6- тақырып. Фонетика.Түркі негіз тіліндегі дауысты дыбыстар жүйесі. Дифтонгтар, жеке дауыстылардың дамуындағы ерекшеліктер.
Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі:)
Түркі негіз тіліндегі дауысты дыбыстар жүйесі.
Дифтонгтар, жеке дауыстылардың дамуындағы ерекшеліктер.
Тіл тарихы тіл құрамыңдағы жеке элементтердің тарихы ғана емес — тілдік құралдар жүйесінің, солардың өзгеріп, дамуының тарихы. Тілдің фонетикалық жүйесінің тарихы немесе тарихи фонетика жеке дыбыстардың немесе жеке фонетикалық құбылыстардың өзгеру, даму тарихы ғана емес, ең алдымен фонетикалық заңдылықтар, фонетикалық құбылыстар жүйесінің тарихы болып табылады. Тарихи фонетика бүгінгі тіліміздің фонетикалық жүйесінің құрылымы мен жүйелік зандылықтарының қалыптасуын, даму ерекшеліктерін түсіндіруі қажет. "Даму ерекшеліктері" дегенде бір тілдің өзімен ұялас, өзімен түбірлес жеке тілдерден, тілдер тобынан ерекшелену, айрықшалану, соның нәтижесінде дербестену жоддары еске алынады.
Тарихи фонетика тарихи тіл білімінің дербес саласы ретінде тарихи-салыстырма тіл білімінің даму процесінде қалыптасты. Фонетикалық заңцылықтарды диахрондық түрғыдан зерттеу тарихи-салыстырма тіл білімінде тарихи фонетикалық өзгерістердің бір семьяға жататын барлық тілдерге қатысты түрлерін анықтады. Тіл білімінде "жас грамматизм" ағымының ықпалымен анықталған мүндай заңдылықтар кейбір бір жақтылығына қарамай, фонетиканың өз алдына пән, дербес сала ретінде орнығуына ғана әсер етіп қойған жоқ, тарихи-салыстырма тіл білімінің теориялық жағынан жетіле түсуіне де зор себепкер болды. Тарихи фонетика сөйлеу тілінің (яғни, қазіргі, осы мерзімдегі тіддің) дыбыстарын, дыбыстық заңдылықтарын қарастырмайды. Ол тек тіддік дыбыс (звук языка) жайлы үғымды негізге алады, ал дыбыс жайлы үғым (немесе дыбыстық ұғым) фонетикалық белгілерді салыстыра қорытыңдылау барысында қалыптасады. Дыбыстық ұғым немесе дыбыс жайлы ұғым тарихи салыстырма әдісімен және іштей қайта құру, реконструкция әдісімен туыс тіддер мен диалектілер материалдарын зерттеудің соңғы, ақырғы нәтижесі болып табыла-ды. Айталық, отандық түркология "тірі" және "өлі" тілдерді тарихи-салыстырма әдіспен зерттеу арқылы түркі тілдері тарихында р > з > й, д//т > з > й, аг//ыг//уг//ег//іг//>у//й ауысуларының болғандығын анықтаса, қазіргі тіл фактілерін өзара салыстыру арқьщы (яғни, ішкі қайта құру әдісімен) қазақ тілінде сод ауысулардың р > з, д > й, к//қ, у//й тәрізді іздері сақталғандығын айқындайды. Ал мұндай сәйкестіктер қазақ тілінің кене түркі тіліне, тіпті жалпы алтайлық (түркі-монғол) тіл бірлестігіне қатысты дәрежесін көрсетеді.
Салыстыра зерттеу, сондай-ақ, түркі тілдерінің өзара айырым белгілерін айқындаумен бірге, бір тіл мен екінші тілдің байланыс дәрежесін, ондай байланыстардың жеке тілдердің қүрылымына ықпалының қандай болғанын да айқындайды. Айталық, қазақ тілінде сез басында айтылатын г, г, д, з кейде б дыбысы да таза түркілік қүбылыс еместігі тарихи салыстырулар арқылы ғана белгілі болды. Сондай-ақ ішкі қайта қүру әдісін қоддану арқылы қазіргі қазақ тілінде кейбір сездердің бас шеніндегі айтылатын ж және н, а және ы, а және е, ы және / дыбыстары бір-біріне ерекше фонетикалық қүбылыс емес, бір ғана дыбыстың әр түрлі көрінісіері екенін айқындауға да болады. Мысалы: жайқалу және найқалу, арс-арс және ырс-ырс, жалт етті, жылт етті, аңқаңдау және еңкеңдеу, ырқ-ырқ және ірк-ірк тәрізді параллельдер құрамында аталған дыбыстар бірінің орнына екіншісі айтылған, бірақ бір-бірінен лексикалық дербес мағыналы сез жасалмаған. Қысқасы, бүл создер құрамында сәйкес қолданылған дыбыстар бір ғана фонетикалық қүбылыстың әр түрлі керінісі дәрежесінде ғана. Егер осы фактілерді жалпы түркілік аяда салыстырып қарастырсақ, тілдердің даму тарихында й > дж//ж дыбыс ауысулары болғандығын коруге болады. Прототүркілік д дыбысы Сібір мен Алтайдағы түркі тілдерінде (якут, т.б.) қатаң дыбысқа айналса, Орта Азияға орналасқан тілдерде әлсізденіп, ұяндап кеткені белгілі. Сөз басында айтылатын ж дыбысы сондай өзгерістердің нәтижесі деп қаралады. Бұл өзгеріс Сібірдегі кейбір тілдерде басқа да сыпат алған: сез басында н дыбысы айтылатын болған: сағай тілінде нан (жан, жақ, жаны, жағы), ніске (жіңішке), наман (жаман), наңмыр (жаңбыр), нузрух (жұмырық), т.б. Сағай, қойбал тілдерінің ерекшелігі деп қаралатын осы өзгеріс жоғарыдағы сездер қүрамында қазақ тілінде де жаңғырық берген. Әрине, қазақ тілінде мүндай езгеріс оқшау қаралатын қүбылыс дәрежесіне жетпеген. Ал а ~ е, а ~ ы, ы ~ / сәйкестіктері жалпы түркілік аяда қарастырғаңца екі түрлі жайды аңғартады: түркі тіддері мен монғол тілдері арасындағы жіктелістің ізі болумен бірге, чуваш тілі мен басқа түркі тілдері арасындағы жіктелістің керінісі. Екінші жағынан, дауысты дьібыстардың осындай сәйкестіктеріолардың (дауыстылар жүйесінің) фонологиялық жүйе ретінде кейін қалыптасқандығының да белгісі деп қаралады. Дегенмен, дауысты-лардың сапалық белгілері сөз мағынасына экспрессивтік, эмоцио-налдық әр береді дейтін пікірдің жаны бар: ақырандау мен әкіреңцеу арасында экспрессивтік әр бар, сол әр дауыстылардың жуан-жіңішкелігіне ғана негізделген.
Дыбыс синтагматикалық фонетиканың негізгі ұғымы, екінші сөзбен дыбыс өз қасиетін, өз қызметін басқа дыбыстармен тіркесіп келгенде ғана толық айқындайды. Сондықтан әр дәуірдегі тілдің көрінісі ретінде дыбыс тіркес қүрау қабілеті, қүрай алатын тіркестердің түрі түрғысынан қарастырылады. Осы түрғыдан қарастырганда, әр дәуірдің (не кезеңдердің) өзіне тән ерекшелігі барлығы айқындалады. Көне дәуірлердегі дыбыс тіркестерінің түрлері, жеке дыбыстардың тіркесімділік қабілеті заман өткен сайын белгілі бір өзгерістерге түсіп, басқаша сыпат алуы тіл тарихыңца жиі үшырасатын қүбылыс. Айталық, көне түркі тілінде фузияда қолданылған дыбыс тіркестері (рт, лт, нт) түркі тілдерінде, солардың бірі қазақ тілінде, кейінгі дәуірлерде өзгеріске үшырады: қатар айтылған екі дауыссыз дыбыс бір-біріне ықпаддасатын болды. Ал мүның өзі дауыссыз дыбыстардың үндесу заңдылығының (ассимиляция) қалыптасуының көрінісі еді. Түркі тілдеріне, соның бірі қазақ тіліне, г, к дыбыстардың жуан дауыстымен тіркесіп айтылуы, ал г дыбысының жіңішке дауыстымен тіркесі тән емес, екінші сөзбен, ондай қодданыс қазақ тілінің табиғи заңдылығы емес. Алайда қазіргі тілде г, к дыбыстары біраз сөздер қүрамында (газет, комитет) жуан дауыстылармен бір тіркесте айтьшады да, г дауыссызы жіңішке дауыстылармен айтьшады. Біраз сөздер қүрамында осы дыбыстың қатаң варианты қ да жіңішке (қазір, т.б.) дауысты дыбыс айтылған сөздер қүрамында кездеседі, т.б. Қысқасы, дыбыс тіркестері немесе дыбыстардың тіркес қүрай білу қабілеті тарихи өзгермелі қүбылыс. Олар белгілі бір кезеңнің көрінісі болумен бірге, тілдің қүрамында болған өзгерістердің де куәсы.
Дыбыстар жүйесінің мәнді бөлігі фонема. Дыбыстық құрамдары бірдей, бірақ мағынасы басқа-басқа сөздер фонема арқылы ғана бір-бірінен ажырап түсініледі. Екінші сөзбен, сөз мағынасы фонема арқылы ғана айқындалады. Сөз құрамындағы дыбыстың фонемалық қызметі қарама-қарсы қатынаста ғана көрінеді. Мысалы: ал, әл, ел сөздерінің құрамындағы дауысты дыбыстың фонема екендігі осындай қарама-қарсылықта ғана анықталса, шал, сал, қал, бал, тал сөздері құрамында басқы дауыссыздардың фонемалық қызметі де осы қарама-қарсы қатынаста көрініп тұр. Дыбыстың фонемалық қасиетін анықтау, әрине, сипаттамалы (синхроңдық) тіл бөлімінің негіздеріне сүйенеді. Сипаттамалы тіл білімі ғана дыбыстың фонемалық сипаты жайлы ұғымды қалыптастырады. Тарихи (диахрондық) тіл білімі сол анықтама-ұғымды пайдаланады. Тарихи фонетиканың сипаттамалы фонетикадан негізгі айырмашылығы — оның қағидалары жүйелі заңдылықтарды қорытындылап, жалпылап беруінде. Екінші сөзбен, жеке дыбыстық өзгерістерді сол дыбыс енетін жүйенің тарихи өзгерісінің бір саласы ретінде түсіндіріп баяндау — тарихи фонетиканың басты мақсаттарының бірі болып табылады. Дыбыстық құрылымды синтагмалық жағынан сипаттау дыбыстардың конститутивтік және позициялық бағыныштылық белгілерінің болатындығын айқындады. Конститутивтік белгі, яғни, дыбыстың басқа ықпалға тәуелсіз қолданылуы деп оның ешбір өзгеріске түспейтін, көрші дыбыстардың әсеріне ұшырамайтын орны айтылады. Позициялық бағыныштылық белгісі деп көрші дыбыстардың әсеріне ұшырайтын орны, сондай ықпалдың әсерінен сәл де болса өзгеріске ұшыраған сипаты аталады. Конститутивтік белгі дыбыстың фонетикалық сапасын айқындайтын белгі болып табылады. Ал позициялық бағыныштылық белгі сол дыбыстың тарихи фонемалық қызметін айқындауда үнемі есте болатын ерекшеліктердің бірі болып табылады. Мысалы, көне түркі тілдеріндегі сөздің басқы шенінде айтылатын қатаң, қ, к дауыссыздары сөздің екінші, үшінші буындарында екі дауысты аралығында ұяндап, г, г-ға айналған. Осы құбылыс ол тілдің даму барысында тұрақталып, сөздің абсолют соңына да жайылды: ақ, агыс, бек, бегі, сарыг, кічіг, т.б. Сонда к дыбысының қатаң сипатында сөз басында қолданылуы конститутивтік белгісі де, екі дауысты дыбыс аралығында ұяңдауы позициялық бағыныштылық белгісі болып табылады. Қатаң қ фонемасының тарихи дамуы жайлы айтқанда оның соңғы ерекшелігі де есте болу керек болады.
Фонема сөздің мағынасының айырмашылығын көрсететін белгі. Фонема дыбыстық құрамы ұқсас сөздердің мағыналық дербестіктерін белгілеуде белгілі бір фонетикалық ерекшеліктерге сүйенеді. Айталық бол, бел сөздерінің құрамында о, е дауыстыларының фонемалық сапасы еріндік-езулік жасалу жолдарына негізделген. Сонымен бірге, фонетикалық құбылыс кейде сөздің белгісі бір шенінде фонемалық қатынастағы дыбыстарды бейтараптандырады, екінші сөзбен, олардың фонемалық айырым белгілерін жоққа шығарады. Мысалы, қазақ тілінде қ, к дыбыстарына аяқталатын есімдердің барлығы да тәуелділіктің III жақ қосымшасы жалғанғанда ұяңдап кетеді, аяқ — аягы, көк — көгі, т.б. Бірақ, қалмақы ер, қазақы ат. Бұл жерде қатаң-үяң фонетикалық құбылысының негізінде қалыптасқан фонемалық айырым белгі бейтараптанған.
Тіл жүйесін құрайтын дыбыстарды парадигматикалық тұрғыдан сипаттау фонема туралы қалыптасқан ұғымға сүйенеді. Фонеманы танудың негізі, айналып келгенде, дыбыстық құрамы ұқсас сөздердің құрамындағы айырашылықты анықтап, сол айырмашылықтар арқылы сөз мағыналарының өзгеретіндігін білу болып табылады. Сөздің құрамындағы сондай жүйелі дыбыстық өзгерістерді (парагдигматикасын) айқындап, олардың тілдің морфемалық құрылымы мен лексикалық құрамына әсерін қарастыру - тарихи фонетиканың басты міндеттерінің бірі. Бұл жерде мынадай қағида еске алынады. Тілдің даму барысында, әр түрлі тарихи кезеңдер тұсында, дыбыстардың тіркесімділік сипаты мен олардың сөздің әр түрлі шенінде қолданылу заңдылықтары белгілі бір өзгерістерге ұшырап отырады. Алғашқы сатысында жалқы өзгерістер келе-келе жүйелі топ құрайды, белгілі зандылықтар жүйесіне айналады немесе белгілі бір зандылықтар жүйесінің қалыптасуына себеп болады.
Қазақ тілінің дыбыстық, фонологиялық жүйесінің даму, тарихи өзгерістерін анықтап білуде сүйенерлік негіз қаңдай - дейтін сұрақ туады. Осыдан бұрын ескертілгендей, басқа да түркі тілдері сияқты қазақ тілінің дыбыстық жүйесіндегі тарихи өзгерістерді білу көне түркі тілінің бізге жеткен нұсқаларын зерттеуге құрылады.
Ғылымда "Орхон-Енисей жазба ескертіштері" дейтін атпен белгілі көне түркі тілінің фонетикалық жүйесі қазақ тілі құрамында негізінен сақталғанымен, дыбыстық құрамда жеке дыбыстардың қолданылуында едәуір өзгерістер болғанын көреміз. Ондай айырмашылықтар сол тілдің фонетикалық жүйесін сипаттағанда анық көрінеді. Сонымен, көне түркі тілінің фонетикалық сипаты қандай?
Көне түркі тілінің нұсқалары руникалық жазу арқылы жетті. Ал руникалық жазу тілдің морфологиялық құрылымына негізделген. Сондықтан да ол жазу жеке фонеманың өзіндік сипатынан гөрі фонемаларды бір-бірінен дербестейтін айырмашылықтарды белгілеген. Дауыссыз дыбыстардың едәуір тобын екі түрлі таңба арқылы (жуан буындағы дауыссыздың таңбасы мен жіңішке буындағы дауыссыздың таңбасы бір-бірінен өзгеше берілген) белгілеу ол жазудың сондай ерекшелігінің салдары.
Көне түркі тілінде 8 дауысты дыбыс болған: а,е,ы,і,о,у,ө,у. Бұлардан басқа Енисей ескерткіштерінде бірен-саран сөздерде жабық қысаң дыбысталатын е дыбысы қолданылған деп есептейді, осы ескерткішті алғаш оқып-зерттеген Дания ғалымы В.Томсен. Бұл дыбыс, ғалымның түсіндіруінше ашық дауыстысының әлдеқайда қысаң айтылатын варианты. Сонымен, көне түркі тілінде 8 дауысты дыбыс // фонема болған дейтін қорытынды өзгермей қала береді. 8 дауысты фонема мынадай топтарға жіктелген: ашық дауыстылар а, е, қысаң дауыстылар ы, і, у, у, жартылай ашық дауыстылар о, у.
Жасалу орнына қарай жуан дауыстылар: а, у, о, ы; жіңішке дауыстылар: е, ө, у, і; ерін қатысына қарай: езу дауыстылары: а, е, ы, і; ерін дауыстылары: о, ө, у, у сияқты топтарға жіктелген.
Дауысты дыбыстар мына төмендегідей топтарға жіктеледі: 1) Дауыстылардың ашық және қысаң түрлері. Бұл дыбыстау органдарының ашылу дәрежесіне негізделеді. Артикуляциялық мүшенің ашылу дәрежесіне сай дыбыстардың естілуі де екі түрлі: а, е, о, ә - ашық дауыстылар, у, у, ы, і - қысаң дауыстылары. Бұл топтар қазіргі түркі тілдерінің бәріне дерлік тән/ 2) Дауыстылардың жуан және жіңішке топтары дыбыстың айтылу тонының көтеріңкі не бәсең болуына негізделеді. Бұл принцип бойынша дауысты дыбыстар бір-біріне пар болатын екі топқа бөлінеді: а, о, у, ы — жуан, е, ә, у, і - жіңішке фонемалар. Алайда, қазіргі түркі тілдерінің барлығында осы принцип түгел сақталмайды. Бірсыпыра тілдерде жуан дауысты а-ға екі түрлі жіңішке дауысты сай келеді: а ~ е, ә. Бұл ерекшелік қазіргі қазақ, азербайжан, т.б. тілдерге ғана тән. Жасалу орны жағынан а мен е, ә аралығында белгілі бір жақындық бары айқын. Қазақ тілінде ә дыбысы сөздің тек бірінші буынында айтылады, екінші буынында сирек ұшырайды. Екінші буында ә-нің айтылуы белгілі фонетикалық қоршауды қажет етеді. 3) Дауыстылардың еріндік және езулік топтары. Еріндік дауыстылар түркі тілдерінің барлығында кездескенмен, көпшілік тілдерде сөз ішінде бірінші, екінші буындардан аспайды. Қазіргі тіл білімінде тіддің дыбыстық жүйесін бұлайша жіктеу төмен сазды (низкая тональность) - жоғары сазды (высокая тональность), компактылы - диффузды, жай сазды (простая тональность) - бемол сазды (бемоль тональность) деп аталады. Және бұлар фонемалардың айрықша белгілерінің 12 түрлі оппозициясының тек үш қана түрі болып табылады. Екінші сөзбен, қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар лингвистикалық жағынан осы үш түрлі принциппен сипатталады.
Түркі тілдерінде дауыстыларды жіктеудің бұдан басқа да принципі, атап айтқанда, естілу дәрежесіне қарай бөлу де бар. Қазіргі түркі тілдерінің ішінде тува, түрікмен, якут, қырғыз тілдерінде дауыстылардың созылыңқы айтылуы, яғни, созылыңқы дауыстылар бар. Дауыстылардың мұндай айтылуы көне ескерткіштерде де кездеседі. Махмуд Қашқари сөздігінде кейбір сөздер құрамындағы дауыстылардың созылыңқы айтылуы арнайы белгіленіп отырған. Мысалы: аат, ааз, т.б. Мұндай фактілер үйғыр жазбаларынан да ұшырасады.
Алайда, жалпы түркі тілдеріндегі дауыстыларды шола қарағанда, олардың созылыңқы және қысыңқы (немесе: әдеттегідей) айтылуы жалпы түркілік құбылыс емес, жеке тілдер ерекшелігі екендігі байқалады. Мүның өзі созылыңқы дауыстылар түркі негіз тілінің жеке тілдерге ыдырау дәуірінде пайда болды дейтін А. М. Щербак пікірін дәлелдейді. Дауыстылардың ашық-қысаң, жуан-жіңішке топтарға бөлінуі түркі тілдерінің барлығында да бар қүбылыс. Олай болса, олар — сонау түркі негіз тілі заманында-ақ орнығып қалған қүбылыс. Дауыстылардың еріндік-езулік топтары да сондай. Дауыстылардың жіктелуінің осы принциптері бойынша қазіргі қазақ әдеби тіліңдегі дауысты фонемалар мыналар: а, ә, е, ы, і, о, ө, ү, у.
Қазақ тілі дауыстылар жүйесінің дамуын доцент Ж.Аралбаев үш түрлі кезеңге бөліп қарайды. Ол кезеңдер мыналар: көне түркі кезеңі, орта түркі кезеңі және жаңа түркі кезеңі. Бұлайша бөлудің сырт кезге Н. А. Баскаков класификациясын еске түсіргенімен, лингвистикалық негізі бар: сол аталған дәуірлерде түркі тілдері құрамында кейін заңдылыққа айналып кеткен фонетикалық өзгерістер келіп шықты. Көне түркі кезеңінде, Ж. Аралбаевтың айтуынша, түбір сөз бір дауысты фонемадан (г), дауысты және дауыссыз фонемалардан (ГС), дауыссыз және дауысты фонемадан (СГ), дауыссыз-дауысты-дауыссыз фонемалардан (СГС) құрылған. Сөйтіп бұл кезеңде фонетикалық буын лексика-грамматикалық морфемамен сәйкес болған. Соған орай үш дауысты фонема: а,~ы, у болған. Қазіргі қазақ тіліндегі байырғы сөздердің де басым көпшілігі осы дауысты фонемалармен айтылады. Осы кезенде дауыстылардың еріндік-езулік жіктелуіне негізделген қосарлы түбірлер (сарт-сұрт).
Тарихи түркология түркі негіз тілінде 8 дауысты фонема болған деп есептесе де, кейбір тілдердің (ескерткіштердің де) ерекшеліктерін ескере отырып, қыпшақ тілдерінің арғы негізінде 9 дауысты фонема болған деп есептейді. "Түркі тілдерінің салыстырмалы тарихи фонетикасының авторлары қыпшақ тілдерінің арғы негізі деп қаралатын "Кодекс Куманикус" тілінде 9 дауысты бар деп қарайды. "Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. Фонетика". М., 1984, стр. 18. Сонда тоғызыншы дауысты дыбыс ә, а мен е-нің (немесе ә мен /-нің) арасында айтылған жіңішке, қысаң дыбыс болса керек:
А. М. Щербак. Сравнительная фонетика тюркских языков. Стр. 28 - 33. Алайда қазақ тілі ол фонеманы сақтамаған; әр түрлі өзгерістердің нәтижесінде ол фонемасымен ұласып кеткен. Дауыссыз дыбыстар құрамында болған бұл өзгерістердің қайсысы да грамматикалық тұлғаларға ықпалын тигізді. Бір кезгі бір сипатты, бір вариантты тұлғалардың кейбірінің қазіргі тілде бірнеше вариантта ұшырасуы соның нәтижесі. Мысалы, кетік, қатық есімдерінің құрамындағы -ік, -ық пен тұйық етістік (қимыл есім) жасайтын -у қосымшасы дивергенцияның нәтижесі. Сондай-ақ сусы, көлгірсі туынды етістіктерін жасайтын -сы, қансыра тәрізді етістіктер жасайтын -сыра қосымшасының -сыр бөлігі, сын есім жасайтын -сыз қосымшалары да дыбыстық өзгерістердің нәтижесіңде пайда болған, тарихи тұрғыдан бір ғана қосымшаның әр түрлі варианттары ғана.
Кейбір грамматикалық тұлғалардың о баста әр басқа дыбысталса да, дыбыстық өзгерістердің нәтижесінде бір ғана сипатқа келгені байқалады. Қазіргі тілімізде етістіктер құрамында қолданылатын ортақ етіс қосымшасы -с, әдетте болымсыздық қосымшасымен айтьілатын с(~з) сондай өзгерістердің нәтижесі. Соңғы қосымшаның о баста -з түрінде дыбысталғанын көне түркі материалдары, қазіргі түркі материалдары да растайды, ал түрікмен тілі фактілері бұл бұдан да ерте дәуірде -р түрінде дыбысталғанын дәлелдейді (-мар). Ортақ етіс қосымшасы бір кезде -ш түрінде дыбысталған. Сөйтіп екі түрлі дыбысталған екі тұлға қазіргі тілде дыбыстық өзгерістердің нәтижесінде бір ғана сыпатта орныққан.
Түркі тілдерінің оғыз тобын түгелге жақын қамтыған ұяндау (палатализация) процесі қыпшақ тобына тән емес. Басқа да қыпшақ тілдеріндегі сияқты, қазақ тілінде де сөздің абсолют басыңда қатаң дауыссыздар, ұяңдармен салыстырғаңда, көбірек айтылады.
Жалпы түркі тілдеріндегі сөздің абсолют басының "оғыздық" және "қыпшақтық" түрлерінің қалыптасуы соншалық ежелгі құбылыс емес. Тарихи зерттеулер түркі тілдерінде сөздің абсолют басының қатаң болғанын, яғни қатаң дыбыстардан ғана басталғанын дәлелдеп отыр. Сөздің басы тек қатаң дыбыстардан ғана басталуы, ежелгі дәуірлерде дауыссыздардың ұяң, қатаң болып бөлінуі фонемалық дәрежеде болмағандығын көрсетеді. Ал кейін оғыз тіліндегі сөздің абсолют басының ұяңдауы созылыңқы дауыстылардың ықпалы дейтін пікір түркологияда қазір дәлелденіп отыр. Қазақ тіліндегі бута мен пута, бал мен пал, диірмен мең тиірмен, туз бен дуз тәрізді параллельдер тілдік сондай күйдің қалдықтары.
7-тақырып. Дауыссыз дыбыстар. Ескі түркі тілі дауыссыздар жүйесі, оның қазіргі қазақ тіліндегі көрінісі.
Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі:)
Дауыссыз дыбыстар.
Ескі түркі тілі дауыссыздар жүйесі, оның қазіргі қазақ тіліндегі көрінісі.
Көне түркі тілінде 16 дауыссыз фонема болған. Олар мыналар: б, п, д, т, к — қ, г — г, й, ч, с, ш, з, м, н, ң, л, р; қ — к, г — г дыбыстары дербес фонемалық қызмет атқармаған, қ жуан дауыстылармен айтылса, к жіңішке дауыстылармен айтылған, сол сияқты г — жуан дауыстымен айтылатын қ дыбысының ұяң варианты да, г — жіңішке дауыстылармен айтылатын к дыбысының ұяң варианты ретінде ғана қолданылған. Қысқасы, 4 дыбыс екі дауыссыз фонеманың көрінісі болған.
Көне түркі жазуы консонанттық негізде жасалған. Сондықтан жеке дауыстылардан гөрі буын сапасын дауыссыздар таңбасы арқылы белгілеу ол жазуда басым болған. Жазудың дауыссыздарды белгілейтін таңбалары, соған сәйкес үш түрлі топқа бөлінеді: жуан дауыстылармен бір тіркесте айтылатын дауыссыздар б, д, г, қ, л, н, р, с, т, й, жіңішке дауыстылармен бір тіркесте айтылатын дауыссыздар б, д, г, к, л, н, р, с, т, й; жуан дауыстылармен де, жіңішке дауыстылармен де айтылатын дауыссыздар м, н, ң, п, ш, ч, з. Сонымен, дауыссыз дыбыстарды белгілейтін таңбалар үш түрлі: жуан буындағы дауыссыз таңбасы, жіңішке буындағы дауыссыз таңбасы, жуан буыңда да, жіңішке буында да айтыла беретін дауыссыз таңбасы.
Аффиксгер құрамында д~ т,г~к, г~ қ дыбыстары сәйкес қолданылған, яғни олардың өзара ауысуы аффикстерді қызметі жағьшан ерекшелемеген.
Сөз басында д, г, г, н, ң, р, з айтылмаған. Ал л^ ^дыбыстары басқа тілдерден енген сөздердің басында ғана айтылған. М, б дыбыстары сөз басында бірі екіншісінің орнына айтылады: мен — бен, мің — бің (мың), маңа — баңа, (маган), менгү — бенгү (мәңгі). Бұл ауысу соңғы мұрын жолды дыбыстың ықпалы болу керек деген пікір бар.
Сөздің соңында ң дыбысы г (г) дыбысына сәйкес қодданылады: тәуелділіктің II жағы мен жедел өткен шақтың жекеше II жағы -ң және -г (г) түріңде айтыла береді.
Қазақ тілі - қыпшақ тобындағы тілдер тобына жатады. Ал
қыпшақ тобындағы тілдердің қарлуқ, оғыз тобындағы тілдерден
фонетикалық негізгі айырмашылықтары мына төмендегідей^І) 8 —
9 дауысты дыбыс бар, ы, і, у, и дыбыстары түрлі мәнермен айтылады:
татар, башқүрт тілдеріндегі бүл дыбыстар қазақ, қарақалпақ, ноғай
тілдеріндегі сондай дыбыстарға сәйкес келе бермейді; 2) аффикстер
қүрамында еріндік дауыстылар айтылмайды; 3) сөз қүрамындағы
еріндік үндесу әлсіз. Қазақ тіліңце сөздің бірінші буынында еріндік,
кейінгі буындарда қысаң дауыстылар келсе, алдыңғылары соңғыларға
әсер етеді. Бірақ өте өлсіз байқалады, соңдықтан жазуда ескерілмейді;
4) созылыңқы дауыстылар жоқ. Екінші топқа жататын созылыңқылар
орнына қыпшақ тілдеріңце дифтонгілер айтылады; 5) көне түркі
тіліндегі г, г дауыссыздары мен дауыстылардың тіркесі орнына
өзгерген жаңа тіркестер (ау, ой, ыу, ей, ій, уй, үу, үу) қолданьшады;
6) көптеген тілдерде сөз басында айтылатын қатаң п орнына үяң б
айтылады, бірақ жіктеу есімдіктері м, б дыбыстарымен мен, бен
түріңце дыбысталады; 7) сөз басыңда қатаң т, қ, к дауыссыздары
жиі қолданылады; 8) сөз басыңца дж дыбыстары жарыса қолданылады; 9) соз ішінде екі дауысты дыбыс аралығында п, қ, к қатаңцары үяңдап кетеді.
Қыпшақ тілдерін ортақ қүбылыстар, екінші жағынан, оларды түркі тіддерінің басқа топтарынан ерекшелейтін белгілер осылар. Ал кене тілдердегі з, д дыбыстарының орнына й дыбысының айтылуы, қатаңцар мен үяңдардың жіктелуі тек қыпшақ тілдеріне ғана емес, жалпы Батыс Хун тармағына тән белгілер.
Қазақ тілінің этногенездік негізі жайлы осы орайда айта кететін бір жай:
Қазақ тілі қыпшақ тілдері тобына жатады дейтін түрақталған көЗкдрасты қостай отырып, оның тек қана қыпшақ тайпалар одағы тіліне үласа бермейтін кейбір субстраттық қүбылыстары бар екеңцігін атап айту керек. Соңғы уақыттағы зерттеулер ондай қүбылыстар Орхон-Енисей заманьшан, қалса Махмуд Қашқари заманынан тарихта белгілі оғыз тектес халықтар тілдеріне барып жалғасатын-дыгын дәлелдеп отыр.
Томанов М. Махмуд Қашқари XI ғасырдағы түркі тілдерінің фонети-калық қүрылымы туралы "Қазақ тілі мен әдебиеті" жинағы. Алматы, 1971. ІҚазақ тілі қарақалпақ, ноғай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тобын қүрайтыны, яғни Ноғай ордасы халықтарының негізінде қалыптасқаны да мәлім. Дегенмен, қазақ халқының субстраты қатарыңда басқа да тілдік негіздер болғандығы айқын (ол туралы аддыңғы тақырыпта айтылады). Соған орай қазақ тілінің тек езіне ғана тән ерекшеліктер мынадай: 1) фузияда л~д~ ш сәйкестігі бар; 2) соз басында айтьшатын й ~ ж ~ дж сәйкестігінен қазақ тіліңце ол позицияда ж дыбысы айтылады^ Й дыбысы эпизодтық ыңғайда біріккен сөздер қүрамында сөз ортасында ғана айтылады: тас; 4) қазақ тіліндегі ш қарлүқ тілдеріңдегі ч дыбысына сәйкес, с дыбысы ш дыбысына сәйкес қолданылады; 5) сөздің абсолют басыңда үяңдардангөріқатаңцаржиіқодданылады, бірақт~д,б~псәйкестігі сирек те болса үшырайды; 6) интервокал позицияда т, қ, к дыбыстары үяңдайды, бірақ қазақы, қалмақы тәрізді сөздер қүрамында үяндамай, қатаң сыпатын сақтайды; 7) қазақ халық тілінде мына тәрізді дыбыстар сәйкестіктері бар: а ~ ы (оңтүстік, Қостанай, Түрікменстан түрғындарында жиі), о ~ у (Оңтүстік, Маңқыстау, Түрікменстан, Қарақалпақстан түрғындары тілінде жиі), й ~ ж ~ дж (Шығыс Қазақстан, Шу бойында). Бүл сәйкестіктер көбіне бір тіл қүрамында ғана емес, тілдер арасында кездеседі.' Айталық а ~ ы сәйкестігі түркі тілдері мен чуваш тілі аралығында кездеседі, т.бл
Қазақ тілі фонетикалық жүйесінің біраз ерекшеліктері әр түрлі дәуірде басқа мәдениеттермен, тілдермен байланыста болудың, әр түрлі қарым-қатынасқа түсудің нәтижесі іспеттес қалыптасқан.
Ондай жолмен пайда болған ерекшеліктердің бастылары мыналар: 1) араб-парсы мәдениетінің ықпалымен создің абсолют басыңда, бірінші буында з, г, г, ә дыбыстары айтылатын бодцы;
2) Біздің заманымыздың алғашқы жылдарында-ақ Еділ, Жайық төңірегінде мекеңцеген қазақ тайпаларының Шығыс славяндар-мен - орыстармен қарым-қатынасының; ХҮІІІ ғасырда Қа-зақстанның Россия қол астына кіруінің нәтижесінде әбден түрақты сипат алған байланыстың нәтижесінде орыс тілінің қазақ тіліне әсер күшейді. Бүл байланыс, бүл ықпал Октябрь революциясынан кейін мүлдем жаңа сапаға ауысып, қазақтың бүкіл әдеби тіл жүйесінің жаңа бағытта дамуына ықпал жасады. Мүның нәтижесінде қалыпта э дыбысы орнықты.
г, з дыбыстарынан басталатын сездердің аумағы кеңейді: зал, заман, зоотехник, газ, газет, т.б. в, ф, х, ц, ч, щ дауыссыздары осы дыбыстар айтылатын сөздермен бірге келіп орнықтьь] Дегенмен, бүл дыбыстардың кейбірінің қолданылуы қазақ одеби тілі тарихында бой көрсеткені бар. ХҮШ-ХІХ ғасырларда қолданылған "кітаби тіл" деп аталатын тіл құрамында ф, х, ч дыбыстары қолданыс тапқаны рас. Алайда ол тіл (кітаби тіл) көбінесе азын-аулақ оқығандардың ана тілі болды да, халық арасында кең қолданыла алмады. Сондықтан ол заманғы қазақ әдеби тілі сол дыбыстарды қолданды десек те, қазақ халық тілі ондай дыбыстарды білді деп айта алмасақ керек. Оның үстіне, ч аффрикаты сөйлеу тілінде бүрыннан бар дыбыс. Бірақ әдеби тілде ол дыбыс интернационалдық сөздермен бірге келіп орнықты.
Соңғы замандарда батыс тілдермен (ең әуелі орыс тілімен) баиланысқа түсіп, қарым-қатынастың жиіленуі қазақ тілінің дыбыс тіркесімділігіне ықпал етті. Қ, к дауыссыздарының тіркесу мүмкіндігі үлғайды - қ қатаң дауыссызы тек жуан дауыстымен ғана емес, жіңішке дауыстылармен де тіркесетін болды^қате, қызмет, к дауыссызы интернационалдық сөздер құрамында жуан дауыстылармен қатар айтылып қалыптасты. Осы ерекшеліктің екінші біл салдары - қазақ тілінде едәуір топ құрайтын сездер қүрамында сингармонизм - буын үндестігі сақталмайтын дәрежеге жетті: газетке, костюмшең, командирден, т.б.-
Жалпы алтайлық консонантизм қазақ тілінде біраз озгеріске үшыраған сыпатында орныққан. Бүл жағынан келгенде С. Е. Маловтың қазақ тілін ең жаңа тілдер тобына жатқызуының үлкен дәлелі бар. Р ~ з сәйестігінің қазақ тілінде з варианты сол қалпында да, өзгерген күйінде де қалған: көз, жаз, сондай-ақ болымсыздық қосымшасы -мас (з > с). Р~з сәйкестігінің кейінгі варианты й: тіре ~ тайа, л ~ ш сәйкестігі де сондай дәрежеде түрақталған: бес (беш ~ білек), тус: талтус (тал - чуваш тілінде тус, талтус), есіт (ес - (і) т - өзгелік етіс, елт - чуваш тілінде есіт), т.б. Сонымен бірге, бұл дыбыс сәйкестіктердің барлық компоненттері де қазақ тілінің периферийлік қүбылысы ретінде сақталып қалған: көр, көз, жар, жаз, еліт, есіт, қыз, қырқын, т.б. Жаңа, кейін қалыптасқан дыбыстар конститутивтік белгілерге айналды да, олардың байырғы көне варианты сирек үшырайтын эквивалент болып қалды.
8-тақырып. Жеке дауыссыздардың қалыптасуындағы ерекшеліктер.
Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі:)
1.Анлаут позициясында қолданылатын дауыссыздар
2. Интервокал позициясындағы дауыссыздар
3. Сингармонизм, ассимиляция
Қазақ тілі - қыпшақ тобындағы тілдер тобына жатады. Ал
қыпшақ тобындағы тілдердің қарлуқ, оғыз тобындағы тілдерден
фонетикалық негізгі айырмашылықтары мына төмендегідей^І) 8 —
9 дауысты дыбыс бар, ы, і, у, и дыбыстары түрлі мәнермен айтылады:
татар, башқүрт тілдеріндегі бұл дыбыстар қазақ, қарақалпақ, ноғай
тілдеріндегі сондай дыбыстарға сәйкес келе бермейді; 2) аффикстер
қүрамында еріндік дауыстылар айтылмайды; 3) сөз қүрамындағы
еріндік үндесу әлсіз. Қазақ тіліңце сөздің бірінші буынында еріндік,
кейінгі буындарда қысаң дауыстылар келсе, алдыңғылары соңғыларға
әсер етеді. Бірақ өте өлсіз байқалады, соңдықтан жазуда ескерілмейді;
4) созылыңқы дауыстылар жоқ. Екінші топқа жататын созылыңқылар
орнына қыпшақ тілдеріңце дифтонгілер айтылады; 5) көне түркі
тіліндегі г, г дауыссыздары мен дауыстылардың тіркесі орнына
өзгерген жаңа тіркестер (ау, ой, ыу, ей, ій, уй, үу, үу) қолданьшады;
6) көптеген тілдерде сөз басында айтылатын қатаң п орнына үяң б
айтылады, бірақ жіктеу есімдіктері м, б дыбыстарымен мен, бен
түріңце дыбысталады; 7) сөз басыңда қатаң т, қ, к дауыссыздары
жиі қолданылады; 8) сөз басыңца дж дыбыстары жарыса қолданылады; 9) соз ішінде екі дауысты дыбыс аралығында п, қ, к қатаңцары үяңдап кетеді.
Қыпшақ тілдерін ортақ қүбылыстар, екінші жағынан, оларды түркі тіддерінің басқа топтарынан ерекшелейтін белгілер осылар. Ал кене тілдердегі з, д дыбыстарының орнына й дыбысының айтылуы, қатаңцар мен үяңдардың жіктелуі тек қыпшақ тілдеріне ғана емес, жалпы Батыс Хун тармағына тән белгілер.
Қазақ тілінің этногенездік негізі жайлы осы орайда айта кететін бір жай:
Қазақ тілі қыпшақ тілдері тобына жатады дейтін түрақталған көзкдрасты қостай отырып, оның тек қана қыпшақ тайпалар одағы тіліне ұласа бермейтін кейбір субстраттық қүбылыстары бар екеңцігін атап айту керек. Соңғы уақыттағы зерттеулер ондай қүбылыстар Орхон-Енисей заманьшан, қалса Махмуд Қашқари заманынан тарихта белгілі оғыз тектес халықтар тілдеріне барып жалғасатын-дыгын дәлелдеп отыр.
Томанов М. Махмуд Қашқари XI ғасырдағы түркі тілдерінің фонети-калық қүрылымы туралы "Қазақ тілі мен әдебиеті" жинағы. Алматы, 1971. ІҚазақ тілі қарақалпақ, ноғай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тобын қүрайтыны, яғни Ноғай ордасы халықтарының негізінде қалыптасқаны да мәлім. Дегенмен, қазақ халқының субстраты қатарыңда басқа да тілдік негіздер болғандығы айқын (ол туралы аддыңғы тақырыпта айтылады). Соған орай қазақ тілінің тек езіне ғана тән ерекшеліктер мынадай: 1) фузияда л~д~ ш сәйкестігі бар; 2) соз басында айтьшатын й ~ ж ~ дж сәйкестігінен қазақ тіліңце ол позицияда ж дыбысы айтылады^ Й дыбысы эпизодтық ыңғайда біріккен сөздер қүрамында сөз ортасында ғана айтылады: тас; 4) қазақ тіліндегі ш қарлүқ тілдеріңдегі ч дыбысына сәйкес, с дыбысы ш дыбысына сәйкес қолданылады; 5) сөздің абсолют басыңда үяңдардан гөрі қатаңцар жиі қодданылады, бірақт~д,б~псәйкестігі сирек те болса ұшырайды; 6) интервокал позицияда т, қ, к дыбыстары үяңдайды, бірақ қазақы, қалмақы тәрізді сөздер қүрамында үяндамай, қатаң сыпатын сақтайды; 7) қазақ халық тілінде мына тәрізді дыбыстар сәйкестіктері бар: а ~ ы (оңтүстік, Қостанай, Түрікменстан түрғындарында жиі), о ~ у (Оңтүстік, Маңқыстау, Түрікменстан, Қарақалпақстан түрғындары тілінде жиі), й ~ ж ~ дж (Шығыс Қазақстан, Шу бойында). Бүл сәйкестіктер көбіне бір тіл қүрамында ғана емес, тілдер арасында кездеседі.' Айталық а ~ ы сәйкестігі түркі тілдері мен чуваш тілі аралығында кездеседі, т.бл
Қазақ тілі фонетикалық жүйесінің біраз ерекшеліктері әр түрлі дәуірде басқа мәдениеттермен, тілдермен байланыста болудың, әр түрлі қарым-қатынасқа түсудің нәтижесі іспеттес қалыптасқан.
Ондай жолмен пайда болған ерекшеліктердің бастылары мыналар: 1) араб-парсы мәдениетінің ықпалымен создің абсолют басыңда, бірінші буында з, г, г, ә дыбыстары айтылатын бодцы;
2) Біздің заманымыздың алғашқы жылдарында-ақ Еділ, Жайық төңірегінде мекеңцеген қазақ тайпаларының Шығыс славяндар-мен - орыстармен қарым-қатынасының; ХҮІІІ ғасырда Қа-зақстанның Россия қол астына кіруінің нәтижесінде әбден түрақты сипат алған байланыстың нәтижесінде орыс тілінің қазақ тіліне әсер күшейді. Бұл байланыс, бүл ықпал Октябрь революциясынан кейін мүлдем жаңа сапаға ауысып, қазақтың бүкіл әдеби тіл жүйесінің жаңа бағытта дамуына ықпал жасады. Мүның нәтижесінде қалыпта э дыбысы орнықты.
г, з дыбыстарынан басталатын сездердің аумағы кеңейді: зал, заман, зоотехник, газ, газет, т.б. в, ф, х, ц, ч, щ дауыссыздары осы дыбыстар айтылатын сөздермен бірге келіп орнықты] Дегенмен, бүл дыбыстардың кейбірінің қолданылуы қазақ әдеби тілі тарихында бой көрсеткені бар. ХҮШ-ХІХ ғасырларда қолданылған "кітаби тіл" деп аталатын тіл құрамында ф, х, ч дыбыстары қолданыс тапқаны рас. Алайда ол тіл (кітаби тіл) көбінесе азын-аулақ оқығандардың ана тілі болды да, халық арасында кең қолданыла алмады. Сондықтан ол заманғы қазақ әдеби тілі сол дыбыстарды қолданды десек те, қазақ халық тілі ондай дыбыстарды білді деп айта алмасақ керек. Оның үстіне, ч аффрикаты сөйлеу тілінде бүрыннан бар дыбыс. Бірақ әдеби тілде ол дыбыс интернационалдық сөздермен бірге келіп орнықты.
Соңғы замандарда батыс тілдермен (ең әуелі орыс тілімен) баиланысқа түсіп, қарым-қатынастың жиіленуі қазақ тілінің дыбыс тіркесімділігіне ықпал етті. Қ, к дауыссыздарының тіркесу мүмкіндігі ұлғайды - қ қатаң дауыссызы тек жуан дауыстымен ғана емес, жіңішке дауыстылармен де тіркесетін болды^қате, қызмет, к дауыссызы интернационалдық сөздер құрамында жуан дауыстылармен қатар айтылып қалыптасты. Осы ерекшеліктің екінші біл салдары - қазақ тілінде едәуір топ құрайтын сездер қүрамында сингармонизм - буын үндестігі сақталмайтын дәрежеге жетті: газетке, костюмшең, командирден, т.б.-
Жалпы алтайлық консонантизм қазақ тілінде біраз озгеріске үшыраған сыпатында орныққан. Бүл жағынан келгенде С. Е. Маловтың қазақ тілін ең жаңа тілдер тобына жатқызуының үлкен дәлелі бар. Р ~ з сәйестігінің қазақ тілінде з варианты сол қалпында да, өзгерген күйінде де қалған: көз, жаз, сондай-ақ болымсыздық қосымшасы -мас (з > с). Р~з сәйкестігінің кейінгі варианты й: тіре ~ тайа, л ~ ш сәйкестігі де сондай дәрежеде түрақталған: бес (беш ~ білек), тус: талтус (тал - чуваш тілінде тус, талтус), есіт (ес - (і) т - өзгелік етіс, елт - чуваш тілінде есіт), т.б. Сонымен бірге, бұл дыбыс сәйкестіктердің барлық компоненттері де қазақ тілінің периферийлік қүбылысы ретінде сақталып қалған: көр, көз, жар, жаз, еліт, есіт, қыз, қырқын, т.б. Жаңа, кейін қалыптасқан дыбыстар конститутивтік белгілерге айналды да, олардың байырғы көне варианты сирек үшырайтын эквивалент болып қалды.
Сингармонизм заңы. Буындар мен дыбыстардың үндесуі туралы түсінік. Үндестік тілдің ішкі даму заңдылығынан туындайды. Сингармонизм, түрлері, зерттелуі. Көне түркі тіліндегі үндестік заңының деңгейі. Ерін үндестігі мен тіл үндестігі. Қазақ тіліндегі буын үндестігі мен мағына жасаушылық қызметі. Ықпалдың түрлері, тарихи себебі. Фузиядағы дыбыстардың бір-біріне ықпалы, үндесуі. Аккомодация құбылысының тарихи сипаты. –П фонемасының у-ға айналу сыры.
Ассимиляция – дауыссыз дыбыстардың үйлесуі, тарихи даму көрінісі. Ассимиляциялық даму нәтижесі мен қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктері. Дыбыстардың комбинаторлық өзгерістері. Диссимиляция. Тілдегі әртүрлі фонетикалық құбылыстар. Олардың тарихи пайда болу себебі. Протезалық, эпентезалық дыбыстардың тіл дамуының бастапқы кезеңінде сөз мағынасын өзгертушілік қызметі.дыбыстардың конвергенциясы мен дивергенциясы.
Буын. Буынның жасалуы, дыбыстық құрамы, өзгеру жүйесі. Ежелгі бір буынды тұлғалардың сипаты туралы ғылыми пікірлер. Сингармониялық варианттар мен параллельдер, зерттелу жайы.
Екпін. Екпін түрлері, орны, сипаты. Сөз мағынасын өзгертуге әсерінің бар, жоғы туралы ғылыми пікірлер.
Орфография мен графика. Графика туралы тсінік. Көне түркі жазуы. Жазу – мәдениет көрсеткіші. Арамей жазуы мен көне түркілік жазу арасындағы сабақтастық. Қазақ жазуының тарихы туралы.
9-тақырып. Морфология. Морфологиялық құрылыстың дамуында ұшырасатын тілдік процестер, олардың сөздің морфологиялық құрамына әсері.
Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі:)
Морфология
Морфологиялық құрылыстың дамуында ұшырасатын тілдік
процестер
Дауыссыз дыбыстар қүрамында болған бүл өзгерістердің қайсысы да грамматикалық түлғаларға ықпалын тигізді. Бір кезгі бір сыпатты, бір вариантты тұлғалардың кейбірінің қазіргі тілде бірнеше вариантта үшырасуы соның нәтижесі. Мысалы, кетік, қатық есімдерінің қүрамындағы -ік, -ық пен түйық етістік (қимыл есім) жасайтын -у қосымшасы дивергенцияның нәтижесі. Сондай-ақ сусы, көлгірсі туынды етістіктерін жасайтын -сы, қансыра тәрізді етістіктер жасайтын -сыра қосымшасының -сыр бөлігі, сын есім жасайтын -сыз қосымшалары да дыбыстық өзгерістердің нәтижесінде пайда болған, тарихи түрғыдан бір ғана қосымшаның әр түрлі варианттары ғана.
Кейбір грамматикалық түлғалардың о баста әр басқа дыбысталса да, дыбыстық өзгерістердің нәтижесіңде бір ғана сыпатқа келгені байқалады. Қазіргі тілімізде етістіктер қүрамында қолданылатын ортақ етіс қосымшасы -с, әдетте болымсыздық қосымшасымен айтылатын с(~з) сондай езгерістердің нетижесі. Соңғы қосымшаның о баста -з түрінде дыбысталғаньш кене түркі материаддары, қазіргі түркі материалдары да растайды, ал түрікмен тілі фактілері бүл бүдан да ерте дәуірде -р түріңце дыбысталғаньш дәлелдейді (-мар). Ортақ етіс қосымшасы бір кезде -ш түрінде дыбысталган. Сөйтіп екі түрлі дыбысталған екі түлға қазіргі тілде дыбыстық өзгерістердің нәтижесінде бір ғана сьшатта орныққан.
Түркі тіддерінің оғыз тобын түгелге жақын қамтыған үяндау (палатализация) процесі қыпшақ тобына тән емес. Басқа да қыпшақ тіддеріндегі сияқты, қазақ тілінде де сездің абсолют басында қатаң дауыссыздар, үяңдармен салыстырғанда, кебірек айтылады. Жалпы түркі тілдеріңдегі сездің абсолют басының "оғыздық" және "қыпшақтық" түрлерінің қалыптасуы соншалық ежелгі қүбылыс емес. Тарихи зерттеулер түркі тілдерінде сездің абсолют басының қатаң болғанын, яғни қатаң дыбыстардан ғана басталғанын дәледдеп отыр. Сездің басы тек қатаң дыбыстардан ғана басталуы, ежелгі дәуірлерде дауыссыздардың үяң, қатаң болып белінуі фонемалық дорежеде болмағандығын керсетеді. Ал кейін оғыз тіліндегі сездің абсолют басының үяңцауы созылыңқы дауыстылардың ықпалы дейтін пікір түркологияда қазір дәлелденіп отыр.1 Қазақ тіліңцегі бута мен пү/іш, бал мен пал, диірмен мең тиірмен, туз бен дуз төрізді плр.інлсльдер тілдік сондай күйдің қалдықтары.
Тілдің қазіргі морфологиялық қүрылымы — оның динамикалық дамуының жемісі. Тіл қүрамында динамикалық дамудың нәтижесінде қалыптасқан элементтермен қатар, көне дәуірдің куөсі боларлықтай фактілер де кездеседі. Сондықтан тілдің морфологиялық қүрылымының тарихи дамуы оны туыс тілдер материалдарымен, тіддік тарихи ескерткіштер фактілерімен салыстырып зерттеу арқылы ғана емес, сол тілдің өз қүрамында қалыптасқан тілдік элементтерді зерттеу арқылы да ашылады. Қазіргі қазақ тілінің осы күнгі морфологиялық қүрылымының бүгінгі қалыпқа жету жолын да аталған өдістерді қатар қолдана отырып зерттегенде ғана айқын түсінуге болады.
Егер қазіргі қазақ тілінің фактілерін тарихи ескерткіштер фактілерімен салыстырсақ, онда бүгінгі тілімізде негізгі, я алғашқы түбір делініп жүрген біраз түбір сөздердің өзін алғашқы түбір мен өлі қосымшаға айыруға болатынын көреміз. Айталық, қазіргі тіліміздегі қартаю етістігін ескі жазбалар тіліндегі сондай сөзбен салыстырып, "Қутатқу білік "тілінде осы етістік қары (айқын етістік мәнінде) түрінде қолданылғандығын білеміз. Сонда қазіргі тіліміздегі қартай сөзінің қүрамыңдағы /и-ны байырғы түбірмен жымдасып кеткен ырықсыз етіс қосымшасы деп тануға тура келеді. Осы жай сол етістікті озімен түбірлес қария (кәрия) сьш есімімен салыстырғаңца тағы байқалады. Соңғы варианттар (қария, кәрия) қүрамында т элементі кездеспейді. Сондай-ақ, қазіргі тіліміздегі қалдық, тасқын, күрек, бақ, қайық, қысқаш сөздерін де алғашқы түбір мен "өлі" қосымшаға беліп қарауға әбден болады.
Морфологиялық элементтердің динамикалық дамуын қарас-тырғанда белгілі бір тілге тән түлғаларды, мүмкіңцігіне қарай, көне заман ескерткіштері фактілерімен де, туыс тілдер фактісімен де салыстыра қарау қажет. Мәселен, қазіргі қазақ тіліндегі көмектес септік түлғасының шығу тегін айқыңцау үшін осындай салыстыру қажет. Егер V—VIII ғасыр ескеркіштерінде көмектес септік мәнін бірле шылау сезі берген болса, кейінгі дөуір ескерткіштерінде осы шылау бірлен, білен түрінде кездесіп отырады.Соңғы вариант сол күйінде қазіргі түркі тіддерінің көбіңде бар. О бастағы бірле сөзінің қүрамындағы р дыбысының түсіп қалуы түркі тілдерінің тарихына жат қүбылыс емес. Ал қазақ тілінің жергілікті говорларыңда кемектес септік жалғауының -мынан (-пынан) түрі кездеседі. Сөз басыңцағы м//б сәйкестігі түркі тілдер тарихында ескіден белгілі, қазір де бар қүбылыс. Сейтіп көмектес септік жалғауы -мен-пщ о бастағы генезисі бірле шылауы екені еш күмән туғызбайды.
Тілдің морфологиялық қүрылысының даму кезендерін білуде жерплікті ерекшеліктерді әдеби тіл нормаларымен, көне дөуір ескерткіштерімен және туыс тілдер материалдарымен салыстырып қараудың маңызы зор^Бүл түрғыда мынадай жай еске алынады: жергілікті ерекшеліктер барлық жағдайда тілдің кене дәуірінің қалдығы бола бермейді. Олардың едәуір бөлігі кейінгі кезеңдерде көрші халықтармен жиі қарым-қатынас жасап, араласудың салдары болуы да мүмкін. Алайда сонымен қатар, мына жай да ескерілуге тиіс: халықтың этникалық негізі көптеген ру-тайпалардан қү-ралғандықтан, қазіргі уақытта кейде оғыз тіддерінің белгісі, қарлүқ тілдерінің элементі деп жүргендердің біразы-ақ халықтардың қүрамына енген сол тайпалар тілдерінің қалдығы болуы да мүмкін. СбТГсебептен де жергілікті говорларда кездесетін бірсыпыра грамматикалық (морфологиялық) ерекшеліктердің тіліміздің морфологиялық қүрылымының тарихи даму жолдарын зерттеуде бағалы материал болуы әбден ықтимал жай. Мәселеге осы түрғыдан қарағаңда, оңтүстік қазақтарының тілінде кездесетін бүйрық райлық мән беретін -қын, -гын, (-кін, -гін), -ың, -ің, -қыл, -кіл, -гіл, бүйрық мәңці көптік қосымшасы -алы//елі, шығыс септік орнына-барыс, көмектес септік орнына шығыс септіктің қолданылуы, батыс қазақтарының тілінде кездесетін: бізің, сізің, мезгіл мәніңце барыс септік орнына қолданылатын: -ай//-ей, -ды//ді, -ты//ті, өткен шақ қосымшаларының орнына қолданылатын -улы//улі, жеткізу етістігінің жеттіру түрінде басқа аффикспен айтылуы, -ган есімшесінің орнына -аган//еген түлғасының қолданылуы, сүрау есімдіктерінің қанда, (қайда), қандайма (қандайда болса), қайшан (қашан) түлғаларында қолданылуы, жатқан етістігінің жатырған түрінде айтылуы (жат және жатыр сездерімен салыстырыңыз), кейбір есім түбірлерден өдеби тілде жоқ тәсілдер арқылы етістік түбірлердің жасалуы: сақ+ы (сақта), сақ+ын (сақтан), ен+е (ен салу), уят+та (уялт), қойыр, қойыру (қойылт), тіргіз (тірілт), кішірт, кішірту тәрізді кішірейткіш мәнді қосымшаларды атайды: -м: қарам, -л: көгал, -н, -ч, -ч (-ш): ақыш (өзбекше), көгіс (қазақша), -ч, -дж: ақша, азаматша, -қ, -к: жолақ, сопақ, буршақ, -с: қызылсы (қызгылт), т.б. Осы дара қосымшалардың сөз қүрамында өзара бірігуінен қазіргі түркі тілдеріндегі -лақ//-лек, -алақ//-елек, -ымдық//-імдік, -ымтыл// -імтіл, -ігылтым//-ігілтім, т.б. күрделі қосымшалар қалыптасты деп есептейді.1 Егер осылай деп қарасақ, қазақ тіліндегі ішімдік, саргалдақ, саргылтым, т.б. сөздер қүрамындагы қосымшаларды морфологиялық ығысу процесінің нәтижесінде дара қосымшалардың күрделенуінен қалыптасты деуіміз керек. Б. А. Серебренников түркі тілдері фактілерін фин-угор тілдерімен салыстыру арқылы септік жалғау қосымшаларының біразы-ақ ежелгі қосымшалардың өзара бірігіп, күрделенуінен қалыптасты деп қарайды.2
Қосымшалардың генезисі жайлы осы пікірлерді қорытыңдьшасақ, түркі тілдеріндегі қосымшалар жеке, дербес сөздердің синтаксистік конструкциялар қүрамында әр түрлі озгерістерге түсу арқылы қалыптасқанын мойындай отырып, бірсыпырасының о баста-ақ қосымша болғандығын жоққа шығаруға болмайды. Қосымшалардың едәуір бөлігінің соңғы тәсіл арқылы қалыптасқаңдығына олардың кейбір топтарының тарихи жағынан синкретикалық қолданысы да дөлел бола алады. Кейбір қосымшалардың есім түбір қүрамында да, етістік түбір қүрамында да аморфтық күйге айналуы осыдан.
Н. К. Дмитриев түбірдің контекст қүрамының ерекшелігіне қарай не етістік, не есім ретінде үғынылуын етістіктердің грамматикалық класс ретінде дамуының бірінші сатысы деп көрсетеді. Ол есім түбірлер мен етістік түбірлердің грамматикалық жағынан айқын жіктелісі аффикстерді қолдану арқылы (екінші саты) қалыптасты деп қарайды.4 Осыған үқсас пікірді В. Котвич те айтады.
Семантикалық жағынан не заттық мәнді, не тек қана қимыл мәнін берген түбірлердің болуымен бірге, мағыналық жағынан жіктелмеген түбірлердің, қосымшалар арқылы жасалған негіздердің болғаңдығы қазіргі тіл фактілерімен де дәлелденуі мүмкін.
Түбірлердің синкретизмі. Тілдің морфологиялық қүрылысының даму ерекшелігі туралы айтқанда бір ескеретін жай - түбірлердің синкретизмі мәселесі. Бір кезде П. М. Мелиоранский Күлтегін ескерткішіне байланысты бірсыпыра қосымшалардың есім түбірге де, етістік түбірге де жалғануының себебі сірө түбір атаулының омонимдес болуынан шығар деген ой айтқан еді. Кейінгі уақытта да түркі тілдеріндегі есім, етістік түбірлердің омонимдігі проблемалық мәселе ретінде жиі сез болып жүр. Түбірлердің бүл ерекшелігі кебіне контекст қүрамында айқыңдалады. Етістік түбірдің есім мағынасы түрақты тіркестер қүрамында үшырасады. Мүның езі де түбірлердің есім, не етістік мәнінде жасалуы синтаксистік тәсіл арқылы (контекст қүрамында) ажыратылатынына дәлел.
Э. В. Севортян келтірген материалдарға негізінде қазақ тіліндегі мынадай үқсас түбірлерді корсетуге болады: аң түбірінен қазақ тілінде аңсыз (байқамсыз) сын есімі, сол түбірден аңда (кейде андау), аңса етістіктері жасалған. Бүлармен түбірлес аңсар сөзі аңсарым ауды түрақты тіркесіңде ғана сақталған. Аңды туыңды етістігі - актив сәз. Сол сияқты, аш — етістік, ашық — сын есім (өрекеттің нәтижесі), ашық - сын есім (түсті білдіреді), аш - сын есім. Қат - етістік, қат - зат есім (қат-қат жинау, қат-қат зат), осы түбірден: қатай, қатыр, қатқыл, қатаң, қатқақ - өрі етістік, әрі есім жасалған. Қат- етістік (тамаққа май қат), осы түбірден: қатық - зат есім (тамақтың қатығы жоқ). Тат — етістік (тамақтың дәмін тат), тат (тот) - зат есім (тат, тот басты), осы түбірден: тотық - етістіктің ашық рай түрі - тотықты, тотық - зат есім, татымды - сын есім, татып кетті — етістік. Бук — етістік (тізенді бүк), осы түбірден бүкте (материалды бүкте), бук - есім (бүк түсіп жатыр, асық бүк түсті). Тоң - зат есім (жер тоң болып қалды), тоң - етістік (ол тонды, жаурады). Сап - зат есім (күректің сабы), осы түбірден: сабақ (иненің сабағы), сапта (күректі сапта), сабақта (инені сабақта). Сабақ сөзінің қүрамындағы (а) л; өдетте етістіктен есім жасайтын қосымша, салыстырыңыз: та-ра-қ, сана-қ, ор-ақ, т.б. Той - етістік (тамаққа той), осы түбірден: тойын — етістік, тойым — зат есім, тойымды — сын есім, той — зат есім, осы түбірден: тойла - етістік. Үят - зат есім, уял - етістік, уяң - сын есім, ортақ түбір - уя өрі есімге, әрі етістікке негіз болған. Үйқы — зат есім, уйы — етістік, уя — зат есім, уйым — зат есім, уйымдас — етістік, уйымшыл — сын есім, ортақ түбір - уй. Сый - зат есім, сыйла — етістік, сыйлы — сын есім, сый - етістік, сыйы-ым-ды (кісі) - сын есім, бірақ - (ы)м- етістіктен есім (қимьш есімін) жасайтын қосымша, салыстырыңыз: кес-ім, шеш-ім, өлше-м, т.б. Арт — етістік (жүкті арт), арт (ы) — зат есім, ары, әрі — үстеу, арқа зат есім, осы түбірден: арқала — етістік, ортақ түбір — ар. Егер осы келтірілген мысалдарды байырғы түбірлер деп қарасақ, есімдер мен етістіктердің түбір сәйкестігін — бір ғана түбірден (немесе фонетикалық қүрамы бірдей түбірлерден) әрі есім, әрі етістік жасалғанын көреміз. Қазіргі қазақ тілінде түзу және түзел (ортақ түбір — түз), аусар және ауыш (әрі сын есім, әрі етістік, ортақ түбір -ау), сасы және сасық (ортақ сын есім, өрі етістік, ортақ түбір — ау), сасы және сасық (ортақ түбір — сас, бірақ ол "қысылу, қаймыгу " иәкт беретін сас етістігі болмаса керек), оқы және оқу (ортақ түбір — оқ, бүл түбір қазіргі түркі тілдерінде де осы сипатта айтылады), семіз және семір (ортақ түбір — сем), беркін және берік, тасқын және тасы, шалқақ және шалқы, ысы және ыстық, бықсы және бықсық тәрізді ортақ түбірлерден тараған ұялас етістіктер мен есімдерді жиі ұшыратамыз.
Алдыңғы топқа қарағанда, контекссіз-ақ бүлардың есім не етістік екенін оңай ажыратуға болады. Өйткені есімдер мен етістіктер әр қилы түлғаланған: есімдер есімге тән қосымшаларды, ал етістіктер өздеріне тән қосымшаларды (өрине, бүгінгі тілдің нормасы түрғысынан қарағанда) қабыддаған, яғни, бүл парлар морфологиялық түлғалар арқылы жіктеліп, ара жігін бөлген. Етістік пен есімге ортақ болып келетін осындай түбірлер әр түрлі қосымшаларды қабылдап, бірде есім, бірде етістік ретінде қалыптасқаны болмаса, қазіргі тілде өз алдына айтылудан, дара лексикалық мағына беруден қалып, тілдің пассив қорына айналып кеткен. Сол себептен олар бірде есім қүрамынан, бірде етістік қүрамынан кездесе береді. (Бүл арада айтылып отырған түжырымның тіліміздің бүгінгі нормасы түрғысынан ғана солай екенін ескерген жон).
Енді бір алуан түбірлер түрлі ыңғайда үшырасады. Мысалы, кең, кеңіс, кеңістік, тын, тыншы, тыныштық, үят, үял, үялу, ары, арық, арықтық, сен, сенім, сенімді, көн, көнік, көнікті, нан, наным, қан, қанық, қанықты сездерін шартты түрде екі топқа: алдыңғы екі созді (кең жөне тын) бір топқа, соңғыларды екінші топқа ажыратуға болар еді (өрине, тағы да қазіргі тілдің нормасы бойынша). Әйткені, кең және тын қазіргі қазақ тілінде тек қана есім есебінде үғынылады. Бірақ бір өзгешелігі: кеңіс, тыныш сездерінің қүрамындағы -іс, ыш аффикстері — әсте есім түбірлерге жалғанбайтын қосымшалар. Сонда бүл қүбылысты қалай түсінуге болады? Ал соңғы топтағы қосымшалардың үш түрі де қазіргі тілдің заңдылықтарын толық сақтаған: әуелі етістік, онан кейін қимыл есімін, содан соң есім жасайтын аффикс келген. Тек қана үят, үял, үялу сөздерінде бүл заңдылық сақталмаған. Етістік түлғасы есім түлғасын (үят) өзгерткен арнаулы аффикс (-л) қабылдаған да, қимыл есімі содан барып жасалған. Бүл фактілердің бөрі есім және етістік түбірлердің көп ретте бір-біріне ыңғайланып отыратынын байқатады. Бүл сөйкестік тек алғашқы (первичные) түбірлер ғана емес, кейінгі, екінші дәрежелі (вторичные) түбірлер түлғасында да байқалады. Э. В. Севортян бүларды синкретикалық негіздер деп атайды.
Н. К. Дмитриев, осыдан бүрын айтылғандай, етістіктердің тарихи қалыптасуының үш түрлі сатысын көрсетеді. Бірінші сатысы — етістік түбірлердің қазір байқауға болатын ең алғашқы кезеңі де, оның ерекшелігі есім мен етістік негіздерінің түлғалық сәйкестігінен көрінеді. Мүндай негіздер лексикалық единицалар тәрізді дербес түрып бөлектенбей, тек қана контекс қүрамында синтаксистік единицалар есебінде бір-бірінен жіктеліп түсінілген. Негіздердің дамуының келесі сатысы — есім мен етістік негіздердің бір-бірінен фонетикалық алмасулар (әрине, дыбыстық алмасулар) арқылы жіктелуі. Бүдан кейінгі кезендерде етістік жасаудың түрақты және негізгі жолы — аффиксация қалыптасқан, осы арқылы етістіктер мен есімдер бір-бірінен грамматикалық жағынан жіктеліп белінген. Сөйтіп бүл айтылғандардан шығатын қорытынды: тіл қүрамында есім негіздер мен етістік негіздердің жіктелуі — фонетикалық үқсас негіздердің тарихи дамуы барысыңда қалыптасқан қүбылыс. Сол себепті де бір-бірінен үқсас сөздер ежелгі дәуірде өсте дербес лексемалар емес, қайта контекс қүрамында ғана бір-бірінен срекшеленетін синтаксистік элементтер ғана болған. Қазіргі тіл қүрамындағы көш — есім, көш — етістік, ақ — етістік, ақ — сүйық зат (ағарған) тәрізді ыңғайлас сездер немесе бір ғана түбірден тараған, бір-бірінен аффикстер арқылы ғана ажыратылатын (бірақ тарихи мөні жағынан бір категорияға жататын) етістіктер мен есімдер біркезгі синкретизмнің рудименттік қалдығы.
Алайда есім мен етістік негіздерінің синкретизмі туралы айтқанда, олардың арасындағы мағыналық байланысты үмытуға болмайды. 1 і ііргі тілімізде көш — етістік және сол қимыддан туатын процесс п.IVі,і да - көш. Сол сияқты ақ — қимыл етістік, сол қимылдан
ц ійда болатын процесс атауы ақ — зат есім. Сөйтіп бір ғана с і икалық сипатта сақталып, екі түрлі грамматикалық мән алған.
Тілдің грамматикалық қүрылысының баяу өзгеретіндігі. Морфо-логиялық қүрылыстың дамуыңда үшырасатын тілдік процестер (мор-фологиялық жылысуы, аналогия, жіктелуі т.б.) олардың сөздің мор-фологиялық қүрамына әсері.
Сөз түбірінің дамуы. Байырғы түркі сездерінің бір буыңдылығы жайлы мәселе, ол туралы пікірлер. Алғашқы түбірдің сипаты туралы мәселе. "Жайылыңқы" түбірлер (Владимирцов, Мелиоранский). Создің буын санының үзарып, күрделенуі түркі тілдерінің қүры-лымдық ерекшелігі екендігі. Дыбыстық езгерістердің морфология-лық қүрылыс қүрамындағы езгерістермен байланыстылығы түбірлердің синкретизмі жайлы мәселе. Синкретизм — қазіргі тілдегі омонимдес түбірлердің едәуір бөлігінің қалыптасуын тарихи түрғы-дан түсіндірудің негізі (Банг, Рамстедт, Мелиоранский). Дмитриев түбірлердің грамматикалық дамуының үш кезеңі туралы. Қазіргі тілдегі "елі" түбірлер туралы. Түбірлердің флексия қүрылысы арқы-лы жіктелісі жайлы мәселе, бүл қүбылыстың қазақ тіліндегі ізі. Ішкі флексия қүбылысының дыбыс сәйкестіктерімен, дыбыс өзгеріс-терімен байланысы және сингармониялық параллельдерге қатысы. Сөз негіздерінің тарихи екі түрі туралы (аш-ашық, ау-аг, ауыр-у). Қазіргі тілдегі байырғы түбірдердің тарихи түрғыдан "өлі" түбір мен қосымшаға жіктелетіні туралы.
Ескі түркі тіліндегі қос сез түрлері (қазақ тілімен салыстыру ыңға-йында). Ескі түркі тіліндегі күрделі сөздер, олардың қазақ тіліндегі баламалары (бірде күрделі сөз түрінде, бірде кірігіп кеткен — компо-ненттер дербестігін сақтай алмаған), өлі түбірге айналып кеткен сездер (өлім-жітім, некен-саяқ, қарақат, сүлесоқ).
10-тақырып. Сөз түбірінің дамуы. Қосымшалар. Сөз жасаудың қалыптасқан тәсілдері.
Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі:
Сөз түбірінің дамуы. Қосымшалар.
Сөз жасаудың қалыптасқан тәсілдері.
Түбірдің тарихи сипаты. Қазіргі қазақ тілінде тын, қарт, қария, айт, кел, кет төрізді әр түрлі грамматикалық кластарға жататын сөздер — түбір (жалаң түбір) деп танылады да, айтыс, келіс, кетіс, қарттық, тыныш тәрізді сол түбірлерден әр түрлі аффикстер арқылы жасалған сөздер туынды түбірлер немесе туынды сөздер деп қаралады. Осы сөздерді өзара салыстырғанда, олардың өз арасында да кейбір алшақтықтар кездесетіндігі байқалады. Мысалы, қарт, қария, кәрі — бүл үшеуіне ортақ морфема қар-, -т, -йа, -і белгісіз қосымшалар, түбір қүрамына қатысы жоқ элементтер, айт, айтыс, айқай, ортақ түбір ай-, сонда айтыс сөзінің қүрамындағы қосымшалар -ыс және -т элементі, ал айқай алдыңғылармен түбірлес екені мағыналық байланысынан көрінеді. Кейде бір-бірімен тікелей мағыналық байланысы жоқ сөздерді салыстыру арқылы да ортақ түбірді ажыратуға болады: кел, кет, кері сыртқы өзгешелік бүл сөздердің соңғы дыбыстарында ғана, ал алғашқы беліктері бірыңғай (ке-), қал, қайт, қайыр етістіктерін өзара салыстырғанда да алдыңғы морфемалар бірыңғай да (қа-), -л, (й) т-, (й) ыр морфемалары ғана езгеше болып шығады. Бүл фактілер кейбір антонимдік қатынасты сез.парларының қалыптасуы да белгілі дәрежеде арнаулы аффикстер арқылы болғандығын керсетеді. Қысқасы, осы азғана фактілер тобына жасалған талдаудың әзі де (және тек бір ғана тіл ыңғайында) қазіргі тіл нормалары бойынша бөліп-жаруға келмейтін жалаң түбір деп қаралатын сөздердің недәуір тобы "мағынасыз" түбірлер мен "белгісіз" қосымшаларға ажырайтындығын көрсетеді.
Олардың арғы негізі жайлы қазіргі түркологиядағы екі пікір: а) олардың арғы негізі дербес сөздер деп қарайтын көзқа-рас; ә) кез келген қосымшаның арғы негізі дербес сөз деп қарауға бола бермейтіндігі, олардың біразының о баста-ақ қосымша екендігі жайлы, бүл пікірлерді дәлелдейтін фактілер. Қосымшалардың синкретизмі, ескі түркі тіліндегі бүл қүбылыстың іздері. Қазіргі тілдегі грамматикалық кластар бойынша жіктелген қосымшалар тіл дамуы-ның соңғы, жоғарғы сатысының жемісі екендігі. Сөз жасаудың қалыптасқан тәсілдері. Аффиксация, оның шығуы мен қалыптасуы жайлы. Субстантивация, сөздің синтаксистік қол-данылуы - сездердің грамматикалық кластарға жіктелуінің негізгі тәсілдерінің бірі. Сөз таптарының шығуы мен қалыптасуы. Сәздердің грамматика-лық кластарға жіктелуі жайлы пікірлер. Ескі түркі (Орхон-Енисей жазбалары), орта ғасырлық түркі тілдерінде (Қашқари, Абу-Хайян, "Кодекс куманикус" материалдары бойынша) сөздердің морфоло-гиялық топтарға жіктелуінің қазақ тіліне үқсас әзгеше қүбылыста-ры. Ерекше қүбылыстардың тарихи-тілдік негіздері.
Қазақ тілінің, жалпы түркі тілдерінің түбір морфемасы жайлы сөз қозғалғаңда, түбірдің фонетикалық қүрылысы мен сыпаты, аумақ көлемі жайлы мәселеге соқпай өту мүмкін емес. Мәселе мынада: түркі сөздерінің байырғы түбір морфемасы бір буынды болып келеді. Сейтіп түбір морфема екінші жағынан буын ретінде де үғынылады. Сондықтан да алғашқы түбір, негізгі түбір дейтін үғымдар сол түбірді қүрайтын буынның сыпаты жайлы үғыммен тығыз байланысты болады. Лексикалық қордың үйтқысы бір буынды түбірлер болуы тек қана түркі тілдерінің емес, жалпы алтай тобына жататын тілдердің ортақ ерекшелігі болып табылады. Бүл ерекшелік, яғниібайырғы түбірдің бір буындылығы, қазіргі түркі тілдерінің бойында да сақталған. Қазіргі қазақ тілінің сездік қорында бір буынды түбірлер, екі томдық "Қазақ тілінің түсіңдірме сөздігі" бойынша 60 процентке жуық, яғни, қазіргі қазақ тілінің сөздік қорының жарымынан кобі тек қана бір буынды түбірлер. Сәз топтары ьщғайынан қарастырғанда, етістіктер қүрамында бір буынды түбірлердің саны екі буындыларға қарағанда әлдеқайда аз, бірақ сол азғана топ бір буындылар барлық етістіктердің үйтқысы болып отырады.
Бір буыңды түбірлер аффиксацияның нәтижесінде көп буындыға (екі буынды, кейде үш буынды) айналып, кейін осының езі түрақты қүбылысқа айналған. Қазіргі тілдегі екі буынды байырғы түбірлердің кебісі-ақ жай кәздің өзіне де байырғы түбір мен қосымшаға ажырайды. Мысалы, аршы, ашы, айық, үрік тәрізді етістіктерді арық, ашшы, үркек есімдерімен және айыр етістігімен салыстырғанда, ортақ түбірлер ар-, аш-, ай-, -үр шығады.
Дегенмен, екі буындылардың (тіпті кейбір үш буындылардың да) қалыптасуын беріде болған қүбылыс деп қарауға болмайды. Егер хронологиялық жүйемен қарастырсақ, бір буындылармен қатар 2—3 буынды түбірлердің актив қолданылуын Ү-ҮІІІ ғ. ескерткіштерінен үшыратамыз. Орхон-Енисей тобына жататын ескерткіштер ішіндегі ежелгілерінің бірі, зерттеулерге қарағанда, Енисей ескерткіштері. И. А. Батманов бір буындылармен қатар екі буынды түбірлердің, сондай-ақ үш буынды түбірлердің де Енисей ескерткіштері тілінен кездесетіндігін, бірақ бір буындылардың басымдығын көрсетеді. Орхон ескерткіштерін зерттеуші Ғ. Айдаров ол жазбалар тілінде түбір зат есімдердің кебіне бір буынды, екі буынды болып отыратындығын көрсетеді. Ал үш буынды зат есімдер күрделі сөз түрінде келетіндігін айтады. Бірақ Ғ. Айдаров зерттеуінше етістік түбірлер тек бір буынды, не екі буынды ғана болып келеді.2 Дегенмен, сол екі буынды етістік түбірлердің кейбірін түбір мен қосымшаға ажыратуға болады. Ғ. Айдаров керсететін уды (үйықтау) етістігін сол жазбаларда кездесетін у есімімен салыстыруға болады, сонда соңғы -ды қосымша болып шығады, сол сияқты йасы, тыңда, йаңыл тіс гіктерін де түбір (йас, тың, йаң) мен қосымшаға ажыратуға әбден болды. Көне үйғыр жазбалары тілін жете зерттеген В. М. Насилов сондай ескі қалдықтарды салыстыру арқылы дөлелдене алады. Түркі тілдерінің көпшілігіндегі сияқты, қазақ тілі де көне түркілік г, г, д, б дыбыстарының дауысты дыбыстармен тіркесі дифтонгілерге айналған тілдер тобына жатады. Бірақ қазақ тілінде дифтонгілермен айтылатын түбірлермен қатар, көне г, г, д, ^дыбыстарының жаңа сапаға — қатаңға айналған түрін сақтаған да сөздер бар. Қазіргі қазақ тілінде екі топ параллельдер (әрине, тарихи) үшырасады. Бір тобы дыбыстардың жоғарғы айтылған тарихи ауысуларының негізінде қалыптасқандар. Бірақ ондай түбірлер сан жағынан аз. Олар: бій, бек, сөз, сап (сөз саптау тіркесінің қүрамында), тақ, тау, сық (бір нәрсені сықты), сый (сыйып отырды), тоқ, той тәрізді түбір сөздер. Бүлардың бір сыңары "жаңа" дыбыстармен (у, й) айтылса, екінші сыңары көне түркілік г, г дыбыстарының қатаңдаған тарихи варианттарымен келген. Мүндай тарихи параллельдердің екінші бір тобының ерекшелігі мынада: олардың бір сыңары дербес сөз болып келсе, екінші сыңары туынды сөз (туынды түбір) қүрамында ғана сақталып қалған. Қазақ тілінде, егер дыбыстардың тарихи ауысуларын еске алсақ, мынадай сөздерді салыстыру жолымен тарихи түбір деп қарауға болады: сау//(саушылық, сау кісі, сауыгу), сақаю (сақайды, сақайып келеді), МҚ: саг, ій: ійілді, иілді — бугілді, егілді, егіліп кетті, егіл-тегіл, МҚ: егді (ійді), егілді (ійілді), егішді (ійісті), егседім (егсе-дім — ійгім келді), қый (шаш қию, жіпті қию), қырқ (жун қырқу, бір нәрсенің артық жерін қырқу). Мына дыбыс ауысуы бар: р>з>й, бақ (багып отырды, бақты), байқа (байқап отырды, байқады), Малов: бақ — смотреть, МҚ: бақды (бақты, қарады), бақыш (қарап, байқап отыру), бақыг (багу, көз тастау), жау (жауды), жаңбыр, МҚ: йагмур, жай, жайыл, жадыра (кәңілі жайланды, кәңілі жадырады), Малов: йад — (распространять), йадрат (распустить хвост, распустить), йадыл (распространяться). Сөйтіп көне түркілік материалдарды ескерсек, қазақ тілінде екі түрлі ыңғайда қодданылатын сөздер бір түбірдің екі варианты екенін көреміз. Сой, сойым (сойымдық мал), соғым, ортақ түбір сог (й<г), пыс (диал, ас пысты), пысық (пысық кісі), МҚ: бышыг — дайындалган піскен, бышыг аш — дайындалган, піскен, бышыг аш — дайындалган, піскен ас, бышыг ет — дайындалган, піскен ет. Қазақ тілінде әдеби норма ретінде бүл сөздің жіңішке айтылатын варианты орнықты. Көне түркі тілінде қат етістігі, қатыг сын есімі, қатыгдан етістігі, қатыгды үстеуі қолданылған. (ДТС, 432-433). Осы сөздер қазақ тіліңде қат (еш езгеріссіз), қату, қатулан, қатты түрінде айтылады. Байырғы түбір (қат) еш өзгеріске түспесе де, туынды түбірлер фонетикалық езгеріске үшырағаны мәлім: -ыг>у, қату, қатулан, содан соң сол буынның сөз ортасында элизияға үшырауы: қатыгды>қат(ыг)ды>қатты. Қазақ тіліңдегі пышақ зат есіміне негіз болған етістік сөз еркін қолданылмайды. Әуелі етістік түбірден жасалғандығы соңғы қосымшадан ғана байқалады. Бірақ осымен мәндес піш (киім піш) етістігі бар. Малов: быч — резать, бычку — нож, түр: бычку — пила, азерб: пычгы — нож. Мүнан сөз соңындағы аффрикатгың жалаң дыбысқа айналуын, оның басқа бір буынды созге негіз болуын, бірақ екі ортадағы мағыналық байланыстық әлсіреуін байқауға болады. Қазақ тіліндегі аудар, аудыр, ауыс, ауна, ауытқы, аума (аумаған: өзі әкесінен аумаған) туынды түбірлері ау байырғы түбірінен тарағандығын олардың арасындағы мағыналық байланыс дәлелдейді. Алайда осы түбірлердің ақтар, ақтарыл етістіктерімен байланысы жай көзге байқала бермейді. Кене түркі тілінде аган — быть низвергнутым, агна — валяться, биться, агтар — повергать, агтарыл — быть поверженным, повернуться, опрокинуться (ДТС, 17 — 23). Коне түркілік етістік түбір ер түрлі түлғалану (бірде -ан, бірде -на немесе -тар) арқылы әр түрлі грамматикалық үстеме мәнерлерге ие болған. Қазақ тілінде бүл сез екі түрлі фонетикалық сипатта орныққан. Соның саддарынан ақтар мен аудар туынды түбірлері тікелей түбірлес дәрежесінде ұғынылмайды.
Дыбыстардың тарихи ауысулары арқылы езгерген бірқатар түбірлер қазіргі тілде дербес күйіңде емес, тарихи негіздердің ғана қүрамында орнығуы да кездеседі. Кейбір фактілер келтірейік: жақын, жуық — соңгы —ын, -ық қосымша, екі сезге де негіз болған түбір — жаг. Малов: йагут (жақындату, етістік, түбірі — йаг, -ут қосымша), йағыл (етістік, жақында, -ыл қосымша), йагуқ (жақын, есім), йагру (жақында, үстеу), жугір, жуйрік, жуйткі (г>й), жуг — жуй, Малов: йугрук ат (жүйрік ат), йугур (жүгір), ауна, ақтар (бір нерсені аударды, ақтарды), МҚ: агнатты (аунатты), ақтарды (ақтарды, жерді аударып айдады), бауызда (мадды бауыздады, тамағынан буындырды), Малов: баг — душить, богуз — горло, богузлан — бытъ заколотым, бау < баг, МҚ: богды — буындырды, сықты, богаз — тамақ, боглунды — буынды, баг//баг>бау//бу. Сейтіп қазақ тіліндегі бауызда, буын етістіктері қүрамындағы түбір қазір дербес қолданылмайтын, бірақ тарихи негіздер қүрамында екі түрлі вариантта сақталған бір түбір болып шығады. Бүл керсетілгендерге дербес зат есім түрінде айтылатын бугалық сезін қосу керек. Қурга, қура (шеп қурады, сулы зат қүрғады), Малов: қуру - высохнуть, быть сухим, қуруг — сухое дерево, қурут — сушить, куры — сохнуть, быть сухим. МҚ: қур — қурғақ (оғызша), қурыды — қүрғады. Олай болса, қазақ тіліңдегі қурга, қура етістіктері нәтижесі. Соның салдарынан етістік түбір мен сын есім түлғасы сыртқы пішіні жағынан бірдей болып шыққан. Екінші сөзбен, бүл жерде фонетикалық конвергенция қүбылысының нәтижесін көреміз.
Қазіргі тілдегі бірсыпыра түбірлер -ра//ре түлгалы болып отырады. Сан жағынан бүлар аса үлкен топ та емес. Кейбір фактілерге қарағанда -ра екі түрлі аффикстің қосындысы. Мысалы, ажыра етістігі соны дәледцейді. Көне түркі тілінде адыр, соның фонетикалық бір варианты ажыр//аджыр. Онда сонғы -а негіздің ескіруімен байланысты қосылған қосымша болып шығады. Сондай-ақ, Э. В. Севортян былжыра1 етістігін қазақ тілінің фактілері негізінде былжыра түріңце жіктейді. Өйткені қазақ тілінде былжыр сын есімі бар, сонда есімді етістікке айнаддыратын қосымша -ра емес, -а. Қазақ тілінде осымен мәндес (олай болса түбірлес болуы да әбден ықтимал) былшы етістігі де бар. Бүл да байырғы түбір емес, негіз. Мағыналық жағындағы мынадан көрінеді: былшы — процесс, процестің нәтижесі — былжыр. Айырмашылық бірінде ж, бірінше ш дыбысының айтылуы. Алж>ш ауысуы түркі тілдерінде әр кез кездесіп отыратын қүбылыс. Қазақ тілінде ж-ның ш-ға ауысуы говорлар қүрамында бар.
Сонымен, қазақ тіліндегі былжыр туыңды етістіктің -р арқылы есімге айналуы, былжыра сол есімнің -ра арқылы етістікке айналуы болып шығады.
Байырғы түбірлердің біразы -ы//-і аффиксімен күрделенген. Фактілерге қарағанда, бүл аффикс арқылы күрделенгең түбірлер есімдер тобынан да, етістік тобынан да табылады. -ы аффиксі арқылы күрделенген кейбір байырғы сөздерді талдап көрейік: жоры, көне түркі тілінде: "йор — объяснить, толковать", "жор-ы. Қазақ тіліндегі негіз байырғы түбірдің мағынасын сақтап қалған. Оқы, Радлов "Сөздігінде" — "оқу — звать, приглашать, кричать, петь, читать, учиться", ал мүның өзі: "оқ — крик, голос, слово" (т. II. ч. 2). Сөйтіп бүл жердегі түлғалық өзгерістерді былай көрсетуге болады: оқ-ы: оқы+у (г)>оқу. Әрине, бүйрық рай түлғасы туынды етістіктүлғасынан барып жасалған. Жасы етістігін қырғыз тіліндегі жоошу, жоошы сөздерімен (алдыңғысы — етістік, соңғысы — сын есім) салыстыруға болар еді. Осы салыстыруды занды деп қарасақ, онда қазақ тіліндегі жасы етістігі жуас сын есімімен тарихи түбірлес болып шығады. Бүлай салыстыруға дәлел — қырғыз тіліндегі варианттың созылыңқы дауыстымен, ал қазақ тіліндегі варианттың дифтонгімен айтылуы, ақыр соңьшда үшеуінің арасындағы семантикалық байланыс. Ірі Радлов "Сөздігінде"ф — гной... — ірі~ гаить, киснуть, испортиться" (т.І. ч.2). Алғашқы түбір қазақ тілінде дербес қолданылмайды, тек туынды етістік және сонан жасалған есім түлғалары ғана айтылады. -ы түлғалы етістіктердің ішінде таты (астың түзы татыды) етістігі назар аударады. Өйткені осы туьшды түбірмен қатар тат (астан тату) етістігі де айтылады. Түбірлердің әр түрлі түлғалануы деп қарау керек. Қазақ тілінде тат (тат басты), тат (астан тат), есім, етістік омоним түбірлері бар. Сонымен, түбірлердің дамуын оның тарихи өзгерісінен бөліп қарауға болмайды. Түбір сөз қүрамындағы фонетикалық өзгерістерді ескермей түрып, оның даму ерекшеліктерін білу мүмкін емес. Фонетикалық озгерістің нәтижесінде: а) кене түбір тарихи негіздің қүрамында ғана сақталады, ә) кене түбір дербес те, тарихи негіз қүрамында да қолданылуы мүмкін. Соңғы жағдайда бүкіл сез қүрамының кенеруіне байланысты оның дербес қолданылатын тарихи сыңарымен бірдейлігін салыстыра талдау арқылы ғана байқауға болады: б) кене түбірдің тарихи езгерісін анықтау үшін дыбыс өзгерістерінің түрлерін айқындау керек.
Түбірлердің фонетикалық сипатының өзгеруі тілдің даму барысында олардың кенеруіне себеп болады. Фонетикалық езгеріске үшырап, семантикалық жағынан кенерген түбірлер, кебіне, қосымшалармен біріккен түрде орнығып қалады. Мүндай негіздер екі түрлі. Кейде байырғы түбірі де, қосымша да ез дербстігін жоғалтқан, кейде түбір дербестігін жоғалтқанмен, қосымша қазір де актив немесе керісінше түбір дербестігін сақтаған, бірақ қосымша "өліге" айналып кеткен.
Достарыңызбен бөлісу: |