Пәні: «Таңдалған спорт түрінен (футбол) жалпы және арнайы дене дайындығы»
Мамандығы: 0103000-«Дене тәрбиесі және спорт»
Біліктілігі: 0103033-«Спорт жаттықтырушысы-оқытушы»
Тобы: ДТ-Ф-18
Күні: 23.09.2020ж
Әмбебап залдардың адам қамту қасиеті ойыншылардың сабақтарымен мамандықтарына байланысты болып табылады және бір реттік қамту қасиетінің мөлшеріне сәйкесте анықталуы мүмкін. Спорт ғимараты деп құрамының бір немесе бірнеше негізгі мекемелер (зал, манеж, бассейн) сондай-ақ қажетті қосымша, қосалқы және әкімшілік мекемелері кіретін жабық спорт қүрылыстарын айтамыз. Бұл сызба түрлі бағыттағы ғимараттардағы мекемелердің орналасуының төмендегідей негізгі спорт -технологиялық қағидаларын бейнелейді. 1. Ұқсас мәтіндегі мекемелердің қызметі жағынан жақын мекеме топтарына біріктіру қажет. Мысалы, қосымша шаруашылық мекемелері бір топқа біріктіреді, спорт ғимараттарының негізгі мекемелері бірігуі мүмкін немесе спорт ғимараттарына мүлдем тәуелсіз болуы мүмкін. 2. Спорт құрылысының ғимараттарында негізгі және қосымша мекемелерді орналастыру спортшылардың қозғалыс жолдарын көрермендер жолымен қиылысуын мүлдем болдырмауды ескертеді. 3. Жаттығушылардың киім ауыстыратын орны спорт залымен жалғасқан немесе тек соған арналған дәліз арқылы жалғасатын етіп орналастыру керек, ал бассейннің киім ауыстыру бөлмесі ваннамен тек жуынатын бөлме арқылы. Ал дайындық сабақтарына арналған залмен немесе алаңмен жуынатын бөлме арқылы ғана жалғасуы қажет. 4. Спортшаларға арналған жуынатын және әжетхана бөлмелері киім ауыстыру бөлмесіне жоспарлас немесе тек соған ғана арналған дәліз арқылы жалғасуы керек, инструктрлық және жаттықтырушы-оқытушылар құрамына арналған жуынатын бөлмелер инструктрлар бөлмесімен, қызметкерлерге арналған жуынатын бөлмелер тұрмыстық мекемелермен жоспарлас орналасуы тиіс. 5. Көрермендерге арналған әжетхана көрермендерге арналған орынға баратын жолда орналасады және спортшылар әжетханасынан бөлек болады. 6. Спорт залындағы, дайындық залындағы және бассейндегі құрал жабдық мекемесі осы залмен аралас орналасады. Құрал жабдық бөлмесіндегі белгі сызықтарды зал едендегідей етіп түсіреді (табалдырықсыз). Ашық бассейндер ваннасы жанындағы құрал- жабдықтар мекемесі залға кіретін есік арқылы жалғасады. 7. Жаттықтырушылар мен оқытушылар залға спортышлармен бір есіктен кіреді немесе өздері киім ауыстыратын бөлме жақтан да кіруге болады.