болғандықтан
оны
ерігіштік көбейтіндісі
деп атап,
ЕК деп белгілейді
.
20.
Органикалық қосылыстар
органикалық
және бейорганикалық
қосылыстармен әрекеттесіп, аналитикалық қасиеттері бар қосылыстар түзеді.
Мұндай заттарды органикалық реагенттер деп атайды.
Ертедегі заманнан бастап ғалымдар кейбір иондарды (мыс. күміс,темір)
анықтау үшін табиғи органикалық қосылыстарды (уксус, хмель, камфора және
т.б.) қолданды. Табиғи органикалық қосылыстарды қолданған ғалымдардың
бірі Р.Бойль болды. 19 ғасырдың басында орыс химигі В.М. Севергиннің
аналитикалық химия
деген еңбегі жарыққа шықты, онда ол лакмустық
тинктура, фиалкалық сироп және т.б. туралы жазды. И.Берцелиус,
К.Фрезениус және К.Мораның еңбектерінде де табиғи реагенттер көрсетілген.
19
ғасырдың аяғында синтетикалық органикалық қосылыстар пайдаланылды.
Жиі
қолданылғандары
морун,
флуоресценин,
а-нитрозо
б-нафтол,
формальдоксим, а-нафтиламин, сульфоанил.
20
ғасырдағы аналитикалық химиядағы
органикалық қосылыстарды
қолдануды ң жаңа бағытының құрылуын Л.А.Чугаеваның есімімен
байланыстырады.
Ол
бірінші рет комплексті
органикалық реагент теориясын құрды.
А.А.Чугаев 1905 ж. Диметилглиоксимді никельді анықтауда қолданған.
Органикалық аналитикалық химияда пайдаланудың негізін құраған орыс
ғалымы М.А.Ильинский болды. Ол 1884 ж. кобальт ионын 2-нитрозо β
нафтолмен анықтауды ұсынған. Сонымен қатар
органикалық реагенттерді
аналитикалық химияда қолдануда көп қызмет еткен совет ғалымдары
И.П.Алимарин, А.К.Бабко, Ю.А.Золотов, И.М.Коренман т.б. болады.
Органикалық қосылыстардың ерекшелігі олардың түрлі иондармен
өте сез
гіш және талғағыш реакциялар беруі.
Реакция нәтижесінде түзілген қосылыстар көбіне әр түсті болып келеді.
Органикалық реагенттерді аналитикалық химияның түрлі саласында пайда
ланады: фотометрия, храмотография,
гравиметрия, титриметрия әдістерінде.