттеуде Қазақстандық ғалымдар,мысалы Адырышов.А.Қ, Бішімбаев.В.Қ., Дюсебаев.М.Қ.,Естемесов:З.А.,Жалғасұлы.Н.,Махамбетов.Ұ.Қ.,Нұркеев.С.С.,Уманцев.В.Н., және т.б елеулі үлес қосты.Сонымен қатар елімізде геоэеология ғылымының бағыты нығайып,ауқымды ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп,қомақты монографиялар мен тақырыптық ғылыми жинақтардың жарық көріп жатқаны,халықаралық конференциялар өткізіліп,онда экология мәселелері көтеріліп жатырғаны мәлім.
Осындай атқарыылып жатқан жұмыстарға қарамастан мұнай-газ кешендерінде,оның ішінде Ақтөбе облысындағы Жаңажол ен орны аймағында табиғи ортаның жай-күйі сын көтермейді,әсіресе экологиялық мониторинг жүргізу,оның нәтижелерін жылдам өңдеу және дер кезінде табиғатты қорғау шаралары осы күнгі талаптарға сай жүргізілмей отыр.Осыған орай,мұнай – газ кәсіпшіліктерінің қоршаған ортаға тигізіп отырған техногендік әсерлерін азайту үшін зерттеулер жүргізу қажеттігі айқындалды және Жаңажол кен орнында автоматтандырылған геоақпараттық жүйе (АГАЖ) құрылып, ол кен орны территориясында оңтайландырылып орналастырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет