Пәні: Химия Курс: 1 Топ


Қоршаған ортаға экологиялық баға беру және табиғатты пайдалануды



бет3/5
Дата07.02.2022
өлшемі30,79 Kb.
#88248
1   2   3   4   5
Байланысты:
СӨЖ Кеңес Аяна
СӨЖ Кеңес Аяна
Қоршаған ортаға экологиялық баға беру және табиғатты пайдалануды
басқарудың әдістемелік негіздері.
Қазақстан Республикасында экологиялық бақылаудың мониторинг жүргізу мен қоршаған орта сапасын басқарудың жетілдірген жүйесі қалыптасып келеді. Десекте, автоматтандырылған экологиялық мониторинг жүргізу өте күрделі. Оның күрделілігі – аспаптық базаның өте қымбаттылығы. Көптеген өндіріс орындарында бақылау, сынақ алу аспаптары мен жабдықтары жоқтың қасы. Сол себептен қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалау, алынған нәтжелерді талдау және болжау жасауды кешеуілдетеді де, табиғатты қорғау шаралары дер кезінде жүзеге апайды, яғни, ол мониторинг жүргізу техникасының осы күнгі талаптарға сай еместігі.

Сондықтан да , қазіргі кездегі ең бір басты міндет – ластанудың қоршаған ортаға таралуын модельдеу. Көптеген зерттеушілердің еңбектерінде экологиялық мониторинг жүргізуде әртүрлі бағдарламалар пакеті қолданылатындығы көрсетілген және қолданыс табуда


Мәселен, шығарындының, қоспалардың тұну мөлшерін бейнелейтін көптеген шағын модельдер баршылық. Олар ластағыш заттардың сол модельдеу кезіндегі шоғырлануын бір рет анықтауға лайықталған. Бұл модельдерден шығатын мәліметтер координатары (x,y,z) белгілі көптеген нүктелер жиынтығынан тұрады. Мұнда x және y анықталатын нүкте координаталары, ал z – ластағыш заттың шоғырлану мөлшері.
Бұл мәліметтерге сүйеніп, оларға талдау жасау, модель нәтижесін әртүрлі географиялық және уақыттың жағдайларға байланысты салыстыру және де шешім қабылдау өте қиынға түседі. Сондықтын да, экологиялық мониторинг жүргізуде экожүйенің бөліктерің (жер атмсферасы, жер беті мен жерасты сулары, топырақтар, жер қойнауы) жекелеп қарамай, бір тұтас кеңістік жүйесі ретінде қарап, яғни қызметінің әсерінен осы геожүйенің өзгерісін зерттеу арнайы автоматтандырылған ақпараттық жүйе жасауды талап етеді. Автоматтандырылған бұл жүйе өнеркәсіп төңірегіндегі экологиялық ахуалды үздіксіз бақылап тұру және табиғи орта сапасын басқарып тұру үшін оңтайлы шешім қабылдауға арналған. Автоматтандырылған әрбір стансада мәліметтердің қай мезгілде, қай мөлшерде, алынғандығы компьютер мониторының экранына түсіп отырады және зиянды заттектердің мөлшері шектелген рауалы концентрациядан (ШРК) асып кеткен жағдайда белгі беріліп отырылады. Ал, орталық қызмет орны алынған мәліметтерді картографиялық өңдеп, әртүрлі экологиялық мәлімет алатын мекемелерге, басшылық органдарға, ғылыми-зерттеу ақпараттарды дер кезінде беріп отырады.
«Ақтөбемұнайгаз» ААҚ Қазақстан бойынша 4-орында тұрған мұнай газ өндіретін ірі өндірістердің бірі және ол шығарындылардың көлемін автоматты түрде өлшеуге қолданылатын жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қазақстанның кең байтақ территориясында өндірісі дамыған аумақтарындағы экологиялық, экономиялық және әлеуметтік жағдайлар ешкімді де жайбарақат қалдыра алмайды. Шикізат ресурстарын игеруден көптеген орталықтар экологиялық зардапқа ұшырап отырғанын, экологиялық жүктеменің де әр жерде әртүрлі екендігі белгілі болды



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет