Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Гуманитарлық-педагогикалық факультет
Қазақ филологиясы кафедрасы
5В020500 «Филология: қазақ» мамандығының студенттеріне арналған
«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы»
ПӘНІН МЕҢГЕРУ ЖӨНІНДЕГІ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
Павлодар
Пән бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/38
|
|
БЕКІТЕМІН
ГП факультетінің деканы
_______ Ж.Т.Сарбалаев
20__ж. «___»_______
|
Құрастырушы: ___________ ф.ғ.д., профессор А. Қ. Тұрышев
Қазақ филологиясы кафедрасы
5В020500 «Филология: қазақ» мамандығының студенттеріне арналған
«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы»
пәнін меңгеру жөніндегі оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 20__ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 20_ж. «___»____________№_____ Хаттама
Кафедра меңгерушісі __________ Н.Қ. Жүсіпов 20_ж. «___» ________
Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен
мақұлданды 20_ж. «___»____________ №____ Хаттама
ОӘК төрайымы _____________ С.К. Ксембаева 20_ж. «___»___________
1. Оқу пәнінің төлқұжаты
Қазақ тілінің тарихи грамматикасы
Міндетті компонент пәні
Кредит саны және оқу мерзімі
Барлығы – 3 кредит
Курс: 3
Семестр: 6
Барлық дәрісханалық сағат саны – 45 сағат
Дәріс – 30 сағат
Практикалық сабақ –15 сағат
СӨЖ – 90 сағат
Соның ішінде СӨЖМ – 22,5 сағат
Жалпы еңбек сыйымдылығы – 135 сағат
Бақылау түрі:
Емтихан (тест және ауызша) – 6 семестр
Курстық жұмыс – 6 семестр
Пререквизиттер:
- Тіл біліміне кіріспе.
- Қазақ жазуының тарихы
- Ежелгі дәуір әдебиеті (хрестоматия)
- Қазақ әдеби тілінің тарихы
Постреквизит:
- Көне түркі тілі
- Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлемі синтаксисі
2. Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары:
Аты-жөні: Айтмұхамбет Қасымбайұлы Тұрышев
Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: ф.ғ.д., профессор, «Қазақ филологиясы» кафедрасында «А» корпусында (Ломов к-сі, 64) 356 аудиторияда орналасқан.
Байланысу телефоны: Тел. (12-55) 356-кабинет
Қабылдау уақыты: бейсенбі сағ. 16. 45
3. Пәні, мақсаты мен міндеттері
Пән нысаны: Тарихи грамматиканың негізгі объктісі, қарайтыны – қазақтың халық болу процесі кезіндегі тіл құрылымы. Тіл тарихының қай мәселесі де, оның ішінде фонетикалық жұйе мен грмматикалық құрылым тарихы бүгінгі тіліміздің өз құрылымындағы тіл дамуының жаңа фазасының көрінісі мен ескі дәуір іздерін айқын ажыратып тануға негізделеді. Белгілі бір заңдылық жүйелі түрде орнықса,екінші бір тілде эпизодтық ыңғайда қалып қояды, сондықтан ескі мұралар тілі мен қазіргі қазақ тілі фактілерін ғана салыстыру әлі грамматика жүріп өткен жолды түгел көрсете алмайды. Соған байланысты туыс тілдер фактілерін салыстыру қажеттігі шығады.Түркі тілдерінің ішінде қазақ тілінің орнын анықтау үшін түркі тілдерін жіктелген ғалымдардың еңбектеріне тоқталу қажет Пәннің мақсаты осы тілдік материялдарды қарастыру.
Пәнді оқыту мақсаты: «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» курсы бүгінгі тілдің фонетикалық, грамматикалық құрылымның осы күйге жету жолын, эволюциясын тарихи салыстырма әдіс негізінде түсіндіруді міндет етеді. Сондықтан тарихи грамматика курсы сөздердің грамматикалық кластарға жіктеу тарихын, жеке грамматикалық категориялардың қалыптасу эволюциясын, дыбыстар жүйесінде болған тарихи өзгерістерді, олардың тілдің лексикалық қорына, грамматикалық құрылымына әсері тәрізді мәселелерді тексеруі керек.
Халықтардың қалыптасу дәуірінде, сондай-ақ даму барысында болып отырған әр түрлі экстралингвистикалық факторлар тарихи грамматика курсында белгілі бір грамматикалық категория әлде грамматикалық тұлғаның қалыптасу тарихын түсіндіретін қосымша дәлел ретәнде қаралады.
Пәнді оқытудың міндеттері:
Қазақ халқының құрылу процесіндегі басты кезеңдер және ол процеске тікелей қатысы бар тайпалар, тайпалық одақтар бұрын-соңды зерттеулер, пікірлер қорытылып, ұзын-ырғасы анықталған материалдар қарастырылады.
Қазақ тілінің фонетикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымның даму жолын тарихи тұрғыдан түсіндіруде материал беретін басты көздер - түркі
халықтарының ежелгі дәуірлерден бізге жеткен мұралар тілі, қазіргі түркі тілдері және бүгінгі қазақ тілі материалдарымен таныстыру.
4. Білім, іскерлік, дағды мен құзыреттілікке қойылатын талаптар:
Студенттер тіл тарихының қай мәселесі де, оның ішінде фонетикалық жүйе мен грамматикалық құрылым тарихы бүгінгі тіліміздің өз құрылымындағы тіл дамуының жаңа фазасының көрінісі мен ескі дәуір іздерін айқын ажыратып тануға негізделетінін білуі керек. Студенттер бұл курсты оқу барысында жинаған білімдерін алдағы кәсіби қызметінде, ғылыми-зерттеу жұмысында пайдаланады.
5. Пәнді оқудың тақырыптық жоспары
Академиялық сағаттарды сабақ түрлері бойынша бөлу
3.1 Пәннің тақырыптық жоспары
|
№
|
Тақырып
|
Сағат саны
|
Күндізгі бөлім
|
Дәр.
|
Тәж.
|
СӨЖ
|
СӨЖМ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1
|
Кіріспе. Қазақтың халық және ұлт тілдерінің жасалуы.
|
2
|
1
|
6
|
2
|
2
|
Лексика. Қазақ лексикасының көнетүркілік негізі.
|
2
|
1
|
6
|
2
|
3
|
Өлі түбірлердің пайда болуы, лексика тарихының этимологиямен байланысы.
|
2
|
1
|
6
|
2
|
4
|
Басқа тілден енген сөздердің сипаты. Кірме сөздердің лексика,
грамматика, фонетиканы дамытуға әсері және қазақ тілінде грамматикалық, семантикалық, дыбыстық жағынан игерілу сипаты.
|
2
|
1
|
6
|
2
|
5
|
Сөз мағынасындағы өзгеріс. Тұрақты сөз тіркестерінің қалыптасу тарихы. Лексиканың толығу жолдары.
|
2
|
1
|
6
|
2
|
6
|
Фонетика.Түркі негіз тіліндегі дауысты дыбыстар жүйесі. Дифтонгтар, жеке дауыстылардың дамуындағы ерекшеліктер.
|
2
|
1
|
6
|
2
|
7
|
Дауыссыз дыбыстар.Ескі түркі тілі дауыссыздар жүйесі, оның қазіргі қазақ тіліндегі көрінісі.
|
2
|
1
|
6
|
2
|
8
|
Жеке дауыссыздардың қалыптасуындағы ерекшеліктер.
(анлаут позициясында қолданылатын, интервокал позициясындағы дауыссыздар, сингармонизм, ассимиляция дамуы)
|
2
|
1
|
6
|
1,5
|
9
|
Морфология. Морфологиялық құрылыстың дамуында ұшырасатын тілдік процестер, олардың сөздің морфологиялық құрамына әсері.
|
2
|
1
|
6
|
1
|
10
|
Сөз түбірінің дамуы. Қосымшалар.
Сөз жасаудың қалыптасқан тәсілдері.
|
2
|
1
|
6
|
1
|
11
|
Сөз таптарының шығуы мен қалыптасуы. Септеу категориясының дамуы.
|
2
|
1
|
6
|
1
|
12
|
Синтаксис.Синтаксистік құрылыстың даму ерекшеліктері. Сөз тіркесінің дамуы.
|
2
|
1
|
6
|
1
|
13
|
Сөйлем құрамының дамуы. Жай сөйлемдердің түрлері.
|
2
|
1
|
6
|
1
|
14
|
Оқшау сөздердің құрамы мен түрлерінің дамуы.
|
2
|
1
|
6
|
1
|
15
|
Құрмалас сөйлемдердің жеке топтарының дамуында жазба тілдің рөлі.
|
2
|
1
|
6
|
1
|
|
Барлығы:
|
30
|
15
|
90
|
22,5
|
6. Дәріс сабақтарының мазмұны
1-тақырып. Тілдің тарихын зерттеудің көздері. Қазақ тілінің қалыптасу кезендері жайлы мәселе.
Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі):
Тілдің тарихын зерттеудің көздері.
Қазақ тілінің қалыптасу кезендері жайлы мәселе.
Тарихи грамматика деп аталатын ғылыми зерттеулер саласы және солардың негізінде қалыптасқан оқу пәні тілдің барлық салаларының (дыбыс, фонемалар жүйесі мен морфологиялық құрылымын, синтаксисі мен лексикасын) қалыптасуы мен даму, өзгеру жолдары мен бағыттарын зерттеп түсіндіреді. Сөйтіп "тарихи грамматика" дейтін атпен тек грамматика емес, тарихи лексика мен тарихи фонетика да еске алынады. Тарихи грамматика пөнінің негізгі мақсаты — тілдің барлық салаларының да даму зандылықтары мен өзгеру бағдарларын айқындау болып табылады.
Тарихи грамматика тіл тарихы туралы жалпы білімнің бір саласы ретінде ұғынылады. Тарихи грамматиканың зерттейтін, түсіндіретін объектісі – күнделікті тұрмыстық қатынаста жасалатын сөйлеу тілінде ғана емес, бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Тарихи грамматика өз тұжырымын, өз қорытындысын нормаланған, жүйеленген әдеби тіл ескерткіштері негізінде де, халықтың сөйлеу тілі жүйелерінің өзгерістері мен даму заңдылықтары негізінде де айтады. Дегенмен, тіл тарихының бұл екі саласы бір-бірімен тығыз байланысты, бірінің қорытындылары екіншісінде өзінің орнымен қайталанып отырады. Сондықтан жазба ескерткіштер әдеби тіл тарихының объектісі болуымен қатар, тарихи грамматика қорытындысын дәлелдейтін дәйектеме де бола алады.
Тіл тарихы тарихи грамматика мен әдеби тіл тарихына ажырайтыны белгілі. Әдеби тіл тарихынан тарихи грамматиканың негізгі айырмасы — оның зерттеу, түсіндіру объектісінде. Тарихи грамматиканың зерттейтін, түсіндіретін объектісі - күнделікті тұрмыстық қатынаста жасалатын сейлеу тіліндегі ғана емес, бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Екінші сөзбен, тарихи грамматика өз тұжырымын, өз қорытындысын нормаланған, жүйеленген әдеби тіл (жазба түрінде де, ауызша түріңде де) ескерткіштері негізінде де, халықтың сейлеу тілі жүйелерінің өзгерістері мен даму зандылықтары негізінде де айтады. Дегенмен, тіл тарихының бұл екі саласы бір-бірімен тығыз байланысты, бірінің қорытындылары екіншісінде өзінің орнымен қайталанып отырады. Мәселе мынада: әдеби тіл тарихы жазбаша қалыптасқан әдеби тілдің даму жолдарын, оның нормалар жүйесін, әр кезең, дәуірдегі өзгерістерін қарастырады. Ондай өзгерістердің түрлерін, сөз иіндерін (стильдерін) қалыптастыру, дамытудағы ролін де назардан тыс қаддырмайды. Қысқасы, әдеби тіл тарихы зерттейтін жазба әдеби тіл де сөйлеу тілі тәрізді қоғамның қатынас құралы қызметін атқарады. Әдеби тіл халықтың ауызекі сөйлеу тілі негізінде қалыптасады, кейінгі дамуында бұлар бір-бірімен тығыз байланыста, тығыз қатынаста болып отырады. Соның салдарынан олар бір-біріне өзара ықпал жасайды. Сондықтан да жазба ескерткіштер (жазба әдеби тіл ескерткіштері) әдеби тіл тарихының объектісі болумен бірге, тарихи грамматика қорытындысын дәлелдейтін дәйектеме де бола алады. Оған себеп, әдеби тіл тарихы жазбалар тіліңдегі өзгерістерді айқындап, жазба тіл салаларының даму бағытын белгілейді. Ал тарихи грамматика болса, жазылып қалған (жазу қолдана бастаған дәуірлердегі) ескерткіштер тілін ғана зерттеп қоймайды, жазу қолданғанға дейінгі көне дәуірлерде қолданыс тапқан тілдің сипатын баяндауға, жобалауға ұмтылады. Сондықтан тарихи грамматика өз зерттеулерін бүгінгі тілдің фактілеріне талдау жасаудан бастайды да, сол талдаудан алынған қорытындылар негізінде өткен дәуірлерге үңіледі.
2-тақырып. Лексика. Қазақ лексикасының көнетүркілік негізі.
Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі):
Қазақтың халық тілінің қалыптасу дәуірлеріндегі тілдік тарихи
ескерткіштер
Тұрақты сөз тіркестерінің (идиома, фраза) қалыптасу тарихы.
Көне заман мен орта ғасырлардағы лексиканы жазба
ескерткіштер арқылы танитынымыз, ол кезден сөйлеу тілі лексикасы бізге толық жетпегені, сөздердің жазылуы мен айтылуы қашанда
бірдей бола бермейтіні.
Tүркі тілдері лексиканың басты 6ip ерекшелігі тy6ip сөздің ықшамдылығында. Tү6ip сөздер көбінесе 6ip буынды және мағынасыз бо-лып келетін, осыдан барып өлі тү6ip туғаны, лексика тарихының этимологиямен байланыстылығы.
Қазақтың халық тілінің қалыптасу дәуірлеріндегі тілдік тарихи ескерткіштерге (М. Қашкаридың "Дивани лугати ат-тюрк) еңбегі т.б.) сүйене отырып, негізгі сөздік қордың сипатына, көлеміне жаңа сөз жасауына шолу жасау. Қазақ тіліндегі жалпы түркі тілдеріне ортақ лексика. Монғол, қазақ тілдеріне ортақ лексика. Қазақ тілінің сөздік қорында олардың алатын орны.
Халық тілі қалыптасу дәуірлеріндегі басқа тілдерден (орыс, шығыс тілдерінен) енген сөздердің сипаты. Сөз ауысудың өзге тілдерге әcepi. Араб-парсы тілдерінен сөз ауысып алудың тоқырауы, орыс тілінен сөз ауысудың тарихи мәні, лексика, грамматика, фонетиканы дамытуға әсepi.
Сөз мағынасындағы өзгеріс. Көптеген сөздердің негізгі (заттың) мағынасын жоғалтып, ауыспалы мағынада қолданылуы (шулен шуршу, шун бадасы, быщырш шигендей); көп мағыналы сөздердің туу тарихы. Омоним, синонимдер тарихы, олардың көп мағыналы сөздермен байланысы: функционалдық семантика, лексиканың мағына дамуына айғак бола алатыны.
Тұрақты сөз тіркестерінің (идиома, фраза) қалыптасу тарихы. Олардың шығу тегі жай тіркестермен байланысты екендігі. Сөздердің 6ip-6ipiмен тіркесуінде, қолданылуында шек бар екендігі. Мағынасын жоғалтқан сөздердің идиома мен қос сөздерде сақталуы.
Лексиканың толығу жолдары.
а) сөз байытудың негізгі жолдарының 6ipi — дайын сөзді көрші тілдерден ауысып алу екендігі;
ә) байырғы сөздердің жаңа мағынаға ие болуы;
б) дыбыстық өзгерістер арқылы. Бұған сөз мағынасындағы өзгеріс,
жаңалану тікелей әсер ететіні {улаг — улау — лау, екШеш — ушмеш,
гылым — Шм, маглумат — мэл1мет).
Лексикалық сөз тудыру жолдарының тарихы.
а) Екі сөздің қосылуы арқылы жаңа ұғым, жаңа сөз жасалу тәсілі көне екендігі. Даму барысында соңғы компоненттің мағынадан ажырап, дыбыстық деформацияға ұшырауы — оны жұрнаққа айналдыратыны. Қaзipгi қазақ тілінде ондай фактілердің молдығы (к,олк,ак, — щулащ, бшек юзш — быезж, келе турган — келетугын — келетш). Мағыналы сөздің шылауға, шылаудың аффикске айналу процесі.
