Пәні: Информатика
Сынып: 9
Сағат саны: 68 , аптасына: 2 сағ.
Жоспар бойынша бақылау сабақтар ___3___, тест___5___
Жоспар бойынша практикалық және лабораториялық сабақтар _34_
Жоспар бойынша шығармашылық жұмыс ___2___
Оқулық, аты, авторы, жылы: «Информатика және есептеуіш техника негіздері», Б.Бөрібаев, Б.Нақысбаев, Г.Мадиярова, Алматы «Мектеп», 2009 жыл
Түсініктеме хат
Оқулық жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбына арналған. Оқулықтың мазмұны информатика пәні бойынша Мемлекеттік оқыту стандартына сәйкес.
«Информатика және есептеуіш техника негіздері» пән ретінде қалыптасқан ғылымның бір саласы. Мұнда алгоритм құрастыру, жазу түсініктері беріліп, қазіргі кездегі кең тараған программалау тілінің бірі- Паскаль тілінің ерекшеліктері қарастырылып, оны пайдаланып математика, физика есептерін шығаруды компьютерде орындау жүзеге асырылады. Бағдарламада оқушылардың деңгейлік ерекшеліктері қарастырылған.
Курс аптасына 2 сағат, барлығы 68 аудиториялық сабаққа арналған. Курс компьютерлерді кеңінен пайдалануға арналған.
Оқушылар нені білуі тиіс:
Программа құрылымы мен жазылу ережелерін;
Тілдің алфавиттерін;
Мәліметтер типтерін, айнымалылар сипаттамасын;
Операторлар форматтарын;
Массивтер түсінігі мен сипаттамасын;
Тіркестірілген циклдер ережелерін;
Символдық айнымалылар мен функциялардың және жолдық мәліметтермен жұмыс жасау ережелерін;
Көмекші алгоритм мен ішкі программа түсінігін;
Жиын түсінігін
Оқушылар нені үйренуі тиіс:
әр түрлі типтегі мәліметтерді өңдеуді;
программалау тілінде кез келген деңгейдегі арифметикалық өрнектерді жазуды;
әр түрлі операторлар форматын пайдалануды;
массивтерді өңдеуді;
тіркестірген циклдерді ұйымдастыруды;
символдық айнымалылар мен функцияларды және жолдық мәліметтерді өңдеуді;
көмекші алгоритм мен ішкі программаларды құруды;
текстер мен массивтерді өңдеуде жиындарды пайдалануды
Тақырыптық жоспар
9 - сынып
№
|
Бөлім
тақырыбы
|
Сағат саны
|
Мемлекеттік
стандарт
|
1
|
Техника қауіпсіздік ережелері
|
1
|
Оқушылар информатика кабинетіндегі техника қауіпсіздік ережесін, негізгі көз жаттығуларын білуі тиіс;
|
2
|
Алгоритм
|
4/4
|
Информатиканың негізгі түсініктерін;
Оқушылар алгоритм түсінігін ұғымын білуі тиіс
Командалар жүйесінің орындалуын;
Алгоритмдік тіл және программалау ұғымдарын;
Алгоритм құрылымын, жазу жолдарын, график түрінде кескінделуін;
Компьютерде есеп шығару кезеңдерін.
|
3
|
Паскаль программалау тілі
|
4/3
|
Негізгі элементтерін, тілдің алфавитін, қарапайым объектілерді;
Программалау тілдердің синтаксистік диаграммаларын;
өрнектер және жазылуын білуі тиіс
|
4
|
Паскаль тілінде программа дайындау жолдары
|
8/9
|
программа құрылымын, шамаларды сипаттауды білуі тиіс;
паскаль тілінің қарапайым, таңдау, қайталау және басқарау операторлар білуі тиіс
|
5
|
Символдардан және сөз тіркестерінен тұратын шамалар
|
2/3
|
оқушылар символдық мәліметтермен жұмыс істеуді білуі тиіс
мәліметтерді енгізуді білуі тиіс
|
6
|
Мәліметтердің айнымалы және күрделі типтері
|
4/4
|
айнымалы типтерін, жиымдарды құрастыруды білуі тиіс;
теріс емес бүтін сандарды оқи, жаза және салыстыра алуы;
қарапайым есептеулерде арифметикалық амалдардың қасиеттерін қолдана алуы;
қоршаған заттарды, процестерді және құбылыстарды сандық өрнектермен сипаттай алуы;
|
7
|
Көмекші программалар
|
3/2
|
бейстандарт функциялар мен процедураларды білуі тиіс;
шамалардың мәндерін салыстыруды және оларды практикалық есептерді шығаруда қолдана алуы;
өрнек құру арқылы мәтінді есептерді шығара алуы;
қарапайым теңдеулерді шешуі және оларды есептер шығаруда қолдана алуы;
геометриялық фигураларды тани алуы, оларды салыстыру барысында ұқсастықтары мен өзгешеліктерін таба алуы;
қарапайым жазық геометриялық фигураларды сала алуы;
|
8
|
Графика
|
2/2
|
CRT модуліндегі адаптерлердің мәтіндік мүмкіндіктерін;
қарапайым жазық геометриялық фигураларды сала алуы;
суреттерді, кестелерді, эскиздерді, сызбаларды, мәтіндерді қолдана отырып қажет ақпараттарды (қағаз бетіндегі және электронды тасымалдаушыдағы) ала алуы;
Графикалық режимде мәтін жазу процедураларын;
|
9
|
Компьютерлік желілер
|
3/4
|
Желіде жұмыс істеуді;
Интернет арқылы хабар алуы және жібере алуы тиіс;
мультимедиа технологиясының түсінігін білуі;
компьютерлік тұсау кесер (презентация) ұғымын білуі;
компьютерлік тұсау кесер құрудың технологиясын білуі;
World Wide Web туралы түсінігінің болуы;
Internet – те іздеу жүйесі ұғымының болуы;
Web – бет құру концепциясын білуі;
Web – бет құрудың құралдарын білуі;
|
10
|
Модельдер және модельдеу түрлері
|
2/2
|
Модельдің түрлерін, негізгі кезеңдерін білуі тиіс
оқиғаның ықтималдығын нәтижелер санын санау негізінде есептей алуы;
геометрия есептерін планиметрия мен стереометрия фигураларының қасиеттеріне сүйеніп, алгебралық аппаратты, сонымен бірге координаталық әдістерді қолдана отырып шығара алуы;
|
11
|
Сынақ / шығармашылық жұмыс
|
1/1
|
жыл бойы материалды өткенді қайталау
|
|
Барлығы:
|
34/34
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |