1. АУДАРМА ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ 1.1 Аударма теориясының пәні, міндеттері және әдістері
Кең түрде айтқанда, «аударма теориясы» термині «аударма тәжірибесі» терминімен салыстырмалы түрде болған. «Аударма теориясы», «аударма тәжірибесінің» әр түрлі концепцияларын, заңдарын, зерттеулерін қамти отырып, оны қандай әдістермен, жолдармен жүзеге асатындығын зерттейді.Осыған байланысты, «аударма теориясы» «аударма жүргізу» анықтамасымен сәйкес келеді.Қарапайым түрде айтқанда, «аударма теориясының» құрамына аударма жүргізудің теориялық бөлімі оның қосымша аспектілерімен қарама- қайшы түрде болады. Аударма – бұл күрделі, көп қырлы, аспектілері бөлек әр түрлі ғылымдардың пәні бола алатын құбылыс.Аударма жүргізуі әдеби, этнографиялық аударма түрлерін, сонымен бірге әр түрлі мемлекеттердің аударма тарихын зерттейді.Зерттеудің пәніне байланысты «аударма жүргізуі» әдеби аударма жүргізу (әдеби аудармасының теориясы), этнографиялық аударма жүргізу, тарихи аударма жүргізу деген түрлерге бөлінеді.Қазіргі кездегі аударма жүргізудің ең бастысы «лингвистикалық аударма жүргізу» болып табылады. Аударма жүргізудің бөлек түрлері бір-бірін толығырып, аударма жүргізуді жан-жақты сипаттауға бағытталады.Аударма теориясы «жалпы аударма теориясы», «жеке аударма теориясы», және «негізгі аударма теориясы» (лингвистикалық аударма теориясының бөлімдері) деп бөлінеді.«Аударма теориясы» лингвистикалық аудармасының жалпы заңдарын, қандай да бір тілдер жұптарының қасиеттеріне байланысты болып, осы процесстің жүзеге асыру әдісін және бөлек аударманың қасиеттерін зерттейді. «Жалпы аударма теориясы» аударманың әр түрлерін, қандай да бір тілден басқа тілге аудармаларын қамтиды.«Жеке аударма теориясы» жеке бір тілден басқа бір жеке тілге аудармасының, лингвистикалық аспектілерін зерттейді.«Аудармадағы негізгі аударма теориясы» әр түрлі түпнұсқадағы жанрда жазылған мәтіндердің аудару процесінің қасиеттерін, осы процестердің құбылысына әсер ететін тілдік пішіндерін, оны жүзеге асырудың жағдайын айқындайды.Жалпы аударма теориясы жеке және арнайы аударма теорияларының негізгі анықтамаларын теориялық түрде анықтайды.Жеке және арнайы аударма теориялары жалпы аударма теория заңдылықтарының бөлек аударма түрлеріне қатысын айқындайды.Аударма теориясы өзінің алдына келесі міндеттерді қояды: 1.жалпы лингвистикалық аударманың негіздерін айқындау және суреттеу, яғни тілдік жүйелердің қандай қасиеттері мен заңдылықтары аударма процесінің негізінде болатындығын дәлелдеп, осы процестің мүмкіншілігі мен шегін көрсету; 2. аударманы лингвистикалық зерттеудің объектісі ретінде айқындау, оның басқа тілдік құбылыстарынан айырмашылығын нақтылау; 3.аударма жүргізудің классификациялық негіздерін қарастыру; 4.аударма эквивалентік мәтіндер мен аударманың коммуникативті тең негіз ретінде айқындау 5. жеке және арнайы аударма теорияларының жалпыпринциптері мен құрылымындық қасиеттерін әр түрлі тілдердің комбинациялары үшін қарастыру; 6. аударма процесінің жалпы ғылыми принциптерін аудармашының негізгі мәтінді, аударма мәтініне жаңарту қызметі ретінде суреттеу; 7.«аударманың қалпы» деген аңықтаманы айқындап, аударманың баға сапасының принциптерін қарастыру.Теориялық бөлімдерден бөлек, аударма лингвистикасының құрамындағы аударма әдістемесіне үйрету, әр түрлі сөздіктерді құрастыру, бағалау әдісі мен аудармаларды өзгерту сияқты көптеген қосымша аспектілер жатады. Осының барлығы аудармашының қызметін жақсартады.Ең аудымен лингвистикалық аударма теориясы дискриптивті теориялық пен болып табылады. Ол аударма процессінің заңдылықтарын объективті түрде суреттеумен айналысады.
Қорыта келгенде, аударма теориясында не болу керек екендігін емес, не бар екендігін, зерттеу құбылысының табиғатын суреттеуі жатады. Лингвистикалық аударма механизмін суреттеу көмегімен ережелер мен принциптерді, әдістер мен аударма тәсілдерін құрастыра отырып, аудармашы өзінің алдына қойған мәселелерін сәтті түрде шеше алады.Аударма – бұл әр түрлі тілдерде сөйлейтін адамдар арасындағы байланыс мүмкіншіліктерін қамтамасыз етудің бір жолы.Сол себептен аударма теориясы үшін тілдік байланыс процесінің қасиеттері тура және ауыспалы тілдік актілері, мәтін мен байланыс жағдайдың көмегімен мәтінді түсінуі адамның басқа құбылыстар негізгі әсер етеді.Лингвистикалық аудармасында ең негізгі зерттеу әдісі салыстырмалы аударманың талдауы болып табылады, яғни мәтіннің түпнұсқасы мен құрамының аудармасын негізгі мәтіннің түпнұсқасы мен құрамымен салыстырудың талдау. Бұл мәтіндер зерттеу мен талдауға келетін, объективті фактілер болып табылады. Аударма процесінде әр түрлі тілдерде жазылған мәтіндердің арасындағы қарым-қатынас байқалады. Осы мәтіндерді салыстырудың арқасында аударманың ішкі механизмін, эквивалентті бірліктерді көре аламыз.Сонымен бірге екі не одан да көпбір мәтіннің аудармаларын салыстыра аламыз. Лингвистикалық аударма теориясының құрылуының жолында «аударылмайтынның теориясы» деген түсінбеушілік пайда болған. Тіл білімі жағынан, аударманы қарастырғанда негізгі мәтінді басқа тілге тура, дәл аударуға мүмкін емес.Қайсыбір мәтіннің ерекшелігін нақты түрде басқа тілде жеткізу мүмкін емес. Сондықтан аударма процесі мәтінді дәл, тура жеткізу болып табылмайды. Дәлділіктің болмауы мәтінді түсінуге әсер етпейді. Мысалы: «A good student never comes unprepared», «Жақсы талапкер (студент) сабаққа ешқашан да дайындалмай келмейді». Осы мысалда студент деген өз ұл бала мен қыз баланы білдіреді. Бірақ неміс пен француз тілдерінде зат есімді міндетті түрде атау керек, осыған қарамастан сөйлемнің мәні бізге түсінікті.Қорытындылай келе, аударманың ең басты мақсаты, ол- тіларалық байланыстың қандай да бір түрін құрастырып, сол арқылы мәтіннің аудармасын негізгі мәтін мағынасына сай келетіндей еткізу.
1.1 Аударма түрлері мен ерекшеліктері
Ауызша аударма- аударманың түпнұсқаны ауызша аударуын айтамыз. Ауызша аударманың классикалық түріне аудармашы түпнұсқаны акустикалық түрде қабылдап, ауызша аударуын айтамыз. Ауызша аудармада аударма түпнұсқаны қабылдаумен параллель немесе түпнұсқаны қабылдағаннан кейін аударылуы мүмкін. Осыған орай, ауызша аударманың екі түрі бар: синхрондық аударма және ілеспелі аударма. Синхрондық аударма дегеніміз – аудармашы түпнұсқаның сөзін тыңдай отырып, сонымен бірге аударылатын ауызша аударманың бір түрі, синхрондық аударма техникалық базамен қамтамасыз етілген арнайы кабиналарда жүзеге асырылады. Мұнда оратордың сөзі аудармашыға наушниктер арқылы беріледі, аудармашы берілген ақпаратты микрофонға айтып аударады. Синхрондық аударма ауызша аударманың ең қиын түрі, себебі бұл аудармашыдан біруақытта түрлі сөйлесу қарым-қатынасты орындауды талап етіледі: бір тілден тыңдап, оратордың сөйлеу темпінен қалмай екінші тілде аударуды талап етіледі. Синхрондық аударма есте сақтау қабілетіне, мұқият назарды, түпнұсқаның келесі бөліктерін болжау, қате кеткен болжамдарын дұрыстау және тез арада шешім қабылдаумен тығыз байланысты. Ауызша аудармада аудармашы берілген оратордың сөзін кішігірім сегменттерін аударумен шектеледі, сондай-ақ түпнұсқаның басқа бөліктерін қарастыруға мүмкіндік берілмейді. Ілеспе аудармада аудармашы айтылған бір немесе бірнеше ойды аудара алады. Синхрондық аудармада аудармашы шектелген уақыт аралығында түпнұсқаның әрбір бөлігін параллель түрде түпнұсқаның екінші бір бөлігіне сәйкес етіп аударады. Ауызша аудармада аудармашы қарым-қатынасқа түсушілер мен тілдік байланыспен жұмыс жасайды, мұнда жиі кері байланыстар болады. Аудармашы ауызша айтылған ойдың дұрыс айтылуын, дұрыс темпін не манерін тәуелсіз қабылдап, тыңдарман мен сөйлеушінің арасында тура қарым-қатынасты орнатуы керек. Тағы бір аудармашыға айтылатын кеңес түпнұсқаны аудару барысында қарым-қатынас принципін анықтау, егер өткізіп алған ақпарат болса, оны толықтыру, әңгіменің мақсаты мен алдыңғы өткен келіссөздерді анықтау. Аудармашы мен оратордың арасында кері байланыстың сәті түссе, онда аудармашы оратордан түсінбеген терминнің мағынасын сұрап анықтауға болады. Ал егер тыңдармандар арасында кері байланыс туындаса, онда олардың көңіл –күйіне, аудармадағы тапқырлықтың, аудармашының сөйлеу типін өзгерту, кейде оратордың темпін өзгертуіне мүмкіндік туады. Ал егер аудармашы жеке қарым-қатынасқа түсушілердің арасындағы байланыста, олардың қимылына, сыртқы іс-әрекетіне назар аударады. Бұндай сәттерде аударма адаптивтік транскодтаудың көмегімен толықтырылмайды, бұл кезде қосымша толықтырулар енгізуде аудармашының үлесі зор. Кез-келген тілдік қарым-қатынаста ақпараттың берілуі бір ғана бағытта өтіледі: Түпнұсқаның қайнар көзінен Рецептірге. Аудармашы түпнұсқадағы тілден аударылатын тілге аударады. Ауызша аудармада екі жақты қарым-қатынастар бойынша әңгімеге ұласуы мүмкін, мұнда әрбір қарым-қатынас құрушы репликтермен алмастырылып отыруы мүмкін. Бұл кезде аудармашы «екі жақты аударманы» орындайды. Ауызша аударманы оқытуда үш басты бағытқа негізделеді. Зерттеудің бірінші аспектісі аудармашының түпнұсқаның мазмұнындағы ақпаратты қабылдауын оқытып үйретеді. Ауызша аударма дегеніміз – ауызша айтылған оратордың сөзін, ойын ауызша аудару. Ауызша аудармада сөзді қабылдау қысқа уақытпен, біркелкілікпен ерекшеленеді.Аудармашының толық түсінуі ритмге, паузаға және сөйлеу темпіне байланысты. Ауызша аударма теориясы аудармашының басқа да қасиеттерін оқытып үйретеді. Оған жай артикуляция, хезитатциондық үзіліске байланысты, аудармада жаңылысу, бұл интервалдың ұлғаюына әкеліп соғады, сондай-ақ айтылатын сөзге қатысты үзіліс кіреді. Синхрондық аудармада аудармашы жоғары темппен сөйлейді. Ілеспелі аудармада сөйлеу темпі біртіндеп баяулай бастайды, себебі аудармашы түпнұсқаның мазмұнын есіне түсіреді. Ауызша аудармада ең басты назар аудармашылардан нормативтік талаптарына аударылады. Мұндай талаптар синхрондық және ілеспелі аудармада аса қажет: нақты артикуляцияны қамтамасыз ету, ритмнің біркелкілігі, акцентті дұрыс қою, соңғы айтылған ойдың дұрыс әрі түсінікті берілуі. Ауызша аударманың орталық аспектісіне аударманың ерекше түрі ретінде жазбаша аудармаға қарама-қарсы қою. Арнайы ауызша аударма теориясы сандық және сапалық ерекшеліктерді бөліп көрсетеді. Синхрондық аудармада мәтіннің көлемі аударылатын бөліктің ұзақтығына байланысты. Синхрондық аудармада қысқа сөздердің аудармасы жазбаша аудармаға қарағанда көп болады. Ұзақ сөзді аудару барысында көлемі теңестіріледі. Абзацты немесе мәтіннің ірі бөліктерін аударғанда синхрондық аудармада өте қысқа түрде беріледі. Сондықтан да ауызша аударма теориясы ерекше назарды сөздік қысқартуға береді. Бұл тәсілдерді пайдаланудың өзіндік себептері бар. Біріншіден, оратордың жылдам темпіне байланысты аудармашыға мәтіннің толық мазмұнын аудару қиынға түседі. Екіншіден, аудармашылардың барлығы оратор секілді сөйлей алмайды. Үшіншіден, жылдам аударылған мәтін көп жағдайда тиімсіз және айтушы мен тыңдаушылар арасында кері байланыс тудыруы мүмкін. Сөйлемді қысқарту ауызша аудармада оңай шаруалардан емес. Мұнда тек қана кейбір бөліктерді тастап кету емес, сонымен қатар аударылатын ақпараттың маңызды элементтерін сақтай отырып, қысқа түрде жеткізу. Кейде айтылған ойда бірін-бірі толықтырып тұратын элементтер кездеседі, осы элементтерді мәтіннің мағынасын сақтай отырып түсінуге болады. Мысалы аудармашы мына сұрақты толықтай аударды дейік: Бұл жоспар қай кезде жүзеге асырылады? Ол мынадай жауап қайтаруы керек: Бұл жоспардың жүзеге асырылуы 1990 жылдан басталады, мұнда аудармашы қысқаша «тоқсаныншы» деп аударуына болады. Аудармада ақпаратты қысқарту уақыттық өрісті сипаттайды. Ол оратордың сөйлеу темпі мен түпнұсқа тілімен аударылатын тілдің сәйкестіліктеріне тәуелді. Ауызша аударма теориясы сөзді қысқарту арқылы екі тілдің құрамын, және семантикалық қайта құрылуын сипаттайды. Ең тиімді сөздің қысқартуларға сөйлемнің ең қысқа сөзбен айтылатын синонимдік алмастырулар, мұнда әсіресе мекемелер немесе кәсіпорындардың толық атаулары, аббревиатурамен немесе қысқаша айтылады. (The United Nations-БҰҰ), зат есімнің қатысуымен жасалған етістік (to render assistance –көмектесу) сөз тіркесінде қосымша элементтерді түсіру (the policy pursued by the United States – АҚШ саясаты) және т.б. Оратордың жылдам темпімен айтылған мәтін аудармашы түрлі қысқарту тәсілдерін қолдана оырып мәтінді жазбаша аудармаға қарағанда 25-30% дейін қысқарта алады. Ауызша аударманың басты бөлігі – аудармада баламалықты оқытып-үйрету. Ауызша аудармада жазбашамен салыстырғанда кейбір ақпаратты өткізіп алуымен ерекшеленеді. Аудармашы мәтіндегі ақпараттардың орнына басқа ақпаратпен алмастырып, түпнұсқаның мазмұнын өзгертуі мүмкін. Осыған орай тастап кетуге мыналар жатады: 1) эпитеттегі мағынасыз сөздерді тастап кету; 2) мәтіндегі басты және үлкен бірліктерді тастап кету, бұл аудармашының мәтіннің бөлігін түсінбеуінен туындайды; 3) аудармада мәтінді қайтакезіндегі тастап кету; 4) оратордың сөзінен қалып қою кезіндегі тастап кетулер. Сонымен қатар аудармада қате мынадай түрлерге бөлінеді: жеке сөзді аударудағы үлкен қателік; сөйлемнің құрамын өзгерту барысындағы қателік және сөйлемнің құрамын өзгертудегі үлкен қателік және т.б. Айтылған аударманың 2 түрлі классификациясы бір-біріне мүлдем сәйкес келмейді. Теоретикалық жағынан мәтіннің қандай да түрі болмасын ауызша немесе жазбаша аударыла алады. Практикалық жағынан мәтіннің кейбір аударылмайтын бөліктеріне байланысты ауызша аудармада шектеулілік ұғымына түсінік береді. Көркем әдебиет шығармалары ауызша аударылмайды, бірақ осы шығармаларда жеке цитаталар ауызша аудармада синхронды немесе ілеспелі түрде аударыла алады. Ауызша аудармада көркем-эстетикалық әсер беру аса қиын міндет болып табылады. Ілеспе (синхронды) аударма – бастапқы мәтінді қабылдай отырып қатар жүзеге асырылатын ауызша аударма. Кәсіби аудармалардың бір түрі Көркем аударма мәселесімен айналысушы ғалым Ә.Тарақов ілеспе аударманың күрделілігін танытатын төмендегідей белгілерді атап өтеді: а) бір мезгілде тыңдап әрі сөйлеу қажеттілігіне байланысты туындаған психофизиологиялық дискомфорт; ә) баяндамашы не жарыс сөзге шығушының микрофондағы сөзінің қайталанбауына қатысты психикалық кедергі. Өйткені баяндамашыны тоқтатуға, болмаса түсінбеген, не қалып қалған сөзін қайталап сұрауға болмайтындығы; б) аударманың қайталанбауына және үлкен аудитория тыңдаушыларына байланысты психикалық кедергі. Аудармада қателескенді қайта түзеуге болмайтындығы әрі кешірім сұрауға келмейтіндігі; в) сөз сөйлеудің жылдамдығына байланысты психофизиологиялық кедергі. Ғалым ілеспе аудармамен шұғылданатын аудармашыда қажетті төмендегідей қасиеттер болу керек дейді: а) аудармаға өзін-өзі бейімдей білу; ә) ынта-зейінді сөйленген сөзге барынша бағыттау қабілеттілігі; б) тосыннан туған кедергілерден шығуға қажетті қабілеттілік; в) бірнеше тапсырмаларға бір мезгілде зейін аудара білу қабілеттілігі: – іс-әрекет жылдамдығы; – сөз сөйлеу шапшаңдығы; – психикалық және ден күш-қуатының төзімділігі Біздің елімізде ілеспе аударманың енді-енді тәй-тәй басып келе жатқаны баршамызға мәлім. Оған себеп – өмірдің қазіргі күнгі қажеттіліктері, соның ішінде ең маңыздысы – еліміздің тәуелсіз мемлекет болып, қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесіне ие болуы. Кеңес дәуірінде жақсы дамыған қазақша-орысша қостілділіктен гөрі орысша-қазақша қостілділіктің әлеуметтік қажеттілігі артуда. Осыған сай қазіргі таңда елімізде ілеспе аударма көкейкестімәселелерге айналып отырғаны анық. Біріншіден, қоғамымыз жаппай мемлекеттік, яғни қазақ тіліне, көшпейінше ресми кездесу, жиналыс, конференция, сайыс т.б. іс-шаралар қазақ тілінде жүргізіліп, ілеспе аудармамен қамтамасыздандырылады. Екіншіден, жаһандану процестері нығайып, ішкі істер мәселелеріне шетелдіктер белсенді қатысқан сайын ілеспе аударманың да қажеттілігі арта береді. Бірінші жағдай орысша-қазақша, қазақша-орысша қостілділіктің дамуына әсер етсе, екінші жағдай қазақша-ағылшынша, ағылшыншақазақша, орысша-ағылшынша, ағылшынша-орысша қостілділікке әкеледі. Сонымен қатар ілеспе аударма техниканың жоғары деңгейде дамуына байланысты пайда болып, оны іске асыру үшін техникамен қамтамасыз етілуі шартты түрде екенін ескерген жөн. Бірақ ілеспе аударма тек қана техникалық қамтамасыз етілуімен шектелмейді. Техникалық жабдықтар – маңызды бір шарты болса, ілеспе аударманы орындайтын адам – соны іске асыратын негізі. Сондықтан ілеспе аударма аудармашының арнайы дайындығын, тәжірибелік дағдыларын талап етеді. Ілеспе аударманың соңғы жылдары ғана қоғамымызда орын алып келе жатқанын ескерсек, ілеспе аудармашылар елімізде жоқтың қасы деуге болады. Соның ішінде қазақша-орысша, орысша-қазақша ілеспе аудармашылар бүгінгі таңда тапшылық екені белгілі, оларды дайындау әсіресе қажет болуы сөзсіз. Алдымен ілеспе аударманың жазбаша – мәліметті, реферативті аудармалар, оның ішінде техникалық және көркем аудармалардан айырмашылығы неде екенін анықтап алайық. Ең бастысы: ілеспе аударманың ерекшеліктері жазбаша тіл мен ауызекі сөйлеу тілінің ұқсастығы мен айырмашылығынан туындайды. Олар: 1) жазбаша тіл – алдын ала дайындалуды, жазылған сөйлемдерді өзгертіп, мәтінді өңдеп отыруға мүмкіндік береді де соны талап етеді. Ілеспе аударма ауызекі сөйлеуге негізделіп, соның заңдылықтарына бағынады. Сондықтан ауыздан шығып кеткен сөздерді қайтарып алу мүмкін емес, яғни сөйлемді қайта жөндеуге болмайды. 2) Жазбаша аудармада берілген мәтінді қайта-қайта оқып, ұғынуға аудармашының өз еркі болса, ілеспеде ондай мүмкіндік тағы да жоқ. Көбінесе аударып отырған сөйлемді де аяғына дейін тыңдап алуға болмайды. Мысалы, орысшадан қазақшаға аударғанда сөйлемнің басынан бөлшектеп аудара береміз. Әрине, қазақшадан орысшаға аударғанда сөйлемді аяғына дейін тыңдап алмаса, ең маңызды мүшесі – баяндауыш – соңғы орын алатындығынан, оның алдындағы сөйлем мүшелерін аударғанда мағынасында олқылықтар тууы мүмкін. 3) Сонымен ілеспе аудармада мәтінмен алдын ала толық танысуға мүмкіндік болмайды, ал кейбір сөздердің астарлы мағынасы тек қана контексте анықталатынын ескерсек, ілеспе аударманың келесі қиындығына көзіміз жетеді. 4) Тыңдап алған сөйлемді аударып жатқанда баяндамашы сізді күтпейді: жаңа ойға, жаңа сөйлемге баса береді. Осыдан ілеспе аударманың келесі айырмашылығы туындайды: ілеспе аудармашы мәліметті жүйрік қағып алып, өте шұғыл шешім қабылдап, ұққан мәліметті барынша екінші тілде жеткізу керек. Сонымен ілеспе аудармашы көзді ашып жұмғанша бірден үш әрекет жасайды: 1) тыңдап, мәліметті қабылдау, түсіну; 2) екінші тілде сол мағынаны өзгертпей жеткізу үшін лайық сөздер, тұрақты тіркестер, мақалмәтелдерді есіне түсіру; 3) ойында құрылған сөйлемді дауыстапайтып отырып, жаңа сөйлемді тыңдап, ұғына білу. Сонымен,аударманың басқа түрлеріне қарағанда, ілеспенің жылдамдығы мен көпқырлылығын атап өту қажет. Мәтіннің түпнұсқасы мен аудармасының арасында тек минуттар өтеді. Ілеспе аударма ойдағыдай шығу үшін оны орындаушы тек қана қостілді маман емес, екі халықтың мәдениетін, тарихын, менталитетін, ұлттық психологиясын жақсы білетін, дикциясы анық, дауысы тартымды, сөйлеу ырғағын мағынамен тікелей байланыстырып өзіне бағындыратын, сөзге шешен болуы міндетті. Сонымен қатар ілеспе аудармашының зор жауапкершілігі мен тапқырлығы, екі тілді бірдей меңгеріп, еркін қолдана білуі (көркем аудармада «подстрочник» деген ұғым бар да, көркем аудармашы нұсқаның тілін жете білмей-ақ, біреудің даярлап берген «подстрочник» арқылы өз міндетін атқара беруі мүмкін, ілеспеде ол мүлдем мүмкін емес), көзқарасының жан-жақта болуы, әңгімелеп отырған тақырыпты терең білуі осы саладақойылатын кәсіби талаптардың бір қатары. Бірақ осы қасиеттердіңбәрі де бола тұрып, ойдың жүйріктігі ақсаңдаса, ілеспе аудармашы болу әлдеқалай. Себебі ілеспенің ең басыңқы ерекшелігі – осы жүйріктікте. Сөйлеу іс әрекеті көптеген басқа психофизикалықәрекеттермен байланысып, соларға негізделгендіктен, сөйлепотырған адамға ілесіп, жаңа ғана дыбысталып сөйлем болып шыққан мәліметті дәл сол кезде екінші тілге аударып шығару да аудармашыдан қабілеттілікті талап етеді. Әрине, бұл – ілеспе аудармашыға қойылатын ерекше талаптар. Олар көптеген арнайы дайындық, жаттығулар арқылы пайда болып, дағдыға айналады. Қостілділік негізінде екі этносты, олардың мәдениетін ұштастыратын ілеспе аудармашы; қорыта келгенде, ол – білімді, мәдениетті, парасатты, қостілді кәсіби маман. Ізбе-із аударма – мәтін тыңдалып болғаннан кейін жасалатын ауызша аударманың түрі. Ізбе-із аударманы шартты түрде екіге бөлуге болады. Олар: парақтан аудару және абзацты-фразалы аударма. Көбінесе ізбе-із аударма деп жазбалары бар аудармашылық әрекеттің кәсіби түрін атайды. Ізбе-із аударманың жүзеге асуын былайша сипаттап беруге болады: шешен біраз сөз сөйлейді (25-30 минут немесе одан да көп). Аудармашы шешен сөзінен кейін айтылған ойды аудара алу үшін жазба түсіре отырып, мәтінді ойша аударады. Қойылған мақсатқа сәйкес, аударма толық немесе қысқаша формада жүзеге асырылуы мүмкін. Алайда қазіргі уақытта ауызша аударманың стандарты біршама өзгерген және түпнұсқа мәтінінің үзіндісін аудару ұзақтығы кей кездерде 15 минуттан асып кетеді. Ауызша аударманың бұл түрі жауапты келіссөздер, саяси, экономикалық-қаржылық, құқықтық және басқа да мәселелер төңірегіндегі ресми кездесулер кезінде, пресс-конференцияларда, семинарлар мен дөңгелек үстелдер кезінде жүзеге асады. Дыбыстық құрылғылардың күн санап дамуына байланысты ауызша ізбе-із аударманың қолданылу аясы тарылып барады. Дегенмен жеке кездесулер, келіссөздер кезінде толық түсінісу үшін, әрі ілеспе аударманы қолдану мүмкін болмаған жағдайда ізбе-із аударма бірден-бір тиімді аударма болып табылады. Сондықтан аударманың бұл түрін әрбір кәсіби аудармашы білуі қажет. Ізбе-із аударманың ілеспе аудармадан басты айырмашылығы мынада: ілеспе аударма мәтін тыңдалып жатқанда жасалса, ізбе-із аударма мәтін тыңдалып болғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Ізбе-із аудармада аудармашы аудармашылық жедел жазуды қолданады. Ізбе-із аудармашыға қажетті қасиеттерді ғалым Ә.Тарақов былай бөліп көрсетеді: 1) энциклопедиялық білімнің молдығы, ой-өрісінің кеңдігі; 2) өз ұлттық тілін еркін меңгеруі және бай сөздік қоры; 3) жұмыс істейтін шет тіліндегі кез келген сөзді іштей еркін қабылдау қабілеттілігі; 4) жұмыс істейтін шет тілін еркін меңгеру, әсіресе оның сөйлеу тілін, идиомалық оралымдарын білу Ізбе-із аударманың бір түрі – парақтан аудару кезінде жазылған мәтін алдын ала оқылмай, оны қабылдау барысында ауызша аударылады. Ал, абзацты-фразалы аудармада мәтін тыңдалып немесе оқылып болғаннан кейін толығымен емес, әдетте абзацтарға немесе фразаларға бөліп-бөліп тәржімеленеді. Аударманың бұл түрі бірден-бір қарапайым аударма болып есептеледі, сондықтан да аталмыш аударма мәтіннің көлемді үзінділерін есте сақтауды қажет етпейді. Абзацты-фразалы аударма монологті, сондай-ақ диалогті аудару кезінде қолданылады. Жазбаша аударма – аудару кезінде мәтін көзбен оқылып, жазбаша жүргізілетін кәсіби аударманың ең көп тараған түрі. Жазбаша аударманың көркем аударма және ақпараттық аударма деген түрлері бар. Көркем әдебиет – ерекше күрделі жанр. Бұл жанрдың жазушы шеберлігі, әр жазушының өзіндік стилі, даралығы, дарыны, мазмұн мен форманы берудегі жазушының қабілеті сияқты алуан түрлі мәселелері бар. Көркем әдебиет тілінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Біріншіден, көркем шығармаларда қолданылмайтын сөздер мен сөз тіркестері, фразелогизмдер некен-саяқ. Екіншіден, қай жанрда жазылған шығарма болса да, онда тіл арқылы қарымқатынас құралдарының барлық түрінің қолданылуында, яғни ауызекі сөйлеу тіліне қоса, публицистикалық, ғылыми және ресми стильдердің элементтері осы стильде әртүрлі формада ұшырасып отырады. Үшіншіден, көркем шығармалардың басты міндеті – эстетикалық тәрбие беретіндігінде, яғни көркем шығармада сөздің эстетикалық қуаты, сөздің бейнелілігі маңызды мәнге ие. Жоғарыда сараланып берілген көркем әдебиет стилінің белгілері аударма әдебиетке де тән. Көркем аударма – көркем шығармашылықтың түрі. Аудармашы өзінің дүниетанымына, көркемдік-эстетикалық талғамына сай аударуға таңдап алған шығармадағы көркемдік шындықты форма мен мазмұн бірлігін сақтау арқылы жеткізеді. Көркем аудармада түпнұсқаның эстетикалық құндылығы зор. Көркем аударма – психологиялық процеспен жүзеге асатын шығармашылық өнер. Мұнда психологиялық процес шығармашылық процеспен тікелей ұштастырыла жүргізіледі. Көркем аударма – көркем әдебиет шығармаларын, яғни негізгі қызметі оқырманға көркемдік-эстетикалық әсер ету болып табылатын мәтіндерді аудару. Көркем әдебиет аудармашысының алдында екіжақты міндет тұрады: 1) түпнұсқа мазмұнын, сюжетін, түпнұсқа авторының негізгі идеясын барынша толық сақтау; 2) аударылатын тілдің табиғи заңдылықтарын, нормаларын қадағалау. Ғалым А.Алдашева көркем аударманың төмендегідей айырымбелгілерін ұсынады: а) көркем аударма – ойлаудың образдылық типінің жемісі; демек, мұнда индивидуалдық даралық, шығармашылық ізденіс бар; бірақ ә) ізденістің шеңберіне шек қойылады, өйткені аудармашының алдында жатқан мазмұны-құрылымы дайын мәтін шығармашылық еркіндікке жібермейді; б) көркем аударма да төл әдебиет сияқты эстетикалық қызмет атқаруы керек; в) көркем аударма да төл әдебиет сияқты тұшымды, кедірбұдырсыз оқылуы қажет; г) сондықтан аудармада қазақ тілінің табиғи күйі, сөз қолдану, емлелік нормалары сақталуы тиіс. Көркем аударма мен басқа да аударма түрлерінің арасында айырмашылықтар бар. Мысалы, көркем аударма мен ғылымитехникалық әдебиет аудармасының айырмашылығы мынада: техникалық әдебиеттерді аударушының басты міндеті, фактілерді, қажетті мәліметтерді дәл жеткізу болса, көркем әдебиет аудармашысының міндеті – шығарма идеясы мен композициясын, көркемдік-эстетикалық элементтерін дәл, бейнелі бере білуі. Жазбаша аударманың келесі бір түрі – ақпараттық аударма. Ақпараттық аударманың негізгі қызметі әдеби-эстетикалық әсерету емес, қандай да болмасын, ақпаратты мәліметтерді беру болып табылады. Түпнұсқаның белгілі бір қызметтік стильге, тілдік ерекшеліктерге және оның жанрлық жүзеге асуына қатысты болуына байланысты ақпараттық аударма мынадай түрлерге бөлінеді: ғылыми-техникалық, ресми-іскерлік, саяси-публицистикалық материалдарды, газеттік-ақпараттық материалдарды, патенттік әдебиеттерді, экономика және коммерциялық қызмет бойынша материалдарды, сонымен қатар өндірістік-сауда фирмалар қызметінің материалдарын аудару. Жазбаша аударма процесіндегі ең басты құрал – сөздік. Қазіргі «ақпараттар легі» ғасырында аудармашының жұмысын сөздіктерсіз елестету мүмкін емес. Аудармашы арнайы терминдерді жылдам табуы үшін, алдымен, ақпараттың қандай дереккөздері бар екенін және оларды қандай ретпен, әрі қалай пайдалану керектігін білуі қажет. Ақпараттың барлық дереккөздерін жалпы және арнайы деп бөлуге болады. Ақпараттың жалпы дереккөздері – бұл жалпы қолданысқа арналған сөздіктер мен энциклопедиялар. Ақпараттың арнайы дереккөздеріне – арнайы сөздіктер, арнайы энциклопедиялар, анықтамалықтар және ғылым мен техниканың әртүрлі салаларына арналған арнайы әдебиеттер жатады.