Химиялық қасиеттері
1. Майлардың гидролизі. Күрделі эфир
болғандықтан, майлар минерал қышқылдар,
сілтілер қатысында қыздырғанда
гидролизденеді. Сонымен қатар, майлар тірі
организмде ферменттердің әсерінен
гидролизденеді.
Реакция нәтижесінде
глицерин мен карбон қышқылы түзіледі:
Сұйық майларды гидрлеп алған қатты майлар өнеркәсіпте
маргарин және сабын алуға жұмсалады. Маргарин жасау
үшін саломасқа аздап сары май, сүт, витаминдер, сонымен
қатар дәм және түс беретін қоспалар қосады. Сары
майдан
маргариннің дәмі өзгеше, ал калориясы және сіңімділігі
жағынан кем емес. Сары майға қарағанда маргаринде
қанықпаған глицеридтердің көбірек болуы қан
тамырларында майдың жиналуына кері әсерін тигізеді.
Құрамында майы бар дәмді тағамдардың бірі — майонез. Ол,
негізінен, өсімдік майынан (65%) тұрады.