8-дәріс
Шығыс алма жемірі, күресу шаралары
Шығыс алма жеміріне жалпы сипаттама, даму кезеңдері, биологиялық ерекшеліктері
Күресу шаралары
Шығыс алма жемірі – Laspeyresia pomonella L. Қабыршақ қанаттылар отрядының жапырақ ширатқыштар тұқымдасына жатады. Жер жүзі бойынша алма ағашы өсетін зоналардың барлығында тегіс таралған ең қауіпті зиянкес.
Көбелектің алдыңғы қанаттары артқыларына қарағанда ұзын, көлденең орналасқан көптеген қара сызықтары бар ағаштың қабығына ұқсас қара сұр түсті болады. Сонымен қатар олардың ұшында қола түсті жылтыр 3 жолағы бар қоңыр дақ орналасқан. Артқы қанаттары қоңырлау сұр, жиектерінде ақшыл-сұр түсті қысқа шашақтары бар. Қанаттарының өрісі 20 мм жетеді.
Көбелектің жетіліп қоректенуін тоқтатқан жұлдызқұрттар алма ағашының діңі мен бұтақтарының өлі қабықтары астында, жарықтарында , кеуектерінде жерге түскен жапырақтардың және басқа өсімдік қалдықтарының арасында, сонымен қатар жеміс сақтайтын орындарда қыстап шығады.
Көктемде жұлдызқұрттар қыстап шыққан орындарында қуыршаққа айналады. 2-3 жетіден соң қуыршақтардан көбелектер ұшып шығады. Әдетте олардың ұшу мерзімінің басталуы алма ағашының гүлдену кезеңінің аяқ кезіне тура келеді. Көктем кешіккен жылдары көбелектің жалпы ұшу мерзімібір айға, ал жаппай ұшу кезеңі 7 күннен 14 күнге созылады.
Қуыршақтан шыққан соң бірнеше күннен кейін көбелектер жұмыртқалауға кіріседі. Жұмыртқаларын бір-бірлеп алғашында жапыраққа, одан соң жеміс түйіндеріне салады. Көбелектер кешке қарай күн батқан соң және түнде ұщады. Ауа райының жылылығы 160 С төмен болатын салқындау күндері көбелектер жұмыртқалауын тоқтатады. Әрбір ұрғашы көбелек өз өмірінде 100 және одан да көп жұмыртқа салады. Оншақты күн өткен соң жұмыртқадан жұлдызқұрт шығады. Ол дереу немесе 1-2 сағаттан кейін жемістің қабығын кеміріп, жұмсақ тканіне енеді де онда тұқым дәнегіне қарай жол салып, жемістің тұқымдарымен қоректенеді. Одан соң келесі жеміске көшеді. Жұлдызқұрттардың қоректенуі 25-30 күнге созылады. Дамуы аяқталған жұлдызқұрттар қоректенуін тоқтатып, жемістен шығады да, ағаштың өлі қабықтарының астында, жарықтарында және басқа орындарда қуыршаққа айналады. Оңтүстік аудандарда бұл кезең мамырдың соңғы оңкүндігінде, ал Алматы облысының тау бөктеріндегі аудандарында маусымның екінші жартысына немесе аяқ кезіне тура келеді.
Қуыршақтану кезеңі басталғаннан соң 10-15 күннен кейін жаңа ұрпақтың көбелектері ұшып шығады. Олар жұмыртқаларын көбінесе жемістің үстіне салады. Бұл ұрпақтың жұлдызқұрттары да жемісті кеміріп, ішіне жол салып енеді де оның тұқымдарымен қоректенеді. Зақымданған жеміс түйнектері пісіп жетілмей төгіліп қалады, пісуі жеткен кезде зақымданғандары төзімсіз келеді.
Алма жемірі республиканың оңтүстігіне жылына 3, оңтүстік шығысына 2, ал батыс, орталық және солтүстік аймақтарында бір ұрпақ беріп дамиды.
9-10-дәріс
Картоп рагы, тиімді күресу шаралары
1.Картоп рагы ауруын қоздырушылары
2.Күресу шаралары
Картоп рагы. Sуnchytrium endobioticum Pers. Бұл ТМД -да карантиндік ауру қатарына жатады. Ауру тамырдан басқа мүшелердің бәрін, әсіресе түйнектерді күшті зақымдайды. Аурудың бірінші белгілері жас түйнек көзшелерінен басталады, кейіннен ісік өсінділері үлкейе береді, кейде тіпті оның көлемі түйнек көлемімен бірдей болады. Ісік өсінділерінің ішінде саңырауқұлақтың қыстық споралары өсіп жетіледі. Ауру түйнекпен бірге жерге түскен ісік өсінділеріндегі споралар қыстап шығып, көктемде зооспорангия құрады және өніп шығады. Зооспорангияда жетілген талшықты зооспоралар сау түйнекке жабысып, оның эпидермисіне енеді. Осылай түйнекке түскен зооспора көбейіп дамып зооспорангия жиынтығына айналады. Зооспорангия споралары арқылы қоздырғыш жаз бойы жаңа өсімдік түйнектеріне тарайды.Саңырау құлақ жапырақта 5-6 жыл бойы өзінің тіршілігін сақтай алады.Бұл ауру картоптан басқа томатта, меңдуанада, т.б. алқа гүлді өсімдіктерде кездеседі.
Күресу шаралары. Карантиндік шараларды қолдану; картоп егілген танапқа 5-6 жыл бойы ісікпен ауырмайтын өсімдік еккен соң ғана қайтадан картоп егуге болады; ісік ауруы кездескен топврақты 1,5 процентік нитрафенмен немесе хлорпикринмен залалсыздандыру.
11-дәріс
Жүзім филоксерасы және тиімді күресу шаралары
1.Зиянкестің отаны
2.Жүзім филоксерасының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері даму кезеңі
3.Зиянкеспен күресу шаралары
Жүзім филлоксерасы – Viteus vitifolli Fitch. Тең қанаттылар отрядының филлоксера тұқымдасына жатады. Бұл зиянкестік отаны Солтүстік Американың оңтүстік- шығыс бөлігі. Европаға XIX ғасырдың аяғында әкелінген. 1880 жылы ол Қырымда, одан кейінгі жылдары Кавказдың Қара теңіз жағалауында, Кубаньда және Тбилисидің маңында табылған. Қазіргі уақытта филлоксера Молдавияда, Украинада, Солтүстік және Күңгей Кавказда таралған. Карантин зиянкесі болып есептеледі. Тек жүзім өсімдігін ғана зақымдайды.
Филлоксераның тіршілік әрекеті мен өсімдікті зақымдау сипаты жағынан бір-бірінен өзгеше болып келетін 2 түрі кездеседі; тамырлық және жапырақтық түрі.
Тамыр филлоксерасының қанатсыз ұрғашыларының пішіні сопақша, түсі сарғылт-қоңыр, арқасымен бүйір жақтарында 6 қатар болып, бойлай орналасқан күңгірт түсті бұдырмақтар болады, тұмсығы ұзын, артқы аяқтарының денемен жалғасатын деңгейінен асып тұрады, мұртшалары қысқа, 3 буыннан тұрады, денесінің ұзындығы 1 мм шамасындай. Бұл белгілер тамыр филлоксерасының личинкаларына да тән. Жұмыртқалары алғашында ақшыл-сары болады да соңынан қоңыр түске көшеді, ұзындығы 0,3 мм шамасындай. Жапырақ филлоксерасының қанатсыз ұрғашысы сарғылттау жасыл түсті, жұмыр денелі, ұзындығы 1,25 мм-дей болады, тұмсығы қысқа, артқы аяқтарының денемен жалғасатын деңгейінен аспайды, арқасы мен бүйір жақтарында бұдырмақтар болмайды. Филлоксераның бұлардан басқа нимфа, қанатты және жынысты ұрпақ деп аталатын түрлері де болады.
Жүзімнің америкалық сорттары мен америка-европалық будандарында филлоксера толық циклді болып, екі түрде де дамиды. Ал жүзімнің европалық және азиялық сорттарында тек тамыр филлоксерасы ғана дамиды.
Филлоксера толық циклмен дамығанда I-II жастағы личинкалары жүзімнің тамырында қыстайды. Көктемде топырақтың температурасы 130 С-қа жеткенде олар жіңішке тамыршалардың шырынын сорып, қоректене бастайды.20-30 күннен кейін личинкалар тамыр түрінің қанатсыз партеногенездік ұрғашыларына айналады. Олардың әрқайсысы40-100 жұмыртқа салып, одан соң өледі. Солтүстік аудандардың жүзім шаруашылықтарында филлоксераның бұл түрі осындай жолмен өсіп-өніп 4-5, ал оңтүстік аудандарда 7-8 ұрпақ беріп дамиды. Жаз кезінде личинкалардың бір бөлігі жер бетіне шығады. Одан соң жердің жарықтары арқылы топыраққа қайтадан енеді де көрші өсімдіктердің тамырларын мекендеп, тіршілік әрекетің жалғастыра береді.
Маусым айының орта кезінен бастап кезбе личинкалардың кейбіреулері жүзім сабағының бойымен өрмелеп жоғары көтеріледі де қанатты ұрғашы бітелерге айналады. Олар ұшып-қонып жүріп жұмыртқаларын жүзім өсімдігінің жер үстілік мүшелеріне салады. Жұмыртқалардың үлкен-кішілігі әр түрлі болады. Олардың ірілерінен филлоксераның ұрғашылары, ал ұсақтарынан еркегі дамиды. Одан соң ұрғашы бітелер ағаш қабығының ішіне қыстайтын жұмыртқаларды салуға кіріседі. Олардың әрқайсысы бір-бір жұмыртқадан ғана салады. Көктемде сол жұмыртқалардан шыққан личинкалар жапырақтың үстінгі бетіне сүлікше қадалып шырынын сора бастайды. Зақымданған ткань қалыптан тыс өсіп, жапырақтың астынғы жағынан бұлтиып шығып тұрады, сөйтіп беріш пайда болады. Ал личинкалар беріштің ішінде қоректеніп, дамуын одан әрі қарай жалғастыра береді. 18-25 күннен кейін бұл личинкалар жапырақ филлоксерасының қанатсыз партеногенетикалық ұрғашыларына айналады. Олар беріштің ішінде 500 дейін жұмыртқа салып, одан соң өздері өледі. 6-8 күннен кейін бұл жұмыртқалардан личинкалар шығады да жапырақтарда қоректеніп, жаңа беріштер түзіледі. Зақымданған жапырақтардың ассимиляциялық қызметі нашарлайды, өсімдіктің өсуі тежеледі, беретін өнім азаяды, көпшілік жағдайда өсімдік біржола тіршілігін жояды. Филлоксераның бұл түрі бір маусым ішінде 7-9 ұрпақ беріп өсіп-өнеді.
Екінші ұрпақтан бастап жапырақ филлоксерасының арасында ұзын тұмсықты личинкалар да пайда бола бастайды. Олар топыраққа еніп, одан тамырға өтеді де тамыр филлоксерасына айналады. Бірте-бірте тамырға көшетін ұзын тұмсықты личинкалардың саны өсе бастайды. Күзгі суық басталысымен жапырақ филлоксерасының личинкалары түгел қырылады да тек тамыр филлоксерасы ғана қалады.
Филлоксера зақымдаған өсімдік тамырында пішіні құстың тұмсығына ұқсас ірілі-ұсақты ісік тәрізді өсінділер пайда болады.Олар әр түрлі микроорганизмдердің әсерінен тез бұзылып, шіри бастайды. Тамырдың өсуі тежеледі. Нәтижесінде зақымданған жүзім бұталары біржола өледі.
Күресу шаралары. Ерте көктемде бүршік жарылмай тұрғанда жапырақ ширатқыш көбелектердің қыстап шыққан қуыршақтарын және кенелерді құрту үшін жүзімнің сидам сабақтарын және оның тарамдарын қабықтарынан тазарту. Одан соң оларды акрекстің 50%к.э. немесе антионың 25 %к.э. бүркіп өңдеу.
Жапырақ ширатқыш көбелектердің жұлдызқұрттарына қарсы жүзім бұталарын бірнеше рет бүркуге тура келеді: көктемде жүзім гүлдемей тұрған кезде, және жидектер пісер кезде. Бүрку үшін мына препараттардың біреуін қолдануға болады: фозалон 35 к.э.(1,0-2,8 кг\га), фосфамид 40%к.э. (1,2-3 л\га), карбофос 50% к.э. (1,0-2,5 л\га), антио 25% к.э. (1,2004 кг\га).
Фозалон зиянкестің бірінші және екінші ұрпақтарына қолданылады. Ал көрсетілген препараттардың басқаларын өнімді жинау мерзіміне 30 күн қалғанға дейін пайдалануға болады.
Жүзім плонтацияларында филлосерамен күресу шаралары мынадай 3 зона бойынша дифференциаланады: 1 – филлоксера жоқ зона, 2 – филлоксера бірен-саран таралған зона, 3 – филлоксера мекендеген зона. Филлоксера жоқ зонада жаңа плантация жасауда және ескі плантацияларды жөңдеуде филлоксераның жапырақпен қоректенетін түрі дами алмайтын сорттарын пайдалану, сонымен қатар карантин ережесін бұлжытпай орындау керек.
12-дәріс
Орман зиянкестері
Сақиналы жібек көбелегінің морфологиялық ерекшеліктері, күресу шаралары
Жұпсыз жібек көбелегінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, күресу шаралары
Сақиналы жібек көбелегі.Molocosoma Neustria. Піллә тоқушылар тұқымдасына жатады. Жеміс ағаштары мен жапырақтары орман ағашының зиянкесі
Жылына бір ұрпақ беріп өсіп-өнеді. Көбелектің қалыптасқан жас гусеницалары жұмыртқа қабығының ішінде қыстап шығады да көктемде қоректенуге кіріседі.Ағаштың жапырақтарын, гүлдерін түгелдей жеп қояды.Гусеницалар бұтақтардың айырына өрмек жіптерінен тоқылған тығыз ұялар жасап, топтанып жүреді.Тек ең соңғы жастағыгусеницалары ғана жеке жүріп тіршілік етеді.Дамуы аяқталған соң олар өрмек жіптерімен шырмалған жапырақтардың арасында сары түсті пілләға оранып қуыршаққа айналады.Көбелектер жаз ортасында жыныс бездері пісіп жетілген күйінде шығады, олар қореқтенбейді. Ұрғашылар барлық жұмыртқа қорын бірден салады. Жұмыртқаларын ағаштың майда, жіңішке бұтақтарына сақина тәрізді айналдыра орналастырады.
Күресу шаралары. Жапырақтары шықпай тұрғанда ағаштарға минералдық майлардың эмульсиясын бүрку. Гусеницалардың жаппай шыққан кезінде 80 проценттік хлорофос ерітіндісін бүрку.
Жұпсыз жібек көбелегі.Ocneria dispar L.Қабыршақ қанатты насекомдар отрядының тұқымдасына жатады.Қазақстанда тегіс таралған. Жеміс ағаштары мен жапырақты орман ағаштарының зиянкесі.
Көбелектің жас гусеницалары жұмыртқа қабығының ішінде қыстайды. Көктемде ағаштың бүршіктері жарылған кезде шығады. Олар ағаштардың жапырағын алғашында ойып-ойып, ал соңынан түгелдей дерлік жеп қояды.Сонымен қатар олар гүл шанақтары мен гүлдері де зақымдайды. Денесінде ұзын қылшықтары бар жас гусеницалар желмен аспанға көтеріліп, едәуір қашықтыққа бара алады. Сөйтіп олар бір ағаштан екінші ағашқа және көршілес бақтарға тарлады. Жаздың бас кезінде гусеницалар өрмек жіптермен шырмалған жапырақтардың арасында немесе қабықта борпылдақ пілләға оранып қуыршаққа айналады.Көбелектер жаз ортасында жыныс бездері пісіп жетілген күйде шығады, қоректенбейді. Жұмыртқаларын топтап ағаштың сүңгегіне жабыстыра салады, үстін өздерінің бауыр түктерімен жауып тастайды.
13-дәріс
У кекіре арамшөбі, күресу шаралары
1.Жатаған у кекіренің морфологиялық ерекшеліктері
2. У кекіремен күресу негіздері
3.Жаңа технология бойынша күресу жолдары
Жатаған у кекіре( Acroptilon repens L)-көпжылдық, атпатамырлы, шөп күрделі гүлдер туысына жатады.
Қуатты тамыр жүйесі, топырақта 10 м тереңдікке жетеді, жатаған у кекіренің ерекшеліктері; ол қордағы ќоректік зат – инулинді тамырдың топырақтағы төменгі қабатына, жинақтауы және ќоректік заттарын (инулинді) топырақ баптаушы техникамен егіндікті өңдегенде, жатаған тамырының кесілген жеріне жылдам жеткізуі арқылы өсіп жер бетіне шығуы фотосинтез құбылысы арқылы тамырлануы сондықтан көптеген агротехникалық әдістерге төзімді болады, қайтадан өсіп жетіледі.
Көбейуі негізінен жеке тамыр бөлшектері және тұқым арқылы. Тұқым арқылы у кекіре жаңа аудандарға тарайды. Ауыл шаруашылық министірлігінің өсімдік қорғау және өсімдік карантині департаментінің мәліметі бойынша жатаған у кекіре республикада 3 млн гектар жерге тараған. Жатаған у кекіре басқан егіндіктерде өңім 30-50 пайызға төмендейді, ал құрғақшылық жылдары өнім 60-70 пайызға төмендейді . Жатаған у кекіренін тұқымдары басқа аудандарға суармалы жерлерде су аркылы, жануарлар, құстар, азық түлік және техника т.б. арқылы таралады.
Тұқымның іс жүзінде табиғи жағдайда таралуын тоқтату мүмкін емес. Сондықтан жатаған у кекіре бар ошақты уақытында тұқымы басқа жерлерге тарамай тұрғанда құрту керек.
Бір өсімдікте жатаған у кекіренің тұқым беру түсімділігі 3 мың дәнге дейін . жетеді, оның ішінде 50 пайызы өңгіштік қасиетін сақтайды. Толық піскен тұқым топырақта өңгіштік қасиетін 5 жылға дейін сақтайды және 25градус жылылықта, ылғалдылық 20 пайыз болғанда топырақтың механикалақ құрамына байланысты 2-5 см терендіктен өсіп шығады. Тұқымнан өсіп шыққан көгі 1,5-2 айдан ішінде 5-7 жапырақтан тұратын өсімдік құрайды. Одан әрі тік және көптеген көлденен тамырлар пайда болып топырақ қабатына сіңіп тарайды. Бірінші жылы у кекіре тұқым бермейді, тек екінші жылы тұқым береді. Өсімдіктің өсіп өңу кезенінде сабақ жуандайды, тамыр сабаққа айналады, бұл тамыр сабақтарда 35-60 см терендікте қысқы кезенге кету алдында көптеген қызғылт түсті бүршіктер салынады. Бір өсімдік бірінші жылы диаметрі 3-3,5 метр квадрат жерде шоғыр құрайды, ал тік тамырлары 1,5-2,0 м терендікке жетеді. Кекіре негізінен вегетативтік жолмен өздігінен көбейеді. Тамыр жүйесі тік және көлденен тамырлардан тұрады.
Ал негізгі аналық тік тамырлардан әртүрлі терендікте көлденен тамырлар қалыптасады, бұл тамырларда өсіп-өңу бүршіктері пайда болады. Бұл бүршіктерден тамыр өркен /побег/ сабақтары өседі. Осылайша жатаған у кекіренің ошақтары пайда болады, ощақтар бір мың квадрат метрге дейін тіпті егістікті жаппай басуға дейін жетеді. Кекіренің қаптау себептері – карантин ережесінің сақталмауы, ең негізгісі – кекіремен күресу жүйесі агротехникамен гербицидтерді арамшөптің биологиялық ерекшеліктерімен байланысты Қазақстанның әртүрлі климат аймақтарында дұрыс біріктіре қолдану қажет.
Агротехникалық әдістердің мақсаты тамырды ұсақ бөлшектерге бөліп, тамырдағы қөректік органикалық зат-инулиннін көбейуін азайту арқылы тамырдан қайтадан өсуіне жол бермеу.
Кекіремен күресудін негізі - топырақ өндеу жүйесі болып табылады. Егістікті орып алғаннан кейін қыршуыш арқылы қопсыту (2 немесе 3 рет 10-12 см тереңдікте) кекіре тамырың кесу арқылы ұсақ тамырлардың өсіп жер бетіне шығуына дейін қоректік заттарды пайдаланып үлгереді де, тамыр жер бетіне шықпай құрыйды. Қазақстанның Оңтүстік және Онтүстік Шыгыс жағдайында кекірені жою үшін институт ғалымдары үш ярусты культиватор жасады, культиватор бір уақытта кекірені үш түрлі тереңдікте (10-12 см; 14-16 см және 18-20 см) қыяды.
Қазақстан жағдайында егінді жинап алғаннан кейін кекіре қаптаған жерлерді КПГ-250 культиватор 10-12 см тереңдікте кекіренің тамырын қыяды. Кидришевтін Т және Баядиловтын О мәліметтері бойынша ұзындығы 8-10 см вегетативтік бүршіктері бар тамырлар күз-қыс кездерінде, тамырдағы қоректік заттардың азаюынан, неболмауынан жер бетіне шығаалмай құриды.
Егер кейбір тамыр бөлшектері жер бетіне шыққан жағдайда, үш түрлі тереңдікте культиватор КПГ-250 немесе КПЭ-3,8 А техникасымен 10-12, 14-16 және 18-20 см тереңдікте тамырды кесу керек. Пайда болған 4-5 см ұзындығы бар тамыр кесінділері жер бетіне шығып үлгірмейді, жойылады.
Кекіреде жазғы тыныштық кезендері болады, құрғақ, ыстық кезендерде, жер бетіне шыққан өскіндерде өсу және зат алмасу процесі төмендейді. Бұл кездерде гербицидтердің әсері болмайды, кекіренін жер бетіне шыққан бөлігі ғана құрайды, ал сабақ арқылы гербицидтердің тамырға жылжуы, яғни зат алмасу процесі жүрмейді. Сондықтан гербицидтерді күзге таман, кекіре қоректік заттарды тамырға жинай бастағанда беру керек.
Кекіре жарықты қалайды, көленкеде өскенде тұқым бермейді, өсу нашарлайды, бірақ тамырдағы қоректік заттар, таралу бүршіктері арқылы, жарық болған жағдайда тіпті бірнеше жылдан кейінде жанадан өскіндер өсіп шығып таралып көбейе береді.
Кекіре бар жерде ауыл шаруашылық дақылдарының өнімінін төмендеу себептері-бәсекелестік ылғал мен қоректік заттарды кекіренін көп мөлшерде пайдалануы. Кекіре күздік бидаймен салыстырғанда топырақтан қоректік заттарды 2-5 есе көп алады.
Сонымен қатар кекіренін зияндылығы олардын дақылға аллепатиялық әсері, тамыр жүйесі мен кекіренің тұқымы бөліп шығарған зиянды заттары-бидай, арпа, бұршақ тұқымдарынын өсу энергиясын төмендетіп, дақылдың өсіп жетілуін бәсендетеді.
Кекіре көптеген жануарларға зиянды, әсіресе жылқы малына, ал қой мен ешкіге зиянсыз, көпшілік жағдайда шөппен араласқан кекіре малдардың улануына әсер етеді, кекіренін бидай мен араласқан тұқымдарынан алынған ұнда ащы дәм болады, нан пісіруге қолдануға болмайды.
Топырақтың төменгі қабатында таралған тамыр жүйелері, жер өңдеуді қиындатып, шығынды көбейтеді, ал жер бетінде кекіре қалын болған жағдайда, егін шықпайды, тазалауды қиындатады.
Қазақтың өсімдік қорғау ғылыми зерттеу институты ғалымдары жатаған у кекірені құрту үшін үш ярусты қыршуыш культиваторын пайдаланып, топырақты бір уақытта үш түрлі тереңдікте жырту арқылы жоюға болатыны дәлелденді.
Бұл жағдайда жатаған у кекіренің тамырлары өте ұсақ болшекткрге (2-5 см) кесіледі де, одан кекіре жер бетіне өсіп шыға алмайды. Топырақ қабатынан аздап өсіп шыққан кекірені гербицидтер қоспасын пайдаланып бүріккен кезде топырақ қабаты кекіре тамырынан тазарады.
Жинақталған ғылыми өндірістік тәжірибе, у кекірені жою шараларын парға арналған алқаптарда жүргізу үлкен нәтиже беретінін дәлелдеді. Барлығына белгілі парды КПШ-9 және КПГ-250 құралдары арқылы 4 рет тереңдете культивациялау экономикалық көзқарас бойынша тиімсіз және топырақты көп рет өңдеу оны кептіреді, ылғалды азайтады, сондықтан құрғақшылығы көп солтүстік аудандарды әсіресе астық дақылдарының экспортқа шығарылатын болғандықтан тиімсіз болып табыладыЖатаған кекіре биологиялық ерекшеліктерін зерттеу және гербицидтердің тиімділігін анықтау, үш ярусты культиватор қыршуышты пар алқаптарында, күздік бидай егістігінде сынау нәтижесі бойынша өндіріске мына практикалық ұсыныстарды ұсынамыз:
Қазақстаннын Оңтүстік Шығысында суарылмайтын егіншілік жағдайларында жатаған у кекірені жою үшін 3 және 4 танапты ауыспалы егістіктерде топырақты үш ярусты қыршуыш кулльтиватормен айдау мамырдың 3-ші он күндігінде немесе маусым айының 1-ші он күндігінде жүргізу керек
- жатаған у кекірені жою үшін парға арналған алқаптарды жатаған у кеккіренің сабақтану және бүршіктену кездерінде мына гербицидтер қоспасын беру керек: ураган 48% с.е. + лонтрим, с.е. (1,5 л/га); ураган 48% с.е. (3,0 л/га) + бюктрил Д, 45% к.э. (1,5 л/га); раундап, 36% с.е. (4,0 л/га) + лонтрим, с.е. (1,5 л/га); раундап, 36% с.е. (4,0 л/га) + бюктрил Д, 45% к.э. (1,5 л/га) қоспаларын 100-150 литр суға ерітіп бүрку керек.
- күздік бидайды орып алғаннан кейін алқапты КПГ-250 құралымен терең қопсыту керек немесе ПН-8-35 соқасымен 23-25 см тереңдікте маусым айының 3-ші он күндігінде зябьқа жырту керек. Гербицидтер қоспасын жатаған у кекіренің сабақтану кезінде беру керек.
Жатаған у кекірені жаңа технология бойынша құртудың экономикалық бағасы республикамыздың Оңтүстік-Шығысында (ЖШС «Жолбарыс Агро», Кербұлақ ауданы, Алматы облысы) 4 танапты дәнді-пар ауыспалы егістігінде жүргізу мынаны көрсетті, пардан кейін егілген күздік бидай өнімі берілген гербицидтер қоспасы түрлеріне
. байланысты 3,3-3,7 ц/га қосымша өнім алынды, күздік бидайдан 2 алқапта егілген жаздық арпадан 4,3-4,7 ц/га; III-ші дақыл – жаздық арпа бұрынғы берілген гербицидтер әсері және арпаның түптену кезінде бюктрил Д гербицидін беру арқылы жалпы қосымша алынған дән 5,1-5,9 ц/га болды.Таза табыс ауыспалы егістік бойынша 3081-3970 тенге/га, шығынның қайтарылуы әр бір шығындалған тенге үшін 1,55-1,98 қосымша тенге алынды.
Қазіргі кезде кекірені жою және оны карантиннен шығару үшін мына шараларды іске асыру керек.
Карантин ережесін сақтау керек.
Кекіремен күресу үшін аймаќтық интеграциялық жүйе жасау және ұсыныстар беру керек Қостанайдың механизация және электрификация институтын топыраќты үш түрлі терендікте өндейтін ќұралдарды жасауға қатыстыру керек.
Ауыл шаруашылыќ министірлігінде кекіре мәселесіне байланысты ғылыми – техникалыќ кеңес ќұру керек. Кеңестін міндеті кекіреге қарсы кең көлемде жоспар, зерттеу методикасы және күрес жүйесін ғылым мен өндіріс тәжірибесіне сүйеніп қайта қарау керек.
Өсімдік қорғау және карантин департаментінде механикаландырылған отряд құрып, оларды оқыған, білімді мамандармен қамтамасыз етіп, ғылымнын жетістіктерін кең түрде өндіріске енгізу керек.
14-15-дәріс
Арамсояу,ойран шөп, тікенек алқамен күресу шаралары
1.Арамсояудың таралуы және биологиялық ерекшеліктері
2.Ермен жапырақты ойран шөптің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері
3. Тікенек алқаның морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері
Арамсояу Cuscuta S.P. – бір жылдық паразит шөп, Қазақстанның барлық жерінде таралған. Дүниежүзілік флорада арамсояудың 274 түрі кездеседі. Қазақстанда тіркелген арамсояудың 19 түрі бар. Қазақстанның барлық облыстарында көп тараған түрі – далалық арамсояу. Бұл шөп 200-ден астам ауылшаруашылық дақылдарына зиянын тигізеді. Мысалы, далалық арамсояу басқан қант қызылшасы өнімінің 80%-ы, пияз-сәбіздің – 85%, жоңышқа өнімдерінің 95%-ы жойылады. Арамсояудың тұқымын жоңышқа тұқымынан ажырату қиын, осы себепті тауар өндірушілердің көп өнімдері сатуға жарамсыз болып жатады.
Арамсояу мәдени дақылдардағы зат алмасуды бұзады. Арамсояу түтікше тамырлары арқылы мәдени дақылға жабысып, ондағы органикалық, органикалық емес заттарды сорып алып, дақылды әлсіретеді, дақыл біртіндеп өсуін тоқтатып, қурайды. Арамсояу тұқымнан өседі, тарайды. Бір тұқымнан өскенде тұқымдағы қоректік заттарды пайдаланып 10-13 см. биіктікке көтерілгеннен кейін, тұқымдағы қоректік зат бітеді. Арамсояу топырақпен байланысын жояды, осы кезде оның сабақтары шыркөбелек айналып, қасында басқа шөптер болса, соған жабысып бүршік тамыршықтары арқылы қоректі заттарды сорып алып, өсіп-дами береді. Арамсояудың улылығы гүлдеген, тұқым пайда болған кезде күшейеді. Осы кезде арамсояуда алколоид-кускутин және глюкозид, конвольвулин көптеп жинақталады. Арамсояу араласқан мал азығы шіри бастайды, өзінің бағалы нәрлілігін жоғалтады. Сонымен қатар, жануарларды ауруға шалдықтырады.
Егістікті арамсояудан арылту үшін агротехникалық шаралардың жиынтығын қолдану керек, яғни ауыспалы егісті дұрыс қолдану (дақыл алмасу), жерді уақытында, сапалы өңдеу, тұқым себу мерзімі, дақылды күтіп-баптау, тиімді гербицид беру қажет. Зерттеу көрсеткендей, арамшөптің көбі зябьке жыртылған жерлерде жазғытұрым жерді тырмалағаннан кейін өседі.
Қаскелең тәжірибе шаруашылығындағы қызылша егістігінде арамсояу және басқа арашөптермен күресу үшін гербицидтер қолданылады. Арамсояу жаңа өсе бастаған кезеңдерінде жас сабақтар гербицидтер әсерімен тезірек жойылады, кейін арамсояу гүлдері сарғая бастағанда, гербицидтер әсері аз болады.
Ермен жапырақты ойран шөп – бір үйлі, бір жылдық шөп, күрделі гүлдер тобына жатады. Өсімдіктің сабағы тік, көп тармақты, жапырағы тарамдалған, жапырағының үстіңгі жағы қою жасыл, астыңғы жағы сұрлау. Өсімдіктің биіктігі 2 метр, тамыры 4 метр тереңдікке дейін жетеді. Құрғақшылық жылдары зияндылығы өте зор. Өсімдік тұқым арқылы таралады, жылу сүйгіш, 8-10 градус жылылықта 5 см. тереңдіктен сәуірдің аяғы, мамырдың басында жер бетіне шыға бастайды. Шөп шілде-тамыз айларында гүлдейді, дәні қыркүйек-қазан айларында толық піседі. Өсімдікті орып алғаннан кейін де шөп өсе береді де ауылшаруашылық дақылдарының өнімін 40-60%-ға дейін төмендетеді. Отаны Солтүстік Америка. Осы жерден Азияға, Еуропаға таралған. Қазақстанда Алматы облысында, Алматы қаласында және басқа аудандарда 6100 гектар жерде өседі.
Өсімдік гүлдеген кезде олардың миллиардтаған тозаң тәрізді ұсақ тұқымдары, ауа, жел арқылы көпшілік жерге тарайды, адамдардың денсаулығына зор зиян келтіретін, аллергия ауруы – полинозға ұшыратады. Ауру түрлері: ринит, конъюктивит, бронхы астмасы, бас ауруы.
Сондықтан егістікті ермен жапырақты ойран шөптен тазарту үшін бірлескен агротехникалық шаралар мен гербицидтер пайдалану керек.
Тікенек алқа-Solanum cornutum Lam. Біржылдық шөп. Тамыры, сабағы тік, жапырағы кезекпен орналасқан, тарамдалған, тікенекті. Жер бетіне сәуір-мамыр айында шығады, тұқымды тамыз-қазан айларында береді. Әр өсімдік 3-3,5 мың дән береді. Тұқымның өңгіштігі 1%, топырақта 10 жыл сақталады. Мәдени дақылдарды және басқа шаруашылықта пайдаланбайтын жерлерді ластайды. Химиялық әдістерден бидай егістігінде диален супер, жүгеріде харнес және диален, бюктрил препараттары, картоп, сәбіз егістігінде стомп, рейсер, соя және көкөніс дақылдарында трефлан, стомп препараттарын қолдану керек.
Карантинді шөптердің тұқымы басқа жерлерге тарамау үшін барлық жер иелері төмендегідей карантин тәртібін сақтау керек. Карантинді шөптер, олардың тұқымы бар жерлерге тұқым шаруашылығын орналастыруға болмайды. Себілуге арналған тұқымды мемлекеттің тұқым инспекциясының куәлігінсіз себуге болмайды. Карантинді шөптердің тұқымы араласқан материалдарды жеке бөлмелерде сақтау керек және бұл тұқымдарды басқа шаруашылықтарға беруге болмайды. Жануарларға тұқым қалдықтарын ұсақтап қайнатыңқырап беру керек. Жемге жарамайтын қалдықтарды отқа жағып, не жерге 1 метр тереңдікте көміп актілеу керек. Бұл қалдықтарды далаға, суға тастауға болмайды. Жол жағаларында, бос жатқан жерлерде, арық жағаларында өсіп тұрған арамшөптерді гүлдену кезінде, тұқым беруге жеткізбей құрту керек. Карантинді шөптер басқан жерлерден орып алған егінді таза жерлерден алынған өніммен араластырмай, бөлек жерде сақтау керек. Егін жинауға қатысқан техникалардың барлығын, қоймаларды уақытында тазалап отыру керек.
2.ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР:
Тақырып:1-2
Капро қоңызы, күресу шаралары
Капро қоңызы
Капровый жук
Тапсырмалар:
1.Капро қоңызыңын өсу циклі және зияндылығымен танысу.
2Капро қоңызының морфологиялық,өсіп-өніп көбею ерекшеліктері және зияндылығымен танысу.
3.Капро қоңызымен күрес шараларын зерттеп тану.
4. Кестені жазып толтыру
Капро қоңызы
Түр,системалық жүйедегі орны
|
Зақымданатын дақылдар,зақымдану мезгілі
|
Келтірілген зиянкестердің зақымдану кезеңі.ЭЗШ
|
Қысқаша биологиясы
|
Күресу шаралары
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
ТАҚЫРЫБЫ: 3-4
Аса қауіпті картоптың колорадо қоңызы,батыс гүл трипсі күресу шаралары
Западный цветочный трипс
Frankliniella occidentalis Pergande
Батыстың гүл трипсі
Достарыңызбен бөлісу: |