Пәні: Химия Курс: 1 Топ


Жаңажол кен орнында жүргізілген экологиялық мониторингтен



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі30,79 Kb.
#88248
1   2   3   4   5
Байланысты:
СӨЖ Кеңес Аяна

Жаңажол кен орнында жүргізілген экологиялық мониторингтен
алынған қорытындылар
Мониторинг Жаңажол кен орнын жан-жақты қамтитын арнайы белгіленген 23 пунктен тұратын тұрақты стансасында, тереңдіктері 0-5см және 5-20см-лік екі топырақ қабатында жәнне суда жүргізілді, сонымен қатар, бұрғылау ұңғымалары мен алаулы оттықтар айналасында топырақ қабатының ластануы әртүрлі тереңдікте тексерілді. Сынама алу 26423-85 және 26428-85 мемлекеттік стандарттағы әдістеме бойынша жүргізілді. Барлығы химиялық көрсеткіштреге: топырақтан-68 , судан-23; ауыр металлдарға: топырақтан-18, судан-15; мұнай өнімдеріне: топырақтан-25, судан-15 сынақ алынды. Өсімдіктерде түрінің ішіндегі мұнай өнімдері мен ауыр металдар бар екендігі байқалды. Жаңажол кенорнын игеру және пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін зиянын бағалау мақсатымен ластағыш заттардың құрамы, мыстың, азот оксиді, күкірттің қос тотығы , көміртектің бензонпирин, мұнайлы бензин, органикалық емес шаң-тозаң, улы тұмшалар т.б. жер бетіне жақын ең көп шоғырлауының изосызықтық карталары жасалынды.
Жаңажол кенорнының барлық негіщгі нүктелерін қамтитын арнайы белгіленген 23 станцияларға 2003жылы зерттеу жұмыстары жүргізілді. 2004жылдың көктем мезгілінде жер қабығы топырақ пен судың химиялық көрсеткіштері алынып, талдау жасалынды, өсімдік жиынтығының түрлері қаралды; оның ішінде ауыр металдар және иұнай өнімдері анықталды. Қоршаған ортаны ластағыш заттардың шоғырлану изосызықтаын алу бұрын маркшейдериядағы геометрлеу әдісімен жүргізілетін. Ал қазір, геоақпараттық жүйеде іс-әрекеттің барлығы автоматты түрде жүргізіледі.Зерттеу нәтижелері бұл аумаұта табиғи ортаны ластаушы заттардың ішіндегі ең көп шоғырланғандары: мұнайлы бензин-15,85 ШРК, күкіртті қос тотығы-11,74 ШРК және азот пен күкірт тотықтарының қосындылары-8,51 ШРК. Осы ластағыш заттардың көбі кенорындағы ұңғымалар мен алаулы оттық жүйелері орналасқан жерлерде шоғырланатындығы айқындалды.Сонымен қатар, шығарылған ластағыш заттектердің мөлшерің ғана емес, оның қандай факторларға байланысты қоршаған ортаға әсер ететіндігі және таралуы айқындалды.

Алаулы оттық пен қоймалар шығарындыларының айналасындағы аумаққа әсері көптеген (желдің бағыты, соғу жылдамдығы, шығарынды құрамының физикалық қасиеттеріне, ауаның ылғалдылығына, жыл мезгіоіне және т.б.) тікелей баланысты.


Жоғарыда көрсетілгендей ұңғымалар төңірегіндегі мұнайдың төгілуіне байланысты топырақ қабатына айтарлықтай нұқсан келуде.Мәселен,топырақ қабаты мен жер қойнауыныңластану мөлшерін анықтайтын мониторинг нәтижелері ұңғыма сағасындағы ластанудың тереңдігі 2,5 метр жеткендігін көрсетті.Мұнай қалдықтарымен өте қатты ластанған топырақ қабатынан сынама алу 3 бұрғылау ұңғымалық мен 2 алаулы оттық төңірегінде жүргізілді.Ластаудың тереңдігі ұңғыма сағасында 250-см,ұңғымада 5 метр жерде-230 см; 10м-89 см; 15м-66см; 20м-27см; 30м-17 см; 40м- 10см және 50-0 тең екендігі анықталд.Жаңажол кен орнындағы мұнаймен ластанған жердің топырағы, қоймалардағы мұнай қалдықтаы құрылыс материалдарын (кірпіш,жол жабылғысы т.б ) жасауға және пайдалануға мүмкіндік туғызды.Ал, ауа бассейнін қорғау саласындағы басты мңндет- ол түтінді газдарды тазарту технологиясын тиімділігін арттыру.Ол үшін газ өңдеу зауыттарындағы алаулы оттықтардың конструкцияларын жетілдіруде қолға алынды.Осылайша, ЖГӨЗ-ы төңірегіндегі мұнай қалдықтарын қайтадан өңдеуден өткізіп қосымша өнім алудан экономикалық тиімділік алынды.
Диссертациялық жұмыстағы алынған нәтижелердің тиімділігін есепке алудың екі түрі бар.
Біріншісі,экологиялық мониторингті автоматтандырылған жүйемен жүргізілудің тиімділігі.Мұнда уақыт пен еңбек ресурстарының үнемделуі ескеріледі.
Ал,екінші түрінде жаңа технологияны өндіріске енгізуден,яғни қосымша өнім алудың тиімділігі.Сөйтіп, атқарылған жұмыстардың нәтижелері ЖГӨЗ-да өндіріске енгізілді және 1,2 млн.тенге экономикалық тиімдідік алуға мүмкіндік туғызды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет