Пәні: Сынып сағаты Сыныбы: 3 «Б» Пән мұғалімі: Мырзабекова Ұ. Т тақырыбы: «Жаным толған жақсылық»



Дата11.01.2017
өлшемі30,99 Kb.
#7205
Пәні: Сынып сағаты

Сыныбы: 3 «Б»

Пән мұғалімі: Мырзабекова Ұ.Т

Тақырыбы: «Жаным толған жақсылық»
Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе. Ыбырай Алтынсарин

Мақсаты: Балалардың «жақсылық», қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:

- жақсылық пен махаббаттың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

- жақсылық жасай білу іскерліктерін дамыту;

- қайырымдылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.



Көрнекі құралдар: үнтаспа, дәптер, оқулық, «тамшы» үлгісінде қиылған көгілдір түсті қағаздар, «Жақсылық тамшысы» атты көркем сурет

Шаттық шеңбері: Мұғалім балалармен бірге шеңбер құрып тұрады, бір-бірімен сәлемдесіп шығады. Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру мақсатында үй тапсырмасы сұралады:

- Балалар, өткен сабақта адамның жақсы қасиетінің бірі мейірімді болу керектігі туралы әңгімелескен болатынбыз. Үйде «Мен мейірімді баламын» тақырыбына әңгіме құрастырып келуге тиіс болғансындар. Балалардың жауаптары тыңдалады. Мұғалім балалардың үй тапсырмасына ризашылыгын білдіріп, сабақтың тақырыбымен таныстырады:

- Жарайсыңдар балалар, мен сендердің мейірімді істерінді есітіп, қуанып тұрмын. Адамға, айналаңа мейірімді болу адамды жақсылық жасауға жетелейді. Бүгінгі сабақта жақсылық жасау туралы әңгімелесеміз.



Оқулықпен жұмыс. Әңгімелеу «Жан ана» мәтіні

Жақсылық жасау туралы балаларда түсінік қалыптастыру үшін әңгімелеу жұмысы ұйымдастырылады. Мұғалім әңгімелеп береді. Мұғалім әңгімеде айтылған ой туралы балалардың пікірін білу үшін сұрақтар қояды.

• Ауылдағылардың жасаған әрекеттеріне көзқарастарың қандай?

• Осы әңгімеден қандай ой қорытуға болады?

Балалардың жауаптары:

Дәйексөз

Оқушылардың әңгіме мазмұны бойынша ойлары дәйексөзбен түйінделеді.

Мұғалім тақтаға Ыбырай Алтынсариннің «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе» дәйексөз мазмұнымен жұмыс.

- Адамға жақсылық жасағанда риясыз жасау керек. Өйткені ол жанашырлықпен, шын көңілмен, адал ниетпен жасалған іс. Оған ақы сұраудың, жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ. Жасаған жақсылық бәрібір алдыңнан шығады.

Шығармашылық жұмыс

Айтылган ой «Жақсылық тамшысы» атты шығармашылық жұмыс арқылы бекітіледі. Оқушылардың санына сәйкес алдын ала дайындалган тамшы үлгісінде қиылған қағаздарды үлестіріледі. Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін сурет салып немесе жазып жеткізеді. Мұғалім тақтадагы ақ қағазға тамшыларды ілуді ұсынады. Тамшыны іліп жатқанда әр бала өзгелерге, айналасына өзгі жасаған жақсылықтарын жария етеді. Мұғалім шығармашылық жұмыс нәтижесін қорытындылайды:

- Балалар, әрқайсысыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға (мұғалім тамшылар ілінген плакат астына көкпеңбек дария суретін апарып іледі) айналды. Яғни әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.

Ойын «Ептілік пен жақсылық». Оқушыларды жақсылық жасауға дағдыландыру мен олардың денесін сергіту мақсатында «Ептілік пен жақсылық» атты ойын ұйымдастырылады. Әр ойыншы қолындағы таяқшаға жіпті тез-тез орап, әр адым аттаған сайын досының өзіне жасаған жақсылығы туралы айта отырып, алға жылжи береді. Кім ортадағы белгіге дейін тез орап шықса, сол жеңімпаз деп саналады. Жеңімпазға Ақботаның қоржынынан «Данышпан ата» сыйлықтары беріледі. Кезек келесі жұпқа беріледі. Осылайша ойын жалғаса береді.

Үй тапсырмасы

Дәптерде берілген «Жақсылық бастауынан» тараған тармақтарға мына сұрақтардың жауабын жазыңдар:

1. Айналандағы адамдарға қандай жақсы тілектер айтып жүресіңдер?

2. Өз бойыңдағы жақсы қасиеттеріңді санамалап жазыңдар.

3. Қандай жағымсыз қылықтардан аулақ жүруге тырысасындар?

Жүректен-жүрекке. Балалар шеңберге тұрып, ата-анасына, туыстарына, достарына, жақындарына деген сүйіспеншілік сезімдерін жақсы тілектерімен білдіреді:

- Аяулы анама ұзақ ғұмыр тілеймін.

- Құрметті ұстазыма зор денсаулық тілеймін.

- Сыныптастарыма бақытты өмір тілеймін.

- Еңбекшіл достарыма қажымас қайрат тілеймін.



Өнерлі балаларға талмас қанат тілеймін. Үнтаспаға қосылып бәрі бірге көңілді ән шырқайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет