Пәні:«Мамандыққа кіріспе»
Тетртану мектептері
Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір-тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және тұрлаулы мәдениетімен тығыз байланысты. Театр сонау көне Грекияда пайда болып, əртістердің ойыны, музыкалық нөмірлер, поэзия, проза, дизайн секілді бірнеше өнерлерді қамтығаны аталып өтілді. Театр осындай жан-жақтылығымен де құдыретті. Яғни бірнеше адамзаттық өнерлерді бір жерде топтастыру, ұйыстыру осындай үлкен өнердің тууына себепші болып отыр. Мысалға алатын болсақ, қойылымдағы əрбір деталь өте маңызды рөл атқарады, əртістің қимылы, табиғаты, болмысы, сөзіне оның киімі, қолданатын заттары үйлесімді болуы керек. Ал жалпы театрдың мазмұнына, мəніне оған сəйкес композиция, музыка дұрыс таңдалуы тағы бар. Мысалы, осы детальдардың үйлесімін қазақ қойылымдарының ішінде «Ай-Қарагөз» қойылымынан көруге болады. Т.Шапайдың «Дариға - дəурен» əнін қойылымға дөп түсірген. Қазақ өнерінің қара шаңырағы – осы күнгі Қазақтың Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театры алғаш рет өз шымылдығын Қызылорда қаласында 1926 жылдың қаңтар айында ашты. Бұл – даусыз ақиқат. Алайда театр тарихына қатысты ресми мәліметтерде, баспасөз бетіндегі ақпараттарда ұйымның ашылған күні мен алғашқы сахналанған қойылымы туралы түрлі деректер кездеседі.
Театр мен бірге халық санасының дәрежесінде бірге өседі. Осындай ұлттық құндылықтарымыз тұнып тұрған өнер түрінің тарихыда тереңде. Сонау сал серілер мен шешендердің кезеңінен бастап театр өнерінің іргетасы қалана бастады. Тек бұл өнер бастамасын дала театры дейтін. Қазақтың кәсіби театр өнерінің қайнар көзі халық шығармашылығына (әнші, ақындар айтысы мен шешендік өнерге), ежелден келе жатқан әдет-ғұрып пен тұрмыс-салтқа (беташар,бәдік, жар-жар, жоқтау, қоштасу, қыз кәде, шілдехана), ойын-сауық (алтыбақан, қызойнақ, қынаменде, ортеке, судыр-судыр) пен Алдар Көсе, т.б. секілді күлдіргі қулар өнеріне саяды. Қазақ халқының қоғамдық ортасында туған, қиыннан қисын табар тапқыр, ой-қиялы жүйрік, ділмар адамның жиынтық бейнесі болып, аты аңызға айналған Алдар Көсе, Жиренше шешен, Қожанасыр мен Тазша бала есіміне байланысты күлдіргі әңгімелер ел арасында ертеден белгілі. Содан соң уақыт өте келе қазақ даласына кәсіби театр келіп, өз қойлымдарын сахыналап бастаған сәттен бастап М.Әуезов, Ж.Шанин, Ғ. Мүсірепов сынды бір қатар қазақ қаймақтары журналдар мен газеттерге мақалалар жаза бастайды. Сын түзелмей, мін түзелмейді дегендей, театр қазақ даласына келген сәттен бастап ғалымдар мен жазушылар да сыный пікірлер бола бастады. Алайда сынмен бірге театрда қазірде даму үстінде. Себебі бұның өзі сөз өнері,сол себептіде бұл тұлғалар театр зерттеушілері дейміз. Ал қазір болса үлкен еңбектің арқасында Қазақстанның кез келген өңірінен тарихтың иісін шығарып тұрған театрлар бар.алайда, бір айта кететін жайт оларды ешқашан бос қалдырмай,ішін көрерменге ал сол арқылы өзіміздің санамызды ұлттық рухпен отансүйгіштік секілді таза сезімдерге толтыруымыз керек.
"Қара халықтың мәдениетті болуынан,мәдениетті адамның қазақ болу қиын",- дейді Жүсіпбек Аймауытов. Бәрі өзімізге байланысты. Егер театр ұжымынан жоғары деңгейдегі қойылымды күтсек,өзімізде сол деңгейге лайық болайық!