Аффикс (жұрнақ) арқылы сөз жасалу негізгі екені. Аффикстің мағыналы түбip сөзден шығуы туралы тарихи деректер.
3-тақырып. Өлі түбірлердің пайда болуы, лексика тарихының этимологиямен байланысы.
Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі):
Тілдің қазіргі морфологиялық құрылымы
Дара қосымшалардың қалыптасуы
Күрделі қосымшалардың қалыптасуы
Тілдің қазіргі морфологиялық қүрылымы — оның динамикалық дамуының жемісі. Тіл қүрамында динамикалық дамудың нәтижесінде қалыптасқан элементтермен қатар, көне дәуірдің куөсі боларлықтай фактілер де кездеседі. Сондықтан тілдің морфологиялық қүрылымының тарихи дамуы оны туыс тілдер материалдарымен, тіддік тарихи ескерткіштер фактілерімен салыстырып зерттеу арқылы ғана емес, сол тілдің өз қүрамында қалыптасқан тілдік элементтерді зерттеу арқылы да ашылады. Қазіргі қазақ тілінің осы күнгі морфологиялық қүрылымының бүгінгі қалыпқа жету жолын да аталған өдістерді қатар қолдана отырып зерттегенде ғана айқын түсінуге болады.
Егер қазіргі қазақ тілінің фактілерін тарихи ескерткіштер фактілерімен салыстырсақ, онда бүгінгі тілімізде негізгі, я алғашқы түбір делініп жүрген біраз түбір сөздердің өзін алғашқы түбір мен өлі қосымшаға айыруға болатынын көреміз. Айталық, қазіргі тіліміздегі қартаю етістігін ескі жазбалар тіліндегі сондай сөзбен салыстырып, "Қутатқу білік "тілінде осы етістік қары (айқын етістік мәнінде) түрінде қолданылғандығын білеміз. Сонда қазіргі тіліміздегі қартай сөзінің қүрамыңдағы /и-ны байырғы түбірмен жымдасып кеткен ырықсыз етіс қосымшасы деп тануға тура келеді. Осы жай сол етістікті озімен түбірлес қария (кәрия) сьш есімімен салыстырғаңца тағы байқалады. Соңғы варианттар (қария, кәрия) қүрамында т элементі кездеспейді. Сондай-ақ, қазіргі тіліміздегі қалдық, тасқын, күрек, бақ, қайық, қысқаш сөздерін де алғашқы түбір мен "өлі" қосымшаға беліп қарауға әбден болады.
Морфологиялық элементтердің динамикалық дамуын қарастырғанда белгілі бір тілге тән түлғаларды, мүмкіңцігіне қарай, көне заман ескерткіштері фактілерімен де, туыс тілдер фактісімен де салыстыра қарау қажет. Мәселен, қазіргі қазақ тіліндегі көмектес септік түлғасының шығу тегін айқыңдау үшін осындай салыстыру қажет. Егер V—VIII ғасыр ескеркіштерінде көмектес септік мәнін бірле шылау сезі берген болса, кейінгі дөуір ескерткіштерінде осы шылау бірлен, білен түрінде кездесіп отырады.Соңғы вариант сол күйінде қазіргі түркі тіддерінің көбіңде бар. О бастағы бірле сөзінің қүрамындағы р дыбысының түсіп қалуы түркі тілдерінің тарихына жат қүбылыс емес. Ал қазақ тілінің жергілікті говорларыңда кемектес септік жалғауының -мынан (-пынан) түрі кездеседі. Сөз басыңцағы м//б сәйкестігі түркі тілдер тарихында ескіден белгілі, қазір де бар қүбылыс. Сейтіп көмектес септік жалғауы -мен-пщ о бастағы генезисі бірле шылауы екені еш күмән туғызбайды.
Тілдің морфологиялық қүрылысының даму кезендерін білуде жерплікті ерекшеліктерді әдеби тіл нормаларымен, көне дөуір ескерткіштерімен және туыс тілдер материалдарымен салыстырып қараудың маңызы зор^Бүл түрғыда мынадай жай еске алынады: жергілікті ерекшеліктер барлық жағдайда тілдің кене дәуірінің қалдығы бола бермейді. Олардың едәуір бөлігі кейінгі кезеңдерде көрші халықтармен жиі қарым-қатынас жасап, араласудың салдары болуы да мүмкін. Алайда сонымен қатар, мына жай да ескерілуге тиіс: халықтың этникалық негізі көптеген ру-тайпалардан қү-ралғандықтан, қазіргі уақытта кейде оғыз тіддерінің белгісі, қарлүқ тілдерінің элементі деп жүргендердің біразы-ақ халықтардың қүрамына енген сол тайпалар тілдерінің қалдығы болуы да мүмкін. Сол себептен де жергілікті говорларда кездесетін бірсыпыра грамматикалық (морфологиялық) ерекшеліктердің тіліміздің морфологиялық қүрылымының тарихи даму жолдарын зерттеуде бағалы материал болуы әбден ықтимал жай. Мәселеге осы түрғыдан қарағаңда, оңтүстік қазақтарының тілінде кездесетін бүйрық райлық мән беретін -қын, -гын, (-кін, -гін), -ың, -ің, -қыл, -кіл, -гіл, бүйрық мәңці көптік қосымшасы -алы//елі, шығыс септік орнына-барыс, көмектес септік орнына шығыс септіктің қолданылуы, батыс қазақтарының тілінде кездесетін: бізің, сізің, мезгіл мәніңце барыс септік орнына қолданылатын: -ай//-ей, -ды//ді, -ты//ті, өткен шақ қосымшаларының орнына қолданылатын -улы//улі, жеткізу етістігінің жеттіру түрінде басқа аффикспен айтылуы, -ган есімшесінің орнына -аган//еген түлғасының қолданылуы, сүрау есімдіктерінің қанда, (қайда), қандайма (қандайда болса), қайшан (қашан) түлғаларында қолданылуы, жатқан етістігінің жатырған түрінде айтылуы (жат және жатыр сездерімен салыстырыңыз), кейбір есім түбірлерден өдеби тілде жоқ тәсілдер арқылы етістік түбірлердің жасалуы: сақ+ы (сақта), сақ+ын (сақтан), ен+е (ен салу), уят+та (уялт), қойыр, қойыру (қойылт), тіргіз (тірілт), кішірт, кішірту тәрізді кішірейткіш мәнді қосымшаларды атайды: -м: қарам, -л: көгал, -н, -ч, -ч (-ш): ақыш (өзбекше), көгіс (қазақша), -ч, -дж: ақша, азаматша, -қ, -к: жолақ, сопақ, буршақ, -с: қызылсы (қызгылт), т.б. Осы дара қосымшалардың сөз қүрамында өзара бірігуінен қазіргі түркі тілдеріндегі -лақ//-лек, -алақ//-елек, -ымдық//-імдік, -ымтыл// -імтіл, -ігылтым//-ігілтім, т.б. күрделі қосымшалар қалыптасты деп есептейді.1 Егер осылай деп қарасақ, қазақ тіліндегі ішімдік, саргалдақ, саргылтым, т.б. сөздер қүрамындагы қосымшаларды морфологиялық ығысу процесінің нәтижесінде дара қосымшалардың күрделенуінен қалыптасты деуіміз керек. Б. А. Серебренников түркі тілдері фактілерін фин-угор тілдерімен салыстыру арқылы септік жалғау қосымшаларының біразы-ақ ежелгі қосымшалардың өзара бірігіп, күрделенуінен қалыптасты деп қарайды.2
4- тақырып. Басқа тілден енген сөздерлің сипаты. Кірме сөздердің лексика,грамматика, фонетиканы дамытуға әсері және қазақ тілінде грам-матикалық, семантикалық, дыбыстық жағынан игерілу сипаты.
Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі):
Басқа тілден енген сөздерлің сипаты.
Кірме сөздердің лексика, грамматика, фонетиканы дамытуға әсері
және қазақ тілінде грамматикалық, семантикалық, дыбыстық жағынан игерілу сипаты.
Тіл білімінде ретроспективтік әдіс деп аталатын зерттеу бағытының басты айырмашылығы, сонымен, бүгінгі тіл ерекшеліктерін талдауға сүйене отырып, өткен дәуірлерге, тарихқа белгісіз кезендерге бағдар жасап, жоба құру. Жобаланған немесе қайта жобаланған (реконструкцияланған) сипатты, тілдің о бастағы табиғи қалпын сөзбе-сөз қайталау негізгі мақсат емес (ол мақсат болған күнде де, солай екендігіне кез жеткізу, тексеру мүмкін де еместігі белгілі), бірақ сол алғашқы қалпы жайында негізгі мәлімет беріледі. Оған көз жеткізу үшін тағы да сол жобаланған сипатты бүгінгі тіддердің материалдарымен салыстыру керек болады. Тарихи грамматика жазба ескерткіштер тілін қарастырғанда да осы әдісті қодданып, осы принципті ұстанады. Әдеби тілдің тарихы түрғысынан жазба мүралар тілі сол заманғы әдеби тіл нормалары жүйесінің жиынтығы, белгілі бір сөз иінінің (стильдің) үлгісі деп қаралады да, сол бойынша қорытынды жасалады. Ал тарихи грамматика үшін жазба әдеби тіл ескерткіштері сол заманғы халықтың сөйлеу тілі элементтерін қарастыратын көз. Мәселе мынада: жазба әдеби тіддің қалыптасқан сындарлы жүйесі құрамында әлдебір себептермен енген сөйлеу тілі элементтері оқшауланып тұрады. Жазба әдеби тілдің өзі халық тілі негізінде (не түтастай халық тілі, не соның бір диалектісі) қалыптасатындығын, соңдықтан оның құрамында варианттар мен жарыспа элементтер болатындығын былай қойғанда, ол (жазба тіл) ауызекі сөйлеу тілімен тығыз қатынаста, тығыз байланыста болады. Мұндай байланыс сол халық өкілдерінің әдеби тіл нормаларын меңгеру дәрежесі әлі бәсең кезде, әдеби тіл халықтың бүкіл топтары арасында түгел тарай қоймаған кезеңде тіпті тығыз болады және ол белгілі бір зандылықтар шеңберіне сия бермеуі мүмкін. Қазақ тілі тарихында орта түркі дәуірінен кейін, түркі халық тілдері қалыптасу дәуірінде сол халық тілдерімен бір мезгіл, бір дәуірде бой көрсеткен түркі жазба әдеби тілі фактілерінің қазақ тілінің тарихи грамматикасын жасаудағы мәні мен ролі осында. Орта ғасырлардан біздің заманымызға жеткен ескерткіштер сол түркі әдеби тілінде жазылған. Ал түркі әдеби тілі парсы, парсы арқылы араб тілі, парсы-араб мәдениеттерінің ықпалымен қалыптасты. Ол тілдің құрамыңда парсизм мен арабизмдердің сан мөлшері мол болып қана қойған жоқ, оның сөз саптау, сөз қолдану зандылықтарына да парсы, араб тілдерінің әсері тиді. Осындай сипаттағы жазба тілдің құрамына енген ауызекі сөйлеу тілінің элементтері көзге оқшау көрінеді. Өйткені, жазбалар тіліндегі сөйлеу тілі элементтері өзгеріссіз, бұрынғы сипатын сақтайды. Сөйтіп, Орта Азиялық түркі әдеби тілінің бізге жеткен ескерткіштері қазақ тілінің тарихи грамматикасын жасау үшін жеке фактілер іздейтін көз ғана болып отырады. Ал фольклорларға осы тұрғыдан қарауға болмайды. Фольклор тілі халықтың сөйлеу тілінің негізінде жасалған тіл. Сондықтан оның құрамынан сөйлеу тілінің элементтері соншалық оқшауланып тұрмайды. Фольклор немесе ауыз әдебиеті тілін қазіргі кейбір зерттеушілер өз алдына ерекше қызмет атқаратын стиль түрі деп те қарап жүр. Оған себеп, сірә, фольклор тілі дәстүрінің бүгінгі жазба әдебиеті аясында да көрініп қалуы болса керек. Олай болатын себебі — фольклор тілін оның құралдарының стильдік жіктелу, өңделу тұрғысынан қарастыру мүмкін бола бермейді. Оның жүйесі тұтасынан көркем ойды білдірудің тәсілі іспетті қалыптасқан. Екінші жағынан, фольклор тілі өз сипаты жағынан ешбір диалектілік шеңберге сыймайтын, белгілі бір дәстүрлік жүйе бойынша қалыптасқан, бүгінгі сөйлеу тілі мен әдеби тіл тұрғысынан архаизмдік ауытқулары бар тіл деп қаралады. Фольклор немесе ауыз әдебиеті тілі атадан балаға ауысып, замандар бойы жалғасып келе жатқан әдеби желі. Сол себептен де оның тілі халықтың барлық топтарына да етене түсінікті.
5-тақырып. Сөз мағынасындағы өзгеріс. Тұрақты сөз тіркестерінің қалыптасу тарихы. Лексиканың толығу жолдары.
Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі:)
Сөз мағынасындағы өзгеріс.
Тұрақты сөз тіркестерінің қалыптасу тарихы.
Лексиканың толығу жолдары.
Көне заман мен орта ғасырлардағы лексиканы жазба
ескерткіштер арқылы танитынымыз, ол кезден сөйлеу тілі лексикасы бізге толық жетпегені, сөздердің жазылуы мен айтылуы қашанда
бірдей бола бермейтіні.
Tүркі тілдері лексиканың басты 6ip ерекшелігі тy6ip сөздің ықшамдылығында. Tү6ip сөздер көбінесе 6ip буынды және мағынасыз бо-лып келетін, осыдан барып өлі тү6ip туғаны, лексика тарихының этимологиямен байланыстылығы.
Қазақтың халық тілінің қалыптасу дәуірлеріндегі тілдік тарихи ескерткіштерге (М. Қашкаридың «Дивани лугати ат-тюрк» еңбегі т.б.) сүйене отырып, негізгі сөздік қордың сипатына, көлеміне жаңа сөз жасауына шолу жасау. Қазақ тіліндегі жалпы түркі тілдеріне ортақ лексика. Монғол, қазақ тілдеріне ортақ лексика. Қазақ тілінің сөздік қорында олардың алатын орны.
Халық тілі қалыптасу дәуірлеріндегі басқа тілдерден (орыс, шығыс тілдерінен) енген сөздердің сипаты. Сөз ауысудың өзге тілдерге әcepi. Араб-парсы тілдерінен сөз ауысып алудың тоқырауы, орыс тілінен сөз ауысудың тарихи мәні, лексика, грамматика, фонетиканы дамытуға әсepi.
Сөз мағынасындағы өзгеріс. Көптеген сөздердің негізгі (заттың) мағынасын жоғалтып, ауыспалы мағынада қолданылуы (шулен шуршу, шун бадасы, быщырш шигендей); көп мағыналы сөздердің туу тарихы. Омоним, синонимдер тарихы, олардың көп мағыналы сөздермен байланысы: функционалдық семантика, лексиканың мағына дамуына айғак бола алатыны.
Тұрақты сөз тіркестерінің (идиома, фраза) қалыптасу тарихы. Олардың шығу тегі жай тіркестермен байланысты екендігі. Сөздердің 6ip-6ipiмен тіркесуінде, қолданылуында шек бар екендігі. Мағынасын жоғалтқан сөздердің идиома мен қос сөздерде сақталуы.
Лексиканың толығу жолдары.
а) сөз байытудың негізгі жолдарының 6ipi — дайын сөзді көрші тілдерден ауысып алу екендігі;
ә) байырғы сөздердің жаңа мағынаға ие болуы;
б) дыбыстық өзгерістер арқылы. Бұған сөз мағынасындағы өзгеріс,
жаңалану тікелей әсер ететіні {улаг — улау — лау, екШеш — ушмеш,
гылым — Шм, маглумат — мэл1мет).
Лексикалық сөз тудыру жолдарының тарихы.
а) Екі сөздің қосылуы арқылы жаңа ұғым, жаңа сөз жасалу тәсілі көне екендігі. Даму барысында соңғы компоненттің мағынадан ажырап, дыбыстық деформацияға ұшырауы — оны жұрнаққа айналдыратыны. Қaзipгi қазақ тілінде ондай фактілердің молдығы (к,олк,ак, — щулащ, бшек юзш — быезж, келе турган — келетугын — келетш). Мағыналы сөздің шылауға, шылаудың аффикске айналу процесі.
Аффикс (жұрнақ) арқылы сөз жасалу негізгі екені. Аффикстің мағыналы түбip сөзден шығуы туралы тарихи деректер.
Достарыңызбен бөлісу: |